Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Экономикалық циклдің факторлары



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет191/325
Дата29.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#39897
түріОқулық
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   325
dogalov-makroekonomika

Экономикалық циклдің факторлары.
Экономикалық циклдің факторларын анықтау үшін үш əдіс-
намалық бағыт қалыптасады. Біріншісі, сыртқы (экзогендік) 
факторлармен байланысты туындайтын экономикалық циклдер. 
Екіншісі, ішкі (эндогендік) факторлармен байланысты туын-
дайтын экономикалық циклдер. Үшіншісі, сыртқы жəне ішкі 
факторлардың синтезі ретінде анықталады. 
Сыртқы (экзогендік) факторлар
– берілген экономикалық 
жүйенің шеңберінен тыс жатқан факторлар. Оларға жататын-
дар: халықтың өсу қарқыны, халықтың миграциясы, ғылыми 
ашылымдар мен техникалық жетістіктер, соғыстар, əртүрлі сая-
си оқиғалар, мұнайға деген бағаның күрт өзгеруі, ірі кен (əсі-
ресе, алтын) орындарының ашылуы, жаңа жерлер мен табиғи 
ресурстардың игерілуі, Күн бетіндегі дақтар, ауа райы əсерлері 
мен табиғи апаттар, т.б.


260
Ішкі (эндогендік) факторлар
– берілген экономикалық жү-
йеге қатысты факторлар. Оларға əдетте тұтыну мен инвестиция-
ны жатқызады. Сондықтанда, бұл бағытта экономикалық цикл-
дің мəселелері сұраныс теориясы, мультипликатор-аксе 
лера 
тор 
механизмі арқылы зерттеледі. 
Көптеген экономистердің көзқарастары бойынша сыртқы 
факторлар экономикалық циклдердің бастапқы импульстеріне 
дем беріп отырады, ал ішкі факторлар осы импульстерді фа-
залық толқуларға айналдырып отырады. Сол себепті ішкі фак-
торларды сипаттайтын бағыт аса көкейкесті болып табыла-
ды. Экономикалық циклдердің пайда болуында шешуші рөлді 
тұтынушылық сұраныс пен инвестициялық сұраныс ойнайды. 
Тұтынушылық сұраныс циклдердің өзгерісіне салыстырмалы 
баяу əсер етсе, ал инвестициялық сұраныс экономикалық цикл-
дердің басты қозғаушы күші болып табылады.
Экономикалық циклдің қазіргі заманғы теориялық тұ-
жы рымдамалары 
Экономикалық циклдің қазіргі теориялары əртүрлі үлгі лер -
мен түсіндіріледі. Олардың негізгілеріне 
іскерлік белсенділік 
циклі,
«импульс-таралу» механизмі, Самуэльсон-Хикс моделі 
(муль 
ти 
пликатор-акселератор əсері), бизнес-циклдің неоклас-
сикалық тео риялары, жетілмеген (асимметриялық) ақпараттар 
теориясы, саяси сілкіністер теориясы, нақты бизнес-цикл тео-
риялары
жəне т.б. үлгілер жатады.
Артур Бернс пен Уэсли Митчелл ұсынған үлгіде іскерлік 
бел 
сенділіктің циклдері ұзақ мерзімдік өспелі трендтің айна-
ласындағы толқулар (уақытша ауытқулар) ретінде сипаттала-
ды (11.2-сурет). Олар 
ұзақ мерзімдік
трендті
шығарылым кө- 
лемі мен жұмысбастылықтың салыстырмалы түрде ұзақ мер-
зімдік тұрақты жəне бірқалыпты алға басушылық қозғалысын 
анықтайтын тенденция, яғни ұзақ мерзімдік экономикалық өсуді 
(табиғи ресурстардың өсуі, жинақтау деңгейі, технологиялық алға 
жылжулар, т.б.) қамтамасыз ететін факторлар іс-əрекеттерінің 
нəтижесі деп түсінеді. Циклді анықтайтын факторлар ұзақ мер-
зімдік трендтің қалыптасуына əсер етпейді немесе олардың 
ықпалы аса шамалы болады.


261
Алайда, Р. Уолкс, Э. Прескотт, Д. Кемпбелл, Г. Мэнкью 
сияқты бірқатар ғалымдар мынадай идеяны алға тартады, бұл 
жерде циклдік толқулар уақытша ауытқулардың нəтижесінде 
емес, тұрақты сілкіністердің əсерінен орын алып отырады. Олар-
дың ойынша, егер кездейсоқ сілкіністің əсерінен сол жылы ұлт-
тық табыс немесе шығарылым көлемі ұлғаятын болса, онда ке-
лесі алдағы жылдарда да ұзақ мерзімдік тренд жоғары болады 
(11.3-сурет), сол себепті шығарылымға ықпал ететін кездейсоқ 
əсерлердің салдарлары уақыт өткен сайын тұрақты толқуларға 
айналады. 

жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   325




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау