Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Экономикалық (іскерлік) цикл



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет186/325
Дата29.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#39897
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   325
dogalov-makroekonomika

254
Экономикалық (іскерлік) цикл
– бұл макроэкономика лық 
тұрақсыздықтың белгісі ретінде нақты ЖІӨ-нің экономикалық 
белсенділік деңгейінің үнемі толқып жəне ауытқып отыруы. Не-
месе экономикалық дамудың жоғарылау кезеңдерінің құлдырау 
кезеңдерімен ауысып отыруын, сондай-ақ экономиканың бір фа-
задан екінші бір фазаға өту аралығын (құлдырау фазасынан келесі 
бір құлдырау фазасына дейінгі аралық) айтамыз.
Экономикалық цикл теориясы экономикалық өсу теориясы-
мен қатар макроэкономикалық динамика теориялары ретінде қа-
растырылып, экономикалық жүйенің қозғалыстарын сипаттай-
ды. Циклдің теориялары экономикалық белсенділіктің белгілі 
бір уақыт аралығындағы кезеңдік ауытқулары мен толқула рын, 
тұрақсыздықтың себептерін талдайды, ал экономикалық өсу 
теориялары экономиканың ұзақ мерзімдік тенденция ретіндегі 
тұрақты өзгерістерінің факторлары мен шарттарын зерттейді. 
Оны төмендегі суреттен көруге болады.
11.1-сурет.
Экономикалық (іскерлік) цикл
Суреттен көріп отыранымыздай, түзу сызық тренд ретінде 
сипатталады, яғни 
тренд
дегеніміз – бұл ұлғаймалы тенденция 
формасында көрінетін экономикалық дамудың жалпы тұрақты 
ұзақ мерзімдік бағыттылығы. Толқын тəріздес қисық дамудың 
біркелкі еместігін сипаттайды, қоғамның экономикалық даму 
кезеңінің құлдырау кезеңдерімен жалғасып отыруын көрсетеді. 
Көтерілу мен құлдыраудың өзара тізбектеліп қайталанып оты-


255
руы экономикалық дамуға үнемі тұрақсыздықты байқататын 
циклдік сипат беріп отырады. Сонымен, экономикалық цикл 
эко номикалық белсенділіктің немесе ЖІӨ қарқынының өзара 
екі бірдей жағдайының (бір құлдыраудан келесі бір құлдырауға 
дейін) арасындағы уақыт аралығын қарастырады.
Экономикалық жағдаят
– бұл экономиканың бірқалыпты, 
əрі өспелі тепе-теңдіктік дамуын сипаттайтын жиынтық макро-
экономикалық көрсеткіштердің өзгеру бағыты мен дəрежесі.
Экономикалық цикл, экономикалық дағдарыстар мен макроэ-
кономикалық тұрақсыздық мəселелеріне алғаш рет аса дəйекті 
түрде көңіл аудара бастаған Карл Маркс болды. Ол экономикалық 
циклдің 4 фазасын бөліп көрсетті.

жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   325




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау