55
жоспарлау неғұрлым нақты, негізделген, жүйелі болып жүргізіледі,
екіншіден, қызметкерлер жоспарлардың дайындығына қатысқанда,
мекеме əкімшілігімен қатар жоспарлардың іске асырылуы үшін
жауапкершілікті бөле бастайды.
Ағымдағы жоспар оқу тоқсанына құрастырылады, ол жалпы мектеп-
тік жылдық жоспардың нақтылауы болады. Сонымен, жоспарлардың
негізгі түрлерінің болуы мектеп ұжымының, оқушылардың жəне ата-
аналардың қызметін үйлестіруге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, осы
жоспарлар мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің жоспарларына
қатысты стратегиялық түрде де болады [94].
Білім беру мекемесінде жоспарлау функциялары оның басшы-
сымен қатар, педагогтармен де іске асырылады. Сынып жетекшісі
сыныптағы тəрбие жұмысының жəне ата-аналармен жұмыстың жо-
спарларын əзірлейді. Нақты бір пəн мұғалімі күнтізбелік-тақырыптық
жоспарлауды жүргізеді, сабақ жоспарларын əзірлейді, тəжірибелік-
эксперименттік, өз біліктілігін арттыру бойынша жұмыстың жоспар-
ларын құрады. Осы функцияны мұғалім қалай атқаратынын зерделеу
[51, 114], оқытушының жоспарлау технологиясы, көбінесе, оқушыға
мақсатты əсер ету құралы ретінде қарастырылмайтынын анықтады.
Мектептерде тұлғалық-бейімделген, жеке тұлғаға бағытталған оқу мен
тəрбиенің тұжырымдамалары кеңінен іске асырылуына қарамастан,
оқушылар жоспарлау қызметіне сирек қатыстырылады. Сонымен, жос-
парлау білім беру мекемесі менеджерінің, педагогтың жəне оқушының
да ерекше міндеті.
Ғалымдар жоспарлауды басқарушы ақпараттың əр түрлерін есепке
алумен, ұзақ мерзімді, орта мерзімді жəне қысқа мерзімді жоспарлар-
дың əзірленуімен, үдерістік, жүйелі жəне жағдайлық көзқарастарды пай-
даланумен, басқару нысандарын бөлумен жəне басқаларымен жүргізуді
ұсынады. Бұдан басқа, жоспарлау оқушы тұлғасының қалыптасуы мен
дамуын болжауда, педагогикалық үдеріс субъектілерінің жүйелі өзара
əрекетінде, жоспар алды негіздемелерде жəне əдістемелік шешімдердің
нұсқалық талдауында негізделуге тиіс [51, 77 б.].
Жоспарлаудың ең күрделі жақтарының бірі – мақсат қою, яғни
болашақ қызметтің мақсаттар жүйесі мен міндеттерін анықтау. Дұрыс
қойылған мақсаттар олардың іске асырылуы үшін ең қажетті жəне
тиімді əрекеттерді таңдауға, сол сияқты осы мақсаттар мен міндеттерге
жетудің бақылауы жүргізілетін индикаторлардың шеңберін белгілеуге
мүмкіндік береді. Ең бастысы, мақсаттар келесі талаптарға сəйкес
болуға тиіс:
– нақтылығы мен өлшемділігі, яғни мақсаттың тұжырымдалуында
сапалықпен қатар, сандық та сипаттамалар болуға тиіс. Осындай
56
сипаттамалардың болуы əрі қарай мақсатқа жету дəрежесінің сенімді
диагностикасын іріктеуге жəне пайдалануға мүмкіндік береді;
– ұйымның əртүрлі құрылымдық бөлімшелері мақсаттарының
қайшылықсыздығы мен келісімділігі. Келісімділік бөлімдер мен
қызметкерлердің иерархиялық бағыныштығын ескеретіндей тік,
сондай-ақ бір деңгейдегі құрылымдардың өзара əрекетінің есебіне
негізделетін көлденең болуы мүмкін;
– мақсаттың белгілігі, яғни оның жүзеге асырылуының нақты
уақытты параметрлерін көрсету;
– қол жетерлігі, бұл ұйым немесе оның бөлек құрылымдық
бөлімшелері, сондай-ақ қызметкерлері үшін мақсаттың қолдан
келетіндей болуын көздейді; мақсаттарға қол жету үшін материалдық,
кадр, уақыттық ресурстардың болуы;
– икемділік. Мақсат ішкі жəне сыртқы ортаның өзгерістерін есепке
алумен үнемі түзетілуі тиіс.
Өз кезегінде, дұрыс жазылған мақсат кейіннен декомпозицияға
жатқызылады. Декомпозиция барысында шешімі жалпы жаһандық
мақсатқа қол жету шартының қызметін атқаратын жеке, нақты міндет-
тер анықталады. Мақсаттар мен міндеттер арасындағы айырмашылық
жиі бағдарлау белгісі бойынша да жүргізіледі: мақсат бізді не жəне
қашан, ал міндет неге жəне қалай жету керектігіне бағыттайды.
Осы тəсілмен «мақсаттар ағашы» құрылды. Оның арқасында ұйым
қызметінің бүкіл жүйесі, əр бөлімшесінің, əр қызметкердің орны мен
рөлі көріне бастайды.
Мақсат қою барысында нəтиже-мақсаттар мен құрал-мақсаттарын
айыру керек. Мақсаттардың бірінші тобы білім беру мекемесі не үшін
қызмет ететінін көрсетеді, – оқушылар тұлғасын дамыту, олардың
құзыреттіліктерін қалыптастыру жəне т.б. Екінші топ қосалқы «қызмет
ететін» сипатта болып, нəтиже-мақсаттарына жетуге көмектесетін
жағдайлардан тұрады. Олар, мысалы, заманауи компьютерлік құрал-
дарды, инновациялық білім беру технологияларын, басқару техноло-
гияларын енгізу жəне басқалары болу мүмкін. Мақсаттардың бірінші
тобын түсінбей құрал-мақсаттардың да мағынасыз екендігі даусыз:
бұл жағдайда біз енгізу үшін қандай да болсын бір инновациялардың
енгізуін, едəуір ресурстардың жəне қызметкерлер ұжымы күшінің
аралық, өздері бойынша мағынасы аз нəтижелердің жұмсалуын
байқаймыз.
Мақсаттарға сай мақсаттар-нəтижелер жəне мақсаттар-құралдар
анықталуы, қалыптасуы жəне құрылуы керек.
Операциялар ретінде жазылған мақсаттар мен міндеттер етістіктер-
дің (мысалы, «анықтау», «қамтамасыз ету», «қисынға келтіру», «құру»,
57
«дамыту» жəне басқалары) немесе тиісінше етістіктен жасалған зат
есімдердің көмегімен қалыптасады.
Білім беру мекемелерімен жəне жеке педагогтармен біз жүргізген
кеңес беру тəжірибесі мақсат қоюдың келесі, кең таралған кемшіліктерін
көрсетуге мүмкіндік береді:
– мақсаттар жалпы сипатта болады, осының салдарынан оларға
жету мезетін көбіне іс жүзінде анықтау мүмкін емес;
– мақсаттар, осы білім беру мекемесінің жəне/немесе педагогтың
құзыреттілігіне жатпайды;
– тəжірибе жұмысында, біздің тəжірибе көрсеткендей, жиі теріс
көзқарас қалыптасады: мақсаттық бағдарлардың анықталуы міндеттер
қоюдан басталады. Мақсат қою логикасының бұзылуы, алғашында
қалай жасалатыны, содан кейін ғана нені жасайтынымызды анықтауға
əкеп соғады.
– мақсаттар не уақыт, не жауапкершілік аясы бойынша шектелме-
ген жəне басқалар.
Осы олқылықтар жоспарлаудың əр түрлерінде (стратегиялық,
тактикалық, жедел жəне басқа), əртүрлі жоспарда – мұғалімнің сабақ
жоспарларында, бүкіл оқу мекемесінің жұмыс жоспарларында жəне
т.б. кездеседі.
Мақсат қою үдерісінің маңыздылығы менеджменттің заманауи
теориясында көптеген əдістер мен тəсілдерді өмірге əкелді. Жекелеп
айтқанда, мақсаттар бойынша басқару технологиясын (management
by objectives – MBO), SMART əдістемелерін, «Пілді қалай жеу керек»
жəне басқаларын атауға болады.
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
Мен келіп, балаларға айтамын:
– Қане, бəрімізге көңілді болу үшін қандай да ерекше тəсілмен
мектебімізде кезекшілік етейік. Қане, мұны қалай істейтінімізді
ойластырайық.
Бұл жерде мен қателеспеймін! – оны мен білемін, сол сияқты жүз
жағдайдағы жүзінде олардың үндемейтінін де білемін, олар жалқаулана
жан-жағына қарап, жалығып, менің бір нəрсені ойластырғанымды
күтіп отырады. Олардың ешқайсысы айтарлықтай бірдеңе ойластыр-
майды. Сондықтан олар ешқандай шығармашылыққа қабілетті емес,
олардың басында ешқандай ой жоқтай көрінеді.
Олардың ешқайсысы да айтарлықтай ештемені ойластырмайды.
Мен оларды ойлауға үйретуім керек, сол үшін де мен олардың сынып
жетекшісі болып тағайындалдым. <...>
Достарыңызбен бөлісу: |