Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет20/78
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25655
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78

61
мазмұнының түрлері мен əдістерін іріктегенде, оларды нақты 
жағдайлармен жəне атқарушылардың мүмкіндіктерімен сəйкес келтіру 
керек [94]. Ф. Тейлордың ғылыми басқару мектебінен бастап, басқаруға 
деген əртүрлі көзқарастардың негізгі идеялары қызметкерлердің 
жəне еңбек ұжымдарының қызметін ұйымдастыруды жетілдіруге 
бағытталуына назар аудару қажет («Менеджменттің ғылыми теория 
ретінде қалыптасуы» тарауын қараңыз).
Ұйымдастырудың əдістері бір-бірінен сипаты, əрекет ету жəне 
өзара байланыс тəсілдері бойынша ерекшеленеді: 
– əкімшілік (ұйымдастырушылық-өкімдік), 
– экономикалық, 
– əлеуметтік-психологиялық болып келесі топтарға бөлінеді
Əкімшілік əдістер – бұл тікелей ықпал ету əдістері жəне билік, 
мəжбүрлеу, жауапкершілік, тəртіп сияқты əлеуметтік механизмдерге 
негізделеді. Осы əдістерде құрастырылған өзара əрекеттесу директив-
тік, міндетті сипатта болады. Екінші, ұйымдастырушылық-өкімдік əдіс-
тер – синонимиялық термин, оларды 2 топқа бөлуге мүмкіндік береді. 
Ұйымдастырушылық əдістердің қатарына ұйымдастырушылық 
жобалауды, регламенттеуді, нормалауды жатқызады. Ұйымдастырушы-
лық регламенттеудің мəні мекеме қызметінің мазмұнын жəне тəртібін 
анықтайтын ережелердің (білім беру мекемесінің жарлығы, ережелер, 
нұсқаулар, құжаттық рəсімдер, есеп ережелері жəне т.б.) əзірлеуін 
жəне құжаттық рəсімделуін көздейді. Бұл əдістердің, көбінесе, мүмкін 
типтік жағдайға бағдарланғандықтан болар өзіндік сипаты жоқ жəне 
осы əдістердің жүзеге асырылуына ықпал ететін құжаттарда уақыттық 
байламның жоқтығы олардың ерекшеліктеріне жатады (В Қосымшасын 
қараңыз: «Педагогикалық кеңес қызметінің типтік ережелері…»).
Ұйымдастырушылық нормалауға нормалар мен мекеменің қызмет 
үдерістерінің нормативтері жатады.
Ұйымдастырушылық əдістер, əдетте, өкімдік əдістер үшін негіз бо-
лады. Өкімдік əдістер көбінесе орын алып жатқан нақты жағдайларда 
қолданылады. Бұл əдістер – бұйрық, қаулы, өкім, нұсқаулық жəне 
басқалары – нақты атқарушылардың жəне əрекет мерзімдерін көрсетуін 
көздейді.
Экономикалық əдістер басшылардың қызметкерлерге экономи-
калық механизмдер (қаржыландыру жəне кредиттеу, еңбекақы, 
сыйақылар жəне т.б.) көмегімен ықпал ету тəсілдері ретінде 
қарастырылады. Орындаушыларға шығындар мен нəтижелерді нақты 
салыстыру көмегімен əсер етудің əдістері мен тəсілдерінің осы жүйесі, 
қызметкерлерді материалдық ынталандыруына негізделетін қызметіне 
оң, нығайтушы əсер етулерді енгізу мүмкін. Сонымен бірге, басшы кері 


62
ықпал етуді қолдану қажет болғанда, əртүрлі материалдық санкциялар 
қолдануы мүмкін (айыппұлдар, сыйақы төлемдерін жою, қызметкерді 
төмен лауазымға ауыстыру жəне т.б.). Ұйымның экономикалық əдістері 
атқарушы қызметінің нəтижелерімен барынша байланысты болуға 
тиіс, оған өз еңбегінің сипаты, қол жеткізілген нəтижелер жəне еңбекті 
ұйымдастырудың қолданылған тəсілдерінің арасындағы тəуелділіктер 
түсінікті болу керек. 
Басқарудың əлеуметтік-психологиялық əдістері басшылар мен 
қызметкерлердің, өздерінің арасындағы əлеуметтік қатынастарды 
пайдалануды жəне өзгертуді көздейді. Əдістердің осы тобына нанды-
ру, сендіру, жеке өнеге, тұлғалар арасындағы жəне топ арасындағы 
қатынастарды реттеу, ұжымда моральдық климатты құру жəне ұстап 
тұру əдістері енеді.
Ұйымдастыру əдістерінің осы топтарының арасында іс жүзінде 
əрдайым нақты шекараны өткізу мүмкін емес. Мысалы, қандай да 
болсын қызметкердің лауазымын өсіру жөніндегі бұйрық белгілі 
экономикалық əдістермен (еңбекақысын жоғарылату) жəне, бəлкім, 
тұлға арасындағы жəне топ арасындағы қатынастардың өзгеруімен 
байланысты. Осы мысал менеджмент функцияларының жəне соған сай 
əдістердің арасындағы шекаралардың шарттылығын да əшкерелейді, 
өйткені осында ұйым функцияларының жүзеге асырылуымен қатар, 
уəждеу функцияларының да жүзеге асырылуын көруге болады.
Басқарушы қызметін тиімді жүргізуге талпынған басшы өзінің 
ұйымдастыру əдістерінің «арсеналын» үнемі кеңейтеумен қатар, олар-
ды икемді, жағдайға жəне қызметкерлердің ерекшеліктеріне байланыс-
ты қолдана білуге тиіс. 
Ұйымдастыру функциясы білім беру мекемесінің басшыларының 
ғана емес, сонымен қатар педагогтардың да қызметтерінде едəуір орын 
алуда. Олар оқушылар қызметінің əр түрлерін дұрыс ұйымдастырғанда 
ғана мектеп пен жоспарлау кезеңінде мұғалімнің өздері алға қойған 
мақсаттарға жетуге болады. Осы функция педагогтың бүкіл қызметінде 
орын алуы керек. Ұйымдастырушылық шешімдер мақсаттардың 
жүзеге асырылуымен, оқу-танымдық жұмыстың мазмұнын, түрлерін, 
оқу əдістері мен тəсілдерін, дидактикалық құралдарын теңбе-тең 
іріктеуімен байланысты.
Мұғалімнің оқу-тəрбие барысының менеджері ретіндегі кəсіптілігі 
ол игерген білім беру технологияларының спектрі қаншалықты кең 
екеніне, оқытатын оқу пəнінде оның білімдарлығының дəрежесіне, 
əріптестерімен, оқушылармен жəне олардың ата-аналарымен қатынаста 
тұлғааралық өзара əрекеттесудің қандай əдістері мен тəсілдерін тиімді 
пайдалануына байланысты. Осының салдарынан, педагогтың қойылған 


63
мақсаттарға жету қабілеттілігі, ол осы мақсаттарды қаншалықты опе-
рациялар бойынша қалыптастырып жазғанымен қатар, оқушылар 
ұжымын, олардың қызметін қаншалықты ұйымдастыруына байланыс-
ты болады. Ұйымдастыруды екінші мағынасында (яғни, құрылымдығы 
реттелген мекеме ретінде) қарастырғанда, жүйеге жəне қосымша 
бөлімшелердің арақатынасына, басқару иерархиясына, басқарушы 
қызметтің қолданылатын ұйымдастыру нысаналарына назар ауда-
ру маңызды. Ұйымдастырушылық құрылымдар типтерінің жіктелуі 
əртүрлі, бірақ көп жағдайда екі негізгі типін анықтайды (2-суретті 
қараңыз): 
– бюрократтық, 
– адаптивтік (органикалық) құрылымдар. 
Бюрократтық құрылымдар басқаруды орталықтандырудың жоғары 
дəрежесімен, дамыған иерархиямен, қызметтің ережелер мен нор-
малар жəне ұжымдағы қарым-қатынастар жүйесімен ерекшеленеді. 
Бюрократтық құрылымдарға функционалдық, дивизионалдық жəне 
басқалары жатады. 
Адаптивтік құрылымдар (жəне ең бастысы, – жобалаулық жəне 
матрицалық) неғұрлым икемді, оларға аз иерархияландыру тəн. 
Адаптивтік құрылымдардың икемділігі олардың менеджменттің қазіргі 
теориясы мен тəжірибесіндегі талап етілуін негіздеді.
2-сурет. Ұйымдастырушы құрылымдарының типтері
Ұйымдастырушы 
құрылымдардың
типтері (ҰҚ)
Бюрократтық ҰҚ
Адаптивтік 
(органикалық) ҰҚ
Функционалдық
ҰҚ
Жобалық ҰҚ
Дивизионалдық 
ҰҚ
Матрицалық
ҰҚ


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау