ӘОЖ 631.5 075.8)
ҚБЖ 41.4 я73
ISBN 978-601-263-456-3
© Байболов К.Б., Құлажанов Т.Қ.,
Батырбаева Н.Б., 2018
©РББ АТУ, 2018
3
Авторлардан
Оқулықта астықты кептіру технологиясының теориялық негіздері, отандық,
таяу және шетел астық кептіргіштерінің технологиялық схемалары мен
құрылымдары келтірілген. Тұқымдық және азық-түлік дақылдарын нығыз
қозғалыссыз, нығыз аз қозғалыстағы, қалқу және құрастырылған қабатты
жағдайларда кептіру процестері қарастырылған. Ауаның кептіру қабілеттілігі,
кептіру процесінің кинетикасы және динамикасы, кептіру әдістері қаралған.
Кептіру технологиясының айырмашылығы бар бұрынғы, жаңа және шетел
кептіргіштеріне
сараптама
жасалған.
Конвективті,
құралмалы
және
рецеркуляциялық кептіру амалдарының тиімді және кемістіктері аталған.
Жылу және масса алмасудың заңдылығы қатты денені кептірудегі жылу-
физикалық және астықты кептіру теориясының негізімен ұшталады. Осы
заңдылықтар термодинамикалық тұрғыда қарастырылып, астықты кептірудің
жаңа прогрессивті әдістерін, техника мен технологияны жетілдіруге, астық
кептіргіштерінің тиімді құрылымдарын жасауда елеулі орын алатыны
нақтыланған.
Кептірудің
конвективті-түйіспелі
әдісін
қолданып,
астықты
рецеркуляциялау арқылы, процесті қарқынды жүргізу кеңінен қолдануда. Осы
себептен астық кептіргіштердің тиімді түрлері жасалып, өндірістерде кеңінен
қолдануда. Кептіргіштерді тиімді пайдалану жолдары тұрақты қолдануда.
Кептіруді интенсификациялаудың жолдары - жылуды, энергияны үнемдеу, еңбек
тиімділігін арттыру, астықты бүлдірмей сақтау және кейбір жағдайларда,
сапасын жақсарту.
Астықты кептірудің тиімді режимдері анықталып, отын шығынын есептеу,
кептіргіштерді таңдау, жөндеу, іске қосу, жөнге келтіру, техникалық қызмет
көрсету және жылуды есептеу жолдары келтірілген. Астықтың сапасын
өзгертпей, бір рет өткізуде ылғалды көбірек алатын астық кептіргіштері
жобалануда. Бұл кептіргіштерді толық автоматтандыру жолы қарастырылуда.
Авторлар оқулықты жинақтауда, суреттер мен графиктерді сызуда және
мәтінге қоюдағы еңбегі үшін 4-і курс студенті Әдікенов Ернас Ерболұлына
алғысымызды білдіреміз.
Құрметті оқырмандар!
Авторлар, мүмкіндігі болғанша, астықты кептіру процесі, кептіру
техникасы және технологиясын қарастыруда жіберген кемістіктер болса
Сіздердің ұсыныстарыңызды күтеміз, алдын-ала рахмет.
Құнды ұсыныстарды келесі басылымда ескереміз.
4
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
6
1-ТАРАУ. Астықты кептіру теориясының негіздері
9
Достарыңызбен бөлісу: |