Оқулық / К. Б. Байболов, Т. Қ. Құлажанов, Н. Б. Батырбаева


Астық кептіргіштерінің даму кезеңдері



жүктеу 4,28 Mb.
Pdf просмотр
бет8/109
Дата17.01.2022
өлшемі4,28 Mb.
#33177
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   109
Астық кептіргіштерінің даму кезеңдері 
 
Қазақстанда  астық  кептіру  мәселесі  жайында  деректер    жоқтың  қасы, 
сондықтан  революция  алдындағы  Ресей  мен  СССР  дәуіріндегі  жағдайлар 
арқылы сипатталады. 
Қазақстанның басым көпшілік аймақтарында, жақын және шалғай елдерде 
кептіру  астықты  орудан  кейінгі  технологиялық  операцияның  негізі.  Кептіру 
процесі  ертеректен  келе  жатқан  амал.  Алғашқы  кезде  астықты  қолмен  орып, 
қырмандарға  жайып  кептірген  немесе  баулап  күн  көзінде  ұстаған.    Астық 
бастырғыштарды қолданудан соң дәнді кептіруге бейімдейді. Осыдан кейін ошақ 
түтіні  жүретін  құбыршалар  үстінде  кептіру.  Құбыр  арқылы  қозғалатын  түтін 
құбыр  қызып  үстіне  төгілген  астықты  (бауды  немесе  дәнді)  кептіреді.  Осы 
каналдың  1  м
2
  бетіне  0,5  т  астықты  тәулік  бойы  ұстап  ылғалын  3%  -  ға 
төмендетеді. 
Осыдан кейін, өнімділігі жоғары, елек немесе астауша беттерінде кептіру 
әдісі қолданды. Саңылауы бар қаңылтыр бетке астықты жайған соң, жылы ауа 
беріледі. Кептіргіштің қуаты 0,5-0,7 тонна тәулігіне, ылғалы 3%-ға төмендейді. 
Ресейде  19  ғасырда  механикаландырылған  астық  кептіргіштері  пайда 
болды.  1832  ж.  тері  мес  үрлегіш  көмегімен  күштеп  ыстық  ауа  беретін  Майер 
астық кептіргіші салына басталды. Осы кезде, алғашқы рет оттық газды ауамен 
араластырып  кептіру  агентін  құрау  ұсынылды,  ол  отынды  үнемдеуге  әсерін 
тигізді.  Ресейде  капитализмнің  дамуына  байланысты  жеке  дара  кептіргіштер 
пайда  бола  бастады.  Мысалы,  1841  жылы  Войцеховский-Ауторницкий  армия 
үшін астық кептіргішті ойлап-тауып, орнатты. 
Революция  алдындағы  Ресей  және  Совет  үкіметі  ғалымдары  кептіру  мен 
астық кептіргіштердің техникасы мен технологиясын жасауда елеулі үлестерін 
қосты. 
19 ғасырдың ортасынан бастап Гудим-Левковичтің, Энгельманның, Фрибе, 
Часловскийдің астықты кептіру және сақтау бойынша данышпандық еңбектері 
жарияланды,  ал  20  ғ.  басында  К.Д.  Зворикин  және  В.  П.  Горячкиннің 
еңбектерінде кептіру процесінің теориялық негіздері және астық кептіргіштердің 
жылылық есебін жасады. 
1917  жылдан  бастап  астықты  кептіру  теориясы  мен  техникасына  аса  көп 
көңіл  бөлінді.  Осы  тұрғыда  А.В.  Лыковтың,  М.  Ю.  Юрье,  П.А.  Ребиндрдің 
еңбектері  маңыздылығын,  өзінің  құндылығын  осы  кезге дейін  жоғалтқан  жоқ. 
Осы  ғалымдардың  еңбектерінің  нәтижелерін  негіз  тұтып  астық  кептіргіштері 
жобаланып, шығарыла бастады. Солардың алғашқысы  астықтың ылғалын  6 % 



 
кемітуде  қуаты  1,0-1,2  т/сағ  шахталы  астық  кептіргіш  ВИСХОМ  1933ж.  іске 
қосылды. Колхоздармен совхоздарда  астықтың ылғалын 5- 8 % түсіретін, қуаты 
300  -   350  кг/сағ    Гоголев  және Григоровичтің  астық кептіргіш желілері пайда 
болды. 
Шахталы астық кептіргіштері барлық елдерде кеңінен орын алды. Шахталы 
кептіргіштердің алғашқы пионері «Успех» астықтың ылғалын 5 % кеміткендегі 
қуаты 4 т/сағ.  
50  жылдары  қозғалмалы  «Кузбас»  астық  кептіргіші  пайда  болды,  оның 
қуаты  астықтың  ылғалын  6  %  кеміткендегі  қуаты  1,2  -1,5  т/сағ.  Осы  жылдар 
қуаты жоғары шахталы астық кептіргіштер СЗС-8 х 4, ДСП-24, ДСП-24 сн пайда 
болуымен сипатталады. ДСП-24, ДСП-24 сн астық кептіргіштері КТМ-1с және 
КТМ-МК (СОБ) мұнаралына салынды. 
60  жылдарында  ДСП-32  және  ДСП-32ОТ  кептіргіштер  пайда  болды. 
Алғашқы типі ғимараттың ішіне салынды, екіншісі –ғимарат сыртына.  
Ауыл  шаруашылығында  70  жылдан  бастап  СЗШ-16  астық  кептіргіші 
кеңінен қолданысқа енді. 
90  жылдан  бастап  А1-ДСП-50  (қуаты  50  т/сағ)  рецеркуляциялы  шахталы 
астық кептіргіштері кеңінен пайдаланылды. 
Астық  кептіру  саласында  принципиалды  жаңа  бағыт  рецеркуляциялы 
«Целинная-50»  типті  кептіргіш  60  жылдан  бастап  ылғалы  жоғары  астықты 
кептіруде кеңінен қолданыс тапты. «Целинная-50» типті кептіргіш бірінші рет 
1959  ж.  ДСП-24  астық  кептіргішін  қайта  құрудан  алынды.  60  жылдары  екі  
ЗСПЖ- 8 негізінде «Целинная-20» астық кептіргіші жасалынды және металдан 
құрастырылған «Целинная-30» іске қосылды, 70 жылдан РД-2 х 25 -70, ал 80 ж.- 
«Целинная-100».  80  жылдардан  бастап  шахталы  рецеркуляциялық,  жылыту 
камерасы  болмайтын,  А1-УЗМ,  А1-ДСП-50,  А1-УСШ  астық  кептіргіштері 
өндіріске ендірілді. 
 

жүктеу 4,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау