1.
Шахталы кептіргіштер
Тұрақты орнатылған астық
кептіргіштері бір немесе екі тік
бұрышты вертикал орналасқан
камералардан (шахта) құралған.
Камералар
төбесіне
дейін
астықпен толтырылады (сурет 28).
Шахта, астықты кептіруге
арналған кептіру агентін беретін
және әрекет еткен агентті сыртқа
шығаратын,
коробалармен
қамтамасыз
етілген,
оларда
беретін және шығаратын каналдар
жасалған. Шахталы кептіргіш-
тердің қабырғалары болат беттен
немесе құралмалы темір бетон
панелдерден жасалған.
Сурет 28. Кептіргіш шахтасы: 1-кіргізетін
қораптар; 2-шығаратын қораптар
Шахтаның жоғарғы бөлімі кептіру камерасын құрайды, ол бір немесе екі,
кейбір жағдайда, одан көп кептіру зонасынан тұрады, ал шахтаның төменгі
бөлімінде суыту камерасы орналасқан (астықты салқындату зонасы). Шахтаның
үстінде қорап қарастырылған, ол жоғары орналасқан коробаларды астықпен
толтырады және кептіру агентінің сыртқы ауаға ұшпауын қамтамасыз етеді.
Шахтаның астына кепкен және салқындатылған астықты жіберу механизмі
орналасқан, ол астықтың шығуын реттейтін құрылғылармен жабдықталған.
61
Шахтадағы астық, кебу барысында, өз салмағы әсерінен жоғарыдан төмен
қозғалады. Кебу зонасында кептіру агентімен желдетіліп, ылғалы алынады, ал
келесі зонада сыртқы ауа әсерінен салқындайды.
Астықтың жоғарыдан төмен қозғалуында, тиімді араласуы үшін,
коробаларды шахматты түрде орналастырады.
Екі параллел шахтасы бар қондырғыларда жалпы камера орындалған, оның
көмегімен кептіру агенті коробаларға тиімді беріледі.
Коробалардың санын есептеуде, әрекет еткен агенттің сыртқа берілу
жылдамдығы 6 м/сек болуы қажет, ал кейбір коробалардан шығатын ауаның
жылдамдығы 8-9 м/сек болса, онда ауамен бірге жеңіл астықтың ұшуы мүмкін.
Сурет 29. Шахталы кептіргіштердің
коробалары: а-ВТИ-8 және ВТИ-15;
б-ДСП; в-СЗС-2 және СЗС-8; г-ЗСПЖ-8.
Ауаны беретін және сыртқа
беретін коробалар саны бірдей
болады.
Шахталы
кептіргіштерде
коробалар бес қырлы келеді, ұш
бұрышты
коробалар
болуы
мүмкін. Коробалардың төменгі
қыры болмайды. Бес қырлы
коробалардың
шахтадағы
биіктігі мен ені бірдей келеді
және астық өтетін саңылау
аралығы минимальді жағдайда
кептіру агентін беретін және
әрекет еткен агентті шығаруға
арналған орын, үш қырлы
коробалармен
салыстырғанда,
көбірек келеді.
Астық кептіргіштерінде кеңінен таралған коробалар сурет 29-да келтірілген.
Коробалардың жоғарғы қыры, астықтың жақсы сырғуы үшін, горизонтқа
53-55
0
орналасқан. Астық және қоспалар тұрып қалмау үшін коробаның жоғарғы
қырларын аздап дөгелектейді (5 мм шамасында). Ені 100 мм, коробалардың ара
қашықтығы 100 мм орындалған түрі кеңінен таралған, нәтижесінде қабырғалары
арасындағы астықты төменгі коробалардың төбесі екі ағымға бөледі және оның
тиімді араласуын қамтамасыз етеді. Коробалардың ылди қабырғаларындағы
астық, басқа астықпен салыстырғанда, жәй жылжиды. Сүйір бетті коробалар
бойымен астықтың жылжуы бірқалыпты өтеді, бірақ ондай бетті орындау
бірқатар қиындықтарды тудырады.
Агентті беретін және сыртқа шығаратын коробаларды орналастырудың екі
схемасын қолданады (сурет 30 а және 30 б, в).
30 а – суретте агентті беретін және сыртқа шығаратын коробалар қатарларда
кезегімен орналасқан, ал 30 б, в – суретте әр қатарда біреуден кейін.
62
Тік орналасқан коробалардың (беретін және шығаратын) арасындағы астық
өз салмағы әсерінен жылжып, а – б – в – г – d – е (сурет 30 а) кесінділерде ыстық
беттермен түйіседі.
Дәл осылай орналасқан астық (сурет 30 б, в) кезегімен (онша ысымаған)
коробалар бетімен түйіседі, осыған байланысты астықтың бірқалыпты ысуына
жағдай жасалынады.
Кептіру агентінің беретін коробалардан жоғарғы және төменгі шығаратын
коробаларға әрекет еткен агенттің берілуі сурет 30 а - да, ал кептіру агенті
горизонталь бағытта астық қабатын желдетуі сурет 30 б , в - да көрсетілген. Осы
жағдайда, беретін және шығаратын коробалар арасындағы қалыңдығы аз
астықты кептіру агентімен желдеткенде, қалың қабатты астықты тік бағытта
желдетумен салыстырғанда, оның қызу айырмашылығы бір шама аз келеді.
Сонымен, беретін және шығаратын коробалардың бір қатарда орналасуы
астықтың бір қалыпты қызуына ыңғайлы жағдайлар тудырады және кептіргішті
пайдалану коэффициенті мен қуаты өседі.
Шахтаның қабырғасындағы (беретін және шығаратын коробалар
аралығындағы) астықты кептіру агентімен қарқынды желдету мақсатымен,
мысалы ЗСПЖ-8 астық кептіргіштерінде, коробалардың тік қабырғаларын
жаншып жалюз түрлі саңылау жасайды (сурет 30 в). Қабырғадағы жалюздер
астықтың қозғалуын тежейді, сондықтан олардың қабырғадағы ылдилығы 75
0
–
тан кем болмауы қажет.
Қабырғада орналасқан астықтың төмен жылжуын қамтамасыз ету үшін
жартылай коробалар орнатылады, олар агентті сыртқа беретін болуы қажет.
Темір бетон қабырғалары бойы астықтың жылжуы, кедергіні өсіреді, ол астықты
тежейді, соның нәтижесінде астық шамадан тыс қызуы мүмкін.
Коробаларды қалыңдығы 2 мм болат қаңылтырдан жасайды. Сыртқа беретін
коробалардың ішкі қабырғалары тотығудан қорғайтын материалдармен өңделуі
керек, мысалы, коррозияға қарсы лакпен бояйды.
Сурет 30. Кептіру агентін беретін және шығаратын коробалардың
орналасуы: а-түрлі қатарда; б, в әр қатарда біреуден кейін.
63
Температураның ауытқуы және әрекет еткен агенттің ылғалы жоғары
болуына байланысты шахтаның жоғары бөлігінде орналасқан коробалар
коррозияға ұшырауы өте ықтимал, алболат коробалардың жылу бергіштік
коэффициенті жоғары. Осы кемістіктерді ескеріп, коробаларды коррозияға
төзімді және жылу бергіш коэффициенті төмен материалдарды қолданады
немесе коррозияға қарсы материалдармен өңдейді.
Шахта бойымен астық тоқтаусыз жылжуы үшін коробалардың қабырға
аралығын және төменгі жиегі және төменгі коробалардың төбе аралықтарымен
астық еркін қозғалуын қамтамасыз ету қажет. Ылғалды астықты кептіруге
арналған қондырғылардың шахтасындағы кіші саңлау 90-100 мм, ал төменгі
бөлігінде, құрғақ астық үшін – 65-70 мм.
Шахталы кептіргіштердің коробаларының орналасуы сурет 31-де
көрсетілген.
Жартылай коробалардың ұзындығы бойы жоғары қайырылған қырын шахта
қабырғасына дәнекерлейді.
Қабырғалары болаттан жасалған, шахтасы биік кептіргіштерде
коробаларды жоғарыдан орналастыру ыңғайсыз келеді. Сонымен қатар, істен
шыққан бір коробаны ауыстыру үшін шахтаның жоғары бөлігі арқылы
қоробаларды алады және осы тәртіппен кері жинайды, яғни бұл өте күрделі
жұмыс. Сондықтан, коробалар мен жартылай коробаларды шахтаға
орналастыруды сурет 31 б-да көрсеткен нұсқамен орындайды.
64
Сурет 31. Шахталы кептіргіштерде коробалардың орналасуы.
Биіктігі шамалы астық кептіргіштердің болтты қабырғаларына, формасы
короба қиындысына тең, шахтаның жоғарғы ашық бөлігі арқылы короба шетін
тіреуішке сүйеп, саңылауға орнатады (сурет 31 а). Коробалар шетіндегі
қаңылтырды ілгішке ұқсата майыстырып, тіреуіштерге қысады, нәтижесінде,
кептіргішті қозғағанда, коробалар жылжымайды.
Короба қырын тік бұрыш етіп қабырғаға майыстырады, ал жартылай
коробалар үшін - екі қырын. Коробаның және жартылай коробаның қарсы
жағындағы ылди қырына гайка бұралған түйреуішті дәнекерлейді.
Агентті беретін коробаларды бергіш камераның қабырғасына орындалған
саңылау арқылы кигізеді, оның өңделген қырын шахтаға нығыздайды.
Коробаның қарсы жағына дәнекерленген шпилка (болт) гайкасыз, қарсы жақтағы
шахта қабырғасындағы саңылауға дәл келуі керек, содан кейін гайкамен бекітеді.
65
Жіберетін коробаларды, тек агентті сыртқа немесе ауаны беретін тұстан, дәл
осылай орындайды.
Темір бетонды құралмалы кептіргіштерінің панелдерінде, алдын-ала
орындалған, жасалған саңылауларға коробаларды жинақтайды. Бір коробаның
белгілі қашықтықта түпшесін, кептіру агентін бермеу үшін, шахта қабырғасына
бекітеді (сурет 31 в).
Беретін коробалардың ашық жағы агент берілетін бағытқа қарай
орналастырады, ал агентті сыртқа беретін коробалардың ашық жағы-агент
шығатын жаққа орнатылады.
Шахтада орнатылған коробалардың соңғы жағы қабырғалардағы
ұяшықтарға тіреледі. Ұяшықтарға шөп-шалаң түспес үшін коробаның табаны
шахтаның ішкі қабырғасымен бір жазықтықта болуы қажет. Шахтадағы
ұяшықтар сырт жағынан және коробамен қабырғадағы саңылаулардың әлсіз
бетін бетон ертіндісімен сылайды, ал ол, қажет болған жағдайда, коробаларды
оңай шығаруға мүмкіндік береді. Коробаларды орнату және саңылауларды
сылау, төменгі коробаларға бетон ертіндісінің түспеуі үшін, жоғары қабаттан
бастайды. Кепкен астықты шахтадан шығару қондырғыларының екі типін
қолданады (сурет 32): іс-әрекеті үздіксіз (ВИСХОМ типті) және үздікті (ВТИ
типті). Соңғы жылдары құрастырылған типі (астықты шахтадан үздіксіз және
үздікті шығаратын) кеңінен қолдануда (сурет 33).
Кейбір астық кептіргіштерінде тік бағытқа қозғалатын жоғары рамадан
басқа, әр қайсысын жеке вертикал қозғауға болатын, астаушалар орнатылған. Ол
үшін, астаушалардың қабырғасы бойы ұзынша саңылау жасалады, оған
болттарды орнатып, астаушаларды қажетті бағытқа бекітеді. Осындай
қондырғылар шахтадан астықты шығарып қоймай, қажет болған жағдайда, жеке
кесіндіден, қиынды бойы астықты шығаруға мүмкіндігі қарастырылған.
66
Сурет 32. Шахталы кептіргіштердің астық түсіргіш қондырғысы:
а-үздіксіз түсіргіш: 1—қозғалмалы рама; 2-тұрақты рама;
3-бөлгіш; 4-астау; 5-сөре; 6-эксцентрик; 7-шатун; 8-ролик;
б-астықты үздікті түсіргіш: : 1-қозғалмалы рама; 2-тұрақты рама; 3- бөлгіш;
4-автоматқа арналған тартқыш; 5-рычаг; 6-тартқыш (тяга); 7- сөре.
Астық түсіретін саңылаулар саны төменгі қатарда орналасқан коробалар
санына байланысты. Қондырғы екі бөлімнен тұрады: жоғарғы қозғалмайтын
рама және арбаша деп аталатын, қозғалмалы рама. Жоғарғы рама, бүйір
қабырғалары ылди жасалған, бірнеше параллель орналасқан астаушалардан
құралған. Астаушалар әр астық түсіретін саңылаулар астына орналасқан және тік
орналасқан швеллердің кесілген қалтасымен қозғалады, осыған байланысты
қозғалмалы және қозғалмайтын рамалар арасын реттеуге болады. Осы аралықты
өзгертіп, кепкен астықты, шығару мөлшерін реттейді.
Қозғалмалы рама әр астаушаның астына орналасқан горизонталь
сөрелерден құралған, оларға түсетін астық табиғи құлау бұрышымен жиналады.
Осы сөрелердің ені астаушалардың саңылаулар енінен, қозғалмалы рама
тоқтаған кезде, оның кернеуінен астық жерге төгілмес үшін, артық алады.
Қозғалмалы рама роликтерге тіренген, болат бұрыштама бойы эксцентрик
механизммен қайтарма-үдемелі қозғалысты шатуннан алады. Арбашаның
осылай қозғалысында астық сөрелердің жиегінен төменгі қорапқа жиналады.
67
Арбашадан түсетін астықтың мөлшері оның қозғалыс жиілігіне, сөрелер
мен астаушаның төменгі шегі аралығына байланысты. Сөрелерден астауша
жоғары көбірек көтерілсе және қозғалмалы рама жолы көбірек болса, соғұрлым
шахтадан астық көп шығады. Астықты көбірек шығару үшін эксцентрик білігі
айналымын және қозғалмалы раманың тербеліс жиілігін арттырады.
Арбашаның жүрісін реттейтін эксцентрикті механизмнің түрлі құрылымы
бар, олардың эксцентритетінің тез өзгертетін қабілеті болуы қажет, осы талапты
орындайтын ВИСХОМ қондырғысында қолданатын эксцентрикті механизм.
Кривошипті жетекке орналасқан тісті муфтаны бұру арқылы қозғалмалы
раманың қадамын реттейді. Ол үшін, тісті муфтаның жұмыс жағдайдағы
1 орнын жұмыссыз 11 жағдайға келтіреді – муфтаны білік бойы қозғайды және
эксцентрикті төлкені (втулка) ұстағышынан шығарады, содан кейін эксцентрикті
оңға немесе солға бұрап қажетті тіс санына қосады да муфтаны жібереді.
Муфтаның серіппесі әсерінен муфта қайтадан эксцентриктік төлкесінің
тістерімен ілігіп, жұмыс жағдайына келеді. Шатун арқылы эксцентрикті
айналдыру әсерінен астықты түсіру механизмінің төменгі рамасы қайтарма-
үдемелі қозғалыс алады.
Қондырғының (сурет 32 б) негізгі кемістігі - астаудың төменгі қыры мен
қозғалмалы раманың сөрелеріне шөп-шалаңның тұрақты жиналуы. Жиналған
шөп-шалаң астықтың шахтадан түсуіне кедергі келтіреді және шөп-шалаңды
тұрақты тазалау керек, ол үшін қондырғының бір жағынан орын қалдыру керек.
Қазіргі кезде шахталары биік, қуаты жоғары кептіргіштерден астықты
шахтадан шығару үшін жұмысы үздікті механизмдер (ашып-жабатын) қолдануда
(сурет 32 б).
Ашып-жапқышты (затвор) шахтаның астына орнатады, ол жоғарғы
қозғалмайтын рамадан тұрады, оның астына қозғалмалы раманы орналастырған.
Жоғарғы рама үстінде астықты бөлетін (қиятын) үш бұрышты призманы
қолданады, олардың арасында шахтаға кесе-көлденең астықты шығаруға
арналған саңылаулар қалдырған, олардың өлшемдері 60 - 80 мм. Шахтадан
астықтың бір қалыпты түсуі үшін призмалы қималардың арасындағы
саңылаулар төменгі коробалар астында болуы қажет, қиғыштардың төбесі
корбалар қабырғаларындағы астық қабатын екі ағымға бөледі.
Жоғарғы рама, астықты шығаратын саңылаулар астына орналасқан, төменгі
қозғалмалы раманың көлденең сөрелерімен қамтамасыз етілген. Жоғарғы және
төменгі рамаларды орналастыруда араларын 5-6 мм ашық қалдырады.
Төменгі раманың сөрелері ені, затвор жабық жағдайда, сөрелердің шетінен
астық төгілмейтін болуы қажет.
Шахтаның төменгі рамасынан кепкен астықты шығару үшін бүгілмелі иін
6 және ұзын иін 4 көмегімен оқтын - оқтын затворды ашатын механизмге қосады,
бұл жағдайда төменгі рама оң шетке жылжиды, сонда саңылау ашылады. Шахта
алаңы бойында саңылаулардың біркелкі орналасуы нәтижесінде шахтадан
астық, саңылаулар бір - бірімен жақын орналасуы әсерінен, бір қалыпты шығады.
Ол толық ашылғанда, қозғалмалы рама серіппе көмегімен жайлап бұрынғы
68
қалпына келеді, сонда астықтың шығуы тоқталады. Астықты оқтын - оқтын
шығаруда, саңылау толық ашылады, нәтижесінде шөп-шалаң жиналмайды.
Затвордың толық ашылуына байланысты астықтың едәуір қабаты шахтада
тез төмен түседі (100-200 мм), осы кезде массаның тиімді араласуына мүмкіндік
туады, сонымен бірге астықтың тоқталуы немесе шөп-шалаңның кейбір
кесіндіде топталуына жағдай болмайды.
Астықты оқтын - оқтын шығаруда, затвордың ашылып - жабылу
аралығында астық қозғалыссыз жағдайда болады, сондықтан астық
коробалардың ыстық қабырғаларымен және беретін коробалармен түйісіп,
температурасы өседі (қызады).
Шахтадан астықты шығаруда, шөп - шалаңның жиналуын болдырмау үшін,
құрастырылған шығару механизмін қолданған тиімді. Осындай механизм сурет
33-те көрсетілген. Астықты үздіксіз шығару үшін затвордың бүгілмелі иіні
эксцентрикті механизмінің тартпасымен байланысқан, осының әсерінен
затворды оқтын - оқтын ашады.
Сурет 33. Астықты шығаруға арналған құрастырылған механизм.
69
Сондықтан затвордың ашылып - жабылу аралығын 30 - 60 сек болуын
қамтамасыз ету қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |