Оқулық / К. Б. Байболов, Т. Қ. Құлажанов, Н. Б. Батырбаева



жүктеу 4,28 Mb.
Pdf просмотр
бет54/109
Дата17.01.2022
өлшемі4,28 Mb.
#33177
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   109
Астық  кептіргіш  ДСП-24
.  Тың  және  тыңайған  жерді  игеру  кезіңде 
жобалау Промзернопроект институты екі сатылы жоспарлы қуаты 24 т/сағ ДСП-
24 астық кептіргішін жобалап, ол астықты өңірлерде салынатын элеваторларда 
жалғасын тапты (сурет 37). 
ВТИ-15-пен  салыстырғанда,  ДСП-24  кептіргіштің  кептіру  камерасы  екі 
зонаға  бөлінген.  Шахталардың  биіктігі  12,6  м,ол  құралмалы  темірбетоннан 
жасалған,  шахтаның  қиынды  өлшемдері  3,25  х  1м  (ВТИ-15  кептіргішімен 
бірдей).  
Кептіру және салқындату процестері тиімді өтуі үшін горизонталь бойына 
коробалардың қадамын, биіктігі бойынша, 200 мм тең алады. Горизонталь бойы 
әр қатарда 16 немесе 15 және 2-і жартылай коробаларды орнатады. 
Агентті  беретін  және  әрекет  еткен  ауаны  сыртқа  жіберетін  горизонталь 
коробалар  бір  қатардан  кейін  орнатылады.  Кептіру  және  салқындату 
камераларының  ұзындық  бойына  жартылай  коробалардың  орнатылуы  берік 
болуы қажет. 
Кептіру барысында темірбетон жоғары деңгейде қызады, астықтың төмен 
жылжуы  баяу,  ол  бетонды  қабырғада  үйкеліс  күшінің  жоғары  болуына 
байланысты. Аз жылдамдықпен қозғалыстағы астық шамадан тыс қызып, сапасы 
нашарлауы  мүмкін.  Осы  теріс  жағдайларды  болдырмау  үшін,  қабырғаларда 
орналасқан  жартылай  коробаларды  әрекет  еткен  агентті  сыртқа  жіберетін 
коробалар қатарына орнатады. 
Ашып-жапқыштардың 16 түсіргіш саңылаулары бар (қатардағы коробалар 
санына  тең).  Затворлардың  орналасу  орындары  және  процесті  басқару  ВТИ 
кептіргіштерінен алынған. 
Бөлгіш камерада темірбетон жасалған екі горизонталь төсеніштің біреуі 1-і 
және  2-і  кептіру  зоналары  аралығында,  ал  екіншісі  суытқыш  камерасы  үстіне 
орналастырылған. 
Жоғарғы  жапқыштың  мақсаты-1-і  және  2-і  зоналарға  берілетін  кептіру 
агенттерін  араластырмау,  өйткені  олардың  температуралары  бірдей  емес,  ал 
төменгі жапқыш -кептіру агентін салқын ауамен араластырмау. 
 


74 
 
 
Сурет 36. Қайта құрылған ВТИ-8 кептіргіші. 
Кептіргіштің ерекшелігі - кептіру камерасы екі кептіру зонасына бөлінген, 
шахтаның  биіктігі  12,6  м,  құралмалы  темір  бетоннан  жасалған.  Әр  шахтаның 
жоспардағы өлшемдері ВТИ кептіргішімен бірдей, яғни 3,25 х 1 м.  
Кептіру  агентін  және  жұмыс  атқарған  агентті  сыртқа  беретін  коробалар 
ВТИ-15  кептіргішіне  сәйкес  (коробалар  қадамы  горизонталь  және  биіктігі 
бойынша  200 мм), әр горизонталь қатарда 16 немесе 15 бүтін және 2 жартылай 
коробалар орналасқан. 
Агентті  беретін  және  кептіргіштен  шығаратын  коробалар  қатары  бір 
қатардан  кейін  орын  алады.  Шахтаның  кептіру  және  суыту  камераларының 
қабырғаларының ұзына бойына  жартылай коробалар мықты орнатылған. 


75 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 37. ДСП-24 астық кептіргіштің шахтасы. 1,4  төменгі және жоғарғы 
затвор;    2-  өтетін  тесік;  3-  автомат  затвор;  5-  штурвал,  6-7-  беретін,  жіберетін 
коробалар;  8-9-  кезегімен  1-ші  және  2-ші  зонаға  кептіргішті  беру;  10-  бөлгіш 
камераға кіретін есік; 11- салқын ауаны беру.  


76 
 
Шахтаның  темірбетоннан  салынған  қабырғасы  бойымен  астық  баяу 
жылжиды, қызуы мүмкін, осы процесті болдырмау үшін, жартылай коробаларды 
әрекет  еткен  кептіру  агентін  сыртқа  жіберетін  коробалардың  қатарына 
орналастыру  қажет,  ал  жіберетін  коробалар  үшін  жартылай  коробалардың 
орналасуының ешқандай теріс әрекетін тигізбейді. 
Кепкен астықты шығаруға арналған  затворлар, коробалар санына тең, 16 
саңылаулар  (ВТИ  кептіргішіне  ұқсас)  кептіргіш  және  суытқыш  камералары 
астына орнатылған. Төменгі затворлар кепкен және суытылған астықты шығару 
автоматты режимде басқарылады. 
Бөлгіш  камерада  екі  горизонталь  темір  бетон  жабындылары  орнатылған; 
біреуі  1-і  және  2-і  зона  аралығында,    ал  екіншісі  -  суыту  камерасы  биіктігіне 
бекітілген. 
Жоғарғы жабындының мақсаты - температуралары бірдей емес 1-і және 2-і 
зоналарға  берілетін  кептіргіш  агенттерін  араластырмау,  ал  төменгі  жабынды 
суыту камерасына берілетін салқын ауаны кептіру агентіне  бермейді. 
Бөлгіш камерасына кіру үшін алдыңғы қабырғада, диффузор астына, мықты 
жабылатын қақпағы бар люк жасалған. 
Әрекет  еткен  кептіру  агенті  және  сыртқы  ауа,  коробалардан  кейін, 
шығаратын камераға жиналады, одан жалюздер арқылы сыртқа беріледі. Бөліп 
беретін  камераларға  кіру  үшін  сыртқы  қабырғасына  мықты  жабылатын  темір 
есік орнатылған. Шахтаның 1-і зонасына кептіру агентін орта қысымды № 12, ал 
2-іге № 8 желдеткіштер береді. Сыртқы ауа № 10 желдеткішпен айдалады. 
Кептіргіштің жел тартқыш торлы оттығының жалпы ауданы 5,88 м
2
, ал от 
жанатын  кеңістік-  14,4м
2
,  бүл  өлшемдер  артығымен  алынған.  Оттық  ауданға 
отынды  тиімді  бөлу  үшін  екі  отын  беретін  есік  жасалған.  Сыртқы  ауа  канал 
арқылы араластырғыш камераға беріледі. Екі оттық камера және циклон үстінен  
кірпіштен қаланған горизонталь канал өтеді, әр қайсысына екі шойын шиберлер 
2  және  4  орнатылған,  олар  екі блок  арқылы  тросспен  байланысқан.  Шибердің 
біреуін ашқанда, түтін шығаратын трубамен байланысқан, циклонның құбыры 
ашылады,  газ  құбырға  жылжиды,  ал  екінші  шибер  жабылып,  оттық  газдың 
араластырғыш камераға берілмеуін қамтамасыз етеді. Торлы тартқышқа ауаны 
қысымы  орта  №  3  желдеткіш  береді.  Осы  ошақтың  жартысын  сұйық  отынды 
жағуға ауыстырған, ал екіншісі алғашқы қызметін атқарады. 
Қатты отынмен жұмыс істейтін ошақ қондырғысы (сурет 38) екі камерадан 
тұрады, оның артына кірпіштен құралған циклон - фильтр орналасқан. Екі оттық 
камераның  араластыру  камерасы  ортақ  және  олардан  шығатын  түтінді  бір 
құбырмен сыртқа  береді. 
 


77 
 
 
Сурет-38.  ДСП-24 кептіргішінің пеші: 1- түтін құбыры;  2,4- шиберлер; 3- 
суық ауаны енгізу; 5- араластыру камерасы. 
 
Оттық  кеңістікті  кеңейту  (қуатын  арттыру  үшін)  және  отынның  толық 
жануын  оттықтың  бір  жартысындағы  жану  камерасы,  циклон  -  фильтр 
аралығындағы  кірпішті  қабырға  5  және  циклон  -  фильтрдің  ішкі  құбыры 
қамтамасыз етеді. 
Торлы оттықты, балқымау үшін алып тастайды. 


78 
 
 
Сурет-39.    ДСП-24-сн  кептіргішінің    шахтасы:  1-  бөлгіш  қораптар;    2- 
агентті; 1-кептіру зонасына беру; 2- шығару қораптары. 
 
Астықты қабылдау пунктерінде және кептіру, тазалау, мұнаралары (КТМ) 
жанына  шахта  биіктігі  қысқартылған  ДСП  –  24  -  сн  жобаланды  (сурет  39). 
Кептіргіш астықтың ылғалын 20 - дан 14 % түсіреді, қуаты 24 т/сағ. ДСП - 24 -сн 
кептіргішін  КТМ  (СОБ)  жанына  орналастыруда    қоймалардың  үстіңгі  және 
астыңғы транспортерлерімен байланысуын шешу қажет.  
Кептіргіш екі шахталы, құралмалы темір бетон панельдерінен жинақталады. 
Әр шахтаның жоғарғы бөлігі кептіру камерасын құрайды, ол екі зонадан тұрады 
-1-і зонада 16, 2-і зонада 8 және шахтаның астындағы салқындату камерасында 
14  қатар  коробалар  орындалған.  Сонда,  ДСП  –  24  -  сн  кептіргішінің  бір 
шахтасында барлығы 38 қатар коробалар орнатылған. 


79 
 
Шахталар арасында құралмалы темірбетон панельдерінен жасалған бөлгіш 
камерасы  орындалған,  ол  екі  горизонталь  бөлгіштермен  екі  зонаға  бөлінген  
(1-і  және  2-і)  және  суыту  камераларына  бөлінген.  Шахтаның  жұмыс  биіктігі, 
үстіндегі қорапсыз, 8224 мм, ол биіктігі 2056 мм төрт панельден тұрады.  
Әр панельде 10 қатар  горизонталь коробалар орналасқан, үстіңгі панельде 
8  қатар,    жоғарғы  панельдердегі  саңылауларға,  кептіру  үстіндегі  қораптың 
биіктігін үлкейту үшін, 2 қатар коробалар бекітілген. Шахтаның ішкі өлшемдері 
3250  х  1000  мм.  Коробалардың  горизонталь  өсь  аралықтары,  қадамдары,  және 
жартылай  коробалардың  қабырғаларға  орналасуы  алдыңғы  кептіргіштерде 
келтірілген.  Сонымен,  әр  горизонталь  қатарда  16  немесе  15  толық  және  2-і 
жартылай коробалар орналасқан. 
ДСП - 24-сн  кептіргішінде, ДСП – 24 - пен салыстырғанда, аралық затвор 
және  оның  үстінде  люк  болмайды,  осы  бос  орындарға  және  шахта  биіктігіне 
қосымша  коробалар  орнатуға  болады.  Аралық  затвордың  болмауы,  астықтың 
алғашқы  үлесін,  суыту  камерасы  мөлшеріне  тең  массаны,  нория  арқылы 
кептіруге береді, кепкен астықты қоймаға жібереді. Затвор астында өтетін орын 
болмайды, соның әсерінен кездейсоқ түсетін заттарды (астық, шөп-шалаң, т.б.) 
тазалау  қиындықты  тудырады.  Осы  заттарды  тазалау  үшін  арнайы  ендірмені 
қолданады.  Ендірмені  шахта  қабырғасындағы  коробаларға  кіргізіп,  түскен 
заттарды тазалайды.  
Кептіру агентін, бөлгіш камераның үстіне орнатылған, орта қысымды № 12 
желдеткіш 1-і зонаға, дәл осындай № 8  желдеткіш алдыңғы қабырға арқылы 2-і 
зонаға  береді,  ал    салқын  ауаны  №  10  желдеткіш  суыту  камерасына  айдайды. 
Электр қозғалтқыштардың қуаты, кезегімен, 20, 10 және 14 квт/сағ.  
Бөлгіш  камерада  жиналатын  ұшындыларды  ашық  коробалар  жағынан 
өтетін тесіктер арқылы тазалайды.  
Әрекет  еткен  агент  шахтаның  1-і,  2-і  зоналарынан  және  суыту 
камерасындағы ауа бұрылу  рөлін атқаратын камера арқылы сыртқа беріледі.  
Кепкен астықты  шығару үшін ВТИ маркалы қондырғы қолданған, затвор 
саны корбалар санына тең -16.  
Затворларды  ашып-жабуды  редуктор  және  автоматты  прибор  КЭП-12У 
орындайды.  
ДСП-24-сн кептіргіштің ошағы ДСП-24 ошағына сәйкес.  
ДСП-24-сн  астық  кептіргіштің  бірнеше  кемістіктері  бар.  Шахта  үстіндегі 
қораптың сиымдылығы аз, сондықтан жоғары орналасқан коробалар үсті қажетті 
мөлшерде  астықпен  толмайды.  Қорапты  толтыруда,  өзіндік  сұрыпталуы 
әсерінен,  жеңіл  масса  қабырғаларға  жиналып,  астықтың  шахта  бойымен  бір 
қалыпты  жылжуына  кедергі  келтіреді  және  жоғарғы  коробаларға  жылудың 
берілуін тежейді, оның үстіндегі қорап астықпен  толмаса  жылу сыртқа ұшады, 
ол процестің тиімділігін төмендетеді. Шахта қабырғасына орнатылған жартылай 
коробалардың ашық жағы бөлгіш камераға қаратылып орналасуына байланысты 
жылу беретін коробалар рөлін атқарады, осының әсерінен, астықтың қызу кету 
қауіпі  туады.  Шахтадан  астықты  жіберетін  затворлар  үстінде  өткелдің  


80 
 
(саңылаудың) болмауы    тазалау  және  жөндеу  жұмыстарын  жүргізуге  қиындық 
тудырады. 

жүктеу 4,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау