ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
https://vk.com/mega_education
415
ақталады да қояды. Бірақ біз жыл өткен сайын үмітімізді үзбейміз, әр қазақстандық
фильм шыққан сайын ол алдыңғысынан жақсы болар деп барудамыз. Кино
түсірушілер жылдан-жылға көрермендердің көңілін қалдыра бермейтін шығар
деген үміттеміз. Әлеуметтік желілерде «Ел арна» жабылып, содан үнемделген ақша
жаңа керемет бір фильмге жұмсалғалы жатыр деген шын-өтірігі аралас әңгіме
тарады. Сол шын болса, келесі жылы 8 наурызда керемет бір рецензия жазатын
шығармын!
P.S
. Фильмді көргеніме бір аптадай уақыт өтсе де рецензия жазуға деген
шабытым қазір ғана ашылды. Шындығында бұған бүгін желіге шыққан Арман
Дүйсеновтің «Сен жайлы» туындысы әсер етті.
7. Берілген мәтіндер не туралы?
A)Отандық киноиндустриясының бүгінгі жағдайы туралы
B)«Абайлаңыз, сиыр» фильміне берілген баға
C)«Қазақфильм» киностудиясының жетістігі туралы
D)«Абайлаңыз, сиыр» тұсаукесерінің сәтті өтуі туралы
E)Баян Есентаеваның жетістігі туралы
8. Үшінші пікірден Гүлмайраны қалай сипаттауға болады?
A)Гүлмайра «Абайлаңыз, сиыр!» фильмін мүлде көрген жоқ.
B)Гүлмайраның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильміне көңілі толды.
C)Гүлмайра – отандық киноның жанашыры.
D)Гүлмайра – қазақстандық фильмдер туралы бейхабар.
E)Гүлмайра – кино майталманы.
9. Қазақ киноиндустриясының қандай жағдайы туралы сөз қозғалды?
A)Салаға бөлінетін қаржының дұрыс игерілмейтіні
B)Кино саласының қажетті деңгейде дамып келе жатқанын
C)Киноның сапасынан гөрі желілердегі жарнамаға көп көңіл бөлу
D)Отандық кинолардың шетелдік туындылардан кем еместігі
E)Қазіргі қазақ фильмдерінің өзекті мәселелерді көтергені
10. Қандай жауап Жанеркенің берген бағасымен сәйкес келеді?
1. Баян Есентаеваның бұл картинасының сәтті шыққаны – сөзсіз.
2. Фильмге түскен актерлер өз кейіпкерлерінің образын аша алды.
3. «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі тіл мәселесін көтерді.
A)Бірінші мен үшінші
B)Тек үшінші
C)Тек бірінші
D)Барлығы теріс
E)Барлығы дұрыс
11. Нұрланның пікірінен «Абайлаңыз, сиыр!» фильмі туралы нені білуге
болады?
A)Фильмге жиналған қауымның риза болғанын
B)Фильмінің өте сәтті көрсетілім болғанын
C)Фильмінің көрерменнің көңілінен шыққанын
D)Фильм жарнамасынан да мықты болғанын
E)Фильм көп көрермен жинай алғанын
|