Еңбек ақыны ұйымдастыру
1 Еңбек ақыны ұйымдастырудың жалпы қағидалары. Еңбекке төлемнің
формалары
Еңбекті өндіруге қолданатын жұмыс күшінің құны еңбек ақы болып табылады.
Ұйымда еңбек ақыны төлеуде белгілі қағидаларды сақтау қажет.
Жұмыскерлердің еңбегіне төлемді жіктеу қағидасына сәйкес келесідегідей факторларға:
еңбек мөлшері мен сапасына, еңбек операцияларының қиындық дәрежесіне және
жұмыскерлердің біліктілік деңгейіне еңбек шартына, жұмыскерлердің өмір сүру
жағдайына байланысты жүргізілуі керек.
Еңбек ақының өсу деңгейі еңбек өнімділігінің өсу деңгейінен озып кетпеу керек.
Өйткені еңбек ақы өнірістік жұмсалымдардың құраушысы болып табылады, ал еңбек
өнімділігі бір жұмыскерге келетін өнім көлемін анықтайды.
Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыруда елдегі төменгі күн көру деңгейімен
сәйкес орындалуы маңызды орын алады. Бұдан басқа инфляциялық факторларға және
адамдардың әл-ауқатын көтерудің қажеттілігіне байланысты жұмыскерлердің еңбек
ақысын өсіру қағидасы сақталып отыру қажет.
Еңбек ақыны кеңінен тараған формалары кесімді (жасанды) және уақыттық
формалар болып табылады.
Жасанды форма -
еңбек ақыны нақты жұмыс көлемінің
орындалуына негізделсе, ал
уақыттық форма - өткізген уақыты (ай, күн немесе сағат)
бойынша төленеді.
Еңбек ақыны төлеудің жасанды формасы әрбір жұмыскердің нақты
жұмыс немесе өндірген өнім көлемін анықтауға болатын жағдайда қолданады. Бұл форма
еңбек өнімділігін көтеру қөзкарасынан қарайтын болсақ, үдемелі болып саналады және
жұмыс көлемінің өсуіне ынталандырады. Оны қолдану тек, егер кәсіпорында өндіріс
көлемінің сапасын төмендегідей өсуін қамтамасыз ететін өнім немесе жұмыс сапасын
қадағалау жақсы ұйымдастырылған жағдайда тиімді болады. Еңбек ақыны төлеудің
жасанды формасы төмендегідей анықталады.
ЕА
жасан
= Р
жасан
.
Q
жұм
мұндағы Р
жасан
– жұмыс көлемінің немесе өнім бірлігіне бекітілген жасанды баға;
Q
жұм
– орындалған немесе жоспарланған жұмыс немесе өнім көлемі.
Жасанды баға төмендегідей орнатылады
Р
жасан
= Т
мөлш
.
Н
уақ
мұндағы Т
мөлш
– уақыт бірлігіндегі еңбекті төлеудің тарифтік мөлшерлемесі;
Н
уақ
-өндіру нормасы.
Еңбек ақыны төлеудің уақыттық формасы берілген уақыт мезетінде нақты
орындалған жұмыс көлемін анықтауға болмайтын жұмыскерлерге қолданады. Бұл төлем
формасы төмендегідей анықталады
ЕА
уақ
= Т
сағ.мөлш
.
t
жұм
мұндағы Т
сағ.мөлш
– еңбек ақыны төлеудің сағаттық тарифтік мөлшерлемесі;
t
жұм
– жоспарланған немесе нақты істелген уақыт.
Соңғы кезде еңбек ақыны төлеудің келісім-шарттық формасы кеңінен орын алып
жүр. Оның мәні жұмыскерлердің арасында, жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында
келсім-шарт жасалады. Онда жұмыс беруші міндетіне алған еңбек ақы мөлшері, қосымша
еңбек ақы, еңбек ақыны ұйымдастыру мен төлеудің ерекше шарттары қарастырылады.
Сондай-ақ жұмыскер орындауға міндетті нақты жұмысты орындау талаптары, сонымен
қатар екі жақтан келісім-шартты бұзу шарттары мен себептері көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |