Дәріс 6. Энергетикадағы баға белгілеу
1 Бағаны құраудың жалпы қағидалары
Баға экономикалық категория сияқты өнімнің құнын анықтайды, яғни оның
жасалуына кеткен толық шығынды ғана емес, өндіріс үрдісінде және өнімнің пайда болуы
кезінде қосылған, өнімнің қосымша үлесін немесе пайдасын ескереді. Былайша айтқанда,
баға
– бұл өнім бірлігі құнының, жұмыстың, қызметтің ақшалай көрінісі. Сандық түрінде
ол былай анықталады
Б
өнім
= ӨҚ
өнім
+ П
өнім
+ С (1)
мұндағы П
өнім
– өнім бірлігіне сәйкес келетін пайда;
С – бағаға қосылатын салық.
Бағаны құрауға екі түрлі –
сыртқы және ішкі өндірістік факторлар әсер етеді.
Сыртқы факторларға бағаға сұраныс және оның базардағы ұсынысы жатады;
сонымен қатар бәсекелестік деңгейі (тікелей қатысты және баламалы); мемлекеттік
бағаны реттеу деңгейі; сала түрі және оның құрылымы; тауар категориясы және оның
таралу және өткізу формасы; саяси, заңдық және басқа факторлар және бұл айтылғандар
экономикалық теория немесе бағаны құраудың арнайы курсында қарастырылады.
Сала түрі және оның құрылымы, тұтынушылар сұранысы немесе болжау деңгейіне
әсер етеді, ал монополиялық құрылым шартында, әсіресе тауардың бағаға әсері
материалдық өндіріске біріншілік (деңгейдегі) немесе екіншілік (деңгейдегі) салаға
жататындығымен анықталады. Шикі өнімдерде электр энергиясы сияқты баға
диапазонында толқулар болмайды, бұл сапаға, маркілеуге, ассортиментке және басқа
параметрлерге әсер ететін екіншілік деңгейдегі өндіріс тауарларына лайық.
Тауарды жалпылма түрде екі бағытта қарастыруға болады: көптүрлі формалық
тауар өндірісі болатын еркін нарықтық таралу және мемлекет арқылы реттелетін немесе
кәсіпорынға тәуелсіз факторлар.
Тауардың бірінші форма арқылы таралғанда бағаның еркіндік деңгейі оның
өткізілуі электр энергиясы өнімі сияқты таралатын екінші формасымен салыстырғанда
жоғары болады.
Ішкі өндірістік факторлар
өндірістің ерекшелігіне, өткен шығындардың ерекше
құрылымына және өндірістің тиімділік деңгейіне тәуелді. Бұл факторлар өндірістің
экономикалық мүмкіндіктерін бағаның шығындық бөлігін анықтайды.
Өндіріс ерекшелігі өнімнің материал сыйымдылығына, энергия сыйымдылығына
және қор сыйымдылығына әсер етеді. Неғұрлым технологиялық күрделі және жоғары
материалдық шығынды қажет ететін қаржы сыйымдылықты өндіріс болған сайын,
соғұрлым өнімнің өзіндік құны жоғары болады. Өнімнің құнына өндіріс үрдісінің
энергия сыйымдылық деңгейі де аз әсер етіп қоймайды. Өнімнің нарықтық бағасына
әсер ететін ішкі факторларға, оның сапасы, өнімнің немесе кәсіпорындағы жұмыс
сапасын бақылау жүйесі жатады.
Бағаны кәсіпорын немесе сала деңгейінде құру кезінде ішкі баға саясатын іске
асыруда келесі қағидаларды және бірінен соң бірінің орындалуын ескеру керек.
1. Баға құрудың стратегиясын жасау.
Бұның негізіне баға қалыптастырудың мақсатын анықтау жатады: бастапқы кезеңде
максималды пайда түсіру; өнім өткізу нарығын бағындыру; нарықтағы тұрақтылық.
Нарықтағы бәсекелестікке төтеп беру жатады.
2.Өнімді өткізу нарығындағы баға деңгейі талдау: максималды және минималды
баға деңгейі; бәсекелес жағдайы және басқалар.
3. Өз өндірісіндегі болатын ағымдағы шығындарын анықтау.
4. Бағаны құру әдісін кәсіпорынның стратегиясына сәйкес келетіндей және
өндіріс ерекшелігіне сәйкес таңдау.
5. Бастапқы бағаны орнату, оның нарық тұрғысынан талдау жасау және өнімнің
соңғы бағасын орнату.
Соңғы орнатылатын баға деңгейі өндірістің тек қана өзіндік шығынын жауып
қана қоймай, пайда түсіретіндей болуы керек. Бағаға қосылған экономикалық расталған
пайда кәсіпорынның республикалық және жергілікті бюджетке кететін салықтарын,
басқа да міндетті аударылымдарын, өндіріс дамытуға инвестициялық қор құруға
немесе өндірісті дамытуға алынған банк қарыздарын қайтару шығындарын жабуға,
кәсіпорын жұмыскерлерін әлеуметтік сақтандыру және ынталандыру қорларын құруға
жеткілікті болуы керек.
Көбінесе, өнім өндірушілер бағаға қосылатын пайда нормасын өнімнің өзіндік
құнынан жоғары 30-35% қояды. Тәжірбие көрсеткендей, егер пайда шамасы дамушы
кәсіпорындарында төмен деңгейде орнатылса, онда мұндай кәсіпорындардың қалыпты
экономикалық дамуына ресурстары жеткіліксіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |