Оқу орыс тілдерінде жүретін мектептердегі қазақ тілі мұғалімдері үшін
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН
МЕКТЕПТЕРДІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ
АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
Бақылау диктанттары
5-11 сынып
Павлодар қ., 2013 ж.
Түсінік хат
Бұл құрал оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған. Ол 5-11 сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағы ретінде құрастырылған. Қазақ тілі бойынша қорытынды жазба жұмыстарын жүргізуге арналған.
Жинақтағы мәтіндер оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, бағдарлама бойынша өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарға сай құрастырылған. Әр диктанттан кейін деңгей бойынша грамматикалық тапсырмалар берілген. Мұндай тапсырмалардың берілу мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілден алған теориялық білім дәрежелерін айқындауға, тілдік ерекшеліктерді еркінірек меңгеруге, нығайтуға және жетілдіруге, коммуникативтік біліктілігін арттыру арқылы қазақ тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білуге жетелеу. Сонымен қатар жинақ оқушылардың қазақ тілі грамматикасынан өткен материалдарды қайталап, олардан алған білімдерін нақтылап, сауаттылықтарын арттыру мақсатын да көздейді.
Барлығы әр сыныпқа 7 бақылау жұмысы ұсынылып отыр.
Сынып
|
Алғашқы, аралық, жылдық
|
Бақылау жұмысы
|
5-11
|
І
|
ІІ
|
ІV
|
І
|
ІІ
|
ІІІ
|
ІV
|
Барлығы
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
7
|
Диктантты бағалау нормалары:
«5» деген баға: Ешбір қатесі болмаса немесе емле,тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;
«4» деген баға: Емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;
«3» деген баға: Емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле,5 тыныс белгілерінен қатесі болса;
«2» деген баға: Емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін.
Грамматикалық тапсырмаларды бағалау нормалары:
«5» деген баға: Деңгейлік тапсырмаларды толық, ешбір қатесі орындаса;
«4» деген баға: ІІІ, ІІ деңгейлік тапсырмасын қатесіз орындаса;
«3» деген баға: ІІІ деңгейлік тапсырмасын қатесіз орындаса;
«2» деген баға: Деңгейлік тапсырмаларды орындамаса.
БАҚЫЛАУ ДИКТАНТТАРЫ
5 - сынып
Қазақ тілі пәні бойынша 5-сыныпқа арналған алғашқы бақылау жұмысы
Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан 4 – сыныпта алған білімдерін тексеру
Күз.
Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Қазір күз мезгілі. Күн салқындады. Суық жел соқты. Ағаштардың жапырақтары сарғайып,жерге түсті. Бақтарда түрлі жемістер мен көкөністер пісті. Біз бақшадан асқабақ, қызанақ, алма, алмұрт жинадық. Әпкем қырыққабат тұздады. Шешем алма мен алмұрттан тосап қайнатты. Біз күз мезгілін ерекше жақсы көреміз.
(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Диктанттар жинағы, Ж.С Қалиева, 46сөз)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасаңыздар.
Қазан Жеміс
ІІ деңгей. Төмендегі сөздерге зат есімнің көптік жалғауын жалғаңыздар
Сынып, адам, әже, ата Мұғалім, аға, кісі,мектеп.
І деңгей
Күз мезгілі туралы диалог құрастырыңыздар. (3-4 сұрақ)
Қазақ тілі пәні бойынша 5-сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау жұмысы.
Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан І тоқсанда алған білімдерін тексеру
Біздің отбасымыз.
Менің атым – Маржан. Мен бесінші сыныпта оқимын. Біздің отбасымызда сегіз адам бар. Менің атам, әжем, әкем, шешем, екі ағам және сіңлім бар. Атам мен әжем – зейнеткерлер. Әкем- жүргізуші. Шешем – мұғалім. Үлкен ағам университетте оқиды. Кіші ағам мектепте оқиды.
Біздің көршіміз қарт кісі. Ол өте бауырмал. Біз көршімізбен тату тұрамыз.
(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал. Диктанттар жинағы , Ж.С Қалиева, 50 сөз)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей
Берілген сөзге дыбыстық талдау жасаңыздар.
Мұғалім көрші
ІІ деңгей. Төмендегі сөздерді септеңіздер.
Әже ата
І деңгей
Отбасы туралы 3-4 мақал-мәтел жазыңыздар.
Қазақ тілі пәні бойынша 5-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық бақылау жұмысы.
Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін тексеру
Астана.
Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы. Ол Есіл өзенінің бойында орналасқан. 1997 жылы астана Ақмола қаласына көшірілді.
Астананың символы - Бәйтерек. Бәйтерек - әсем, биік ғимарат, сол жағалаудың көркі. Қазіргі кезде Астана – ең сұлу, жас қала. Астанада зәулім ғимараттар салынып жатыр. Бас қалада біздің еліміздің ұлы тұлғалардың, билердің ескерткіштері бар.
Астана күннен – күнге гүлденуде. Астананың болашағы зор.
(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Диктанттар жинағы Ж.С Қалиева, 51 сөз)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей. Берілген сөзді тәуелдеңіздер
Астана қала
ІІ деңгей. Мәтіннен көптік жалғауы жалғанған сөздерді теріп
жазыңыздар.
І деңгей
«Менің Отаным-Қазақстан»тақырыбына диалог
құрастырыңыздар.
Қазақ тілі пәні бойынша 5-сыныпқа арналған жартыжылдық бақылау жұмысы
Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан І жартыжылдықта алған білімдерін тексеру.
Қыс.
Күн суық. Жерде қар қалың. Түн ұзақ, күн қысқа. Қыста мен таңертен сағат жетіде тұрамын. Беті-қолымды жуамын, сүртінемін, шашымды тараймын, тамақ ішемін. Содан соң басыма бөрік, қолыма қолғап, аяғыма етік киіп, мектепке барамын. Мектептен шыққан соң, мектептің мұз айдынына барамыз. Мұз айдыны мектептен алыс емес.
(Диктанттар жинағы 5-9,Ж.С.Қалиева, 51сөз,)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей. Етістіктерді болымсыз түрге қойып жазыңыздар
Бер,жатта, айт, ойла, сөйле. Орында, жаз, жүр, отыр, тұр
ІІ деңгей
Сан есімдерді сөзбен жазыңдар.
25, 325, 11, 95, 684 35, 452, 22, 97, 846
І деңгей
Мәтін бойынша үш сұрақ құрастырыңыздар.
Қазақ тілі пәні бойынша 5-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы.
Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін тексеру
Наурыз
Наурыз айының 22-сінде көптеген мұсылман елдерінде Жаңа жыл мерекесі тойланады. Наурыз – жыл басы. Бұл күні жұрт таза, жаңа киімдерін киіп, үй-үйге қыдырады. Бір-біріне деген ақ тілегін білдіреді. Әр үйде дастарқан жайылып, жеті түрлі тағам қосылған наурыз көже пісіріледі.
Бар табиғат оянады. Бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
(«Қош келдің, Наурыз» кітабынан 49 сөз)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей. Етістікті өткен шақта жіктеңіз
тойлау пісіру
ІІ деңгей
Есімдік түрін анықтаңыз, бір есімдікпен сөйлем құрастырыңыз
Мен, біреу, ешкім Барлық, әрбір, олар
І деңгей
Наурызда айтылатын тілектерді жазыңыздар.
Қазақ тілі пәні бойынша 5-сыныпқа арналған жылдық бақылау жұмысы.
Мақсаты: Оқу жылы бойы өткен тақырыптар бойынша білім деңгейін тексеру.
Қазақ тілі сабағында
Біз биыл бесінші сыныпта оқып жүрміз. Оқу жылы мамыр айында бітеді. Біздің мектептің оқушылары орыс тілінен басқа үш тіл – қазақ, неміс, ағылшын тілдерін оқиды.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Мұғалім әрқайсымызға талап қоя біледі. Сабақта қазақ тілінде ғана сөйлейміз. Тақырыпқа орай көптеген жұмыс түрін орындаймыз.
(Диктанттар жинағы, 4-11, Ж.С.Қалиева,46 с. )
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей
Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыздар.
І. Сыныпта, айында, оқушылары, мектептің
ІІ. Сабақтары, тілдерінде, тақырыпқа, сабақта
ІІ деңгей
І нұсқа. Берілген етістікті осы шаққа қойып жіктеңіздер. Оқу
ІІ нұсқа. Берілген етістікті өткен шаққа қойып жіктеңіздер. Сөйлеу
І деңгей
Оқу-білім туралы 3-4 мақал – мәтел жазыңдар.
Қазақ тілі пәні бойынша 5-сыныпқа арналған IV тоқсандық бақылау жұмысы.
Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын тексеру, білімдерін бақылау.
Жаз
Биыл жаз өте ыстық емес, жаңбыр жиі жауып тұр. Егін де, көкөніс те, жеміс те мол. Мен атаммен, әжеммен бақшада көп еңбек етемін. Атама жеміс ағаштарының бұтақтарын көтерісіп, қияр, қызанның жапырақтарын байлаймын. Өсіп келе жатқан жемістерді суарамын. Әжеме шөп жұлуға көмектесемін.
Шілде, тамыз айында қарақат, бүлдірген,құлпынай піседі. Алма мен сары, қара өріктерді де осы айларда жинаймыз.
(Диктанттар жинағы, 5-9, Ж.С.Қалиева,52 с. )
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей
Мәтіннен септік жалғауы бар сөздерді теріп жазып, септігін анықтаңыздар.
ІІ деңгей
Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыздар.
І нұсқа ІІ нұсқа
Ағаштарының, атаммен Әжеммен, өріктерді
І деңгей
Өзіңе ұнайтын жыл мезгілі туралы шағын әңгіме жазыңыз.
БАҚЫЛАУ ДИКТАНТТАРЫ
6 - сынып
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған алғашқы бақылау жұмысы.
Мақсаты: Өткен оқу жылында қазақ тілі пәнінен 5- сыныпта меңгерген білімдерін тексеру.
Отбасы - сыйластық ортасы.
Отбасы - сыйластық орнаған орта. Отбасының әрбір мүшесі өзара сыйластықты сақтауға тиіс. Сонда бірлік, татулық берік болады. Әке отбасындағы барлық қамқорлықты атқарса, ана отбасына нәр беруші адам. Сондықтан бала өмір бойы ата-анасының еңбегін, жақсылығын сыйлауы тиіс.
Жалпы отбасында үлкендерді сыйлауға көп мән беріледі. Кішіпейілдік, көркем мінез, сыйластық отбасында қалыптасады. Ата-анасын сыйлап өскен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді.
(55сөз)
(Орыс сыныптарына арналған диктанттар жинағы С. Қалиева Қарағанды 2007оқу жылы)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей. Берілген сөздерді септеңдер.
Мінез. Еңбек
ІІ деңгей. Берілген сөздерге синонимдік қатар жасап, сөйлем құраңдар.
Көркем. Халық.
І деңгей. Отбасы туралы 5,6 мақал - мәтелдер жазу.
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған I тоқсандық бақылау жұмысы.
Мақсаты: Оқушылардың сауатты жазу деңгейін тексеру, І тоқсанда өтілген лексика- грамматикалық тақырыптарды оқушылардың қандай деңгейде игергендігін тексеру. Берілген тапсырмалар бойынша оқушылардың біліктілігін анықтау.
Зергерлік дүкенінде
Сақина, сырға, білезік, алқа, жүзік – шеберлікпен жасалатын сәндік бұйымдар. Олар асыл металдар, бағалы тастардан жасалады. Зергер жасаған ерекше бұйымдар өте құнды болып есептеледі. Мұндай бұйымдарды зергерлік дүкенінен сатып алуға болады. Зергерлік дүкеніне кіргенде, керемет сұлулық әлеміне бөленесін. Алтыннан, күмістен жасалған әшекейлер еріксіз көз тартады. Дүкен сөрелерінен гауһар, маржан, меруерт, сумоншақтарымен әшекейленген түрлі бұйымдарды көріп, тиісті бағасына сатып алуға болады.
(59 сөз)
( Орыс сыныптарына арналған диктанттар жинағы С. Қалиева Қарағанды .2007оқу жылы)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.
Сұлулық. Гауһар.
ІІ деңгей. Берілген зат есімдерден қатыстық сын есім жасаңдар:
І нұсқа. Зергер, баға, көңіл.
ІІ нұсқа. Сән, әшекей, ажар.
І деңгей. «Зергерлік дүкенінде» тақырыбына байланысты, берілген үстеулерді қолдана отырып, 3-4 сөйлем құрастырыңдар. (Биыл, көп, бүгін)
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған IІ тоқсандық бақылау жұмысы.
Мақсаты: Оқушылардың білім, білік дағдыларын және сауаттылықтарын тексеру.
Туған күн кеші.
Кез келген адамның өмірінде бақытты кездері аз болмайды. Сонын бірі - адамның дүние есігін ашқан күні. Туған күн , әдетте , отбасы мерекесі ретінде атап өтіледі. Арнайы дастарқан жасалып, шақырылған жақын жолдастары, туыстары жиналады. Туған күн иесін құттықтап, әр түрлі сыйлықтар ұсынылады. Жолдастары, құрбы-құрдастары ақ тілектерін білдіреді. Кештің соңы көңілді әнге, биге, жарасымды әзіл күлкіге айналады.
Туған күн – адам өміріндегі ерекше күндердің бірі.
(61 сөз)
(Орыс сыныптарына арналған 7 сынып оқулығы Т. Артыкова, Г. Ермекбаева. Атамұра 2012 оқу жылы)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей. Берілген сөздерді тәуелде.
Туған күн Жолдас
ІІ деңгей. Мәтіннен сын есімдерді тауып, олардың қай мағыналық топқа жататындығын анықтаңдар.
І деңгей.
Досыңның туған күніне құттықтау жазу.
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған жартыжылдық бақылау жұмысы.
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі пәнінен жартыжылдықта алған білімдерінің деңгейін тексеру,біліктілік,білімділік дағдылардың қалыптасуын және мемлекеттік стандартқа сай болуын тексеру.
Астана- болашағы үлкен қала.
Астана-болашағы үлкен қала. Ол- әлемдегі көрікті қалалардың бірі. Астана қаласы Есіл өзенінің екі жағында орналасқан. Өзеннің бір жағалауында - бұрынғы қала. Ол да жедел жаңарып жатыр. Екінші жағалауында- жаңа қала. Жаңа қаланың жалпы көрінісі Қазақстанның тарихын, мәдениетін, халықтық салт- дәстүрді білдір еді. Біздің еліміз үшін ең қымбат құндылық – Қазақстан халықтарының ынтымағын, түсіністігін бейнелеуге арналған құрылыстар.Астана қаласы- жаңа Қазақстанның белгісі.
(60сөз)
(Орыс сыныптарына арналған 8 сынып оқулығы Т. Артыкова, Г. Ермекбаева. Атамұра 2012 оқу жылы)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей. Бастауыш пен баяндауыштың арасына тиісті тыныс белгісін қойыңдар.
Мектеп кеме, білім теңіз. Қазақстанның астанасы Астана қаласы
ІІ деңгей. Берілген сөздер мен сөз тіркестеріндегі ықпал түрлерін анықтаңдар.
Көп бала, тасжол, сөзсіз. Досжан, көк аспан, айтып бер.
І деңгей. Берілген тақырыптар бойынша ой толғау жазыңдар. «Астана- арман қала» немесе «Астана- бас қала»
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы.
Мақсаты: Өтілген «Етістік шақтары», «Етістік райлары» тақырыптары бойынша оқушылардың алған білім, білік деңгейлерін және сауаттылығын тексеру.
Қазақ тілі сабағында
Біз биыл 6-сыныпта оқып жүрміз. Қазақ тілі сабағы аптасына бес рет болады. Қазақ тілі сабағы өте қызықты өтеді. Біз сабақта мәтінді оқып, мазмұнын айтамыз. Бір-бірімізге сұрақ қойып, жауап береміз. Түрлі тақырыптарға диалог құрастырамыз. Диктант, мазмұндама, шығарма жазамыз. Сабақта көбінесе ауызша сөйлеуге тырысамыз. Сурет бойынша әңгіме құрастырамыз. Өлеңдерді жаттаймыз. Фонетикалық, синтаксистік талдау жасаймыз. Біздің мұғалім өте білімді, тәжірибелі адам. Қазақ тілі сабағы маған өте ұнайды.
(65 сөз)
(Орыс сыныптарына арналған 7 сынып оқулығы Т. Артыкова,
Г.Ермекбаева. Атамұра 2012 оқу жылы)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей. . Берілген етістіктерді өткен шақта жікте.
Жаттау Құрастыру
ІІ деңгей. Берілген етістіктерді рай түрлеріне қойып жазыңдар.
І нұсқа. Жаттау, ұнату, құрастыру ( І жақта)
ІІ нұсқа. Жаттау, ұнату, құрастыру ( ІІжақта)
Ашық рай
|
Бұйрық рай
|
Шартты рай
|
Қалау рай
|
|
|
|
|
І деңгей.
«Менің сүйікті пәнім» шағын әңгіме жазу.
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған IV тоқсандық бақылау жұмысы.
Мақсаты: : Өтілген тақырыптары бойынша оқушылардың алған білім, білік деңгейлерін және сауаттылығын тексеру.
Сенбілік
Біздің мектепте әр апта сайын сенбілік өткізіледі. Мектеп оқушылары бұл іс-шараға белсене қатысады. Әр сыныптан екі-үш оқушы, көбінесе қыздар, сыныпты тазалауға қалады.
Бастауыш сынып оқушылары мектептің ауласын жинайды, сыпырады, жасыл желектерді суарады. Ал жоғары сыныптың оқушылары көше бойын сыпырады, кейде ағаш отырғызады. Оқушылар сенбілікке еңбек құралдарымен келеді. Біреуі – сыпырғыш әкелсе, екіншісі- күрек, үшіншісі шелек әкеледі. Біз сенбілікте тәртіп сақтап, берілген тапсырмаларды тиянақты орындаймыз.
(65 сөз)
(Қазақ тілі 6 сынып. Дидактикалық материалдар Ж.Нығмет, Ф.Төрегелдиева)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей. Мәтіндегі етістіктерді теріп жазыңдар.
ІІ деңгей. Берілген етістіктерден қалау рай, бұйрық рай жаса
қатысамын, тазалаймын
І деңгей. Сөйлем мүшелеріне талдау жасаңдар
1 сөйлем 2 сөйлем
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған жылдық бақылау жұмысы.
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі пәнінен жыл бойы алған білімдерінің деңгейін тексеру,біліктілік,білімділік дағдылардың қалыптасуын және мемлекеттік стандартқа сай болуын тексеру.
Шахмат үйірмесі
Ағам жасынан шахмат ойынына құмар болып өсті. Мектебіміздегі шахмат үйірмесіне қатысып, жарыстарда көзге түсе бастады. Ол күн сайын үш- төрт сағат уақытын шахмат ойнауға арнайды. Оның арманы- болашақта шахмат ойынының шебері болу.
Шахмат адамның ой-өрісін дамытады, сондай-ақ шыдамдылық, ұстамдылық қасиеттерді талап етеді. Ағам өзінің уақытын босқа өткізбей, өзінің сүйікті ісіне арнады. Ол әрбір жеңісін мақтан тұтады және болашақта шахмат шебері болатынына сенімді.
(63 сөз)
(Орыс сыныптарына арналған 7 сынып оқулығы Т. Артыкова,
Г. Ермекбаева. Атамұра 2012 оқу жылы)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей. Берілген зат есімдерден қатыстық сын есімдер жасап, сөйлем құрастыр.
Ақыл, қасиет Ой, ұстам
ІІ деңгей. Мезгіл, күшейткіш, мекен үстеулердің түрлерін ажыратып, сөз тіркесін құраңдар.
Жоғары, кеше, өте аса, биыл, алдында
І деңгей. Берілген тақырып бойынша шағын әңгіме жазыңдар.
«Мектеп үйірмелері»
БАҚЫЛАУ ДИКТАНТТАРЫ
7 - сынып
Қазақ тілі пәні бойынша 7- сыныпқа арналған алғашқы бақылау жұмысы
Мақсаты: 6-сыныпта өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін нақтылап тексеріп, қорытындылау және сауатты жазуға баулу.
Дене шынықтырудың пайдасы.
Дене шынықтырумен шұғылдану-әр оқушының міндеті. Ол үшін түрлі жаттығулармен айналысу керек. Спорттық әртүрлі үйірмелерге қатысқаны дұрыс. Спорттың түрі көп: жеңіл атлетика, футбол, волейбол, бокс, үстел теннисі. Бұл үйірмелер ептілікке, жылдамдылыққа үйретеді. Дене шынықтыру мәдениетін дамытуға көмектеседі.
Тез қимылға, шапшаң қозғалысқа үйрететін шығыс спортының түрлері бар. Ол өзін-өзі қорғауға үйретеді. Бала кезінен спортпен айналысу арқылы республикамызды әлемге танытып, даңқын шығарған спортшылар аз емес. (63 сөз)
(Диктанттар жинағы. Құрастырған: Ж.Н. Нығмет.-Алматы: «Арыс» баспасы, 2012.-69 бет).
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей. Асты сызылған есімдікті септеңіз.
І нұсқа. Ол өзін-өзі қорғауға үйретеді
ІІ нұсқа. Бұл үйірмелер ептілікке, жылдамдылыққа үйретеді.
ІІ деңгей. Берілген сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау жасаңыз.
І нұсқа. Спорттық әртүрлі үйірмелерге қатысқаны дұрыс.
ІІ нұсқа. Дене шынықтыру мәдениетін дамытуға көмектеседі.
І деңгей. Үйірмелер туралы шағын әңгіме жазыңыз.
І нұсқа. «Спорт үйірмелері».
ІІ нұсқа. «Мектептегі үйірмелер».
Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау жұмысы
Мақсаты: Оқушылардың тоқсан көлемінде алған білім деңгейлерін, өтілген материалдарды меңгерудегі жетістік, олқылықтарын айқындап, білімдерін бағалау, сауатты жазуға баулу.
Жайлау.
Жайлау-шалғай жатқан даладағы жазғы қоныс. Елімізде жұртқа танымал атақты Қарқара, Шалкөде, Сырт, Шұбартал, Асы деген жайлаулар бар.
Қарқара жайлауы үстімен Ұлы жібек жолы өтетін. Осы жерде ертеде атақты жәрмеңке болады екен. Қазіргі күндері бұл жерде малшылар тойы өтеді. Ат бәйгесі, қыз қуу өткізіледі. Балалар гүл теріп, көбелек қуып, суға шомылады.
Таулы жайлауларда қарақат, таңқурай, долана өте көп болады. Тау бөктері мен жазық далаларда бүлдіргеннің бірнеше түрлері өседі. (68 сөз).
( Диктанттар жинағы. Құрастырған: Ж.Н. Нығмет.-Алматы: «Арыс» баспасы, 2012.-103 бет).
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей. Берілген сөйлемдегі етістікті өткен шақта жіктеңіз.
І нұсқа. Қазіргі күндері бұл жерде малшылар тойы өтеді.
ІІ нұсқа. Жазық далаларда бүлдіргеннің бірнеше түрлері өседі
ІІ деңгей. Асты сызылған сөзге морфологиялық талдау жасаңыз.
І нұсқа. Жайлау-шалғай жатқан даладағы жазғы қоныс.
ІІ нұсқа. Таулы жайлауларда қарақат, таңқурай, долана өте көп болады.
І деңгей. Демалу, жазғы, қолайлы, балалық сөздерін қолданып, тақырыпқа сәйкес сөйлемдер құраңыз.
І нұсқа. Демалу, жазғы.
ІІ нұсқа. Қолайлы, балалық.
Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған аралық бақылау жұмысы.
Мақсаты: Оқушылардың жартыжылдықта алған білімдері мен сауаттылығын тексеру. Мемлекеттік білім стандартының орындалу барысын анықтау.
Домбыра.
Домбыра-қазақтың халық аспабы. Қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті болып есептелген. Бұл музыкалық аспаптың пайда болу тарихы ғасырлар қойнауына кетеді.
Домбыра-қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптардың бірі. Өзіне тән ерекшелігі-ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Аспап үлкен болса, дыбысталуы да сондай болады. Домбыра мен күйдің орындалуы арасында тығыз байланыс бар. Домбыра тек екі шекті ғана емес, үш шекті де болып келеді. Дауысы қоңыр, құлаққа жағымды. (66 сөз).
(Интернет желісінен. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы. org@nlrk.kz. Design by Aysarov Shukhrat © 2009).
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей. Берілген сөйлемнен асты сызылған етістікті рай түрлеріне ажыратыңыз.
І нұсқа. Бұл музыкалық аспаптың пайда болу тарихы ғасырлар қойнауына кетеді.
ІІ нұсқа. Аспап үлкен болса, дыбысталуы да сондай болады.
Үлгі:
Ашық рай
|
Бұйрық рай
|
Шартты рай
|
Қалау рай
|
|
|
|
|
ІІ деңгей. Берілген сөйлемнен асты сызылған зат есімді морфологиялық талдау жасаңыз.
І нұсқа. Домбыра мен күйдің орындалуы арасында тығыз байланыс бар.
ІІ нұсқа. Аспап үлкен болса, дыбысталуы да сондай болады.
І деңгей. Ұсынылған тақырыптар бойынша диалог құраңыз.
І нұсқа. Ұлттық аспаптар.
ІІ нұсқа. Халық әндері.
Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық бақылау жұмысы
Мақсаты: Оқушылардың бағдарлама бойынша алған білімдерін нақыштап қорытындылау және сауатты жазуға баулу.
Бөрік.
Қазақтың ұлттық бас киімдері өте көп. Бөрік – қазақтың ертеден келе жатқан бас киімі. Бөрік қыстық бөрік, жаздық бөрік болып екіге бөлінеді. Бөрікті қыздар да, ер адамдар да киеді. Аңның терісімен немесе қымбат матамен тысталады. Аңның терісіне қарап оларды құндыз бөрік, кәмшәт бөрік, түлкі бөрік деп атайды. Қыздар киетін бөріктің төбесі төрт сайлы болып келеді және үкі тағылады. Асыл тастармен көмкеріліп, күміс теңгелерден салпыншақ тағылады. Қазақта әшекейлі, үкілі бөрікті сал-серілер де киген. (69 сөз)
(Интернет желісінен. Ошибка! Недопустимый объект гиперссылки. ұлттық бас киімдері)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей. Берілген сөйлемнен асты сызылған сөзді тәуелдеңіз.
І нұсқа. Бөрік – қазақтың ертеден келе жатқан бас киімі.
ІІ нұсқа. Күміс теңгелерден салпыншақ тағылады.
ІІ деңгей. Берілген сөйлемнен асты сызылған сөзді құрамына қарай талдаңыз.
І нұсқа. Аңның терісіне қарап оларды құндыз бөрік, кәмшәт бөрік, түлкі бөрік деп атайды.
ІІ нұсқа. Қазақтың ұлттық бас киімдері өте көп.
І деңгей. Ұсынылған тақырыптар бойынша шағын әңгіме жазыңыз.
І нұсқа. Тымақ
ІІ нұсқа. Шапан
Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы.
Мақсаты: Оқушылардың тоқсан көлемінде алған білім деңгейлерін, өтілген материалдарды меңгерудегі жетістік, олқылықтарын айқындап, білімдерін бағалау.
Тазалық – денсаулық кепілі.
Адам баласы денсаулығы мықты болуы үшін тазалықты сақтау керек. Таң сәріден жатар мезгілге дейін гигиеналық талаптарды мұқият орындау керек. Ең бірінші – ұйқыдан оянғанда, жуынып, тіс тазалау, жаттығулар жасап, сергектікті сақтау керек. Екінші-күні бойы қайда жүрсең де, тазалықтың ережелерін сақтау керек. Тамақ ішер алдында қол жууды ұмытпаңдар, оны әдетке айналдырыңдар.
Тамақ ішкен ыдыс-аяқтарды дереу жуып қою керек. Азық-түлік және ыдыс-аяқтар жабық ұсталуы тиіс. (65 сөз).
(Интернет желісінен. Қыздар әліппесінің ғаламтордағы нұсқасы. www.kyzdar-alippesy.kz.)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей. Берілген сөйлемнен қос сөздерді тауып, түрін анықтаңыз.
І нұсқа. Тамақ ішкен ыдыс-аяқтарды дереу жуып қою керек.
ІІ нұсқа. Азық-түлік жабық ұсталуы тиіс.
ІІ деңгей. Асты сызылған сөзге морфологиялық талдау жасаңыз.
І нұсқа. Ең бірінші – ұйқыдан оянғанда, жуынып, тіс тазалау, жаттығулар жасап, сергектікті сақтау керек.
ІІ нұсқа. Екінші-күні бойы қайда жүрсең де, тазалықтың ережелерін сақтау керек.
І деңгей. Өзіңнің денсаулығыңды сақтауға қатысты ойыңды баяндау мәтіні түрінде жазыңыз.
Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған ІV тоқсандық бақылау жұмысы
Мақсаты: Оқушылардың бағдарлама бойынша алған білімдерін нақтылап қорытындылау және сауатты жазуға баулу.
Тілім менің.
Менің ана тілім-қазақ тілі. Ол-халқымның тілі. Ол-киелі, қасиетті. Мен ана тіліммен мақтанамын. Оның құдіретін, қасиетін танытқандар қаншама!
Тілім Әміре боп шет елдерде шырқалды. Махамбет боп көк аспанда саңқылдады. Құрманғазы, Дина болып күймен күмбірледі. Нұрсұлтан боп күллі дүниені аралады. Аспанда Роза әнімен қалықтады. Бекзат пен Ермахан ептілігімен әлемді таңғалдырды. Олимпиада көгінде Әнұранмен елімнің байрағы желбіреді. Менің елімді танытар ұландар-сендер! Тіліңді, халқыңды, еліңді сүйіңдер! (66 сөз).
(Диктанттар жинағы. Құрастырған: Ж.Н. Нығмет.-Алматы: «Арыс» баспасы, 2012.-60 бет)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей. Берілген сөйлемнен асты сызылған сөзді фонетикалық талдау жасаңыз.
І нұсқа. Оның құдіретін, қасиетін танытқандар қаншама!
ІІ нұсқа. Оның құдіретін, қасиетін танытқандар қаншама!
ІІ деңгей. Берілген сөйлемнен асты сызылған етістікті жіктеңдер.
І нұсқа. Бекзат пен Ермахан ептілігімен әлемді таңғалдырды.
ІІ нұсқа. Мен ана тіліммен мақтанамын.
І деңгей. Тілге байланысты 3 мақал-мәтел жазыңыз.
Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған жылдық бақылау жұмысы.
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін, жыл бойы өтілген материалдарды меңгерудегі жетістік, олқылықтарын айқындау. Тапсырмалар арқылы қазақ тілінен алған білімдерін тексеру. Сауатты жазуға баулу.
Интернеттiң негiзгi қосымшалары.
Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз. Талғамы мен көңiл-күйiне қарай одан қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.
E-mail-электрондық пошта. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы пошта бағдарламалары көмегімен жүзеге асырылады. Оның көмегімен санаулы минуттар ішінде хабарды жеткізе аласыз. Ол үшін пернетақтада тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі электрондық мекен жайына жіберсеңіз болғаны. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен, сыныптастарыңызбен, көршілеріңізбен араласуға болады. (63 сөз).
(Интернет жүйесі. Интернет туралы ұғым. Әбдібай Құрмантаев. kaz.osh-18.kz )
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей. Берілген сөйлемнен тұйық етістігін тауып, етістіктің үш шағына қойыңыз.
І нұсқа. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі.
ІІ нұсқа. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен, сыныптастарыңызбен, көршілеріңізбен араласуға болады.
Үлгі:
Нақ осы шақ
|
Келер шақ
|
Жедел өткен шақ
|
|
|
|
ІІ деңгей. Асты сызылған сөзге морфологиялық талдау жасаңыз.
І нұсқа. Талғамы мен көңiл-күйiне қарай одан қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.
ІІ нұсқа. Ол үшін пернетақтада тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі электрондық мекен жайына жіберсеңіз болғаны.
І деңгей. Берілген тақырып бойынша диалог құрастырыңыз.
І нұсқа. «Интернет құрылысы»
ІІ нұсқа. «Электронды пошта»
Достарыңызбен бөлісу: |