Оқу орыс тілдерінде жүретін мектептердегі қазақ тілі мұғалімдері үшін жалпы білім беретін мектептердің МҰҒалімдеріне арналған оқУ-Әдістемелік қҰрал бақылау диктанттары



жүктеу 0,65 Mb.
бет3/3
Дата24.12.2017
өлшемі0,65 Mb.
#5885
1   2   3

БАҚЫЛАУ ДИКТАНТТАРЫ
11 - сынып

Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған алғашқы бақылау жұмысы.

Мақсаты: 10-сыныпта өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.
Банк қызметі туралы не білеміз?
Банктік жүйе өндірістік құрылымға енеді. Өндіріс керек болса, банк те керек. Банк бос капиталды өзіне жинап, оны мұқтаж болып отырған кәсіпорындар мен жеке адамдарға қарызға береді.

Жалпы банктік жүйелер әртүрлі деңгейлі болады.

Біріншісі – мемлекеттік, екіншісі – коммерциялық банктер. Коммерциялық банктер, негізінен, халыққа қызмет етеді.

Банк – қарыз беруші мен қарыз алушының арасында делдалдық жасайтын, сөйтіп, ақша капиталымен сауда жүргізетін мекеме.

Банктер несие саясатын жүзеге асырады. Олар несие-есептік қызмет атқарады.

Дүниежүзіндегі ең бай мекемелер, әрине, банктер. Мемлекеттің өзі де қарызды банктен алатын кездері де болады. Еліміздің байлығы, беделі қазір осы экономистерге, банкирлерге тікелей байланысты. Банктік жүйе жақсы жұмыс істемесе, біз қарызға батамыз.

Көптеген банктер шетел валюталарымен жұмыс істеуге лицензия алады.

(106 сөз)

(С. Дюсебаев. Қазақ тілі, Сборник диктантов. Алматы «Мектеп» 2011, 54 бет)

Лексика-грамматикалық тапсырмалар:


ІІІ деңгей. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

І нұсқа. Өндіріс керек болса, банк те керек.

ІІ нұсқа. Банктік жүйе жақсы жұмыс істемесе, біз қарызға батамыз.

ІІ деңгей. Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

І нұсқа Банк бос капиталды өзіне жинап, оны мұқтаж болып отырған кәсіпорындар мен жеке адамдарға қарызға береді.

ІІ нұсқа Мемлекеттің өзі де қарызды банктен алатын кездері де болады.

І деңгей. Берілген тақырып бойынша диалог құрастырыңдар.

І нұсқа «Менің болашақ мамандығым» ІІ нұсқа «Сүйікті мамандығым»

Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау жұмысы.

Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.


Жібек жолы
Жібек жолы біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырдан бастап керуен жолы ретінде қолданыла бастады. Қытай мен Батыс елдерін байланыстыратын бұл жол -Жетісу.

Сауда жолының бойын көшпелі және жартылай көшпелі сақ тайпалары мекендеген. Біздің заманымызға дейінгі І ғасырдың соңында мұнда Рим әйнегі және ақшасы, Қытай жібегі, айнасы мен жылтыр ыдыстары, еуропалық, ирандық мүліктер келіп жеткен.

Осы кезеңде Шу, Талас және Сырдария өзендерінің бойларында Тараз сияқты түрлі қалалар мен қалашықтар пайда болды. Оларды салған жергілікті егіншілікпен айналысатын халықтар еді.

ҮІІ ғасырда Жібек жолы бұрынғыдан да жандана түсті. Жетісуда қалалар көбейді. Жібек жолы ХІҮ ғасырға дейін өмір сүрді.

(96 сөз)

(С. Дюсебаев. Қазақ тілі, Сборник диктантов. Алматы «Мектеп» 2011. 25-бет)


Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей. Мәтіннен септік жалғаулары бар сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талдаңдар.

ІІ деңгей. Екі жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырып, талдаңдар.

І нұсқа: Жібек жолы біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырдан бастап керуен жолы ретінде қолданыла бастады. Қытай мен Батыс елдерін байланыстыратын бұл жол – Жетісу.

ІІ нұсқа: Осы кезеңде Шу, Талас және Сырдария өзендерінің бойларында Тараз сияқты түрлі қалалар мен қалашықтар пайда болды. Оларды салған жергілікті егіншілікпен айналысатын халықтар еді.

І деңгей. Біріккен сөздер мен етістіктің келер шағын қолданып, монолог құрастырыңдар.

«Қонақ үй» «Ұшақпен саяхат жасау»


Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық бақылау жұмысы.

Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.

Жаңа Астана

Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан бұрыңғы Ақмола қаласы жаңа мәртебеге ие болды. Ол – Қазақстанның жаңа астанасы. Мәртебесіне сай аты да Астана болып өзгерді. Мұнда күрделі құрылыстар жүріп жатыр. Қаланың орталығындағы Елбасының резинденциясы ерекше көзге түседі. Оның басты ерекшелігі – ғимараттың төбесі кәдімгі қазақ үйінің шаңырағы сияқты.

Астанадағы жаңа ғимараттар мен әсем үйлерді салуға шетелдік фирмалар мен қоғамдар көп көмек көрсетті. Мысалы, қаланың ортасындағы бес жұлдызды «Алатау» қонақ үйін Түркияның «Исот» фирмасы салған. Ал түріктің «Финтрако» компаниясы «Қазақойыл» ұлттық мұнай-газ компаниясының ғимаратын салды. Қаланың көркендіруге Қазақстанның барлық облыстары көмек берді.

(90 сөз)
(Қазақ тілінен жазба жұмыстар. С.Ч. Тұрсынғалиева «Арман-ПВ» баспанасы, Астана 2008. 72-бет)

Тапсырмалар:

ІІІ деңгей. Мәтіннен етістікті теріп жазып, оны болымсыз түріне айналдырыңдар.

ІІ деңгей. Берілген сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырып, оған синтаксистік талдау жасаңдар.

І нұсқа Мәртебесіне сай аты да Астана барлық болып өзгерді, ... . ІІ нұсқа Қаланың көркендіруге Қазақстанның облыстары көмек берді, ... .

І деңгей. «Павлодар қаласындағы қонақ үйлер», «Алматы қаласындағы қонақ үйлер» туралы монолог құраңдар. Жазылған мәтіннен үстеу түрлерін анықтаңдар.


Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған жартыжылдық бақылау жұмысы.
Мақсаты: І жартыжылда өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.

Қостанай


Қостанай – ежелден қалыптасқан жер атауы. Ғасырлар бойы қалыптасқан ана тіліміздегі мән-мағынасы сақталған төл атау. Торғайдың шығыс бөлігінде орналасқан Ұлытаудың басында Асан атаның бәйбішесі Тана әже жерленген. Оның басындағы ескерткішті халық Ақмешіт деп атайды. Автор Қостанай қаласының атауын да осы Тана әженің құрметіне қойылған және Танай деген есімге ие болған егіз қыздың есімінен іздейді. Ал Асанның осы Тана әжедей туған батыр ұлы Абат туралы аңызға айналды. Жыланды, Қызбел таулары осы күні Қостанай облысына қарасты Науырзым ауданының аумағында орналасқан.

Қостанай қаласының бұрыңғы орнын, Тобол жағасын, қыпшақ рулары қоныс қылған. Олай болса, қала аты да қыпшақтың егіз қызының атымен аталған.

(98 сөз)

(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал. Ж.С.Қалиева «Учебная книга» Қарағанды, 2005)


Тапсырмалар

ІІІ деңгей. Мәтіннен есімшелерді теріп, оларға толық морфологиялық талдау жасаңдар.

ІІ деңгей. 1. Белгіленген сөзге лексикалық талдау жасаңдар.

І нұсқа. Автор Қостанай қаласының атауын да осы Тана әженің құрметіне қойылған және Танай деген есімге ие болған егіз қыздың есімінен іздейді.

ІІ нұсқа Жыланды, Қызбел таулары осы күні Қостанай облысына қарасты Науырзым ауданының аумағында орналасқан.

2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

І нұсқа. Жыланды, Қызбел таулары осы күні Қостанай облысына қарасты Науырзым ауданының аумағында орналасқан.

ІІ нұсқа. Қостанай қаласының бұрыңғы орнын, Тобол жағасын, қыпшақ рулары қоныс қылған.

І деңгей. «Туған жердің керемет қалалары» тақырыбына эссе жазыңдар.

Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы.

Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.

Театр


Театр – өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің алдында актерлер күшімен бейнелейтін көркемөнердің бір түрі. Театрдың тарихи жағынанан қалыптасу, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір, тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және орнықты мәдениетімен тығыз байланысты.

Театр – халықты саяси және эстетикалық жағынан тәрбие берудің, адамгершілік пен ізгілікке баулудың аса маңызды құралы.

1926 жылы Қазақ драма театрының ұйымдасып, ашылуы елдің мәдени өмірінде аса зор оқиға болды. Қазақ театр өнерінің алғашқы қалыптасып, даму кезеңінде қойылған Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Қаракөз», Бейімбет Майлиннің «Неке қияр» және тағы басқа спектакльдері ерекше орын алды.

(94 сөз)


(Қазақ тілі 9-сынып 125-б. Алматы «Атамұра», 2009)

Лексика-грамматикалық тапсырмалар:


ІІІ деңгей. Мәтіннен сын есімдерді теріп, оның түрлерін анықтаңдар.

ІІ деңгей. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

І нұсқа. 1926 жылы Қазақ драма театрының ұйымдасып, ашылуы елдің мәдени өмірінде аса зор оқиға болды.

ІІ нұсқа. Қазақ театр өнерінің алғашқы қалыптасып, даму кезеңінде қойылған М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Қаракөз», Б. Майлиннің «Неке қияр» спектакльдері ерекше орын алды.

І деңгей. Етістіктің келер шағын қолданып, монолог құрастырыңдар.

«Опера театры» «Драма театры»

Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІV тоқсандық бақылау жұмысы.

Мақсаты: ІV тоқсанда өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.

Техника ғасыры
ХХІ ғасыр электрондық аппараттардың жылдам дамыған кезеңі. Ғылым мен техниканың даму халық өміріне де өзгерістер әкелді. Адамдардың үйде де, жұмыста да, оқу орнында да жиі қолданатындары – компьютер. Ол күнделікті қажеттілікке айналды.

Әлемге әйгілі «Майкрософт» компьютер корпорациясының басшысы – Билл Гейтс. Билл Гейтс компьютерлік бағдарламалар жазды. Оның табысы өте жоғары. Ол қазір дүниедегі ең бай адам. Оның есепшотына әрбір минут сайын жарты миллион доллар түседі екен. Билл Гейтс ми күшін ақылмен қолданып, бүкіл әлемге әйгілі болды. Шындығында, ол аса талантты әрі іскер адам.

Қазіргі кезде интернет, электрондық пошта ешкімге де таң емес. Интернет жүйесі арқылы жүздеген елдермен байланыса аласың. Интернетті қолданылатын адамдар саны он миллион асады. Шіркін, озық техникаға еш нәрсе жетпейді ғой!

Компьютер жұмыстың сапалы да жылдам жүруіне үлкен ықпал етеді.

(121 сөз)

(Қазақ тілі, 8-сынып 101-бет. Алматы «Мектеп», 2004)


Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей. Белгіленген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

І нұсқа. ХХІ ғасыр электрондық аппараттардың жылдам дамыған кезеңі.

ІІ нұсқа. Билл Гейтс ми күшін ақылмен қолданып, бүкіл әлемге әйгілі болды.

ІІ деңгей. Екі жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырып, оған синтаксистік талдау жасаңдар.

І нұсқа. Билл Гейтс компьютерлік бағдарламалар жазды. Оның табысы өте жоғары.

ІІ нұсқа. Қазір кезде интернет, электрондық пошта ешкімге де таң емес. Интернет жүйесі арқылы жүздеген елдермен байланыса аласың.

І деңгей. Есімше мен көсемшені қолданып, монолог құрастырыңдар.

«Қалта телефоны» «Е-маил пошта»

Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған жылдық бақылау жұмысы.

Мақсаты:11-сыныпта жыл бойы өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.


Компьютерде ақпараттар қалай сақталады?
Компьтерге еңгізілетін ақпараттарды сақтайтын элемент – жады. Жад процессорға орнатылады. Біз еңгізген барлық мәліметтерді сақтайтындықтан, ол жады деп аталған. Оның еске сақтау қабілеті адам қабілетіне ұқсас. Алайда олардың айырмашылығы үлкен. Адам жадында қайбір нәрселер ұмытылуы немесе шатасуы мүмкін болса, компьютер жадында барлық нәрсе сол қалпында және тұрақты сақталады.

Жады компьютер ішінде болады. Ол жедел жады және тұрақты жадыдан құрылады. Жады компьютердің қатты табақ жадында болады. Оның сыйымдылығы үлкен болғанмен, ақпараттарға толып қалуы мүмкін. Бұлай болмас үшін бір тәсіл бар. Ақпараттар компьютердің жадында орын алмас үшін, оларды дискетке жазып сақтау керек. Ал өзімізге керек болғанда, дискетті ендіріп, компьютерге ашып оқу бұйрығын береміз.

Компьютер жадында нұқсан келтіретін жағдайларды естен шығармау керек.

Кейбір шағын көлемді бөгде бағдарламалар өздігінен компьютер жадына қосымша жазылып еніп кетеді. Оны ақпараттық вирус деп атайды. Керексіз ондай вирустар компьютер жадының қызметін бұзуға соқтырады.

(115 сөз) (А.Мамырова. Дидактические материалы. Алматы, «Мектеп» 2011 ж. 90 бет)

Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

ІІІ деңгей 1. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.

І нұсқа Ақпараттарды, жадында, береміз, бұзуға

ІІ нұсқа Қабілеті, сақталады, мәліметтерді, шығармау

2. Фразеологиялық тіркестердің мағыналарын анықтаңдар.

Жүрегінің түгі бар - Төбе шашы тік тұрды -

Таяқ тастам жер - Қой аузынан шөп алмас -

ІІ деңгей. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

І нұсқа Біз еңгізген барлық мәліметтерді сақтайтындықтан, ол жады деп аталған.

ІІ нұсқа Ақпараттар компьютердің жадында орын алмас үшін, оларды дискетке жазып сақтау керек.

І деңгей. Тақырыпқа байланысты да, әрі, де, сондықтан, немесе, алайда жалғаулықтарымен 4-5 сөйлем құрастырыңдар.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Диктанттар жинағы. Құрастырған: Ж.Н. Нығмет.-Алматы: «Арыс» баспасы, 2012.-256 бет.

  2. Диктанттар жинағы. Қасабекова Қ., Қасымова Б. Алматы: «Ана тілі» 1993.-184 бет.

  3. Тіл ұстарту мәтіндері. Ж.Д.Адамбаева Алматы: «Рауан» 1997.-205 бет.

  4. Интернет жүйесі. Интернет туралы ұғым. Әбдібай Құрмантаев. kaz.osh-18.kz

  5. Интернет желісінен. Қыздар әліппесінің ғаламтордағы нұсқасы. www.kyzdar-alippesy.kz.

  6. Малая энциклопедия этикета. – М.: «РИПОЛ КЛАССИК», 2000. – 640б.

  7. http://etiket.net.ru/Сыйлықтар.

  8. Интернет желісінен. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы. org@nlrk.kz. Design by Aysarov Shukhrat © 2009

  9. Интернетке кіріспе «Бүкілдүниежүзілік өрмек»: Әдістемелік құрал.-Алматы, 1999.-25б.

  10. Интернет желісінен. Ошибка! Недопустимый объект гиперссылки. ұлттық бас киімдері

  11. Адамбаева Ж. Диктанттар жинағы. 4-11 класс. Алматы: «Рауан», 1993

  12. Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы. Алматы: «Мектеп», 2002

  13. Ысқақов Ә. Қазақ тілін оқыту. Алматы, 2002

  14. Адамбаева Ж. Тіл ұстарту мәтіндері. 5-11 сынып. Алматы: «Рауан», 1997

  15. С. Дюсебаев. Қазақ тілі, Сборник диктантов. Алматы «Мектеп» 2011, 54 бет.

  16. С. Дюсебаев. Қазақ тілі, Сборник диктантов. Алматы «Мектеп» 2011. 25-бет.

  17. Қазақ тілінен жазба жұмыстар. С.Ч. Тұрсынғалиева «Арман-ПВ» баспанасы, Астана 2008. 72-бет

  18. Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал. Ж.С.Қалиева «Учебная книга» Қарағанды 2005

  19. Қазақ тілі 9-сынып 125-б Алматы «Атамұра» 2009

  20. А.Мамырова. Дидактические материалы. Алматы «Мектеп» 2011. 37-бет

  21. Қазақ тілі. 8-сынып 101-бет. Алматы «Мектеп» 2004

  22. А.Мамырова. Дидактические материалы. Алматы, «Мектеп» 2011 ж. 90 бет.

жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау