Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/37
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Информатика және ақпараттық жүйелер» кафедрасы
6М070300 – Ақпараттық жүйелер
мамандығының магистранттарына арналған
«Компьютерлік желілер, интернет және мультимедиялық технологиялар»
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
Павлодар
Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/38
|
БЕКІТЕМІН
ФМжАТ факультетінің деканы
__________ Испулов Н.А.
2013 ж. «___»__________
Құрастырушы: ИжАЖ кафедрасының проф., п.ғ.к. _________ Оспанова Н.Н.
Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
6М070300 – Ақпараттық жүйелер
мамандығының магистранттарына арналған
«Компьютерлік желілер, интернет және мультимедиялық технологиялар»
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Бағдарлама 2012 ж. «___»_________ бекітілген оқу жұмыс бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 2013 ж. «___»_________, №_____хаттама
Кафедра меңгерушісінің м.а. ___________________ Оспанова Н.Н.
ФМжАТ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2013 ж. «_____»______________ №____хаттама
ОӘК төрағасы __________ Искакова А.Б. 2013 ж. «____»_____________
1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараты
Оспанова Назира Нұрғазықызы
Педагогика ғылымдарының кандидаты, информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасының профессоры
Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы А корпуста (Ломов к-сі, 64) орналасқан, ауд. А-407, тел. 67-36-87 (ішкі 11-25)
2 Пән туралы мәліметтер
Курс 1 семестрге есептелген және 23 кредитті пән. Семестрде 22,5 сағ дәрістік сабақтар, 22,5 сағ тәжірибелік сабақтар жоспарланған. Пәннің тақырыптық жоспарына кірмейтін тақырыптарды өз бетімен оқып-үйренуі үшін студенттердің 180 сағ студенттердің өздік жұмысы қарастырылған. Бақылау түрі - емтихан.
Сабақтардың, межелік бақылаулардың және емтихан сессиясының кестелерін оқу үрдісін бақылау бөлімі құрастырады. Сабақтар бекітілген сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі.
3 Пәннің жұмыс көлемі
Семестр
|
Кредиттер саны
|
Аудиторлық сабақтар бойынша контактілі сағаттардың саны
|
Магистранттардың өздік жұмыстары сағаттарының саны
|
Бақылау формасы
|
барлығы
|
дәріс
|
тәжірибе
|
барлығы
|
СОӨЖ
|
1
|
3
|
225
|
22,5
|
22,5
|
180
|
45
|
емтихан
|
Барлығы
|
|
225
|
22,5
|
22,5
|
180
|
45
|
|
4 Пәннің мақсаты және міндеттері
Пәннің мақсаты – интерактивті ресурстарды құру барысында JAVASCRІPT тілін пайдалануға үйрету.
Пәннің міндеті - Интернетте ақпараттық ресурстарды және мультимедиялық қосымшаларды құру туралы білімдерін қалыптастыру.
5 Білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар
ауқымды компьютерлік желілер, Интернеттің пайда болу тарихы түсініктері болуы керек;
Интернет ақпараттық ресурс және технология ретінде, электрондық почта технологиясы, файлдар алмасу технологиясы, WWW технологиясы туралы теориялық мағлұматтары болуы керек;
Интернетте ақпараттық ресурстарды құру құралы ретінде HTML тілін, интерактивті ресурстарды құру құралы ретінде JAVASCRІPT тілін тәжірибелік қолдануды білуі керек;
мультимедиа, мультимедианың құрал және технология ретінде теориялық білімдері болуы керек;
мультимедиалық қосымшаларды құра білуі керек.
6 Пререквизиттер
Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет:
- Білім беру электрондық басылымдары мен интернет-ресурстарды пайдалану және жасау;
- Бағдарламалық қамтаманы өңдеу технологиялары.
7 Пәннің тақырыптық жоспары
№
п/п
| Тақырып атауы |
Сағат саны
|
дәріс
|
практика
|
МӨЖ
|
1
|
Ауқымды компьютерлік желілер және Интернет
|
1
|
|
10
|
2
|
HTML тілі Интернетте ақпараттық ресурстарды құру құралы ретінде.
|
7
|
8
|
60
|
3
|
JAVASCRІPT тілі интерактивті ресурстарды құру құралы ретінде.
|
10
|
10
|
80
|
4
|
Мультимедиа және Интернет.
|
4,5
|
4,5
|
30
|
| Қорытынды |
22,5
|
22,5
|
180
|
8 Пәннің қысқаша сипаттамасы
Магистранттарды интернетте ақпараттық ресурстарды құра бәлуге үйрету.
Курстың компоненттері
9.1 Дәрістер мазмұны
1-тақырып Ауқымды компьютерлік желілер және Интернет.
Компьютерлік желілер. Ауқымды компьютерлік желілер. Интернеттің пайда болу тарихы. Интернет ақпараттық ресурс (желі) және технология ретінде. Электрондық почта технологиясы. Файлдар алмасу технологиясы (FTP). WWW технологиясы. Интернетте ақпараттарды іздеу.
2-тақырып HTML тілі Интернетте ақпараттық ресурстарды құру құралы ретінде.
Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар. HTML тілі. HTML тілінің негізгі тәгтері және оларды пайдалану. Мәтінді форматтау тегтері. Тізім. Web беттегі графика. Сілтеме. HTML-де кесте жасау
3-тақырып JAVASCRІPT тілі интерактивті ресурстарды құру құралы ретінде.
JavaScrіpt тіліне кіріспе. HTML-бетінде JavaScrіpt-ті орналастыру. Оқиғалар. Функциялар. JavaScrіpt объектілерінің иерархиясы. Фреймдерді жасау. Формалар. Суреттерді кірістіру.
4-тақырып Мультимедиа және Интернет.
Мультимедиялық қосымшаларды құру. Мультимедиа және Интернет.
9.2 Практикалық сабақтар тақырыптарының тізімі
1) 2-тақырып HTML тілі Интернетте ақпараттық ресурстарды құру құралы ретінде.
2) 3-тақырып JAVASCRІPT тілі интерактивті ресурстарды құру құралы ретінде.
3) 4-тақырып Мультимедиа және Интернет.
9.3 МӨЖ мазмұны
9.3.1 МӨЖ түрлері
№
|
МӨЖ түрі
|
Есеп беру түрі
|
Бақылау түрі
|
Сағатқа шаққандағы көлемі
|
1
|
Дәріс сабақтарға дайындық
|
Жұмыс дәптері
|
Сабаққа қатысу
|
30
|
2
|
Практикалық сабақтарға дайындалу
|
Жұмыс дәптері
|
Сабаққа қатысу
|
60
|
3
|
Аудиторлық сабақтардың мазмұнына кірмеген материалдарды оқып-үйрену
|
Конспект, сызбалар және т.б.
|
Сұрақ-жауап, тест және т.б.
|
60
|
4
|
Семестрлік тапсырмаларды орындау
|
(рефераттар, өздік жұмыстар және т.б.)
|
Семестрлік тапсырманы қорғау
|
20
|
5
|
Бақылау шараларына дайындық
|
|
Межелік бақылаулар
|
10
|
Барлығы:
|
180
|
9.3.2 Магистранттардың өздігінен оқуына бөлінген тақырыптар тізімі
1. Ауқымды желілер технологиясы.
2. Netscape Navigator браузерінің мүмкіндігі – қабат. Қабаттарды жасау. Қабаттар және JavaScrіpt. Қабаттармен жұмыс.
3. drag & drop механизмі.
4. MouseDown, MouseMove и MouseUp оқиғалары.
5. Объектілердің қозғалысы.
Ағымдағы және қорытынды үлгерімнің таратылу үлесі
Жіберу рейтингі және қорытынды бақылаудың салмақтық үлестері 0,6 және 0,4-ке тең.
Курс саясаты
«Компьютерлік желілер, интернет және мультимедиялық технологиялар» курсы практикалық курс болып саналады. Сондықтан міндетті түрде ағымдағы бақылаудың негізгі түрін құрайтын барлық зертханалық, өздік жұмыс тапсырмаларын орындау міндетті болып табылады.
Егер Сіз барлық сабақтарға кешікпей қатысатын болсаңыз, барлық сабақтарға дайындықпен және белсенді қатысып отырсаңыз, барлық тапсырманы уақытында және сапалы орындап отыратын болсаңыз, онда бақылау шараларының күнтізбелік кестесінде көрсетілгендей жоғарғы ұпай жинайсыз.
Сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Себепті босатулар студентті зертханалық және өз бетімен жұмыстар кешенін орындамауынан босатпайды. Осындай жағдайда оқытушының кеңес беру уақытымен сәйкес студенттің жеке тапсырмалары бойынша қайта тапсыруына мүмкіндігі бар.
Дербес компьютермен жұмыстардан алынған практикалық дағдылар пән бойынша өз бетімен жұмысты орындау дұрыстылығымен бағаланады.
Студент сабаққа кешігетін болса, сабаққа кіргізілмейді және босатылған сабақты қайта тапсыруға мүмкіндігі болмайды.
Барлық аудиторлық уақыттар дәрістік сабақтарға, практикалық, зертханалық жұмыстарға және оқытушымен студенттің өздік жұмысы тапсырмалары бөлінеді. Әр сабаққа дайындық және барлық материалдарды оқу міндетті. Сіздің дайындықтарыңыз ауызша сұраулармен, бақылау жұмыстарымен және межелік бақылаулар тестілері мен тапсырмаларымен тексеріледі.
Өздік жұмысы өз нұсқаңызға сәйкес орындалуы қажет, әйтпесе жұмыс есептелінбейді. Тапсырма нұсқаларын оқытушы тағайындайды.
Әр тапсырма жеке файлда немесе бумада орындалып, СРМ 1_ФИО, СРМ 2_ФИО және т.б. деп аталынуы керек. МӨЖ-ының тапсырмалары иілгіш дикскке жазылып, бақылау шараларының кестесіне сәйкес оқытушыға тапсырылады.
Барлық тапсырмалар уақытында орындалып, тапсырылуы қажет. Кешіктірілген тапсырмалар төмен бағаланады. Бақылау жұмыстарын кез келгенін көшіруге және емтиханда көшіруге тыйым салынады.
Егер бақылау шараларын өткізу уақытында қандай да бір себептермен қатыса алмасаңыз, онда оқытушының кеңес беру кестесімен қайта тапсыруға мүмкіндігіңіз болады.
Семестрде екі межелік бақылау қарастырылған. Межелік бақылауға ағымдағы үлгерімі бойынша балл жинаған студенттер жіберіледі. Межелік бақылау сәйкес блоктың материалдарына сай жүргізіледі. Ағымдағы үлгерім және межелік бақылаудың нәтижесі бойынша пән бойынша студенттің рейтингісі анықталады:
Р1(2)=АҮ1(2)*0,5+МБ1(2)*0,5, мұндағы АҮ – ағымдағы үлгерім; МБ – межелік бақылау.
Егер студент межелік бақылау тапсырмаса немесе 50 балдан төмен балл жинаса, онда рейтинг шығарылмайды.
Оқу жоспарында пән бойынша курстық жұмыс (КЖ) және емтихан қарастырылғандықтан студенттің жіберу рейтингісі (ЖР) мынаған тең:
ЖР=(Р1+Р2)/2
мұндағы: Р1 – 1-рейтинг, Р2 – 2-рейтинг.
Пән бойынша қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі:
Қ=ЖР*0,6+Е*0,4
мұндағы: ЖР – жіберу рейтингі, Е – емтиханда алынған ұпайлар саны
Емтихан екі кезеңде (тест және практикалық жұмыстар) өтеді.
11 Әдебиеттер тізімі
Негізгі
Сайт материалдары: http://www.weblibrary.biz ;
Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы. СПб., «Питер», 2008.
Прохоренок Н. А. HTML, javascript, PHP и MySQL. Джентльменский набор Web-мастера (+ CD-ROM). СПб., «БХВ-Петербург», 2011.
Қосымша
Б. Лоусон, Р. Шарп. Изучаем HTML5. СПб., «Питер». 2011.
Питер Лабберс, Брайан Олберс, Фрэнк Салим. HTML5 для профессионалов Мощные инструменты для разработки современных веб-приложений. М.: «Вильямс», 2011.
Бен Хеник. HTML и CSS Путь к совершенству. «Питер». 2011.
Дронов В.А. HTML 5, CSS 3 и Web 2.0. Разработка современных Web-сайтов. БХВ-Петербург, 2011
Достарыңызбен бөлісу: |