Пән бойынша оқу бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.4/19
|
-
БЕКІТЕМІН
ММжК деканы
__________ Тоқтағанов Т. Т.
«___»___________2013 ж.
|
Құрастырушы: ____________ т.ғ.к., профессор Олжабаев Р.О.
Машина жасау және стандарттау кафедрасы
5В071200 – Машина жасау мамандығының студенттеріне арналған «Технологиялық құрал-сайманды жобалау» пәні бойынша
пән бойынша Оқу бағдарламасы
Бағдарлама «___» _____2013 ж. бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды.
Кафедра отырысында ұсынылған «____» _______2013 ж.
Хаттама № ____
Кафедра меңгерушісі _____________ Ықсан Ж.М.
ММжК факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды «____» _______2013 ж.
Хаттама № ____
ОӘК төрағасы ______________Ахметов Ж. Е.
1.Пәннің паспорты
Пәннің атауы «Технологиялық құрал-сайманды жобалау»
Кредиттер саны және оқу мерзімі
Барлығы – 2 кредит
4 курс
7 семестр
Барлық аудиториялық сабақтар – 30 сағат
Дәрістер – 15 сағат
Тәжірибе сабақтар – 15 сағат
СӨЖ – 60 сағат
Оның санында СӨЖМ – 15 сағат (СӨЖ 25%)
Жалпы еңбексыйымдылық - 90 сағат
Тексеру түрі
Қортынды тексеру түрі:
Емтихан – 7 семестр
Курстық жоба – 7 семестр
Пререквизиттер: Аталған пәнді меңгеру үшін студенттің келесі пәндер бойынша білімдер, ептіліктер мен дағдылары болуы керек.
- теориялық механика;
- сызба геометрия мен сызу;
- материалдардың кедергісі;
-конструкциялық материалдар мен термоөңдеу;
- өзара ауыстырымдылық;
- металл кескіш станоктар;
- машинажасау технологиясының негіздері.
Постреквизиттер: Пәнді оқыған кезде алынған білім, ептіліктер мен дағдылар өндірістік практиканы меңгеру, дипломдық жобаны орындау мен мамандық бойынша өндірісте жұмыс істеу кезінде қажетті болады.
2 Оқытушылар туралы және олармен түйісу мәліметтері
Сабақты жүргізетін оқытушы – Олжабаев Рамазан Омербекович – профессор, техника ғылымдарының кандидаты
Қажетті мәліметтер 67-36-33. ішкі 1201
Б1 корпусындағы 214 кафедрада болу уақыты кестеге байланысты
3 Пән, мақсаттары мен міндеттері
Пәннің мақсаттары – «Технологиялық құрал-сайманды жобалау» пәнін оқытудың мақсаты студенттерді жоғары өнімділікті технологиялық жабдықты жобалаудың теориялық негіздері мен әдістемесімен таныстыру болып келеді. Пәннің негізгі материалын білу студенттерге технологиялық жабдықты жобалау мен қолданудың әдістемесін меңгеруге, стандарттарды қолдану мен материалдарды таңдау дағдыларын алуға мүмкіндік береді.
Пәннің міндеттері:
- станоктардың технологиялық жабдығын жобалаудың жалпы принциптері;
- элементарлы құрылғылардың қысу күштерін есептеудің әдістемесі;
- әмбебап-жинақтау құрылғыларын (ӘЖҚ) таңдау мен сәйкес орналастыру;
- керекті қысу күшін есептеу;
- айлабұйымды дәлдікке есептеу;
- айлабұйым сұлбаларын таңдау мен жобалау;
- нормативті-анықтамалық әдібиетті пайдалану;
- дәлдік параметрлерін тағайындаған кезде істегі стандарттарды пайдалану;
- сызбалар мен техникалық құжаттаманы техникалық ұқыпты дайындау.
4 Білімге, іскерлікке, дағдыға және компетенцияға талаптар
Осы пәнді оқып біткенен кейін студент білу керек: Технологиялық құрал-сайманды жасау мезгілінде оның сапасына әсер ететін факторларды; өндірістік сатыда сапаны қамтамасыз ету тәсілдерін (станоктарды тандау, оларды өңдеу үшін жабдықтар таңдау; технологиялық процесстерді құрастыру; өңдеу тәсілдерін тандау; кесу режимін т.б.)
Жасай білу: койылған сапа талаптар бойынша дұрыс өндеу әдістерін таңдау, технологиялық процесстердің операцияларың кұрастыру, кескіш станоктарды және олардың сипаттамаларын жөғары сапа бойынша нәтижелерді алу үшін тандау.
істей алуы керек:
- айлабұйымдардың сұлбаларын таңдау мен жобалау;
- нормативті-анықтамалық әдебиетті қолдану;
5 Пәнді оқу тақырыптық жоспары
Академиялық сағаттарды сабақтар түрлеріне үлестіру
№
|
Тақырыптық атауы
|
Сағат саны
|
Дәріс
|
Тәжір.
|
СӨЖ
|
СОӨЖ
|
1
|
Кіріспе. Айлабұйымдардың қызметтік тағайындалуы. Айлабұйымдардың жіктелуі
|
1
|
|
|
|
2
|
Станокты айлабұйымдарды құрылымдаудың негіздері, құрамды бөліктері мен олардың координаттық жүйелері
|
1
|
2
|
6
|
1,5
|
3
|
Айлабұйымдарда дайындамаларды орнату. Негіздеуші элементтерді жіктеу
|
2
|
1
|
6
|
1,5
|
4
|
Айлабұйымдардың қыспақты құрылғылары. Қыспақ күштерін есептеу
|
2
|
5
|
6
|
1,5
|
5
|
Айлабұйымдардың күштік құрылғылары (жетектер)
|
1
|
|
4
|
1
|
6
|
Беріліс механизмдері – қыспақты құрылғылардың күшейткіші
|
|
|
|
|
7
|
Кесу құралының күйін үйлестіретін құрылғылар. Бұрылыс мен бөлу құрылғылары. Айлабұйымдардың тұрқылары
|
2
|
2
|
2
|
0,5
|
8
|
Айлабұйымдарды жобалаудың негіздері. Бастапқы мәліметтер мен құрылымдау тапсырмалары. Жалпы көріністі жасау.
|
1,5
|
|
4
|
1
|
9
|
Дайындамаларды айлабұйымдарда базалау мен бекітудің қателіктері. Айлабұйымдарды дәлдікке есептеу
|
1,5
|
3
|
6
|
1,5
|
10
|
Жинақтау айлабұйымдарды жобалаудың негіздері
|
0,5
|
|
4
|
1
|
11
|
Бақылау айлабұйымдары. Қателіктерді есептеу әдістемесі
|
1
|
|
4
|
1
|
12
|
СББ станоктары мен автоматты желілер үшін айлабұйымдар
|
0,5
|
|
4
|
1
|
13
|
Жонғыш және шеңбер-ажарлау станоктары үшін айлабұйымдар
|
|
2
|
4
|
1
|
14
|
Бұрғылау станоктары үшін айлабұйымдар
|
|
|
2
|
0,5
|
15
|
Жону станоктары үшін айлабұйымдар
|
|
|
4
|
1
|
16
|
Станокты айлабұйымдарды жобалауды автоматтау
|
|
|
2
|
0,5
|
17
|
Айлабұйымдарды қолданудың экономикалық тиімділігі
|
|
|
2
|
0,5
|
барлығы: 90 (2 Кредит)
|
15
|
15
|
60
|
15
|
6 Дәріс сабақтардың тақырыптары
1 тақырып. Кіріспе. Айлабұйымдардың қызметтік тағайындалуы. Айлабұйымдардың жіктелуі
Жоспар:
Айлабұйымдардың қызметтік тағайындалуы. Айлабұйымдардың жіктелуі. Технологиялық жабдықталуды қолданған кезде еңбек өнімділігін арттыру, қосымша уақыттың төмендеуі. Айлабұйымдарды жіктелуі: әмбебап, әмбебап баптамайтын және баптайтын; мамандандырылған және арнайы айлабұйымдар. Әмбебап-жинақтау айлабұйымдар (ӘЖА). Негізгі ұғымдар мен анықтамалар.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 3-8 б.].
2 тақырып. Станокты айлабұйымдарды құрылымдаудың негіздері, құрамды бөліктері мен олардың координаттық жүйелері
Жоспар:
1. Станокты айлабұйымдар құрылымының элементтері. Айлабұйым элементтерінің жіктелуі. Орнатқыш, ориенттейтін және өзара центрлейтін элементтер, қыспақты элементтер.
2. Кесу құралын бағыттау үшін элементтер. Күштік құрылғылар, бөлу және көмекші элементтер, айлабұйымдардың тұрқылары. Элементтердің координаттық жүйелері мен олардың өзара байланысы.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 8-12 б.].
3 тақырып. Айлабұйымдарда дайындамаларды орнату. Негіздеуші элементтерді жіктеу
Жоспар:
1. Айлабұйымдарда дайындамаларды орнату. Негіздеуші элементтерді жіктеу. Негізгі, қосымша және көмекші тіректер (тіректі қадалық, тіректі тілімшелер, призмалар).
2. Орнатқыш саусақтар мен ұстауыштар. Баспақ үшін ұстауыштар. Тартуды анықтау. Қосымша және көмекші тіректер.
3. Орнатудың қателіктері мен оның құрамдас элементтері. Орнатқыш элементтерге қойылатын негізгі талатар, олардың типтелуі мен нормализация.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 15-30 б.].
4 тақырып. Айлабұйымдардың қыспақты құрылғылары. Қыспақ күштерін есептеу
Жоспар:
1. Айлабұйымдардың қыспақты құрылғылары. Қыспақ күштерін есептеу. Қор коэффициенті. Тетікке кесу күштері мен қысу күштерінің өзара әрекеттесуінің нұсқалары.
2. Қарапайым (элементарлы) және жинақталған қысу құрылғылары. Элементарлы қысу механизмдері (бұрамалық, сыналы, иінтіректі, эксцентрикті), қысу күштерін есептеудің әдістемесі. Типтік конструкциялар мен күш сипаттамалары.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 20-44 б.].
5 тақырып. Айлабұйымдардың күштік құрылғылары (жетектер)
Жоспар:
1. Пневматикалық поршеньді жетектер, пневмоцилиндрлер мен пневмокамералар (диафрагмалар). Пневмоцилиндрлер мен диафрагмалық камералардың конструкциялары. Бір және екі жақты әрекеттегі цилиндрлер мен камералар. Жіктелуі, принципиалды сұлбалар, қолдану саласы, параметрлерді есептеу.
2. Гидравликалық жетек, бір және екі жақты әрекеттегі гидроцилиндрлер. Негізгі параметрлерді есептеу.
3. Вакуумды, электромагнитті, магнитті жетектер. Электромеханикалық қысу құрылғылары, параметрлерді есептеу, қолдану саласы. Айлабұйымдардың қысу элементтері үшін қолданылатын МЕСТтер мен нормальдар, материалдар мен термоөңдеу, шақтамалар мен қондырмалар.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 69-98 б.].
6 тақырып. Беріліс механизмдері – қыспақты құрылғылардың күшейткіші
Жоспар:
1. Беріліс механизмдері – қыспақты құрылғылардың күшейткіші.
2. Иінтіректі механизмдер – күшейткіштер, бір және екі иінтіректі топсалы механизмдер, иінтіректі-топсалы механизмдер күшейткіштер
3. Сына-плунжерлі күшейткіштер. Кинематикалық сұлбалар. Конструкцияны таңдау мен негізгі параметрлерді есептеу.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 43-69 б.]
7 тақырып. Кесу құралының күйін үйлестіретін құрылғылар. Бұрылыс мен бөлу құрылғылары. Айлабұйымдардың тұрқылары
Жоспар:
1. Кондукторлы тақталар мен олардың айлабұйымдардың орнатқыш элементтеріне қатысты ориентирлеу тәсілдері. Бағыттаушы кондукторлы төлкелер мен олардың түрлері.
2. Қолданылатын материалдар, термиялық өңдеу, шақтамалар мен қондырмалар. Кондукторлы төлкелердің центр аралық қашықтыққа шақтамалар. Установтар мен қимаүлгілер. Көшірмелер, қолдану саласы мен оларға қойылатын талаптар.
3. Бұрылыс пен бөлу құрылғылары, бөлу дисктері, фиксаторлар, тоқтатқыштар. Конструкциялар түрлері мен ерекшеліктері.
4. Бөлу дәлдігіне әсер ететін факторлар. Бөлу қателігін есептеу мен бөлу дәлдігін жоғарлату жолдары. Бөлу механизмдерінің күштік түзілімдері.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 192-203 б.]
8 тақырып. Айлабұйымдарды жобалаудың негіздері. Бастапқы мәліметтер мен құрылымдау тапсырмалары. Жалпы көріністі жасау
Жоспар:
1. Айлабұйымдарды жобалаудың негіздері. Бастапқы мәліметтер мен құрылымдау тапсырмалары. Арнайы станокты айлабұйымдарды жобалау әдістемесі.
2. Бастапқы мәліметтер: тетіктер мен дайындамалардың жұмыс сызбалары. Жобалау реті, жұмыстың негізгі кезеңдері. Дайындаманың дәлдігі, бекіту сенімділігі мен қажетті өнімділікті қамтамасыз ету.
3. Айлабұйымның жалпы сәйкес орналастыруын пайдалану, жөндеу, қауіпсіздік техникасы талаптарын ескере отырып жасап шығару. Тетіктер мен жинақталатын конструкцияға жұмыс сызбаларын дайындау. Қабылдауға ТШ жасап шығару.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 124-142 б.]
9 тақырып. Дайындамаларды айлабұйымдарда базалау мен бекітудің қателіктері. Айлабұйымдарды дәлдікке есептеу
Жоспар:
1. Дайындамаларды айлабұйымдарда базалау мен бекітудің қателіктері. Айлабұйымдарды дәлдікке есептеу. Айлабұйымды дәлдікке есептеу.
2. Конструкторлық, технологиялық және өлшеу базалары. Дайындамаларды айлабұйымда орнату сұлбалары, базалау мен орнату қателігін есептеу.
3. Есептеу параметрін таңдау. Өлшемді тізбелерді есептеу. Соңғы буын (жұмыс бетінің басқаға қатысты параллельділік шақтамасы).
Ұсынылатын әдебиет: [1, 32-43 б.]
10 тақырып. Жинақтау айлабұйымдарды жобалаудың негіздері
Жоспар:
1. Жинақтау операциялары үшін айлабұйымдар түрлері. Автоматтық жинақтау кезінде орындалатын қосылыстың параметрлері. Түйісетін беттер осьтерінің жіберілетін орын ауыстыруы. Өзара центрлейтін базалайтын құрылғы.
2. Айлабұйымдардағы жинақтау дәлдігін есептеу. Тетіктерді баспақпен, завальцовкамен қосылыс үшін айлабұымдар, тойтарған қосылыстарды жинақтау үшін. Стендті және конвейерлі жинақтау үшін айлабұйымдар.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 143-154 б.]
11 тақырып. Бақылау айлабұйымдары. Қателіктерді есептеу әдістемесі
Жоспар:
1. Қателікті есептеу әдістемесі. Бақылау айлабұйымдардың тағайындалуы мен түрлері. Бақылау айлабұымдардың негізгі элементтері. Орнату элементтері.
2. Бақылау айлабұйымдардағы қысу құрылғылары. Бақылау айлабұйымдарының өлшеу құрылғылары. Бақылау айлабұйымдарының көмекші құрылғылары.
3. Өлшеу қателігі, бақылау айлабұйымдар қателіктерінің негізгі түрлері (тетік күйінің қателігі, беріліс құрылғыларының қателігі, эталонды дайындаудың қателігі, өлшеу құралының қателігі).
Ұсынылатын әдебиет: [1, 154-160 б.]
12 тақырып. СББ станоктары мен автоматты желілер үшін айлабұйымдар
Жоспар:
1. Модульді айлабұйымдар: базалық тақталар мен бұрыштықтар, модульді орнатқыш және қысу элементтер. Модульді элементтер жүйесі «Система-500»
2. Элементтер жинағы «Система-320», Жинақтау-ажырасу айлабұйымдары. СРП жинағы. Базалық тақта. УСПО жинағы. Тұрқылық тетікті орнату үшін көп орынды гидравликалық айлабұйым.
3. ПР үшін айлабұйым. Басып алатын құрылғылардың (механикалық, үш еріндері бар центрлеуші басып алу құрылғылар, ауыстырымды басып алу құрылғылар, тез ауыстырымды басып алу органдар, автоматтық қайта бапталатын басып алу құрылғылар, вакуумды басып алу органдар және икемді камералармен, магнитті электромагнитті).
Ұсынылатын әдебиет: [1, с. 159-170].
13 тақырып. Жонғыш және шеңбер-ажарлау станоктары үшін айлабұйымдар
Жоспар:
1. Центрлер мен қысқылар. Айналатын артқы центр. Жону станоктары үшін серіппелі алдыңғы центр.
2. Дайындаманы айналдыру үшін шылбырлы құрылғы. Кедір-бұдырланған шылбырлы центр.
3. Эксцентрикті жұдырықшалар бар өзара қысылатын шылбырлы қысқылар. Қысқы жұдырықшаларымен қосындылы қысу күші. Жұдырықшалар өлшемдері мен пішінін есептеу сұлбасы.
4. Қуыс дайындамаларды өңдеу үшін ұстауыштар. Механикаландырылған жетектегі соташықта осьтік күшті есептеу. Тәрелкелі серіппелері бар ұстауыштар. Гидпропластмассасы бар қысқылар мен ұстауыштар, мембраналық қысқылар. Центрлік ұстауыштар, тегіс конустық ұстауыш, кілтекпен ұстауыш, баспақ үшін ұстауыш.
5. Цангалық қысқылар, есептеу сұлбасы, құрылымдық параметрлерді және қысу күшін анықтау. Әмбебап жұдырықшалы қысқылар. Әрбір жұдырықшада қысу күші, үш жұдырықшаны шиыршықты-төрткілдешті өзара центрлейтін қысқы. Тісті доңғалақтарда тесіктерді ажарлау үшін мембраналық қысқы. Ролик диаметрін мембраналық қысқыға есептеу.
Ұсынылатын әдебиет: [1, с. 170-192].
14 тақырып. Бұрғылау станоктары үшін айлабұйымдар
Жоспар:
1. Стационарлы айлабұйымдар (кондукторлы тақталар, оқтаулы кондукторлар, және т.б.). Нормальданған оқтаулы кондуктор, стационарлы әмбебап пневматикалық қысқыштар. Әмбебап бұрылу үстелі. Конструкциясы, қолдану саласы.
2. Арнайы бұрғылау төрт айналдырықты бастиек, ілінетін кондукторлы тақтасы болатын көп айналдырықты бұрғылау бастиегі. Алты айналдырықты револьверлі бастиек. Көп айналдырықты бұрғылау бастиектерін есептеу.
3. Бұрғылау станоктары үшін көмекші жабдықталу (өтпелі төлкелер, тез ауыстырымды шарикті қысқылар, аспаптарды бекіту үшін жұдырықшалы). Бұрандаойғыштарды бекіту үшін сақтандырғыш қысқылар.
Ұсынылатын әдебиет: [1, с. 192-203].
15 тақырып. Жону станоктары үшін айлабұйымдар
Жоспар:
1. Айлабұйымдардың жіктелуі. Әмбебап айлабұйымдар: өзара центрлейтін қысқыштар, қайта бапталатын бұрылу қысқыштар, қол бұрамалық жетегі болатын машиналық қысқыштар, эксцентрикті қысқыштар.
2. Әмбебап бөлу үстелдері, бөлу бастиектері. Шеңберлі бұрылу үстелі, бөлу әмбебап үстелі. Ойықтарды жонғылау үшін кассеталық айлабұым. Шеңберлі берісі болатын айлабұйым. Тетіктің пішінін көшіргіш бойынша жонғылау үшін арналған айлабұйым.
Ұсынылатын әдебиет: [1, с. 203-210].
16 тақырып. Станокты айлабұйымдардыжобалауды автоматтау
Жоспар:
1. Автоматталған жобалаудың кезеңдері. Жинақтау сызбасының құрамын анықтау. ГСКның СКЧға қатысты ориентирлеу бұрышын анықтау.
2. Конструктивті элементтердің ракурстарын анықтау. Типті суреттер жинағын анықтау. Сызбалар форматтары мен сызу масштабын анықтау.
3. Типті суреттер бағдармаларын іске асыру. Сипаттізімді жасап шығару. Сызба-графикалық автомат үшін УП алу.
Ұсынылатын әдебиет: [1, с. 220-224].
17 тақырып. Айлабұйымдарды қолданудың экономикалық тиімділігі.
Жоспар:
1. Айлабұйымдарды қолданудың экономикалық тиімділігі. Өнім бірлігіне базалық және жаңа техника бойынша келтірілген шығындар. Бір дайындаманы өңдеудің технологиялық өзіндік құны. Операцияны орындау үшін негізгі еңбекақы.
2. Айлабұйымды шығарудың өзіндік құны. Жаңа айлабұйымды қолданудан болатын экономикалық тиімділік.
Ұсынылатын әдебиет: [1, с. 221-226].
7 Тәжірибе сабақтардын мазмұны, олардың сағаттық көлемдері
Тәжірибелік сабақтардың мақсаты болып студенттермен пәннің жеке бөлімдерін терең оқу болып табылады. Тәжірибелік сабақтар есептеу мен жобалауда дағдыларды, анықтамалық әдебиетті, стандарттарды қолдануына үйретеді.
Тәжірибелік сабақтарға келесі тақырыптар бөлінген.
1 тақырып. Өңделетін тетіктің талдауы. Айлабұйымның элементтері мен орнатудың сұлбасын таңдау.
Жоспар:
1. Тетіктің техникалық талаптарын анықтау.
2. Дәлдігін қамтамасыз ету.
Ұсынылатын әдебнет: [1, 124-127 б.]
2 тақырып. Базалау сұлбасы, дайындаманы бекіту мен өңдеу.
Жоспар:
1. Тетіктің базалық кешендерінің орналасу дәлдігі.
2. Базалық кешендерді құрайтын формасы.
Ұсынылатын әдебнет: [1, 19-35, 127-134 б.]
3 тақырып. Айлабұйым сұлбасын таңдау, есептеу параметрлерін таңдау.
Жоспар:
1. Бастапқы директердің талдауы.
2. Тетіктің қағидалық сызбаны жасау.
Ұсынылатын әдебнет: [1, 124-127 б.]
4 тақырып. Айлабұйымды дәлдікке есептеу.
Жоспар:
1. Кондукторлық төлкілердің есебінің сызбасы.
2. Копирмен жоңғылау сызбасы.
Ұсынылатын әдебнет: [1, 107-114 б.]
5 тақырып. Айлабұйымды күштік есептеу, қысу құрылғысын есептеу үшін сұлба.
Жоспар:
1. Қысу күшін есептеу тәсілі.
2. Элементарлық қысқыш құрылғылардың есептеу әдістері.
Ұсынылатын әдебнет: [1, 36-61 б.]
6 тақырып. Айлабұйымды қолданудың экономикалық тиімділігін есептеу.
Жоспар:
1. Тетіктердің қолдануы экономикалық нәтижелігі.
2. Тетіктің меңшікті өзіндік құны.
Ұсынылатын әдебнет: [1, 221-224 б.]
8 Курстық жұмыстың мазмұны
Курстық жұмыстың мақсаты айлабұйымдардың есептеулерін өткізудің дағдыларын алу, типтік конструкцияларды таңдау, сонымен бірге ҚҚБЖ стандарттарын және машинажасаудың басқа стандарттарын терең оқу болып табылады.
Кусртық жұмыс пәннің негізгі бөлімдерін алады және айлабұйымдардың негізгі параметрлерін таңдау мен есептеу, қысу күштерінің есептеулері мен дәлдікке есептеуді қосады.
Курстық жұмыстың көлемі А4 форматтағы есептеу-түсініктеме жазудың 30-40 бетін және А1 форматтағы 1 бет графикалық бөлімді ҚҚБЖ талаптарына сәйкес құрайды. Курстық жобаға түсініктеме жазудың мазмұны:
кіріспе (машинажасаудағы технологиялық жабдықтың ролі мен мәні, машинажасау бакалаврын дайындау кезіндегі курстық жұмыстың орны мен мәні) – 2-3 б.
тетік конструкциясын бейнелеу (құрылымдық формасы бойынша – тұрқылар классы, біліктер, қақпақтар, тісті доңғалақтар мен басқалар, мөлшерлер бойынша – ірі, орташа және ұсақ, салмақ бойынша – ауыр, орташа және жеңіл), оған қойылатын техникалық талаптар, жасалған материал – маркасы, химиялық құрамы – 2-3 б.
өндіріс түрі мен айлабұйымның мамандандырылу дәрежесін анықтау – 1-3 б.
тапсырма бойынша айлабұйым жобаланатын технологиялық үрдістің операциясын сипаттау (операция атауы, ол қандай операцияларды орындағаннан соң келетінін аатау, өңдеу сұлбасы, кесу аспабы мен тетіктің қатынасты қозғалыстар сұлбасы келтіріледі, станок үлгісі келтіріледі, оның сәйкес орналастырылуы мен құрылымы көрсетіледі, яғни тік немесе көлденең сәйкес орналастыру, оның жұмыс аймағының шекті өлшемдері, үстел бетінің өлшемдері, орнатылған электрқозғағыштың қуаттылығы, қолданылатын кесу құралы мен оның материалын көрсету) – 4-5 б.
тетікті берілген операцияға базалау сұлбасын талдау. Осында тапсырма бойынша өлшемдерін және осы операцияда сақтау қажетті техникалық талаптарды көрсетумен тетікті өңдеудің операциялық үлгісін келтіру (тетікттің қандай беттері орнатқыш, бағыттаушы, екі бағыттаушы немесе тіректі база болатынын көрсету). Осы бөлімде қабылданған сұлба үшін базалау қателігінің есептеуін орындау қажет – 2-3 б.
күш режімдері мен күштерін есептеу – 5-8 б.
айлабұйымды эскизді сәйкес орналастыру. Осы бөлімде базалайтын элементтердің конструкциясын және базалау сұлбсына сәйкес айлабұйым құрылғыларын, қысу элементтерін МЕСТтерді атаумен таңдау – 3-5 б.
айлабұйымның есептеу сұлбасын құру мен тетікті бекіту үшін қажетті күштер мен моменттерді есептеу – 3-5 б.
ең әлсіз буынды беріктік пен қаттылыққа есептеу.
беріліс қатынастар мен орын ауыстыруларды есептеу мен жетек өлшемдерін есептеу. Осы бөлімде стандартты пневмо және гидпрожетектерді таңдау, олардың габаритті өлшемдерін және МЕСттерді атау қажет – 2-3 б.
технологиялық өлшемді тізбені құру мен есептеу жолымен айлабұйымға техникалық талаптарды анықтау – 1,5-2 б.
айлабұйым жұмысын сипаттау – 1,5-2 б.
станокта жобаланған айлабұйыммен операцияны орындағанна кезде техника қауіпсіздік ережелерін сипаттау – 1-2 б.
айлабұйымның экономикалық тиімділігін есептеу мен негіздеу – 1-2 б.
Қорытынды – 1 б.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі – 1 б.
Барлығы: 30-40 б.
9 Өздік жұмыстарының тапсырмалары
1 Тақырып. Айлабұйымдардың жіктелуі. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар. Айлабұйымды қолдану кезінде еңбек өнімділігінің көтерілуі
Жоспар:
1. Қолдану мақсатына қарай топтаға бөліну
Әдебиет: [1, 3-11 б., 2, 21-26 б.]
2 тақырып. Айлабұйымдар элементтерінің жіктелуі. Орнатқыш ориенттейтін құрылғылар. Аспаптарды бағыттау үшін элементтер, күштік құрылғылар
Жоспар:
1. Орналастыру элементтері
2. Қысқыш элементтері
3. Қысқыш құрылғыларды іске қосатын күштік
Әдебиет: [1, 8-11 б., 2, 27-28 б.]
3 тақырып. Базалау элементтерінің жіктелуі. Негізгі, қосымша, көмекші тіректер. Тіректі қадалықтардың, тілімшелердің, орнатқыш саусақтардың, призмалардың конструкциясы. Дәлдік, термоөңдеу
Жоспар:
1. Қосалқы орнатушы элементтерін тандау.
2. Дайындамаларды базалау.
Әдебиет: [1, 19-31 б., 2, 32-36 б.]
4 тақырып. Қысу құрылғыларының конструкциясы, қысу күштерін есептеу. Кесу күштері мен қысу күштерінің өзара әрекеттесуі. Типтік сұлбалар, күш сипаттамалары
Жоспар:
1. Қысу күштерің есептеудің принциптері
2. Жеткілікті қысу күшін есептеу тәсілі
Әдебиет: [1, 32-62 б., 2, 203-222 б.]
5 тақырып. Пневматикалық және гидравликалық жетіктер.
Жоспар:
1. Бір және екі жақты әрекеттегі пневмоцилиндрлер мен пневмокамералардың конструкциясы. Соташықтағы күштерді есептеу. Пневмогидрожетек. Күшті есептеу.
2. Гидроцилиндрлер, конструкциялар, айналмалы цилиндрлер, жетек сұлбасы, соташықтағы күшті есептеу. Цилиндрлер мен соташықтардың тығыздағыштары.
3. Вакуумды, электромагнитті, электромеханикалық жетектер
Әдебиет: [1, 69-91 б., 2, 218-240 б.]
6 тақырып. Кондукторлы тақталар мен оларды ориентирлеу тәсілдері, бағыттаушы кондукторлы төлкелер мен олардың түрлері. Орнатқыштар, қимаүлгілер, көшіргіштер, қолдану саласы мен оларға қойылатын талаптар. Бұрылу және бөлу құрылғылары, дисктер, бекіткіштер, тоқтатқыштар. Бөлу қателігі
Жоспар:
1. Бағыттаушы және көмекші қондырғылар
2. Кондукторлық төлкелер және дәлдігін есептеу
Әдебиет: [1, 104-120 б., 2, 200-212 б.]
7 тақырып. Арнайы станокты айлабұйымдарды жобалау. Жобалаудың реті, негізгі кезеңдер. Дайындаманы бекітудің дәлдігі мен сенімділігін қамтамасыз ету. Жалпы сәйкес орналастыру. Жұмыс сызбаларын дайындау
Жоспар:
1. Әмбебап құрастырушы және қайта жөндеуіш қондырғылар
2. Көп мақсатты станоктарға арналған тетіктер
Әдебиет: [1, 163-170, 210-221 б.]
8 тақырып. Дайындаманы базалау сұлбалары. Конструкторлық, технологиялық және өлшеу базалары. Есептеу параметрін таңдау. Мөлшерлік тізбелерді, тұйықтаушы буынның қателігін есептеу
Жоспар:
1. Базалау әдістері
2. Дайындаманың өңделу сұлбасы
Әдебиет: [1, 19-31 б., 2, 226-243 б.]
Жұмыс бағдарламасының ең күрделі сұрақтары:
1. Құрастырудың дәлдігің қамтамасыз ететің технологиялық әдістер.
2. Өлшемді байланыстар, өлшемді тізбелерді құру және есептеу.
3. Білдектерді призма және центр арқылы базалау. Орнату қателігі және кеңістік ауытқуы. Прецизионды біліктерді өңдеу ерекшеліктері.
4. Қорапты өңдеудің әдістері, базаларды таңдау және есептеу әдістері.
10 СӨЖМ кеңестерінің кестесі (СӨЖМ СӨЖдің 25%құрайды)
№
|
Сабақ түрлері
|
дүйсенбі
|
сейсенбі
|
сәрсенбі
|
бейсенбі
|
жұма
|
сенбі
|
1
|
Лекциялар сұрақтары бойынша кеңес
|
|
12:20 – 13:10
|
|
|
|
|
2
|
Семинар сұрақтары бойынша кеңес
|
|
|
|
12:20 – 13:10
|
|
|
3
|
СӨЖ туралы кеңес
|
|
|
|
|
12:20 – 13:10
|
|
4
|
Тестлеу тапсырмалар жөнінде кеңес
|
|
|
12:20 – 13:10
|
|
|
|
11. Студенттерге арналған тексеру кестесі
Дәріс және тәжірибелік сабақтарға қатысуы 0-100 баллға дейін бағаланады
Пәнді тапсыру және орындау графигі
№
|
Жұмыс түрлері
|
Тапсырманың тақырыбы, мазмұны және мақсаты
|
Әдебиет
|
Орындауының ұзақтығы
|
Бақылау формасы
|
Тапсырыс мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Реферат
|
Аралық әдіптің мәнің есепті-аналитикалық тәсілімен анықтау.
|
[1, 192-208 б]
|
2 апта
|
|
3 апталық
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
2
|
Реферат
|
Өлшемді тізбелерді құру мен есептеу (толық өзара ауыстырымдылық, толық емес, топтық реттеу мен қиылыстыру әдісі)
|
[1, 63-74 б]
|
3 апта
|
|
6 апталық
|
3
|
Межелік бақылау
|
|
|
|
МБ1
|
8 апталық
|
4
|
Реферат
|
Дайындаманы тандау тәсілдерінің сипаттамасы. Дайындамаларға қойылатын шарттар, дайындаманың өзіндік құның экономикалық салыстыру
|
[1, 188-192 б]
|
2 апта
|
|
9 апталық
|
5
|
Реферат
|
Тетіктердің өңдеу технологиялық үрдістерін жобалау. Беттердің өңдеу әдістерің тандау, базаларды анықтау, жабдықтар мен құрал-саймандарды тандау, кесу режимдері мен өңдеу уақыттарын есептеу.
|
[1, 223-275 б]
|
2 апта
|
|
12 апталық
|
6
|
Межелік бақылау
|
|
|
|
МБ2
|
13 апталық
|
12 Қорытынды бақылау және ағымдағы үлгерімдерінің түрлері бойынша салмақтық үлесту бөлу
Пән бойынша студенттердің оқу жетістіктері балдағы қорытынды (Қ) бағамен анықталады. Қорытынды баға салмақ үлестері есепке алынған жіберу рейтингінің (ЖР) бағасынан жіне қорытынды бақылау (ҚР) бағадан шығарылады. Салмақ үлестері жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6 кем болмау керек, ҚБ -0,4 артық болмау керек.
Әрбір тапсырма 0-100 баллға дейін бағаланады.
Ағымдағы бақылаудың нәтижелерін оқытушы өзінің оқу журналында үнемі бекітіп, апта сайын оқушының оқу жетістіктер журналына енгізеді. Семестрдің ортасында (8апта) және аяғында (15 апта) білімнің рейтингтік бағасы (Р1 және Р2) өткізіледі, оның әр біреуіне ағымдағы бақылау мен баллды аралық бақылау нәтижелері кіреді. Әрбір рейтинг бойынша баллдың максималды қосындысы 100 балл құрайды.
Бақылау барлық түрінде де оқудағы жетістіктер балды рейтингті жүйесі бойынша (ББРЖ) бағаланады
Балмен есептегендегі қорытынды баға (Қ)
|
Балдың сандық эквивалент(С)і
|
Әріптік жүйеде бағалау
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
|
Емтихан курстық жоба, жұмыс
|
Сынақ
|
95-100
|
4
|
А
|
Өте жақсы
|
сынақ
|
90-94
|
3,67
|
А-
|
|
85-89
|
3,33
|
В+
|
Жақсы
|
80-84
|
3,0
|
В
|
75-79
|
2,67
|
В-
|
70-74
|
2,33
|
С+
|
Қанағаттанарлық
|
65-69
|
2,0
|
С
|
60-64
|
1,67
|
С-
|
55-59
|
1,33
|
D+
|
50-54
|
1,0
|
D
|
0-49
|
0
|
F
|
Қанағатсыз
|
Сынақталмады
|
Семестрдің ортасында және соңында 100 балдық шкаламен пәннің оқылған модулі бойынша ағымдағы үлгерімнің (АҮ) бағасы анықталады. Ағымдағы үлгерімнің бағасы келесі балдардың жиынтығынан тұрады:
Сабақтарға дайындық, топта белсенді жұмыс жасау, бақылау шараларға қатысу;
Өздік және зертханалық, тәжирибелік жұмыстарды уақытында, сапалы орындау және қорғау;
Сабаққа қатысу және басқа
Межелік бақылаудың (МБ) бағасы да 100 балдық шкала бойынша анықталады.
Пән бойынша межелік бақылауға ағымдағы үлгерім балдарын жинаған магистранттар жіберіледі.
АҮ және МБ бағаларының қорытындысы негізінде пән бойынша магистрантының рейтингі (Р1 және Р2 ) анықталады.
Р1(2)=AY1(2)*0.5+МБ1(2)*0,5
Егер студент межелік бақылаудан 50 баллдан төмен алса, рейтинг есептелмейді. Мұндай жағдайда декан межелік бақылауды тапсырудың жеке мерзімін тағайындайды.
Семестрде пән бойынша студенттің жіберу рейтингінің бағасы тең:
ЖР=(Р1+Р2)/2
Әр пән бойынша студенттердің оқу жетістіктері қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан) салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮ жр және СҮқб):
Қ=ЖР*CYжр+ҚБ*СҮқб
Бірінші және екінші рейтингтер нәтижесі бойынша студенттердің алған баллдардың нақты мөлшері аралық аттестацияны (емтихан) өткізу кезінде бағаны анықтау үшін негіз бола алатын рейтингті ведомостке енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |