Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында



жүктеу 10,12 Mb.
бет12/29
Дата14.11.2018
өлшемі10,12 Mb.
#19657
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29

Биология: «Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер», «Әлемнің ғылыми-жаратылыстану эволюциялық бейнесі», «Биологиядағы математикалық модельдер және әдістер», «Тамақтану және денсаулық», «Экологиялық этика»,« Биология және денсаулық», «Әлемнің заманауи ғылыми-жаратылыстану бейнесі», «Биологиялық белсенді қоспалар», «Бәрі біздің түп-тұқиямызда (генетика негіздері бойынша)», «Әлемнің інжу маржаны (7–9-сынып қыздарына арналған курс)», «Менің денсаулығым – менің қолымда», «Тірі жасуша жұмбақтары», (Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары», «Биологияның проблемалары», «Жасушалар және тері», «Үй іргесіндегі телім», «Биогеография проблемалары», «Тері – денсаулық айнасы», «Заманауи микробиология», «Нанотехнологияға кіріспе».

География: «Әлеуметтік-экономикалық географияның математикалық модельдері және әдістері», «Картографиядағы математикалық модельдер мен әдістер», «Қазақстан географиясын оқудағы жобалық технологиялар», «Туған өлкедегі әлеуметтік-экономикалық процестерді модельдеу», «Дүниежүзілік энергетика және саясат», «Қазақстанның энергетикалық әлеуетінің дамуы», «Еліміздің бүгінгі жасыл энергетикасы», «Медициналық экология», «Медициналық география», «Жобалық есептер мен тапсырмаларды орындау әдісі», «География, тарих, өнер: қиылыстары және өзара байланысы», «Ауыртпалық қатерін төмендету және қауіпсіз орта».

Физика:«Мектептегі физикалық практикум: бақылау, тәжірибе, модельдеу», «Күрделілігі жоғары физикалық есептерді шығару», «Физикада жаңалықтар қалай ашылады», «Физикадағы әдістер және математикалық модельдер», «Қоршаған ортаның физикалық ластануы және оның адам өміріне әсері», «Физика және компьютер», «Өндірісті автоматтандыру негіздерін зерттейтін қолданбалы физика курсы», «Ауыл шаруашылық өндірісі материалдарынан қолданбалы физика курсы», «Физика ғылымындағы іргелі эксперименттер», «Физика-техникалық модельдеу», «Ғарыштану негіздері», «Ғарыштағы физика», «Биофизика элементтері», «Биохимиялық физика», «Заманауи ғарышкерліктің жетістіктері», «Радиациядан қорғану».

Химия: «Мектептің химиялық практикумы: бақылау, эксперимент, моделдеу», «Химияда жаңалық қалай ашылады», «Химияның әдістері және математикалық модельдері», «Экологиялық химия», «Күрделілігі жоғары химиялық есептерді шығару», «Жай судың жұмбақтары», «Химия және тамақтану», «Ұзақ өмір сүру (кіріктірілген курс)», «Бейметалдар химиясы және өмір», «Ойланып қалған химия», «Химия және қоғам», «Химияның тарихы», «Химия, ғылыми фантастика шығармаларының негізі ретінде», «Химик-зертханашы мамандығымен танысу», «Химия және материалтану», «Агрономның химиялық құпиялары», «Химия және шаштараз өнері», «Химия және синтетикалық жуғыш құралдар», «Тамақтық қоспалар: плюстері мен минустері», «Косметика: кеше, бүгін, ертең», «Ас үйдегі химия», «Күнделікті өмірдегі заттар және материалдар», «Химиялық есептерді шығару әдісі», «Химиядан эксперименттік есептерді шығарыу әдісі».

«Жаратылыстану» білім саласы пәндері сабақтарында пайдалануға ұсынылатын ресурстар:

1) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ http://www.kazatomprom.kz/

2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі: http://energo.gov.kz/

3) «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ http://gharysh.kz/news/

4) «Эврика» – білім беру мекемелерінде авторлық эксперименталдық бағдарламаларды жүзеге асыратын, 650-ден астам мектеп ұжымдарын біріктіретін эксперименттік алаңдардың инновациялық білім беру желісі: http://www.eurekanet.ru



5) Bookz.ru – электрондық кітаптар, журналдар және сөздіктер. Навигацияның ыңғайлы болуы үшін, авторлардың алфавиттік каталогінен басқа шығармалардың алфавиттік каталогы да қолжетімді, яғни кітаптарды алфавиттік тізім бойынша іздеуге болады: www.bookz.ru.

6) EOLSS (Encyclopedia of Life Support Systems) – өмірді қамтамасыз ету жүйелерінің энциклопедиялары. EOLSS (Encyclopedia of Life Support Systems) – өмірді қамтамасыз ету жүйелерінің энциклопедиялары. Көптеген энциклопедияладан айырмашылығы EOLSS білімінің ауқымы тақырып болып берілген. Пәндердің ішінде: математика, физика, энергетика, табиғатты қорғау – Жер және атмосфера туралы ғылым; экология, азық-түлік тағамдары және ауыл шаруашылығы туралы ғылымдар, адамзат ресурстары туралы, басқару және т.б., тілі – ағылшын: http://www.eolss.net/.)

7) Энциклопедиялар әлемі кітапханасы: http://www.encyclopedia.ru/.

8) Britannica School – мазмұны және ақпараттары кең ауқымы, онда мыңдаған мақалалар, бейнелер, видео, түпдеректер, электронды кітаптар, ұсынылатын веб-сайттар, тезаурус және дүние жүзінің атласы шығады. Барлық контент оқытудың STEM жүйесі әдістемесімен негізделген. Жұмыс барысында оқушылар оқиды, жазады, зерттеулер жүргізеді және жаратылыстану ғылымдары саласындағы өздерінің сөздік қорларын байытады. Кіріктірілген «Мұғалімдерге арналған сабақ жоспары» аталған онлайн ресурстың артықшылығы болып табылады, бұл жерде мұғалім өз «Жоспарын» жасауға немесе басқа мұғалімдер құрастырған «Жоспарды» қолдануына болады. Аталған ресурсты сынып режимінде де, сонымен қатар үй тапсырмасын орындау барысында және олимпиадаларға қатысу үшін қажетті ғылыми жоба орындау үшін де қолдануға болады: (http://school.eb.co.uk).

9) «Сандардағы және картадағы дүниежүзі елдері». Интерактивті анықтамалықтарда дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерін сипаттайтын статистикалық ақпарат және негізгі көрсеткіштер берілген: http://www.sci.aha.ru.

10) Рубрикон. Ірі энциклопедиялық портал. Неғұрлым белгілі энциклопедиялар, сөздіктер және анықтамалықтар, суреттер және карталар берілген: http://www.rubricon.com.

11) Оқушылар оқу бағдарламасын меңгеру барысында АКТ қолдану дағдыларын дамытады. «География» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес келесі веб-ресурстар ұсынылады:


www.earthquakes.usgs.gov

www.rgo.ru

www.geo2000.nm.ru

www.geo.historic.ru

www.www.geografia.ru/

www.geographic.org

www.mygeog.ru

www.e–cis.info

www.geography.about.com

www.hobitus.com

www.imf.org

www.kisi.kz

www.meteosputnik.ru

www.mfa.gov.kz

www.oecd.org

www.stat.gov.kz

www.theodora.com

www.un.kz

www.un.org

www.undp.kz

www.unesco.kz

www.unesco.org

www.unmultimedia.org

www.volcanodiscovery.com

www.worldbank.org






«Жаратылыстану» білім саласы пәндері бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2017-2018 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:

- Фернандо Магеллан (1522) басқарған алғашқы жер шарын айналу экспедициясының аяқталғанына 495 жыл;

- 525 жыл бұрын Христофор Колумб экспедициясы Сан-Сальвадор аралын ашты (Американың ашылуының ресми датасы) (1492 ж));

- 10 қыркүйек – Байкал көлі күні. Бұл күн 1999 жылы бекітілген және сол уақыттан бері жыл сайын тамыз айының төртінші жексенбісінде аталып өтілетін, 2008 жылы Иркут облысының Заңнамалық Жиналысының шешімімен Байкал күні қыркүйек айының екінші жексенбісіне ауыстырылды;



- 15 қыркүйек – халықаралық экологиялық«Гринпис» ұйымының Туған күні (1971 жылдың 15 қыркүйегі –ядролық сынаққа қарсы экологтардың ұйымдасқан бірінші акциясының өткен күні);

- 16 қыркүйек – озон қабатын қорғаудың халықаралық күні;

- 22 қыркүйек – ағылшын физигі Майкл Фарадейдің туғанына 225 жыл (1791-1867);

- 24 қыркүйек – Бүкіләлемдік теңіз күні. Бүкіләлемдік теңіз күнін 1978 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 10 сессиясының шешімімен қабылдаған. Біріккен Ұлттар Ұйымының бүкіләлемдік және халықаралық күндері жүйесіне кіреді. 1980 жылға дейін 17 наурызда аталып келді, кейінірек қыркүйек айының соңғы аптасының бір күнінде аталып өтетін болды;

- 1 қазан – аса көрнекті тарихшы, түркітанушы, географ, этнограф, жазушы Л.Н.Гумелевтің туғанына 105 жыл (1912-1992);

- 31 қазан – Қара теңіз күні;

- 19 қараша – орыстың алғашқы бүкіләлемдік маңызы бар жаратылыстанушы ғалымы, химик, физик, астроном, ақын, заманауи орыс әдеби тілінің негізін салушы Михаил Васильевич Ломоносовтың туғанына 305 жыл (1711–1765);

- 27 қараша – швед астрономы, физигі, метеорологы Андерс Цельсийдің туғанына 315 жыл (1701-1744);



- 29 қараша – табиғатты қорғаудың Бүкіләлемдік қауымдастығының құрылған күні. 1948 жылы бұл күні «Бүкіләлемдік Табиғатты Қорғау Одағы» негізін құраған, аталған ұйым табиғатты қорғаудың халықаралық коммерциялық емес ірі ұйымы, одақ 82 мемлекетті біріктіретін дүние жүзілік ерекше серіктестік болып саналады.

«География» оқу пәнінің 6, 8, 9- сыныптардағы оқу жүктемесінің көлемі:

6-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

8-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

9-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

«Биология» оқу пәнінің 6, 8, 9- сыныптардағы оқу жүктемесінің көлемі:

6-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

8-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

9-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

«Физика» оқу пәнінің 8-9- сыныптардағы оқу жүктемесінің көлемі:

8-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

9-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

«Химия» оқу пәнінің 8-9- сыныптардағы оқу жүктемесінің көлемі:

8-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

9-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Адам және қоғам» білім саласы «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Өзін-өзі тану» пәндерін қамтиды.

Қазіргі қоғам мен өткенді байланыстыратын тарихи сана өскелең ұрпаққа бүгінгі күнгі оқиғалардың мәні туралы түсінік қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Тарихи сана – бұл тарихты білу, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғынып түсіну, әлеуметтік болжау (бүгінгі күн жағдайының мәнін, өткеннің инварианттылығы мен болашақтың баламалығын түсінуден), өз іс-әрекеті үшін тарихи жауапкершілікті түсіну. Оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын тарихи білім тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуына септігін тигізеді.



«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі – білім алушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту болып табылады.

Осыған байланысты сабақта білім алушылардың «тарихи тұрғыдан ойлау» білігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әр түрлі әдістер мен тәсілдерді (мысалы, оқытудың белсенді және проблемалық әдістерін, жобалау әдісін, тұжырымдамалық тұрғыдан оқытуды) қолдану қажет.

«Тарихи тұрғыдан ойлау» өткен заманның кез-келген құбылысын сол заманның контекстінде, бұрын болған және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін білдіреді. Бұл қабілетке ие болу арқылы білім алушы өткен тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы қажет.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі:

6-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

8-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

9-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

«Дүниежүзі тарихы»бойынша оқу жүктемесі:

6-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

8-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

9-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

«Адам. Қоғам. Құқық.» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі:

9-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Қолданыстағы оқу бағдарламасына сәйкес Дүниежүзінің және Қазақстанның ежелгі дүние тарихын жүйелі түрде оқу 6-сыныптан басталады. Тарихты зерделеу білім алушыларда адамзаттың өткен тарихи жолы туралы тұрақты білімін қалыптастыру үшін тиімді жағдай жасайтын оқиғалық-хронологиялық деңгейде іске асады. Бұл келесі сыныптарда күрделі тарихи материалдарды, негізгі ұғымдарды жеңіл менгеруге мүмкіндік береді.

Жаңа заман тарихын оқыту 8-сыныптан басталады. Жаңа тарихты оқытудың нәтижесінде, мұрағат материалдарын анықтау, тарихи оқиғалар мен жаңа процестерді талдау және салыстыру дағдылары қалыптасады.

«Алаш» қозғалысының 100 жылдығына байланысты «Алаш» қозғалысының көшбасшысы Ә. Бөкейханов туралы тақырыпты «Алаш» қозғалысы, «Алашорда үкіметі» оның қайраткерлері туралы қосымша мәліметтермен толықтыру ұсынылады.

9-сыныпта «Қазіргі заман тарихы» курсы ХХ ғасырдың басы мен ХХІ ғасырдағы ең маңызды процестерге, құбылыстарға, ұғымдарға баса назар аудару, адамзат дамуының жалпы бейнесі туралы түсінік қалыптастыруға негізделген.

Сонымен қатар саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуды, 1914-1918 жылдардағы бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап қазіргі заманға дейінгі тарихи процестердің пайда болуын түсіну және түсіндірумен ерекшеленеді.

Алаш» партиясының құрылуы. «Алаш-Орда» үкіметі. Қазақ халқының саяси көшбасшылары (Ә. Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Б.Қаратаев, М.Тынышпаев, М.Шоқаев). XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ғылыми еңбектері. «Алаш-Орда» үкіметі бойынша білім беруде білім алушыларды «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын талдауға; қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметіне талдау жасауға, ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға беруге бағыттау ұсынылады. Білім алушылар қоғамдық сананың рөлін қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдай білуі және оған баға беруі тиіс.

Осыған байланысты қызметі қазақ мәдениеті ошақтарын дамытуға, оқу-ағарту ісіне, қазақ халқының әдеби тілін қалыптастыруға және ғылыми құндылықтарды сақтауға бағытталғанқуғын-сүргінге ұшыраған екі ұрпақ алашордалықтар –Мұхамедхан Сейтқұлов пен Қайым Мұхамедханов туралы жазылған «Хаттар сөйлейді» және «Әке мен бала – өз Отанының патриоттары» кітап материалдарын; С. Әлжанова мен Г. Төлемісованың «Алаш» партиясы идеологтері және көшбасшыларының бірі Отыншы Әлжанов туралы жазылған «Алаш Орда бүркіті»; В. Могильницкийдің зиялы қауым өкілдері, саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы «Атаусыз қызғалдақтар. Карлагтың ұлы тұтқындары»көркем-деректі очерктерін пайдалану ұсынылады.

Аталған әдебиетте қазақ интеллигенциясы өкілдерінің өз халқына қызмет жасаудағыжүріп өткен ауыр жолы көрінеді.

1937 жылғы саяси қуғын-сүргінге 80 жыл толуына байланысты білім алушыларды 1937 жылдағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдауға бағыттау ұсынылады.

Сонымен қатар, мұғалімге білім алушылармен бірге түрлі жағдайлардағы қауіпсіз мінез-құлыққа қатысты мәселелерді және саяси, әлеуметтік, табиғи, экологиялық қауіп-қатер жағдайындағы дұрыс мінез-құлықтың маңыздылығын талқылау ұсынылады.

Тарих сабағында дұрыс құрастырылған сұрақтар маңызды орын алады. Мұғалімдерге «сатылап сұрақ қою» әдісін қолдану ұсынылады. Бұл әдісте дерекке немесе белгілі бір иллюстрацияға қойылатын сұрақтар жеңілден қиынға қарай күрделенеді.

Тарих сабағында себеп-салдарлық байланыстарды анықтау кең таралған. Берілген тарихи түсініктер бойынша тапсырмалар білім алушылар тарапынан тек қана себеп пен салдарды анықтаумен шектелмей, бұл себептерді берілген белгілері бойынша жіктеу (мазмұны, уақыты және рөлі бойынша), түрлі себептер арасында өзара байланысты анықтау және оларды қатысты (маңыздылық) деңгейі бойынша орналастыруға мүмкіндік беретіндей түрде құрастырылуы қажет.

Білім алушылар белгілі бір тарихи оқиғалардың/ құбылыстардың/ процестердің маңыздылығын анықтай білуге үйренулері қажет. Мұғалімнің білім алушыларға маңыздылық сөзінде қандай мағына жатқандығын түсінуіне қолдау көрсетуі тиіс.

Мұғалімнің сабаққа арнайы әзірлейтін тапсырмалары:


    • түсінікті болуы;

    • саралаудың ескерілуі;

    • сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беруі;

    • проблемалық оқытуға негізделуі;

    • бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы.

Картамен жұмысты тиімді деңгейде күшейту қажет. Ол үшін тарихи карталар мазмұнын талдау бойынша тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.

Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар берген дұрыс.

Тарихи тұлғаға сипаттама бергенде мынадай арнайы жадынаманы қолдану ұсынылады:

- тарихи қайраткердің сыртқы бейнесін суреттеу;

- тұлғалық белгілерін сипаттау;

- өмірінің ең жарқын мыңызды фактілерін атау;

- тұлғаның тарихқа қосқан үлесіне баға беру.

Бұл тарихи тұлғалардың іске асырған ерекше әрекеттерінің білім алушының есінде ұзақ сақталуына мүмкіндік береді.

Пәнді оқыту кезінде барлық сынып білім алушыларының жұмыс жасауы және үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін жеке, жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылады.

Оқыту процесін оңтайландыру мақсатында топтық жұмысты ұйымдастыру өте тиімді болып табылады. Топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде әрбір оқушының қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін ескеру, олардың топтағы атқаратын негізгі міндеттерін анық түсіндіру қажет. Сонымен бірге топ мүшелерінің әрқашан өзгеріп отыруы да маңызды.

Жоғары сыныптарда түсіндіру және талдау дағдысын тереңдеп дамыту үшін оқытудың жаңа әдістері ұсынылады. Деңгейлеп оқыту, сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру, тірек-сызба, салыстырмалы талдау және тағы басқалар.

Мысалы: маңызды тарихи оқиғаларды талдауда STEEPLE-талдауы (S–әлеуметтік,T – технологиялық, E – экономикалық, E – қоршаған орта, P – саяси, L – құқықтық, E -этникалық факторлар) және т.б. қолдану ұсынылады. Бұл білім алушылардың түсіндіру және талдау дағдысын тереңдеп дамытуға мүмкіндік береді.

Білім алушылардың мазмұны жағынан мәндес пәндерді оқу кезінде алған білімдерін мақсатты және жүйелі түрде пайдалану дағдысын қалыптастыруда оқытудың кіріктірілген тәсілін қолдану тиімді. Ол үшін оқу процесін ұйымдастыру кезінде сабақтарды әртүрлі пәндерден алынатын мәліметтер бірін-бірі толықтырып, тереңдететіндей түрде жоспарлау ұсынылады. Мысалы, Отандық және дүниежүзі тарихының кейбір тақырыптарын кіріктіруге болады. Халықаралық қатынастар тарихы және Қазақстанның сыртқы саясаты, әлемдік соғыстар тарихы, тарихтың жеке мәселелері, мәдениет т.б. тақырыптарын кіріктіруге болады. Тарих пәндерін кіріктіре оқыту жүйесін қалыптастыру оқыту процесінің коммуникативтік әлеуетін біршама арттырады.

Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет. Материал мазмұны «Мәңгілік Ел» идеясына сай болуы және Отанымыздың патриоттарын, құқықтық, демократиялық мемлекеттің, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін, адамгершілігі мол, толерантты азаматтарын тәрбиелеуге, қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын бекітуге бағытталуы қажет.

Білім алушылардың тарихи білімін тәжірибеде нақтылау мақсатында мүмкіндігінше мұражайларға, тарихи ескерткіш орнатылған жерлерге немесе тарихи-археологиялық орындарға экскурсия ұйымдастыру ұсынылады.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz; http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:

http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.

Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым - қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2017-2018 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:


  1. Қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі Қазбек би Келдібекұлының 350 жылдығы(1667-1764);

  2. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күрестегі әйгілі батырларының бірі Тама Есет Көкіұлының 350 жылдығы (1667-1749);

  3. Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл (1917-2017);

  4. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына 80 жыл (1937-2017);

  5. Белгілі қолбасшы, қазақ халқының батыры Қабанбай батыр Қожақұлұлының 325-жылдығы (1692-1770);

  6. Бірінші ресми емес қазақ Конституциясына «Қазақ елінің Жарғысы» 105 жыл (1912-2017);

  7. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл(1992-2017);

  8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл (1992-2017);

  9. «ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» Халықаралық мамандандырылған көрмесі (маусым-қыркүйек, 2017);

Сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:

- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;

- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар өткізу;

- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар ұйымдастыру;

- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.

Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.



Қоғамдық ғылымдар кешенін құрайтын кіріктірілген сипатқа тән «Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқыту оқушылардың назарын қазіргі қоғамдық, саяси, мәдени, әлеуметтік құбылыстарға, оларды реттеп отыратын заңдардың өзара байланысына аударуға негізделген.

Оқу процесінде білім алушылардың бүгінгі күнгі өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелерге қатысты пікірталасқа қатысу дағдыларын дамыту; сын тұрғысынан талдау және қоғамдық және құқықтық қатынастармен байланысты практикалық жағдаяттарды бағалау дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға көңіл бөлу ұсынылады.

Білім алушының талдау қабілетін, қызығушылығын, дербестігін, жауапкершілігін дамытуға бағытталған оқытудың ұйымдастырушылық-әдістемелік түрлері:


  • мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы білім алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;

  • білім алушылардың білім алуы «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау көрсету;

  • білім алушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;

  • білім алушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

  • білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар құрастыру;

  • білім алушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру.

Пәндерді оқытуда білім алушылардың басқа пәндерден: «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы», «Физика», «Биология», «География» және т.б. алған білімдеріне сүйену қажет.

Оқыту білімді жүйелі меңгеру, оқыту міндеттерін шешу процесінде мұғалім мен білім алушының бірлескен әрекеті ретінде қызмет етеді. Бұл жерде мұғалімнің қызметі оқыту үрдісін ұйымдастыру және басқарудан көрінеді.

«Өзін-өзі тану» оқу пәнінің мақсаты – білім алушыларды рухани-адамгершілік дамыту; оларға жалпыадамзаттық құндылыөтар туралы білімді игерту; білім алушылардың әлеуметтік-маңызды тұлғалық қасиеттерін және өмірлік дағдыларын қалыптастыру.

Біртұтас үдеріс ретіндегі өзін-өзі танудың объектісі физикалық, психикалық және рухани табиғаты қырлары аспектісінде қарастырылатын адам болып табылады. Адамның осы қырларының біртұтастығы оның өзін-өзі жігерлендіруін, өзін-өзі жүзеге асыруын және өзін-өзі жетілдіруін қамтитын үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді. Бұл өзін-өзі танудың пәндік аясын анықтайды, сол сияқты оқу пәнінің танымдық, дамытушылық және тәрбиелік қызметін нақтылайды.

5-9-сыныптардағы «Өзін-өзі тану» базалық мазмұны төрт тарауды қамтиды: «Таным қуанышы», «Адам болам десеңіз ...», «Адам және әлем», «Адамзаттың рухани тәжірибесі».

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

5-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

6-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

7-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

8-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

9-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

Рухани-адамгершілік білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес сандық емес, сапалық баға маңызды, сондықтан әрбір жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «Сынақ» бағасы қойылады.

Егер білім алушы бағдарламада көрсетілген дайындық деңгейіне қойылатын барлық талаптарды орындап, ұзақ мерзімді жоба әзірлесе, білім алушыға «Сынақ» қойылады.
«ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ
«Музыка» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, әлемнің музыкалық бейнесін меңгерту, тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту, музыкалық өнер шығармаларын бағалауда алған білімдерін қолдану дағдысын қалыптастыру, адамгершілік пен Қазақстан Республикасын – Отанын сүюге тәрбиелеу.

Пәнді оқытудың міндеттері:

- дәстүрлі қазақ музыкасының өткен және қазіргі замандағы халық өмірімен байланысы, оның кәсіби композиторлық шығармашылықтағы рөлі туралы білім беру;

- оқушылардың қазіргі замандағы музыкалық құбылыстарға қызығушылығын дамыту, көркемдік талғамын мен музыкалық өнерге құндылық ретіндегі қатынасын қалыптастыру;

- музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білуге үйрету;

- музыкалық өнер арқылы білім алушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;

- музыка өнерінің әртүрлі салаларында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Пән мазмұны қазақ және түркі халықтарының дәстүрлі мәдениеті, шығыс және батыс классикалық музыкасының, әлем музыкасының ең озық, қазақстандық заманауи өнер туындыларына негізделген және оқушылардың мәдени, құндылық, тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын музыка өнері туындылары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

«Музыка» пәні пәнаралық интеграция принципін ұстана отырып, қазақ, орыс тілдері және әдебиет, тарих, бейнелеу өнерімен байланыстарын көрсете отырып, әртүрлі өнер түрлерінің өзара шартты байланысы туралы көзқарас қалыптастырады.

Оқытудың әдістемелік жүйесі үздіксіздік принципіне байланысты бастауыш пен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық, жүйелілік пен бірізділікке сүйене отырып, негізгі тақырыптардың кеңейтілген мәдениеттанушылық деңгейде қайталануын қамтамасыз етеді. Музыкалық білім берудің әдістемесі оқушылардың дербестігін, музыкалық өнерге тұлғалық көзқараспен қарауын, мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында еркін пікір алысуын қалыптастыруға бағытталған. Шығармашылық тәсіл оқушының ән айтуы мен аспапта ойнау дағдысын қалыптастырудағы басты әдіс болып табылады.

6-сыныпқа арналған оқу пәнінің базалық мазмұны:

- «Сөзбен өрілген саз. Музыка және поэзия»;

- «Музыка және сурет»;

- «Өнер тұлғалары»;

- «Жаңа заманның жаңа әні»;

- «Музыкалық сауаттылық».

Оқушылардың дайындық деңгейлері пәндік, тұлғалық, жүйелік-әрекеттік нәтижелер бойынша бағаланады.



Сабақтың, сабақтан тыс, сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.

«Музыка» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2017-2018 оқу жылының күнтізбесіне байланысты атап өтілетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

– Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына 80 жыл (1937-2017);

– Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл (1917-2017);

– Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл (1992-2017);

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл (1992-2017);

– ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесі (2017 жылғы маусым-қыркүйек).

«Музыка» пәні бойынша оқушылардың үй тапсырмасын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы (мәтінмен жұмыс, ән салуға жаттығу, тамақ гимнастикасы және т.б.) сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, музыка мен ән салуға қызығушылықты қалыптастыруға және оқушылардың вокалдық қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

«Музыка» пәні бойынша 6-сыныптарда сағат саны аптасына 1 сағат, оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды.


Бейнелеу өнерi пәні тұлғаның эмоциялық-бейнелі, көркемдік ойлау түрін қалыптастыруға бағытталған рухани іс-әрекетінің шарты болып табылады.

Оқыту мақсаттары:

- эстетикалық сезімдерін, бейнелеу өнеріне қызығушылығын; адамгершілік сезімін қалыптастыру, өнегелі тәжірибесін байыту, ізгілік пен зұлымдық туралы ойларын қалыптастыру; Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу;

- қиялын, кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарау ниеті мен икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;

- өнер құралдарының көмегімен оқушылардың шынайы өмірге деген эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу және өмірлік түйсігін қалыптастыру;

- халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу;

- аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту;

- оқушылардың көркем композиция жасау мен орындалған жұмыстарды сыныпта қарап, талқылау процесінде көркемдік талғамын, талдау қабілеттері мен эстетикалық уәждемелерін дамыту.

Оқыту міндеттері:

- қоршаған әлемге көзқарасын өзінің шығармашылық жұмыстарында көрсете білу қабілетін дамыту;

- сурет, кескіндеме, композиция бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен, жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету;

- бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, дизайн, сәулет өнері) және жанрларымен (пейзаж, портрет, натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру;

- көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру);

- шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін байқау және түсіне білу қабілетін дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т.б.);

- балаларда сезімдік-эмоциялық белгілерді: зейінді, есте сақтауды, қиялды, елестетуді дамыту;

- оқушылардың қолдарының моторикасын, иілгіштігін, икемділігін және көзбен шамалау дәлдігін жақсарту;

- өзінің көлемді композицияларын жасату немесе жазық және көлемді-кеңістіктік тәсілдер үйлесімдіктерін пайдалану арқылы көркемдік құрастыру элементтерімен таныстыру.

«Бейнелеу өнері» пәні бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтастығын сақтайды және өнерді мәдениеттің өзара байланысты екі түрінің біртұтастығы, халықтық және кәсіби ретінде қарастырады.

Бағдарлама гуманитарлық пәндердің басқа базалық курстарымен тығыз ықпалдастыруға бағытталған. Ол негізгі мектеп оқушыларының пластикалық өнердің әртүрлі материалдары мен техникаларын қолданып көркем бейне жасауына бағытталған көркем-шығармашылық қызметтің алуан түрлеріндегі бейнелі тілін меңгеруді көздейді: «Өнер туындыларын қабылдау», «Графика», «Мүсін», «Кескіндеме», «Композиция», «Сәндік-қолданбалы өнер», «Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет өнері».

Білім беру тәжірибесінде «Бейнелеу өнері» кескіндеме, графика, мүсін сияқты бейнелеу өнерлерімен қатар сәулет және сәндік-қолданбалы өнерді қамтитын барлық пластикалық өнерлерді түсінеді.

Сабақтардың маңызды нәтижелері:

- мектеп оқушыларының бейнелеу өнеріне қызығушылығы, суретте немесе мүсінде нақтылы түрде көрсетілген суретші шығармасының ойын түсіну және өзінше бағалау қаблеті, қазақ және әлемдік өнердің негізгі стильдері мен бағыттарын айыра білуі;

- өнер тарихында елеулі рөл атқарған шеберлердің шығармашылығымен танысуы, әйгілі шығармаларды білуі болып табылады.

Сабақтар тұлғаның жеке қасиеттерін, зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттарда жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады. Бейнелеу өнеріне оқыту жеке тұлғаның өз ойын білдіруіне және дамуына, одан кейін әлемдік көркем мәдениет үлгілерімен танысуына бағытталған.

Сабақта оқу қызметінің кез келген түрі өзіндік мәнге ие, оқушылардың мүдделерімен келісіледі, оларды оқушы өмірінде нақты пайдалануға бағдарланады. Өнерге деген қызығушылығы мен көркемдік талғамын дамыту қалыптасқан шығармашылық іс-әрекеттің жеке тұлғалық тәжірибесі, өзіндік эстетикалық эталондары, өнер тілін меңгеруі негізінде қалыптасады.

Бейнелеу өнеріне оқыту барысында оқушыларға шығармашылық жұмыстың арқауын жасауда, қызмет түрлерін, көркем материалдарды, жеке немесе топтық жұмыстарды, шығармашылық тапсырмаларды орындау күрделілігін, үй тапсырмасының формаларын және т.б. таңдауда көбірек еркіндік беріледі. Олар оқушының мәдени, құндылықты, тұлғалық және зияткерлік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.

Осылайша бөлімдерге бөлу ерекшелігі мынада, бірінші бөлім оқу материалының мазмұнын ашады, екінші бөлім оны тәжірибеде іске асырудың құралдарын береді, үшінші бөлім тапсырма тақырыбының рухани-адамгершілік, эмоциялық-құндылық бағыттылығын болжамдайды, төртінші бөлім бала көркемдік-шығармашылық тәжірибе алып шығатын қызмет түрлері мен шарттарынан тұрады. Барлық бөлімдер өнердің әртүрлі: типологиялық, тілдік, құндылыққа бағдарланған, қызметтік қырларын ашады. Олар (барлығы бірге) әр сабақта әртүрлі шамада кездесіп отырады. Барлық бөлімдер кешенді түрде жалпы көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.

Оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен адамгершілік болмысын көрсететін:

- «Өнер мен көркемдік қызметтің адам және қоғам өміріндегі рөлі»;

- «Өмір мен өнердің рухани-адамгершілік проблемалары»;

- «Әсем өнерлер тілі және көркем бейне»;

- «Әсем өнер түрлері мен жанрлары» бөлімдерімен ұсынылған.

Сабақтың, сабақтан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.

«Бейнелеу өнері» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2017-2018 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

– Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына 80 жыл (1937-2017);

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл (1992-2017);

– «ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» Халықаралық көрмесі (2017жылғы маусым-қыркүйек).

«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 6-сыныпта – аптасына 1 сағат, жалпы саны – 34 сағат.


«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Технология» пәнін оқыту бағыты білім алушыларды материалдық құндылықтардың заманауи өндірісінің негізгі технологиялық процестерімен таныстыруға, кейінгі кәсіптік білім алуға және еңбек етуге қажетті дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген.

Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін ескере отырып белгіленген.

Пәнді оқытудың мақсаты техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білім жүйесінің нәтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамтамасыз еті, технологиялық ойлау қабілетін, орындаған жұмысына шығармашылық көзқараспен қарауын дамыту.

Оқыту міндеттері:

1) техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімін қалыптастыру;

2) құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалауды іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;

3) технологиялық ойлау қабілеті мен еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;

4) оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;

5) еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті процесінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;

6) оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды оқыту барысындағы нәтижелері, оқушылардың үлгерімдерін бағалауын, негізгі мектепті аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді. Оқушылардың дайындық деңгейі үш түрлі аспектілер: пәндік, тұлғалық, жүйелі іс-әрекет нәтижелері ескеріле отырып бағаланады. Осыған байланысты 6, 8, 9-сынып оқушыларына (ер балалар) келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі.
32-кесте – 6, 8, 9-сыныптарда ер балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары.


Ауыл мектептерінде

Қала мектептерінде

1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.

2. Ауылшаруашылық өндірісіндегі техника және технология.

3. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

4. Металды қолмен және меха-никалық өңдеу технологиясы.

5. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

6. Электротехника және электроника негіздері.

7. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығын-дағы жөндеу жұмыстары.

8. Шығармашылық жобалау саласы.

9. Қазіргі заман өндірісі және те-хникалық кәсіби білім.


1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.

2. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

3. Металды қолмен және меха-никалық өңдеу технологиясы.

4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

5. Электротехника және электроника негіздері.

6. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығын-дағы жөндеу жұмыстары.

7. Шығармашылық жобалау саласы.

8. Қазіргі заман өндірісі және те-хникалық кәсіби білім.


Білім берудің негізгі түрлері оқушылардың оқу-практикалық, жобалау-іс әрекеті болып табылады. Жаттығулар, оқу-практикалық жұмыстар, жобалау әдістері – басым әдістер болып отыр. Бағдарламада қарастырылған барлық практикалық жұмыс түрлері материалдарды өңдеудің әртүрлі технологияларын, электромонтажды, құрылыс-әрлеу және жөндеу санитарлық-техникалық жұмыстарын, тағам әзірлеу, жеңіл тігін өнеркәсібінің негіздерін, есептеу және жобалау операцияларын меңгеруге бағытталған.

Мұғалім бар мүмкіндіктеріне сәйкес бағдарламада ұсынылған технологиялық операциялар топтамасын қамтамасыз ететін еңбек нысандарын таңдай алады. Сонымен қатар оқушы жасының шамасына сәйкес еңбек нысанын таңдап, оның қоғамдық және жеке құндылығы да ескеруі қажет. Оқушылар орындайтын практикалық жұмыстардың түрлері түсінікті, ұтымды, экологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Мұғалім жергілікті компонент пен өзінің жеке эстетикалық қызығушылықтарына сәйкес өз тапсырмалары нұсқаларын қосуға құқығы бар.

«Қазіргі заман өндірісі, техникалық және кәсіби білім беру» (9-сынып) жаңа бөлімінде техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түрлері, кәсіби іс әрекетке қойылатын жаңа талаптар, кәсіп туралы түсінік, мамандық және жұмыскердің кәсіби дәрежесі, мамандық таңдауға тұлғалық қасиеттердің әсері, аймақтық еңбек нарығы және білім саласында қызмет көрсету туралы мәселелер қарастырылады.

Сабақтар ағаш, металл өңдеу шеберханасында немесе құрамдастырылған шеберхана базасында өткізіледі. Технологиялық операцияларды орындау барысында оқушылардың еңбек қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне үлкен назар аударылуы керек. Оқушылардың электр қауіпсіздігі, санитария мен жеке гигиенасын сақталуына ерекше назар аударылуы тиіс.

Сабақта қолдан жасалған электромеханикалық құралдар мен технологиялық машиналар қолдануға тыйым салынады. Кіріктірілген сипаттағы «Технология» пәні пәнаралық байланыстарды қолдану негіздерінде құрылуын көздейді. Есептеу операциялары және өлшем алуда алгебра және геометриямен, материалдардың қасиеттерінің сипаттамасында химиямен, машина мен механизмдердің жұмыс принциптерін және құрылымын оқытуда физикамен, сәндік қолданбалы өнер технологияларын оқытуда тарих және өнермен байланыстырылады.

Қала, ауыл және шағын жинақты мектептерде ұлдар мен қыздар тобына бөлу сыныптың толымдылығына қарамастан жүзеге асырылады. Осыған байланысты 6, 8, 9-сынып оқушыларына (қыз балалар) келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі.
33-кесте – 6, 8, 9-сыныптарда қыз балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары.



Ауыл мектептерінде

Қала мектептерінде

1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, қауіпсіздік техникасы ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар және еңбек қауіпсіздігі.

2. Тағам әзірлеу технологиясы.

3. Маталармен танысу. Мата өңдеу технологиясы. Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді жобалау, дайындау және көркем әшекейлеу. Тігін машинасымен жұмыс жасау. Тігін машинасы элементтері. Киімді жобалау, дайындау және көркем әшекейлеу (белдемше, шалбар).

4. Сәндік қолданбалы өнер элементтерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік.

6. Тұрғын үйдің ішкі көрінісі.

7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас гигиенасы.

8. Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру. технологиясы.

9. Көкөніс-жеміс өсіру негіздері. Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар

10. Жоба.

11. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы.


1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, қауіпсіздік техникасы ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар және еңбек қауіпсіздігі.

2. Тағам әзірлеу технологиясы.

3. Маталармен танысу. Мата өңдеу технологиясы. Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді жобалау, дайын-дау және көркем әшекейлеу (белдемше шалбар).

4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материал-дарды өңдеу технологиясы.

5. Отбасы экономикасы. Кәсіп-керлік.

6. Тұрғын үйдің ішкі көрінісі.

7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас гигиенасы.

8. Жоба.

9. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы.

Кез келген халықтың мәдениетін алға тартушысы – халықтың қолөнері. Сол себепті оқушылардың білімін және еңбек дағдысын қалыптастыру мақсатында, сабақтарда халықтардың және ұлттардың мыңдаған жылдық қолөнерін қолдану және үйрету ұсынылады.



Сабақтың, сабақтан тыс, сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.

«Технология» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2017-2018 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл (1992-2017);

- «ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесі (2017жылғы маусым-қыркүйек).



«Технология» пәні бойынша оқушылардың үй тапсырмасын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, сабақтарда қарастырылатын тақырыптарға деген қызығушылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Технология» пәні бойынша сағаттар саны:

- 6-сынып – аптасына 1 сағат, жылына барлығы – 34 сағатты;

- 8-сынып – аптасына 1 сағат, жылына барлығы – 34 сағатты;

- 9-сынып – аптасына 1 сағат, жылына барлығы – 34 сағатты құрайды.
«Сызу» пәні негізгі орта білім беру деңгейіндегі 9-сыныпта оқытылады. Курс ойдың аналитикалық және жасампаз компоненттерін қалыптастырып, білім алушының кеңістіктік ой қабілетін дамытатын негізгізі болып табылады.

Пәнді оқыту мақсаттары:

– логикалық және кеңістіктік ойын дамыту;

– геометриялық білімді негізінде тәжірибелік жұмыс дағдыларын дамыту;

– еңбектену іс-әрекеті дағдыларын: ұзақ күш салуға және интеллектуалдық жүктемеге қабілеттілікті, дербестікті және шыдамдылықты, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді дамыту;

– функционалдық графикалық сауаттылығын дамыту;

– шығармашылық әлеуетін және эстетикалық талғамдарын дамыту.



Оқыту міндеттері:

– бір, екі және үш проекция жазықтығына тік бұрыштап проекциялау негіздері туралы білімді, сызбаны (эскизді) және аксонометриялық проекциялар мен техникалық суреттерді құру әдістері туралы білімдерін қалыптастыру;

– әртүрлі тетікбөлшектердің және модельдердің қарапайым сызбалары мен эскиздерін, аксонометриялық проекциялары мен техникалық суреттерін орындауды және оқуды үйрету;

– заттың пішінін және оның құрылымдық ерекшеліктерін талдау арқылы, онымен қоса кеңістіктік бейнені проекциялық кескіндерінен және ауызша суреттеу арқылы ойша қайтадан жасау әдістерін пайдаланып, статикалық және динамикалық кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту;

– оқулық және анықтамалық материалмен өздігінше жұмыс істеуді, Интернет-ресурстардан білім алуды үйрету;

– кескіні бойынша затты ойша өзгерту жалпы интеллектуалдық қабілетін қалыптастыру арқылы білім алушылардың кеңістіктік ойын дамыту;

– графикалық білімдерін жаңа жағдайларда қолдана білу, графикалық компьютерлік бағдарламаларда қарапайым сызба құруды үйрету.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын музыка өнері туындылары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

Бағдарлама міндетті графикалық жұмыстардың тізімін қамтиды, ол негізгі білік, дағдыларды анықтауға бағдар береді.

Заттың пішінін талдау дағдыларын қалыптастыруға, яғни проекция жазықтықтарына кескіндеуге, пайда болған кескіндерді талдауға, геометриялық денелерді, тетік бөлшектерді тануды қамтамасыз ететін жеке белгілерін анықтауға алғашқы сабақтан бастап ерекше назар аудару қажет.

Графикалық жұмыстың өнімсіз элементтерін болғызбауға тырысу керек (мысалы, есеп шартын және дайын сызбаларды көшіріп сызу). Тапсырмаларды орындау үшін пішімі А4 (торкөз) жұмыс дәптерін пайдаланған дұрыс.

Салуларды орындауда білім алушылардың белгілі бір іс-әрекет алгоритмін қалыптастыруын көздеу қажет. Бұл сызбаны тексеру кезінде де өзекті мәселе болып табылады.

Оқу уақытының көбі практикалық жұмыс орындауға бөлінуі тиіс. Міндетті графикалық жұмыстардан тыс сызу пәні сабақтарында түрлі графикалық есептерді қолданған дұрыс. Білім алушылардың танымдық қызметін жандандыру оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануымен және сабақтың әдістемелік қамтылуымен жүзеге асады

Сызуға оқыту барысында әр білім алушының өзіне тән ерекшеліктерін (дарындылығын, ойлау қабілетін, жеке мүддесін) есепке алып, оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейін біртіндеп көтеру керек. Түрлі оқу құралдарын кеңінен пайдалану ұсынылады (карточка-тапсырмалар, анықтамалықтар, плакаттар, кестелер, модельдер, тетік бөлшектер жиынтығы және ақпараттық технологиялық құралдар).

Қазіргі қоғамның ақпараттандырылу жағдайына сай «Сызу» оқу пәнінің аса маңызды бағыты ол білім алушылардың компьютерлік графикалық сауаттылығын қалыптастыру (мектептің мүмкіндігіне қарай, жергілікті жағдайға лайықты компьютерлік бағдарламаны оқытуға болады).

Үй тапсырмасын орындау оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Үй тапсырмасын тұжырымдау барысында келесі жағдайларды ескеру қажет:

- орындалуының түрлілігімен ерекшеленетін шығармашылық, эксперименттік, проблемалық сипаттағы есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды кеңінен қолдану;

- оқушыларды өздерінің оқу әрекеті нәтижелеріне талдау жасауға бағыттайтын элементтері бар үй тапсырмаларын енгізу;

- үй тапсырмасын анықтау барысында оқушылардың жеке және жас ерекшелігін ескеру.

«Сызу» пәні бойынша апталық оқу жүктемесі – 2 сағат, оқу жылында барлығы 68 сағатты құрайды.
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Дене шынықтыру оқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі, оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.

Пәнді оқыту тұлғаны қалыптастыру, адамның танымдық белсенділігінің дамуына бағытталған. Оқу бағдарламасының мазмұны оқушы, қоғам мен жанұя сұраныстарын ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктерін айқындайды



Оқыту мақсаты:

  • өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін және қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру;

  • дене бітімі және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;

  • салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.

Оқыту міндеттері:

  • денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі дене шынықтыру қасиеттерін дамыту;

  • дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, базалық спорт түрлерінің іс-қимыл әдістері мен техникасы арқылы қимылдық тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру;

  • дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;

  • өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу;

  • тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.

Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру» (әрекеттік компонент).

«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұнында адамның таным белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктері және қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілсе, «Денені жетілдіру» бөлімінде оқушылардың дене дайындығын арттыруға бағытталған және жалпы дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары туралы мәліметтер берілген.

Дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары ретінде бағдарламаға айқындалған маңызы бар базалық спорт түрлерінен (жүзу, шаңғымен жарысу, спорттық ойындар, жеңіл атлетика, акробатика элементтерімен гимнастика) дене шынықтыру жаттығулары мен қозғалыс әрекеттері берілген. Қазақстандағы дене шынықтыру туралы тарихи ерекшеліктерді ашатын «Ұлттық ойындар» тақырыбы енгізілді.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын музыка өнері туындылары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.



Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:

  • мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс дағдысына байланысты ұсынылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің материалдарымен толықтыруға (оқушыларға қойылатын негізгі талаптарды жүзеге асыру барысында) құқылы;

  • «Гимнастика» тарауын («Жалпы дамытатын жаттығулар» және «Ырғақты гимнастика» бөлімдерін) меңгертуде қатаң тәртіпті сақтау міндетті емес;

  • мұғалім апта кестесіндегі сабақ санына сәйкес балалардың даярлығы мен сабақтың нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады;

  • оқушылардың тактикалық ойлауын дамытуға, дене қасиеттерін тәрбиелеуге әсерін ескере отырып, ең оңтайлы қозғалыс ойындарының мазмұны болуы қажет;

  • оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау-сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;

  • дене шынықтыру сабақтарының тиімділігі екі параметр бойынша бағаланады:

а) жекелеген бақылау оқу нормативтерін орындау нәтижелері;

ә) мұғалімнің таңдауы бойынша нормативтерді орындау нәтижелері.

«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.

Оқу жылы ішінде 4 реттен кем емес жалпы мектептік «Денсаулық күні» өткізіледі және каникул кезінде ұйымдастырылады.

«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.

Оқушылардың дене шынықтыру бойынша үй тапсырмасын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі болып саналады. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, сабақта қарастырылған тақырыптарға қызығушылықтарын қалыптастыруға (қозғалыстарды қайталау, гимнастика жасау және т.б.) мүмкіндік береді. Үй тапсырмасын тұжырымдау барысында оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеру қажет.

«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың сайтына орналастырған (www.nnpcfk.kz).



Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2017-2018 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

– Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл (1992-2017);

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл (1992-2017);

– «ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесі (2017 жылғы маусым-қыркүйек).

«Дене шынықтыру» пәні бойынша 6, 8, 9-сыныптарда оқу жүктемесінің көлемі:

– 6-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;

– 8-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;

– 9-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды.





жүктеу 10,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау