6. Тезистік лекция конспектілері
Дәріс 1 - Экономикалық талдаудың негідері
Мақсаты: Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың мәні және міндетін, экономикалық талдау ғылымына анықтама беру, оның негізгі мазмұнын ашу.
Мазмұны
Экономикалық талдау және теориялық таным
Экономикалық талдау және экономикалық теория
Экономикалық талдау жүйелілігі мен кешенділігі
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: экономикалық талдау, макроэкономикалық талдау, микроэкономикалық талдау, бағдарламалық талдау, қаржылық-экономикалық талдау, аудиторлық талдау, техникалық-экономикалық талдау, әлеуметтік–экономикалық талдау, экологилық талдау, маркетингтік талдау, салыстырмалы талдау, акторлық талдау, диагностикалық экспресс талдау, маржиналдық талдау және т.б.
Экономикалық талду басқару шешімдерін қабылдайтын ғылыми база болып табылады. Оны негіздеу үшін потенциалды мәселелерді, қаржылық және өндірістік тәуекелділікті көрсету және болжау, шаруашылық субъектінің табыс пен тәуекелділік дәрежесіне қабылданатын шешімдердің әсерін анықтап, шаруашылық қзмет нәтижесіне талдау жүргізу қажет.
Шаруашылық субъектінің статусының жоғарылауы олардың адында өндірістік және қаржылық мәселелердің шешілуіне мүмкіндік ашып, басқарушылар алдына қаржыландыру көзін табу, инвестициялық саясатты оңтайландыру мәселелерін қояды. Ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалау, төлем қабілеттілігін анықтау және объективті, ғылыми негізделген оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржылық талдау қажет.
Табиғат құбылыстары мен қоғамдық өмірді зерттеуді талдаусыз жүргізу мүмкін емес. «Талдау» терминінің өзі гректің «analyzis» деген сөзінен шыққан, аудармасында «бөлшектерге бөлемін» дегенді білдіреді. Демек, талдау шағын мағынада құбылыстар мен заттарды зерттеу үшін оларды құраушы бөлшектерге бөлемін дегенді білдіреді. Мұндай бөлшектеу зерттелетін заттың, құбылыстың, процестің ішіне үңілуге, оның әр бөлшегінің мәнін анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы, өнімнің өзіндік құнының мәнін ұғу үшін оның тек қандай элементтерден құралатынын ғана емес, сондай-ақ әр шығын бабы мөлшерінің неге байланыстылығын білу керек. Өнімнің өзіндік құнының құрылымы мен оған әсер ететін факторлар дәлірек қарастырылған сайын, біз бұл экономикалық құбылыс жайында көбірек білетін боламыз және өнімнің өзіндік құнының қалыптасуын анағұрлым жақсы басқара аламыз.
Сонымен қатар, қоршаған ортаның көптеген құбылыстары мен процестері тек анализ көмегімен ғана таныла алады деп айта алмаймыз. Кей кездерде адамның ойлау қабілеттілігіне сай келетін басқа тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындайды. Бұл мағынада талдауға зерттелетін заттың әртүрлі бөлшектері арасындағы байланысты табатын синтез жақын келеді. Қазіргі кездегі диалектика шындықты зерттеудің ғылыми әдістері ретінде талдау мен синтездің бірлігінен шығады. Тек талдау мен синтез ғана біріккен күйде құбылыстардың жан-жақты диалектикалық байланысының ғылыми зерттелуін қамтамасыз етеді.
Сонымен, талдау ұғымы кең көлемде кішкентай бөлшектерге бөлінген және олардың байланыстарының әртүрлілігіне қарамастан табиғат құбылыстары мен заттарын танудың тәсілі ретінде қарастырылады.
Ғылым мен тәжірибеде талдаудың әртүрлі түрлері қолданылады: физикалық, химиялық, математикалық, статистикалық, экономикалық және т.б. Олар тәсіл, мақсат және объектілері бойынша ерекшеленеді. Физикалық, химиялық және басқа да талдауларға қарағанда экономикалық талдау экономикалық құбылыстардың абстракті-логикалық зерттеу тәсіліне жатады, мұнда микроскопты да, химиялық реактивтерді де қолдану мүмкін емес, тек абстракция күші ғана қолданыла алады.
Адамның талдау қабілеттілігі қоршаған ортадағы өз іс-әрекеттерін әрқашан бағалап отырудың объективті қажеттілігінен туындады және жетілуде. Бұл еңбек пен ресурстарды анағұрлым эффективті жұмсаудың тәсілін іздестіруге итермелейді.
Тұрғын халықтың санының өсуіне, өндіріс құралдарының жетілуіне, адамзаттың рухани және материалдық қажеттіліктерінің өсуіне байланысты талдау дамыған қоғамның ең алғашқы өмірлік қажеттілігіне айналды. Қазірде талдаусыз адамның саналы қызмет етуі мүмкін емес. Ф.Энгельс талдаудың пайда болуының тарихи шекарасына мінездеме бере отырып, былай деп жазған: «Жаңғақты бөлудің өзі талдаудың бастамасы болады». Адамзаттың дамуына байланысты бөлінген жаңғақтар саны да өсуде, әрі оларды бөлу тәсілдері де жетілуде. Талдау объектілерінің шеңбері ұлғаюда, сонымен қатар талдаудың өзі де жетілуде.
Саналы қызметі нәтижесінде адамдардың табиғи ортамен қарым-қатынастары бірте-бірте кеңейді, соның салдарынан адамдар әртүрлі объектілер мен құбылыстар жайлы өз түсініктерін тереңдетті. Бірте-бірте бұл объектілер мен құбылыстарды зерттеуге байланысты талдаудың тереңдетілген түрі қажет болды. Осылайша, математика, химия, медицина және басқа да ғылымдардағы талдау пайда болды.
Бүгінде, экономикалық құбылыстар мен процестерді макродеңгейде зерттейтін жалпытеориялық экономикалық талдау мен бөлек кәсіпорындардың экономикасын зерттеу үшін қолданылатын шаруашылық қызмет талдауы – микродеңгейдегі нақты-экономикалық талдауын айыра білу керек. Егер, жалпытеориялық экономикалық талдаудың ғылыми тұрғыдағы дамуы алдыңғы ғасыр экономистерінің еңбектерінде көрініс тапса, ал шаруашылық қызмет талдауы ғылым ретінде салыстырмалы түрде жақын арада көрініс тапты.
Материалистік диалектика барлық құбылыстар мен процестерді тұрақты қозғалыста, өзгерісте, дамуда қарастыруды қажет деп санайды. Шаруашылық қызметті талдау әдісінің бір сипаттамалық белгісінің қайнар көзі осында – тұрақты салыстырулардың қажеттілігі. Салыстырулар Шаруашылық қызметті талдауда кеңінен қолданылады. Қызметтің нақты нәтижелері өткен жылдардың нәтижелерімен, баса кәсіпорындардың жетістіктерімен, жоспарлы көрсеткіштерімен және т.б. салыстырылады.
Материалистік диалектика әрбір процесс, әрбір құбылысты қарама-қайшылықтардың күресі және бірлік ретінде қарастыру керектігін үйретеді. Осы арадан ішкі қарама-қайшылықтарды, әрбір процестің, әрбір құбылыстың оң және теріс жақтарын зерттеу қажеттілігі туындайды. Бұл да шаруашылық қызметті талдаудың сипаттамалық белгісінің бірі. Мысалы, ҒТП еңбек өнімділігінің артуына, рентабельділік деңгейінің өсуіне және т.б. оң әсерін тигізеді, бірақ қоршаған ортаның ластануы, гиподинамия дамуы және т.б. сияқты оның теріс жақтарын да ескеру қажет.
Талдауда диалектикалық әдісті қолдану кәсіпорынның шаруашылық қызметін зерттеу барлық өзара байланыстарды есепке ала отырып жүргізілуі керек екендігін білдіреді. Ешбір құбылыс дұрыс түсінікті болуы мүмкін емес, егер ол бөлек түрде, басқалармен байланыссыз қарастырылатын болса. Мысалы, өнімнің өзіндік құнының деңгейіне жаңа техниканы енгізу әсерін зерттей отырып, тікелей байланысты ғана емес, сонымен қатар жанама байланысты да ескеру қажет. Жаңа техниканы енгізу нәтижесінде өндіріс шығындары артатыны, сонымен бірге өнімнің өзіндік құны да артатыны белгілі. Бірақ мұнда өз қатарында еңбекақының үнемделуі мен өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне жағдай жасайтын еңбек өнімділігі өседі. Осыдан шығатын, егер еңбек өнімділігінің өсу деңгейлері жаңа техниканы ұстау мен іске қосуға кететін шығындарының өсу деңгейіне қарағанда жоғары болса, онда өнімнің өзіндік құны төмендейді, және керісінше. Яғни, осы немесе басқа да экономикалық құбылысты түсініп, дұрыс бағалау үшін басқа құбылыстармен барлық байланыстарын және өзара тәуелділікті зерттеп алу қажет. Бұл шаруашылық қызметті талдау әдісінің әдіснамалық белгісінің бірі.
Жүйелі көзқарас – зерттеу әдіснамасындағы бағыт. Ол көптеген ішкі және сыртқы байланыстары бар жеке элементтерден тұратын күрделі жүйелер сияқты оюъектілерді зерттеуге негізделеді. Жүйелі көзқарас объектіні терең зерттеуге, ол туралы неғұрлым көбірек түсінік алуға, осы объекттінің жеке бөліктері арасында себепті-тергеулі байланысынкөрсетуге мүмкіндік береді.
Жүйелі көзқарастың негізгі ерекшеліктері – қозғалмалылық, өзара қарым-қатынас, өзара тәуелділік және жүйе элементтерінің өзара байланысы, кешенділік, толықтылық, бағыныштылық, бастаушы буынның ерекшеленуі. Экономикалық талдауда жүйелі көзқарас неғұрлым мақсатқа сай басқарушылық шешімдерді таңдау үшін негіз болатын беліген нұсқалардан тиімдісін таңдауға, шаруашылық мәселелерді шешудің ғылыми негізделген нұсқаларын құрастыруға мүмкіндік береді.
Жүйелі талдау процесінде бірнеше жүйелі кезеңдерді қарастыруға болады.
Зерттеудің бірінші кезеңінде талдау объектісі анықталған жүйе ретінде көрінеді. Бұл үшін ең басында жүйе элементтері ретінде қарастыруға болатын объектінің жеке бөліктерін бөліп көрсетеді. Нақты жағдайларда жүйе бірнеше деңгейге ие болуы мүмкін, яғни бірінші деңгейдің әрбір бөлек алынған элементін жеке жүйе (ішкі жүйе) түрінде қарастыруға болады. Бұдан басқа, талдаудың бірінші деңгейінде жүйенің даму мақсаты, оны шешетін мәселелер, басқа жүйелермен байланыс, жеке элементтер арасындағы өзара байланыстар, әрбір элементті және жүйені түгелдей іске асыру құрылуы тиіс.
Жүйелі талдаудың екінші кезеңнің негізгі мақсаты – жүйелері бар шарттарға, өзара байланыстарға (ішкі және сыртқы), элементтерге барлығына анағұрлым толық және сапалы баға беруге мүмкіндігі бар көрсеткіштердің іріктелуі.
Үшінші кезеңде зерттелетін жүйенің жалпы схемасы құрастырылады. Графикалық тұрғыда ол әдетте әрбір элементке арнайы блок сәйкес келетін блоктық сурет түрінде көрсетіледі. Бөлек блоктар жүйенің ішкі және сыртқы байланыстарының бары мен бағытын көрсететін бір-бірімен стрелкалар арқылы байланысқан. Мұнда алдыңғы кезеңде таңдалған көрсеткіштер жүйе элементтері мен байланыстары бойынша үлестіріледі, олардың тізімі нақтыланады (бірін-бірі қайталайтын шығарылып тасталады, ақпараты жеткіліксіздері ауыстырылады және т.с.с.).
Талдаудың төртінші кезеңі жүйенің экономика-математикалық үлгісі жалпы түрде құрылуына арналады. Мұнда сапалы талдау негізінде жүйенің барлық теңдеулер мен теңсіздіктердің математикалық нысандары анықталады. Бұл кезеңде әртүрлі әдістер көмегімен барлық теңдеулер мен теңсіздіктердің коэффициенттері, шетеу параметрлері мен мақсат функциялары анықталуы тиіс.
Нәтижесінде істелген жұмыс қорытындысы бойынша таңдалған объектіні экономикалық талдау үшін пайдаланылуы мүмкін экономика-математикалық үлгі алынуы мүмкін.
Ең соңғы талдаудың бесінші кезеңі «үлгімен жұмыс» деп аталады. Оны диалог түрінде компьтерде жасаған дұрыс. Өндірістің сол не басқа факторларын сипаттайтын экономика-математикалық үлгісінің (коэффициенттер, шектеулер) бөлек параметрлерін ауыстыру жолымен функция мәнін анықтайды. Осы көрсеткіштерді нақты, жоспарлы және басқалармен салыстыру шаруашылық қорытындысын, нәтижелі көрсеткіштер шамасына факторлар әсерін бағалауға, ішкі шаруашылық резервтердің пайдаланылмаған көлемі мен көздерін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Талдауға суреттелген көзқарас басқалармен салыстырғанда маңызды артықшылықтарға ие: ол зерттеудің кешенділігі мен мақсаттылығын; өндіріс тиімділігінің арту резервтерін табудың әдіснамалық негізделген схемасын; шаруашылық нәтижелерін объективті бағалауды; шапшаңдық, әрекеттілік, негізін, талдау мен оның қорытындыларының дәлділігін қамтамасыз етеді. Алынған экономика-математикалық үлгі талдауда қайта-қайта қолданылуы және басқарушылық шешімдерді негіздеудің жақсы құралы ретінде қызмет етуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |