Біріншіден, бұл тәжірибелік қажеттілікті қанағаттандыру. Ол өндірістік күштердің дамуына, өндірістік күштердің жетілуіне, өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты пайда болды.Кішігірім кәсіпорындарда қолданылған интуитивті талдау, жобалық есептер үлкен өндірістік бірліктер шарттарында жеткіліксіз болып қалды. Жан-жақты жинақталған шаруашылық қызметті экономикалық талдаусыз күрделі экономикалық процестерді басқару мен оптималды шешімдер қабылдау мүмкін емес.
Екіншіден, бұл экономикалық ғылымның жалпы дамуымен байланысты. Кез келген ғылымның дамуымен оның салаларының дифференциациясы жүргізілетіні бәрімізге мәлім. Шаруашылық қызметтің экономикалық талдауы қоғамдық ғылымдардың дифференциациялануы нәтижесінде пайда болды. Бұрын экономикалық талдау қызметтері балансжүргізу, бухгалтерлік есеп, қаржы, статистика және тағы да басқа ғылымдар шегінде қарастырылатын. Бұл ғылымдар шегінде талдауды зерттеудің алғашқы қарапайым тәсілдері пайда болды. Бірақ, кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік дамуының ағымдағы және бесжылдық жоспарын негіздеу үшін кәсіпорын қызметін жан-жақты жалпы зерттеу қажеттілігі туындады. Жоғарыда аталып өткен ғылымдар тәжірибенің барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмады. Шаруашылық қызметті талдауды ғылымның бөлек жеке саласы ретінде көрсету қажеттілігі туындады. Осыдан соң, экономикалық талдаудың маңызы шаруашылық қызмет барысындағы қателердің бағасына сай өсіп отырды.Оған деген қызығушылық өсуде. Өндірісті зерттеу жалпылама талдаушылық көрініс тапты. Талдау кәсіпорын экономикасын басқарудағы маңызды құралға айналды, резервтерді тану өндірістік эффективтіліктің жоғарылауына әкеледі.
Шаруашылық қызметті талдаудың ғылым ретінде даму тарихына көңіл аудара отырып екі жағдайды еске сақтау керек: біріншіден, ғылымның теориялық сұрақтарын жетілдіруге, екіншіден, олардың тәжірибедегі қолданылуы. ШҚТ туралы алғаш арнайы кітаптар ХХ ғасырда пайда болды. Олар баланс талдауына арналған еді және методикалық бағытта болды. 30-шы жылдары ШҚТ СССР-дың жоғарғы оқу орындарында оқылатын болды. ШҚТ туралы алғаш кітаптар мен әдістемелер шыға бастады. Олардың авторлары Н.Р.Вейцман, С.К.Татур,М.И.Баканов және т.б. 30-шы жылдары ШҚТ-ның ғылым ретінде қалыптасуы болды, әрі оны тәжірибеде кәсіпорын экономикасын жалпылама зерттеу жүйесі мен өндірістік резерті жоғарылатуды іздеуде қолдана бастады. Соғыс алдындағы жылдары экономикалық талбдау сұрақтары бойынша үш жүзден аса кітаптар мен алты жүздец ғылыми мақалалар жасалды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бухгалтерлік есептің қайтақаралуы, бақылау мен шаруашылық қызметті талдау басқа авторлардың да туындыларында көрініс тапты.
Соғыстан кейінгі жылдарды талдаудың теориялық сұрақтарына арналған деп айтуға болады. Осы кезде талдау кәсіпорынның да ұлттық экономиканың деңгейінде басқару тәдірибесінде қолданыла бастады. Экономикалық талдаудың дербес әдістемелік бағыттары жетіле бастады: салыстырмалылық, технико-экономикалық, оперативті, экономика-математикалық, функционалды-бағалық және т.б.
Шаруашылық қызметті талдауды жалпы зерттеу әдістемелігінің дамуында үлкен рөлді М.И.Баканов, А.Д.Шеремет, С.Б.Барнгольц, В.Ф.Дьяченков, А.Ш.Маргулис, А.И.Муравьев, В.И.Самборский, Н.В.Дембинский, Г.М.Таций, Н.Г.Чумаченко, В.И.Стражев, С.Г.Овсянников, Н.А.Русак, Л.Н.Кравченко, Б.И.Майданчик, Р.С.Сайфулин, А.Ф.Аксененко және т.б. экономист ғалымдар.
Талдаудың қазіргі жағдайын теориялық жағынан негізделген ғылым ретінде қарастыруға болады. Ғылым жұмыскерлерімен жасалған бірқатар әдістемелер өндірісті басқаруда әртүрлі дәрежеде болып келеді. Сонымен қатар, ғылым даму қалпында. Басқарушылық шешімдерді оптимизациялайтын математикалық, ЭВМ әдістерді зерттеу кеңінен жүргізілуде. Шетел және отандық теориялық жетістіктердің тәжірибеде қолданылуы жүргізілуде.
Шаруашылық қызметті талдаудың теориялық бағыттары математика, статистика, бухгалтерлік есеп және т.б. ғылымдармен байланысты. Сондай ақ, талдауды дамыту тәжірибелік сұрақтармен байланысты. Басқарудың командалық-административті жүйесінде талдау тәжірибе жүзінде қажетінше дами алмады.
Ал қолданбалы жүйеге келгенде шаруашылық қызметті талдауды басқарудағы жетекші орынды алады. Оған біздің қоғамымыздағы барлық өзгерістер әсер етеді. Нарыққа көшудегі экономикалық механизмнің жетілуі кәсіпорынның бәсекелестігі мен осы ғылымға деген қызығушылықтың өсуіне әкеледі.
Экономикалық талдау түрлері. Экономикалық талдау кәсіпорын қызметінің әртүрлі бағыттары, сала, халықаралық байланыстар бойынша жүргізіледі (сурет 1.)
Сурет 1 - Экономикалық талдау жүйесіндегі кәсіпорын қызметін талдау
Экономикалық басқарудың негізгі функциялары:
басқаруды ұйымдастыру;
жоспарлау (экономикалық жүйені болашақта және ағымды жоспарлау, болжамдау);
талдау (экономикалық қызмет барысын және нәтижелерін талдау, ғылыми негізделген критерийлер негізінде оның жетілдіру мүмкіндіктерін бағалау);
басқарудың мәліметтік қамсыздандыру (экономикалық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтерді жинақтау, өңдеу);
бақылау (басқару шешімдері мен бизнес-жоспарлардың орындалу барысын бақылау).
Талдау бойынша барлық жұмыстар функционалды болып саналады. Оларға келесі функциялар жатады:
басқаруды ұйымдастыру функциялары;
жоспарлау функциялары;
бақылау функциялары.
Экономикалық талдау әртүрлі бағыттар мен белгілерге байланысты жіктеледі: салалық, уақытты, кеңістік, жүйедегі басқару функцияларына байланысты, қызмет аймағына байланысты, статистикалық мәліметтерді іріктеуге байланысты (кесте 1).
Кесте 1- Кәсіпорынның экономикалық талдау бағыты
Достарыңызбен бөлісу: |