Лекцияның мәтіні
1. Серпу мен серпіліс аяғының жұмыс ерекшелігі.
Техниканың ең қиын элементі: бұл - итеруден басталады. Итеретін аяқ жерге табанының басына жедел қойылады. Осы жағдай кедергіге шабуыл жасағанда, дененің ортақ масса күші жоғары қалыпта болып және жылдамдықты жоғалту аз мөлшерде болады. Итеру бұрышы 65-70 градус. Кедергіден жүгірушінің барлық әрекеті,"шабуыл жасау" деп аталады. /сүрет57, кадр1-4/кедергі шабуыл жасауда ең басты элемент, ол сермелетін аяқтың қозғалысы, тізеден бүгілген аяқ жедел, алға- жоғары бағытталған. Сермелетін аяқтың шабуылы аяқталатын сәтте, сирақ қозғалысы тасталып ашылады. Сермелетін аяқтың мұндай қозғалысы тепе-тендік жылдамдықтықты жоғары деңгейде ұстайды.
Кедергіден жүгіруші шабуыл жасаған сәтте / сермелген аяқ түзу болған кезде / дене жедел алға еңкейеді.. Сермелетьін аяққа қарама- қарсы қол шабуыл алдында шынтақтан бүгіледі. Сермелетін аяқ түзелген сәтте, қол жазылып, алға жібіреледі, сәл ішке, алақан төмен бағытталған. Кейбір жігірушілер шабуыл кезінде алға екі қолмен қозғалыс жасайды. Итерілетін аяқ тізеден бүгіліп, сырт жаққа бағытталып, тез жоғары- алға қозғалады. Сермелетін аяққа қарма -қарсы қол сырт жаққа артқа-төмен бағытта болады. Сермелетін аяқ жақтағы қол, жай жүгіру кезіндегідей бүгіліп, алға қозғалады. Кедергіден дененің ортақ массасының өтуі кедергіден түсу фазасы деп аталады. Кедергіден сермелетін аяқтың түсуі Д.Ом проекциясына таяу түседі. Аяқ табаннының тұмсығына қатты қойылады. Итерілетін аяқ түсерде тіземен жедел алға қозғалады.
2. Жүгіру арқылы кедергіден өту. Кедергіден түсер сәтте денені еңкейтіп ұстаудың маңызы өте зор-ол шабуыл жасайтын қалыптағыдай болады.
қол кедергіден түсерде жедел қимыл жасап, жай жүгірудегідей жұмысқа дайындалады.
Сермелетін аяқ жақтағы қол тез алға шығарылады, осындай қозғалыс итерілетін аяқтын тез қозғалуына өз әсерін тигізеді. Сермелетін аяққа қарама-қарсы қол артқа ығыстырылған сәтте шынтақ буыннан бүгіліп, жай жүгірістегідей қозғалыс жасайды. Кедергіден жүгірушінің осындай кедергіден өту әрекеті жылдамдықтын аз жоғалуына және кедергі арасын тез жүгіруді тез жүгіруді қамтамасыз етеді.
Кедергілер арасын жүгіру үш адымда орындалады. Дистанция бойымен жүгіргенде жүгіру адымның параметрі практикалық жүзінде өзгерусіз қалады және кедергіден жүгіру ырғағына сипаттама береді. Бірінші адым- ең қысқа, екінші - ең үлкен, үшінші-10-15 см. қысқа, екінші адымға қарағанда. Ақырғы адымды қысқарту келесі кедергіге шабуыл жасауға жақсы жағдай тудырады.
Кедергі араларында кедергіден жүгіруші өжет, қайратты, бірақ денені босаңқы ұстағанда өз нәтижесін береді.
Сөреге жету ақырғы кедергіні өткенде басталады және спринттерлік жүгіру болып табылады. Кедергідн жүгіруші осы дистанция бөлігінде / 14,02м. / барлық назарын адым ұзындығына және жеделдігіне аударады, бұл жоғары жылдамдықты ұстауға өз үлесін қосады. Мәре сызығы бөлігінде денені ерте көп енкейту уақытты кешеілдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |