пышағының - кесуші станок пышағынан, қол
қайшыларының
айырмашылығы жоқ. Мүғалім оқушыларды еңбектің қол қүралдарымен
таныстыра келе, ең күрделі машиналық жүмыс негізінде қол жүмысының
принциптері енгізілгенін көрсетіп, еңбектін, қолдық қүралдарын жақсы
меңгеру машинадағы жүмыстың жемісті болуын қамтамасыз етуін
мəлімдейді. Модельдеу процесінде мүғалім жалпы түрде балаларды кейбір
машина жүмыстарының негізіне алынған жаратылыстану ғылымдық
заңдарымен таныстырады.
Маңызды болып есептелінетін міндеттер-оқушыларды еңбектегі адам
қызыметімен таныстыру. Мүғалім нақты мысалдарда қандай да болмасын
өнеркəсіптік бүйымның бірнеше сатысының болуымен таныстырады. Бірінші
конструктор болашақ бүйымның сызбасың шығарады; технолог оның
дайындалуының реттілігін жоспарлайды; кейін сызба дайындау реттілігі
бейнеленіп өнеркөсіп орындарының цехтарына түседі, онда жүмысшылар
танысып, оны шығаруға қажетті материалдарды, құралдарды,
станоктарды дайындап, түрлі технологиялық өңдеулерді жүргізеді, осы
қызметтің нəтижесінде тапсырылған еңбек өнімі пайда болады. Оны
аяқталған бүйым деп санауға болады. Технологиялық процесс туралы
əңгімелеуді мүғалім өнеркəсіптік еңбекте бəрі: еңбек пəні де, еңбек қүралы
да, адамның еңбектегі қызметіде - «аяқталған бүйымда», «еңбек енімінде
өшіріледі». Осы білімдер жалпыланған біліктердің қалыптасуына жəне
оның жоғарғы кластарда политехникалық білім берудің жалғастыру
базасының негізі болады.
Бақылау сұрақтары:
- курстың мақсаты мен міндеттері қандай?
- Еңбекке баулу пəні қандай бөлімдерден құралған?
- Еңбектің мəні қандай?
- Еңбекте қандай процесстер жүреді?
Əдебиет:
1. Цейтлин Е.Н.Справочник по тру-довому обучению. - Москва
«Просвещение», 1983г.
2. Кузнецов Н.П. Методика трудового обучения с практикумом в учебных
мастерских» Москва 1981г.
3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың əдістемесі мен
практикумы» РИО ЗКГУ, 2005ж.
Лекция2. Тақырыбы : Қатты материалдарды өңдеудің технологиясы.
Мақсаты: қатты материалдардың қасиеттері мен технологиясы туралы
білімін қалыптастыру.
Лекция мазмұны.
Ағаш материалының адам өмірінде қолданатын орны өте мəнді ағаш
материалы өнірісте, құрылыста, тұрмыста өте жиі қолданады. Сонымен бірге
ағаштан жасалған бұйымдардың қолданбайтын жері жоқ.
өсір тұрған ағаш тамырдан, діңнен жəне ағаш басынан тұрады. Ағаш
массасының 12 пайызы ағаштың массасын құраса, 15 пайызы тамыры жəне
75 пайыз діңі болып табылады. Ағаштың басы бұтақтар, жапырақтар
бөлігінен тұрады.
Ағашты көленеңнен кескенде мынандай бөліктерден тұрады: өзек,жүрекше
сəуле, ядро, төз қабығы, қабықша, шел қабық, камбий, жылдық сақина қабық.
Ағаштың физикалық қасиетіне сыртқы беті, иісі, тығыздығы, ылғалдығы,
жылу өткізгіштігі жатады. Сыртқы беті оның түсі, жылтырлығы жəне
текстурасымен анықталады. Ағаштың түсі, оны көлденең жəне бойымен
тілген кезде байқауға болады. Ақ түсту ағашқа жөке, шырша, терек жатса,
емен, шетен ағаштары күңгірт, жаңғақ ағашы қоңыр түсті болып келеді. Яғни
ағаштардың тұқымын түсі, жылтырлығы жəне текстурасы арқылы ажыратуға
болады. Ағаштың ең құнды қасиеті, оның текстурасында. Тексурасымен
сəндік бұйымдар, жиһаздарға өте құнды қасиет. Бұл тектсураны алу үшін
ағашты үш түрлі бағытта кеседі: ағаш бойымен, радиальды жəне
тангенциальды. Тағы бір ағаштың бөлігі – тамыр бөлігі. Ол бөліктерден
құнды сувенир бұйымдар жасайды.
Жарық сəулесін шағылыстыра алатын қабілетін ағаштың жылтырлығы
дейді. Жылтырлығы жоғары ағашқа емен, ақ акация, шамшит үйеңкі жатса,
жылтырлығы төмен ағаштарға жөке, теректер жатады. əрбір ағаштың өзіне
тəн иістері болады. əсіресе қылқан жапырақты ағаштардың иісі мəнді
шығады. өйткені олардың құрамында шайыр, эфир майы кездеседі.
Бұйым жасау жəне құрылыста қолдану үшін ағаштың ылғалдылығын
төмендету қажет. Бұйым жасауда ағаштың ылғалдылығы 10 пайыздар артпау
қажет. өйткені, қолданылу орнында деформацияға ұшырап бұйымның
сапасын төмендетеді немесе бұзылуы мүмкін. Ағаштың мынандай
ылғалдылық дəрежесіне байланысты мыналар тобына бөледі: 100 паыз ағаш
суда жатуы; 50-100 пайыз ылғалыдылық ағаш жаңадан кесілуі; 15-20 ағаш
ауада кептірілуі; 8-12 пайыз бөлмеде кепкен ағаш; 0 пайыз ылғалдылықтың
мүлдем жоқтығы. Ағаштың өсіп тұрған кезінде жыл мерзімінде ылғалдылық
əр түрлі болады. Қыс жəне күздің кешінде ылғалдылық жоғары, ал жаз
мезгілінде төмен болады. Ағаш тығыздығының дəрежесі үш топпен
құралады. Төмен дəрежелі тығыздық шырша, қарағай, терек, ива ағаштары
жатса, орташа тығыздықта жөке, қайың, груша,емен,рябина, ал тығыздығы
жоғары – ақ акация, самшит қызыл ағаш(макагон) жатады.ағаштың жылу
өткізгіштігі оның тұқымына, тығыздығына жəне ылғалдылығына байланысты
жылу тығыздығы төмен ағаштарда төмен болса, жоғарыда артады. Көлденең
тұрған ағаш жылуды жақсы өткізбейді. Ұзын талшықтарымен жылуды екі
есе жоғары өткізеді. Дыбыс өткізуі де солай. Ұзын талшықтарымен
арттыратын болса, көлденең нашар өткізеді. Ылғалдылық төмен болса
дыбысты жақсы шығармайды. Сондықтан саз аспаптарын жасауға шырша
ағашы өте қолайлы.
Металлды екі топқа бөледі. Қара металл жəне түсті. Қара металлға
жоғары көміртекті элементтен тұратын темір материалын атайды(2 пайыздан
жоғары тұратын көміртекті металл). Қара металл – шойын. Ол 1250 градуста
Достарыңызбен бөлісу: |