Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет59/61
Дата16.02.2018
өлшемі5,03 Kb.
#9758
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61

 
181 
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 Физика  пәні  бойынша  сабақтан  тыс  жұмыстарын  өткізудің 
негізгі  ерекшелігі  –  оқушылардың  өз  қызығушылығы  бойынша 
ерікті түрде таңдауы.  
Оқушылардың  қызығушылығы  бойынша  жұмыстың  әртүрлі 
формасын  ұйымдастыру  олардың  жеке  қабілеттілігін  қалыптас-
тырып,  дамыта  алады,  белгілі  бір  саладағы  қызметкерлердің  аса 
маңызды еңбек қызметі жөнінде түсінікке ие болады.  
Физика  пәні  бойынша  сабақтан  тыс  жұмыстарды  ұйымдас-
тырудың  негізгі  принциптердің  бірі  физика  бойынша  сабақтар-
мен тығыз байланыс болып саналады. Бұл байланыстың екі жағы 
бар. Олардың  біріншісі -  физика пәні бойынша барлық сабақтан 
тыс жұмыстарда оқушылардың сабақта алған қабілеті мен білімі 
тірек  болып  табылады.  Екіншісі  -   сабақтан  тыс  жұмыстардың 
барлық формасында ғылымға қызығушылығы бар және практика 
жүзінде  іске  асыра  алатын  оқушылардың  физикаға  деген 
қызығушылығын  одан  әрі  арттыра  түсіп,  білімін  тереңдетуге 
және кеңейтуге  қажеттілік тудыру. 
Физика  бойынша  үйірмелер,  олимпиадалар  және  кештер. 
Сыныптан тыс жұмыстың негізгі бір формаларының бірі – пәндік 
үйірмелер  болып  табылады:  физикалық,  физикалық-техникалық, 
техникалық  үйірмелер.  Үйірме  олимпиада  мен  кештерге  қара-
ғанда  құрамында  тұрақты  оқушылармен  үнемі  жұмыс  жасайды 
және  мұғалімге  оқу-тәрбиелік  міндеттердің  кең  шеңберін  бүкіл 
оқу  жылы  бойында  нақтылы  жүйеде  шешуге  мүмкіндік  береді. 
Жалпылама 
 
КВН 
 
Ғылыми – тәжірибелік 
конференциялар 
 
Қабырға газеттерін шығару 
 
Ғылыми – техникалық  
шығармалар көрмесі 
 
Ғалымдармен кездесу 
 
Өнертапқыштармен және еңбек 
ардагерлерімен кездесу 
 
Физикалық кештер 
 


 
182 
Сыныптан  тыс  жұмыстың  үш  басты  бағыты:  білім  беру, 
конструктивті-техникалық және оқу-зерттемелік бағыттар дәл сол 
үйірме жұмыстарында көрініс алады. Үйірме сабағының мазмұны 
әдетте  сабақта  алынған  білімдер  мен  шеберліктерді  тереңдету 
және кеңейтуге бағытталған. Мұндай типтегі үйірме жұмысының 
жоспары  оқу  жұмысының  жоспарымен  соншалықты  тығыз 
байланыста  болуы  мүмкін,  немесе  едәуір  автономды  (дербес) 
болуы мүмкін. 
Үйірме – сыныптан тыс жұмыстың негізгі формасы.  
Сыныптан  тыс  жұмыстар  физика-техникалық  үйірмелер  тү-
рінде ең көп, әрі жүйелі өткізіледі. Үйірмелер физикалық (төменгі 
сыныптарда  -  «Жас  физиктер»,  «Проекциялық  және  дыбыстық 
техника», «Жас конструктор», «Қызықты физика», «Қолдан физи-
калық  приборлар  жасау»,  ал  жоғары  сыныптарда  –  «Есеп  шыға-
ру»,  «Физикалық  теорияларды  оқу»,  «Техниканың  физикалық 
негіздері», «Физика-зерттеушілер», «Физик-экспериментаторлар») 
және  физика-техникалық  (электромонтаж,  электр,  радио,  фото, 
кино,  электроника,  авто-,  авио-,  кеме-,  моделистер  үйірмелері) 
болып  бөлінеді.  Үйірмедегі  оқушылардың  саны  10-15  баладан 
аспағаны дұрыс. Үйірме жұмысы барлық пәннен мектеп бойынша 
жоспарлануы қажет. Үйірменің күнтізбелік жоспары, оған қажетті 
әдебиеттер тізімі физика кабинетінде ілініп тұруы тиіс. 
Физика-техникалық  үйірмелер  мынадай  әдістемелік  талап-
тарға сай ұйымдастырылады: 1) үйірмені ұйымдастыру туралы 
ұсыныс-тілекті  оқушылардың  өздерінің  бергені  дұрыс.  Ол  үшін 
мұғалім  қандай  үйірмелер  ұйымдастырылатындығын,  оларды 
кімдер және қандай мерзімде өткізетінін, қызықты әдебиеттердің 
тізімін  көрсетіп  физкабинетке  хабарландыру  жазып  қою  керек, 
оны әр сыныпта талдап, насихаттау қажет; 2) үйірмеге оқушылар 
өз  қалауымен  қатысқаны  абзал;  3)  төменгі  және  жоғары  сынып 
оқушылары  үшін  бөлек-бөлек  үйірме  топтары  болғаны  жөн.        
4)  үйірмедегі  балалардың  жұмыстарына  барынша  ерік-ықтияр 
беру  нәтижелі  болады;  5)  үйірме  жұмыстарының  тәрбиелік 
мәніне  де  (еңбек  дағдысы,  техникалық  мәдениеті,  эстетикалық 
маңызы) жеткілікті  мән  берген  жөн.  6)  олардың  істеген  жұмыс-
тарын  мектептегі  барлық  оқушыларға  таныстырып  (көрме, 
конкурс,  газет)  тұру  пайдалы;  7)  үйірме  сабақтарында  оқу 
бағдарламасының міндетін орындауға болмайды.  


 
183 
Жүйелі  түрде  жүргізілген  сыныптан  тыс  жұмыс  оқушылар-
дың  қабілетін  дамытуға  және  олардың  физика  мен  техниканың 
белгілі  бір  саласына  деген  ерекше  ықыласын  қалыптастыруға 
әсер етеді.  
Үйірме  сабақтарын  ұйымдастыру.  Мұғалім  алдымен  оқу-
шыларды  зерттеп,  олардың  ішінен  физика  мен  техникаға  қызы-
ғушылығы  бар  оқушыларды  алуы  керек.  Мұғалімнің  оқушы-
ларды  алдын ала жақсы білуі, оған олардың өз ынтасы  мен қабі-
летіне  сәйкес  үйірме  таңдауына  көмектесуге,  сонан  соң  үйірме 
мүшелеріне тапсырмаларды дұрыс бөліп беруіне мүмкіндік береді. 
Әр үйірме мүшелерінің саны 12-15-тен артық болмауы тиіс. 
Үйірме  жұмсының  жоспары  мен  мазмұнын  мектеп 
оқушыларының  ынтасымен,  жеке  басының  ерекшелігі  мен  жас 
ерекшелігіне қарай құру керек. Бірақ үйірме жұмысының жалпы 
бағытын  мұғалім  алдын  ала  өзі  анықтайды.   Оны  таңдап  алу 
мұғалімнің  көздеген  мақсаты  мен  дайындық  дәрежесінде, 
оқушылардың   тілегіне,  мектеп  талабына,  физика  кабинетінің 
жабдықталуы  жағдайына,  материалдардың  бар-жоғына  және 
бірқатар басқа да факторларға байланысты. 
Үйірме  мүшесіне  берілетін  тапсырма  әрі  оның  шамасы 
жететіндей,  әрі  жеткілікті  дәрежеде  күрделі  болуы  керек.  Аса 
терең  ойлану  мен  шығармашылықты  қажет  ететін  тапсырманы 
орындағанда ғана оқушы моральдық қанағаттанушылық алатыны 
және  оған  пайдалы  болатыны  ескерілуі  қажет.  Сондықтан  әр 
тапсырма  олар  үшін  жаңа,  сапа  жағынан  олардың  жұмысының 
өсу сатысы болуы тиіс. 
Үйірме  сабағында  газет,  журналдардан  ғылым  мен  техника 
жетістіктері  туралы  қызықты  да  маңызды  мақалдармен   үйірме 
мүшелерін таныстырып отыру пайдалы.  
Физикалық  апталық.  Оны  ұйымдастырудың  әдістемесі. 
Физика  мен  техника  кештері.  Бүгінгі  таңда  көптеген  мектеп-
терде жыл сайын білім байқауларын өткізу дәстүрге айналған. Ол 
үшін  жылдық  жоспарда  физика,  химия,  әдебиет,  т.б  пәндер 
арасында  апталықтар  өткізуге  уақыт  бөлінеді.  Жыл  соңында 
үлкен  мерекелік  кеш  ұйымдастырылып,  сыныптар  арасындағы 
жарыстардың  қорытындысы  айтылып,  жеңімпаздар  марапат-
талады.   Сыныптан  тыс  жұмыстың  мұндай  түрін  ұйымдастыру 
оқушылардың ғылыми еңбекке араласуын, белгілі бір пәнге деген 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау