Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет60/61
Дата16.02.2018
өлшемі5,03 Kb.
#9758
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61

 
184 
қызығушылығын  арттырып,  оны  өзге  пәндермен  салыстыра 
отырып мамандық таңдауға үлес қосады. 
Жыл  сайын  өткізілетін  апталықтардың  жоспары  өзгертіліп 
отырғаны  дұрыс.  Әрбір  пәндер  бойынша  өткізілетін  апталық-
тардың аралығы 10 күн болуы керек. 
Апталықтарды  өткізу  үшін  арнайы  штаб  құрылу  керек  және 
ол  апталықтардың  барлық  жұмыстарын  басқарып  отырады. 
Сонымен  қатар  мектеп  комитетінің  отырысында  штаб  құрамы 
қарастырылып, бекітіледі. 
Штаб  құрамы  тек  жақсы  ұйымдастырушылардан  ғана  емес, 
сонымен  қатар  физикаға  қызығушылығы  бар  және  өзге  оқушы-
лардың да пәнге деген қызығушылығын арттыра білетіндей білімі 
бар болуы керек. 
Штаб құрамы физикалық апталық басталатын күннен 2 апта 
бұрын  жиналады.  Штаб  құрамының  отырысында  апталықтың 
өткізу  жоспары  құрылады,  әрбір  шараға  жауапты  адам  тағайын-
далады және әрбір конкурсқа әділқазы алқаларын сайлайды.  
Апталықты өткізудің ең маңызды бөлігі оның болатындығын 
алдын – ала хабарлау. 
Физикалық  апталықтың  ашылу  салтанатында  арнайы  хабар-
ламалар дайындаған жөн. Олар мынадай түрде болуы мүмкін: 
1. Апталықтың  ашылуымен  оқушыларды  құттықтап,  оларға 
физика ғылымы жөнінде қысқаша мәлімет беру. 
2. Апталық жоспарын хабарлау. 
3. Оқушыларды  физикалық  білімдерін  одан  әрі  жетілдіруге 
шақыру. 
4.Оқушылардың  физикалық  апталыққа  арналған  әнұранын 
орындауы. 
Мектептің  хабарламалар  бұрышында  «Физика  апталығы  өту-
де»  деген  әдемі  плакат  іліп  қоюға  болады.  Бұл  ілінген  плакат  тек 
қана  жоғары  сынып  оқушыларын  ғана  емес,  төменгі  сынып  оқу-
шыларын да тіпті ата-аналарды да қызықтыратындай болуы керек. 
Физика  кабинетінің  жанына  «физикалық  апталық»  деп 
аталатын арнайы бұрыш орнату керек. Онда апталықтың жоспары, 
конкурс шартары, рефераттың тақырыптары, т.б жазылуы керек. 
Мектептің  безендіруіне  үлкен  көңіл  бөлінуі  қажет. 
Мектептегі  қабырға  газеті  мен  бұрыштамалардан  басқа  әртүрлі 
мазмұндағы плакаттармен безендіруге болады. Мысалы: 
Оқушыларды ғылымды меңгеруге шақыратын плакаттар. 
Білмеген ұят емес, білгісі келмеген ұят.  


 
185 
 Физика ғылымы жайлы плакаттар: 
Физика – табиғат жайлы ғылым. 
                                                       Э.Роджерс 
 
Біз әлі де көптеген жаңалықтар ашуға болатын ғасырда өмір 
сүрудеміз.                                              Р.Фейнман. 
 
 
12.3. Физикалық сыныптан тыс жұмыстарды 
 өткізудің әдістемесі 
Физика  апталығын  өткізу.  Физика  апталығы  шаралар  есте 
қаларлықтай  жарқын  болуы  тиіс.  Ол  үшін  көптеген  қызықты  
сайыстар өткізуге болады: 
1.  Сөзжұмбақтар  мен  ребустар  сайысы.  8-10  сыныптар 
үшін  ребустар  мен  сөзжұмбақтарды  құрастыру  үй  жұмысын 
орындаудың  бір  түрі  болып  табылады.  Мұндай  жұмыстардың 
нәтижесінде  оқушылар  физикалық  ұғымдарды,  терминдерді, 
шамаларды,  саналы  түрде  меңгереді.  Оқушылардың  мұндай 
жұмысты өз бетімен орындауы оларды ізденуге итермелейді. Бұл 
жұмысты оқушы өз қалауымен орындағаны маңызды. 
Дұрыс  құрастырылған  сөзжұмбақтар  мен  ребустарды  мұғалім 
бағалайды. Ал ең  жақсы дегендерін сайысқа іріктеп алады. 
Бұл   сайысты  өткізуге  жауапты  штаб  мүшесі  іріктелген 
материалдардың  безендірілуін  қадағалайды.  Іріктелген  ребустар 
мен  сөзжұмбақтар  үлкен  форматтаға  қағаздарға  көшіріледі  және 
оны  құрастырушының  аты  –  жөні  жазылады.  Содан  кейін  бұл 
қағазды  мектептің  дәлізіне  іледі.  Оқушыларға  үзіліс  уақытында 
немесе  сабақ  соңында  тапсырмаларды  шешуге  мүмкіндік 
беріледі.  Егер  оларды  (2-3)  тез  арада  шешіп  тастаса,  онда 
сөзжұмбақтар  мен  ребустар  жиынын  басқа  тапсырмалармен 
алмастыруға болады. 
2.  Рефераттар  сайысы. (9-11  сыныптар)  Апталықтың өтуіне 
7-10  күн  бұрын  стендте  рефератардың  тақырыптары  мен  оларды 
іздестіруге  арналған  әдебиеттер  тізімі  және  тапсыру  уақыты 
жазылады.  Оқушылар  өз  қалауымен  тақырыпты  таңдайды,  бірақ 
мұғалім таңдаған тақырыптың маңыздылығын түсіндіру қажет. 
Берілген  тақырыптар  тек  қана  физика  бойынша  емес,  соны-
мен қатар тарих, әдебиет, биология пәндеріне қызығатын оқушы-


 
186 
лардың барлық сұрақтарына жауап бере алатындай кең ауқымды 
болуы қажет. Бұл жағдайда оқушылардың бір пән арқылы, екінші 
бір пәнге деген қызығушылығын арттыру мүмкін болады. 
Сайысқа арналған рефераттар тақырыптары: 
9-сынып. 
1. Ауырлық күші әрекетінен денелердің қозғалысы. 
2. Ньютон заңдарының қолдану шегі. 
3. Механиканың сақталу заңдары. 
4. Физика және климат өзгерісі. 
10-сынып. 
1. Ұлы орыс ғалымы-физик М.В. Ломоносов 
2. Температура ұғымы және температуралық көрсеткіштер. 
3. Қатты  денелердің  электрөткізгіштік  аймақы  жөніндегі 
теория. 
4. Заттың магниттік құрамы. 
5. 18-19 ғасырлардағы  - физика. 
11- сынып. 
1. Механикалық  тербелістердің  ғылым  мен  техникада 
қолданылуы. 
2. Радионың шығу тарихы. 
3. Соңғы технология мен жасалған радиоаппаратуралар. 
4. Электрондық микроскоп. 
5. Фермидің өмірі мен шығармашылығы. 
6. Физикадағы жаңа дәуір. т.б. 
Ғылыми  жобалар  сайысы:  Бұл  сайыстың  мақсаты  – 
оқушылардың  шығармашылық  белсенділігі  мен  өз  бетімен 
жұмыстануын дамыту.  
Мектептегі  физикалық  апталықтың  өту  барысында  штаб 
мүшесі  мен  физика  пәнінің  мұғалімі  тығыз  байланыста  болады. 
Мұғалім  әр  сыныпқа  сайысқа  қандай  жобалардың  қатыса 
алатынын және оларға қойылатын шарттарды түсіндіреді. 
Жобаны қорғау мына түрде өтуі керек: 
1. Жоба  авторы  өзінің  жұмысының  мазмұнымен  танысты-
рады, - 2 мин. 
2. Қарсыластар  пікірі,  яғни  қарсыластардың  жасаған  жоба-
сының тиімді және тиімсіз жақтарын айтуы, - 2 мин. 
3. Жоба  авторына  қойылатын  сұрақтар  және  оның  жауабын 
тыңдау, - 1-2 мин. 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау