Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет49/61
Дата16.02.2018
өлшемі5,03 Kb.
#9758
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   61

 
150 
оқудың  аяғында  жүргізіледі.  Білімдер  мен  іскерліктерін  ағым-
дағы тексеру үшін ауызша сұрауларды, физикалық диктанттарды, 
қысқа  уақытты  бақылау  жұмыстарын,  тестілерді,  жеке  және 
фронтальды  зертханалық  жұмыстар  мен  тәжірибелерді  қолдану 
пайдалы. 
Қортынды  тексеруде  жеке  ауызша  сұраулар,  сағаттық  бақы-
ау  жұмыстарын,  шығармалар  мен  рефераттарды,  фронтальды 
және  жеке  зертханалық  жұмыстарды,  физикалық  практикумды 
пайдалану  біршама  тиімді.  Білімдер  мен  іскерліктерді  қортынды 
тексерудің
 
формаларына  сонымен  қатар  сынақтар  мен 
емтихандар да жатады. 
Ауызша  тексеруде  ең  маңызды  әрі  елеулі  сұрақтар  бөлініп 
көрсетіледі.  Білімді  тексерудің  сәттілігі  мен  тиімділігі  көбіне 
қойылған  сұрақтардың  сапасымен  анықталады.  Барлық  сұрақтар 
қатаң түрде мақсатқа бағытталған және біржақты жауапты талап 
етуі  керек.  Сұрақтармен  қатар  оқушылардың  алдына  олардың 
ойлауын дамытатын сұрақтар қойылуы тиіс. Бұл арада ең тиімдісі – 
бұл  белгілі  бір  құбылыстың  мәні  мен  себептерін,  олардың 
ұқсастығы  мен  айырмашылығын  түсіндіруді  талап  ететін 
сұрақтарды қою болып табылады. 
Оқушылардың  анықтамаларды,  физикалық  шамалар  мәнін, 
олардың бірлігін, графикті оқи білулерін тексеру үшін физикалық 
диктанттар  қолданылады.  Олар  былайша  жүргізіледі:  мұғалім 
сөйлемнің  басын  оқиды  да,  ал  оқушылар  оны  жазып  алып, 
сөйлемді  аяқтайды.  Олар  қысқа  уақытты  болуы  мүмкін,  15  ми-
нутқа  есептелген,  сонымен  бірге  ұзақ  уақытқа,  яғни  бүкіл  сабақ 
бойына арналған диктант болуы мүмкін. Физика курсының нақты 
бір тақырыбын оқып болғаннан соң, бір сабақ бойына есептелген 
бақылау  жұмысы  жүргізіледі.  Мұндай  жұмыстың  мақсаты  – 
оқушылардың тақырыпты білулерін және тақырып бойынша тек 
жаттығулық  тапсырмаларды  ғана  емес,  сонымен  қатар,  аралас 
тапсырмаларды  да  шешуді  білулерін  тексеру  болып  табылады. 
Оқу  жылының  соңында  әр  сыныпта  әдетте  қорыту  бақылау 
жұмыстары  жүргізіледі,  оның  мақсаты  –  сол  сыныпта  өткен 
негізгі  сұрақтар  бойынша  оқушылардың  білімінің  беріктілігін 
тексеру. 
Физика  бойынша  оқушылар  білімін  және  ебдейліктерін 
бағалау. 


 
151 
Оқушылардың  білімі  бес  баллдық  жүйе  бойынша  бағала-
нады.  Білімді  бағалауда  мұғалімге  жалпы  білім  беру  бағдарла-
масында  келтірілген  физика  бойынша  білімдері  мен  ебдейлік-
терді  бағалаудың  үлгілі  нормалары  бағдар  бола  алады.  Бағдар-
ламада, әсіресе, бағалау кезінде ескерілетін білімдері мен ебдей-
ліктері бөліп көрсетілген. Олардың қатарына: 
Физикалық құбылыстар жөнінде: 
-   құбылыс анықталатын белгілері; 
-   құбылыс жүретін жағдайлар; 
-   берілген құбылыстың басқалармен байланысы; 
-   құбылысты ғылыми теория негізінде түсіндіру; 
-   оны есепке алу мен қолдану мысалдары; 
Физикалық тәжірибелер жөнінде: 
-   тәжірибе жүргізудің мақсаты, схемасы, жағдайы, тәжірибе 
барысы мен нәтижесі; 
Физикалық ұғымдар, соның ішінде физикалық шамалар жөнінде: 
-   берілген ұғыммен сипатталатын құбылыстар мен қасиеттер; 
-   берілген  шаманы  басқа  шамалармен  байланыстыратын 
формулалар; 
-   физикалық шамалар бірліктері; 
-   шаманы өлшеудің тәсілдері; 
Заңдар жөнінде: 
-   заңды тұжырымдау мен математикалық көрсету; 
-   оның әділдігін дәлелдейтін тәжірибелер; 
-   есепке алу мен практикада қолдану мысалдары; 
-   қолдану жағдайлары (жоғары сыныптар үшін); 
Физикалық теориялар жөнінде: 
-   теорияны тәжірибелік негіздемелеу; 
-   негізгі ұғымдар, ережелер, заңдар, ұстанымдар; 
-   практикалық қолданулар; 
-   қолдану шекаралары (жоғары сыныптар үшін); 
Аспаптар жөнінде:  
-   қолданылу міндеті; 
-   жұмыс істеу ұстанымы мен құрылғы схемасы; 
-   аспапты қолдану және қолдану ережесі. 
Бағалауға жататын келесі іскерліктер: 
-   табиғат  пен  техника  құбылыстарын  түсіндіру  үшін  ұғым-
ар, заңдар және теорияларды қолдану; 
-   оқулықпен өзбетімен жұмыстану; 


 
152 
-   белгілі  заңдар  мен  формулалар  негізінде  тапсырмаларды 
шешу; 
-   физикалық шамалардың анықтамалық кестелерін пайдалану. 
Зертханалық  жұмыстарды  бағалауда  келесі  шеберліктер 
ескеріледі: 
-   тәжірибені өткізуді жоспарлау; 
-   схема бойынша құрылғыны жинау; 
-   өлшеу құралдарын қолдану; 
 
 
9.3. Оқушылардың білімін бағалау кретерийі 
Білімді  бағалау,  оны  тексеру  сияқты,  үлкен  тәрбиелік  мәні 
бар.  Мұғалімнің  бағаны  дұрыс  қоя  білуі,  оқушының  білімі  мен 
іскелігін  шыңдауға, өз еңбегіне дұрыс баға қоя білуіне  ықпалын 
тигізеді.Бағаға  қойылатын  басты  талап,  оның  әділдігі  немесе 
дұрыстылығы. Бағаға мұғалімнің көңіл – күйі, бір оқушыға деген 
жаман көзқарасы, сабақтағы көзқарасы, сабақтағы тәртібі немесе 
басқа  да  білім,  іскерлік,  дағдыға  байланысты  себептер  әсерін 
тигізбеуі  керек.  Бағаны  оқушының  сабақты  жіберуі,  тіртіпті 
бұзуы  үшін  қолдануға  болмайды.  (тәртіпті  бұзуды  бағалау, 
физика  бойынша  оқушылардың  білімі  мен  дағдысын  тексеру 
кезінде  емес,  тәртіпті  бағалау  кезінде  есептелу  қажет.) 
Оқушылардың білімін бағалаудағы басты ескермеушілік бағаның 
төмендетілуі мен көтерілуі: бұл бағаның әділдігінің төмендеуіне 
әкеледі  және  өнегелі  тәрбиеге  залалын  келтіреді,  мұғалім  мен 
оқушы арасында және оқушы ұжымында жанжал туғызады. Баға – 
жан-жақты  мәні  бар  педогогикалық  құралдардың  ең  қиыны.  Ол 
ең бастысы оқудағы жетістіктерді  бағалау ретінде  қолданылады, 
содан кейін оқушы жұмысын ынталандыру өлшемі ретінде және 
оның  оқуға  деген  көзқарасын  ұнату  не  ұнатпауды    білдіру 
ретінде. Ол оқушының сынып ұжымындағы «орнын» анықтайды.  
Мұғалімнің беделі оқушылардың білімі мен іскерлігін дұрыс 
және  әділ  бағалауға  байланысты  болады,  себебі  ол  бұл  бағамен 
өзінің педогогикалық жұмысын да бағалайды. 
Білім  мен  іскерлікті  бағалаудың  әділдігі  көптеген 
факторларға тәуелді: 
- мұғалімнің оқушылардың білімі мен іскерлігіне  қойылатын 
талаптары; 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау