111
беттерімен шығармашылық деңгейде іс-әрекеттерін ұйымдас-
тырып, қызығушылықтарын қалыптастырады. Зерттеушілік
әдістегі тапсырмалар сипаты әр түрлі болуы мүмкін: сыныптық
зертханалық жұмыстар және үйде орындайтын практикалық
жұмыстар; аналитикалық проблеманы шешу; қысқа уақытта және
белгілі бір мерзімде (апта, ай) орындалатын тапсырмалар; жеке
және топпен орындалатын тапсырмалар т.б. Зертханалық жұмыс-
тарды орындау нұсқауы оқулықтарда берілген. Берілген нұсқау
бойынша зертханалық жұмыстарды орындату физика курсын
оқытудың бастапқы кезеңінде ғана пайдалы және қажет. Нұсқау
бойынша зертханалық жұмыстарды орындағанда оқушылардың
шығармашылық қабілеттері дамымайды. Сондықтан қазіргі
кезенде оқыту мақсатына байланысты көбінесе зерттеушілік
мақсатты көздейтін зертханалық жұмыстар ұйымдастырылып
өткізіледі. Мұғалім жұмыстың мақсатын айтады, ал оқушылар
зерттеудің кезендерін(жұмыс жоспары), қажетті құрал-жабдық-
тарды өздері анықтайды. Әсіресе осы әдісті физикалық практи-
кумдарды орындауда қолданған тиімді.
Зерттеу процесінің кезендері:
1) фактылар мен құбылыстарды
бақылау және зерделеу;
2) зерттеуге жататын түсініксіз құбылысты анықтап,
проблеманы қою;
3) болжам жасау;
4) зерттеу
жоспарын құру;
5) қарастырылатын құбылыстын басқа құбылыстармен
байланысын анықтаудын жоспарын жүзеге асыру;
6) проблеманың шешімін тұжырымдау,түсіндіру;
7) шешуін тексеру;
8) алынған білімнің қолданылуының мүмкіндігі туралы
практикалық қорытынды жасау.
Зерттеушілік әдістің бағыты ғылыми таным әдістерімен
қамтамасыз ету, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту
және шығармашылық іс әрекетін ойдағыдай қамтамасыз ету.
Белгілері:
- мұғалім оқушылармен бірге проблеманы қояды.
- оқушыларға білім хабарланбайды, олар өздері проблеманы
зерттеп, шешу арқылы білімге ие болады.
- мұғалімнің іс-әрекеті проблемалық міндетті шешу
барысында оперативті басқаруға сай келеді.
112
- оқыту процесі жоғары қарқындылықпен сипатталады, үлкен
қызығушылықпен
жүреді,
алынған
білім
тереңдігімен,
беріктілігімен, іскерлігімен ерекшеленеді.
Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар
1.
Түсіндірмелі – иллюстративтік әдіске сипаттама
беріңіз.
2.
Репродуктивтік әдіске сипаттама беріңіз.
3.
Проблемалық әдіске сипаттама беріңіз.
4.
Эвристикалық әдіске сипаттама беріңіз.
5.
Зертеушілік әдіске сипаттама беріңіз.
VІ тарау
ФИЗИКАНЫ О
Қ ЫТУ
Ү ДЕРІСІН
Ұ ЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ
6.1. Физиканы оқыту үдерісін ұйымдастру
формалары
Қазіргі заманғы мектепте оқу үдерісін ұйымдастырудың
негізінде сыныптық- сабақтық жүйе жатыр.
Сыныптық-сабақтық жүйе ұлы педагог Я.А.Коменскийдің
еңбектерінің арқасында 16-17 ғ.ғ. пайда болды. Оқытудың осы
формасының алдында жеке және жеке-топтық оқыту формасы
болды.
Оқытуды ұйымдастырудың жеке-топтық оқыту формасы
біртіндеп топтық оқыту формасымен алмастаралып, ал ол
кезегінде сыныптық-сабақтақ жүйеге орын берді.
Бірте-бірте сыныптық-сабақтық жүйе жетілдіріліп, дамыды.
Оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесінің бүгінгі таңда
сипаттық белгілері:
оқу топтарындағы оқушылардың тұрақты құрамы;
әр сыныптың білімінің мазмұнын анықтайтын оқу
жоспарлары мен бағдарламалары;
оқу сабақтарының қатаң айқындалған кестесі;
оқушылардың жеке және ұжымдық жұмыс формаларының
үйлесімділігі;