Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет24/61
Дата16.02.2018
өлшемі5,03 Kb.
#9758
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61

 
73 
Жоғары  сыныптарда  оқу  материалын  түсіндіру  кейде 
лекциялық  тәсілмен  өткізіледі  ("Электромагниттік  толқындар", 
физика  және  техникалық  прогресс").  Лекцияның  ғылыми 
мазмұны терең, логикалық жүйелілігі басым, түсіндіру ұзақтығы 
көп,  баяндауы  шапшаңырақ  болады.  Бұл  тәсіл,  оқушылардың 
дайындығы  жоғары  болған  сыныптарда  жақсы  нәтиже  береді. 
Мектеп  физикасынан  лекцияны  кез  келген  тақырыпта  және 
сыныптарда  оқудың  мүмкіндігі  жоқ,  лекцияда  оқушылардың 
белсенділігін  көтеру  қиын,  тек  бірыңғай  тыңдау  оларды 
жалықтырады.  Оған  мұғалім  күшті  дайындалуы  керек,  оны  ірі 
ғалым-мамандардың  оқығаны  жөн,  оны  проблемалық  формада 
құра білу тиімді, оның көрнекілік жағы да тартымды болуы тиіс. 
Бұл үшін кинолекция, телевизиялық лекциялар түрінде өткізу де 
маңызды, әрі қызықгы болады. 
Оқушылардың  логикалық-танымдық  және  шығармашылық 
ойлауы  мен  қабілеттерін  дамытуда  сабақтарды  проблемалық 
оқыту тәсілімен өткізудің маңызы зор. Мұның негізгі мәні - оқу 
материалын түсіндіру үстінде проблемалық жағдай (ситуациялар) 
туғыза  білу.  Негізінен,  физикадан  проблемалық  оқытудың 
формасын мынадай 4 деңгейде өткізудің мүмкіндігі бар: 
1) проблемалық 
баяндау 

мүғалімнің 
проблеманы 
тұжырымдап, оны өзінің шешуі, ғылымда оның қалай шешілгенін 
көрсету (атомның және ядроның құрылысы); 
2) проблемалық  жағдаят  туғызып,  оны  оқушыларды  қатыс-
тырып, бірге шешу (сұйықтардағы беттік керілу); 
3) проблеманы  мұғалімнің  өзі  тұжырымдап,  шешуін  оқушы-
лардың  өздеріне  ұсыну  (сұйық  жөне  газ  тәрізді  денелердің 
диффузясы); 
4) проблеманы  тұжырымдауды  және  оны  шешуді  оқушы-
лардың  өздеріне  беру  (денелердің  суда  жүзуі  және    батуы).  Бұл 
тәсілді  көбінесе  факультативтік  сабақтарда,  үйірме  жұмыс-
тарында пайдаланған да орынды. 
Проблемалық  оқыту  тұрғысынан  М.И.Махмутов  оқыту 
әдістерінің жүйесі 10 түрге бөлінеді: 
1)  ақпараттық; 2)  орындаушылық;  3)  түсіндірушілік; 4) репра-
дуктивтілік;  5)  нұсқаулық-практикалық;  6)  нәтижелік-практика-
лық; 7) түсіндірмелі-оқытушылық; 8) ойланушылық; 9) жартылай 
ізденушілік; 10) ізденушілік.  
Дидактикалық  мақсат  тұрғысынан  М.А.Даниловтың  класси-


 
74 
касы  бойынша  оқыту  әдістерінің  4  түрін  көрсетеді:  білім  алу 
әдісі;  оқушылардың  ебедейлігі  мен  дағдыларын  қалыптастыру 
әдісі;  оқушылардың  алған  білімдерін  практикада  және  шығар-
машылық  істе  пайдалану  әдісі;  оқушылардың  білімдерін, 
ебдейлігін,дағдыларын тексеру әдісі. 
Физика  сабақтары  бағдарламалап  оқыту  жолымен  де 
жетілдіріліп  кіледі.  Бағдарламалап  оқыту  принципінде,  оқу 
материалы жеке  элементтерге (порцияларға) бөлініп, сыныптағы 
оқушылардың қабілетіне  қарай әрқайсысының өзіне тән сипатта 
және жылдамдықта жасайтын оқу әрекетінің реті көрсетіліп, дер 
кезінде олардың материалды қалай меңгергендігі туралы ақпарат 
алып тұрарлықтай арнаулы бағдарламамен (алгоритм) оқытылуы 
көзделеді.  Программаланған  оқулықтар  мен  тапсырмалар 
сызықтық,  және  тармақтық,  принцип  негізінде  дайындалады. 
Мұндай  тәсілді  пайдаланудың  нәтижесінде  оқу  жадыхатын  бір 
оқушы шапшаң, ал басқа біреуі баяу меңгереді, оқушылардың өз 
бетінше оқуына қолайлы жағдай туғызылады, олардың білімдері 
машинамен  объективті  тексеріледі  және  мұғалімге  деген  жеке 
басының  наразылығы-күдігі  болмайды,  сабақта  электроникалық 
техника қолданылады. 
Бағдарламалап  оқыту  мен  оқушылардың  білімін  тексеру 
арнаулы  бағдарлама,  тапсырма,  программаланған  оқулық,  "оқы-
татын" және "тексеретін" машиналар арқылы жүзеге асырылады. 
Өкінішке  орай,  бұл  тәсілдің  оқушыларды  сөйлетіп,  өз  ойын 
түсіндіре  білуге,  мұғаліммен  қарым-қатынасын  дамытып,  одан 
төрбие алуға үйретудегі рөлі төмен. 
 
 
4.2. Физиканы оқытудың жаңа педагогикалық  
технологиялары 
Мектептердің негізгі мақсаты  –  зерделі, дарынды балаларды 
шығармашылық  жұмыстармен  айналысуына  мүмкіндік  туғызу 
және дамыту. Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір жолы - оқытудың 
тиімді жолдары мен жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру. Сондықтан да 
оқытудың жаңа технологиясын зерттеу, оны өз ісіне пайдаланып, 
жоғары нәтижеге жету мұғалімнің міндеті. 
«Технология»  ұғымы  соңғы  кездері  педагогикалық  әдебиет-
тегі  ең  кең  қолданылатын  ұғымдардың  біріне  айналды. 


 
75 
Технология  ұғымының  дидактикалық  ұғымдармен  байланысы 
саналуан:  оқытудың  технологиясы,  педагогикалық  технология, 
білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым - қатынас 
технологиясы,  даму  технологиясы,  қалыптасу  технологиясы, 
модульдік  технология,  топтық  оқыту  технологиясы  т.б.  Бұл 
технологиялардың  қай  түрі  болмасын  анықтаманы  қажет  етеді. 
Сондықтан  да  әрбір  автор  «технология  дегеніміз  не?»  -  деген 
сұраққа  немесе  технологиямен  байланысты  жеке  ұғымға  өз 
анықтамасын беруге тырысады. Нәтижеде, дәл қазіргі кезде білім 
беру  жүйесінде  жүріп  жатырған  процестердің  технологиясын 
түсіндіретін жалпы аныктама жоқ. 
Білім беру жүйесі - басқару органдарынан, түрлі типтегі және 
деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және 
дамуын  қамтамасыз  ететін  қаржы  қорлары  мен  материалдық 
объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым 
болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез - 
келген  саласында  (басқару,  білім  беру,  қаржыландыру,  монито-
ринг  т.б.) қолданылуы  мүмкін. Сондықтан,  «білім  беру техноло-
гиясы»  деген  сөз  тіркесін  бірыңғай  түсіндіру  мүмкін  емес. 
Көптеген  авторлар  бұл  жағдайды  интуиция  деңгейінде  түсінеді 
де,  бұл  ұғымды  тек  кана  оқытушы  мен  оқушы  арасындағы 
арнайы  ұйымдастырылған  процестерге  ғана  қатысты  қолданады. 
Егер  бұл  процесті  оқыту  процесі  деп  атайтын  болсақ,  онда  оған 
технологияның  осы  салаға  арналған  жиынтығы  жатады.  Біздің 
қарастыратынымыз да технологияның осы түрі. 
Технология-«техно»-өнер,  шебер,  қол  өнер,  «логия»-ғылым 
деген  мағынаны  білдіреді.  Сондықтан,  «технология»  терминінің 
қазақ  тіліне  «өнер  туралы  ғылым»  немесе  «шеберлік  туралы 
ғылым»  деп  аударуға  болады.  Бұған  пәндік  саланы  сипаттайтын 
терминді  қосамыз  да  кез-келген  нақты  технологияның  мәнін 
айқындаймыз. 
Технологияның  анықтамалары  түсіндірме  сөздікте  былай 
берілген: 
1.  Өндірістің  белгілі  бір  саласындағы  өндірістік  операция-
лардың,  әдістер  мен  үдерісінің  жиынтығы,  сондай-ақ  белгілі  бір 
істе немесе шеберлікте қолданылатын тәсілдер. 
2.  Белгілі  бір  өндірістік  процесті  іске  асырудың  әдістері, 
материалдар  мен  бұйымдарды  өңдеудің  әдіс-тәсілдері  туралы 
білімдер жиынтығы. 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау