Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет4/61
Дата16.02.2018
өлшемі5,03 Kb.
#9758
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

 
12 
- зерттеу әдістері; 
- ғылыми жаңалық, зерттеудің теориялық және практикалық 
маңыздылығы  –  зерттеу  жүргізген  кезде  алынған  нақты  бір  
нәтижелер,  және  олардың  педагогикалық  теория  мен  практика 
үшін маңызы; 
Сонымен  ғылыми-педагогикалық  зерттеудің  құрылымы  мен 
логикасы мынадай кезеңдерден тұрады: 
1-кезең.  Зерттеу  проблемасымен  жалпы  танысу,  оның 
көкейкестілігін  негіздеу,  зерттеу  деңгейі,  зерттеу  тақырыбын, 
нысанын  және  зерттеу  пәнін  анықтау.  Зерттеудің  жалпы  және 
аралық мақсатын анықтау, міндеттерін белгілеу. 
2-кезең.  Әдіснаманы  таңдау-бастапқа  тұжырымдама,  трек-
теориялық ережелер. 
3-кезең.  Зерттеу  болжамын  құру-теориялық  конструкция, 
дәлелдерді қажет ететін шындық. 
4-кезең. Зерттеу әдістерін таңдау. Анықтаушы экспериментті 
жүргізу. Мақсаты-бастапқы зерттеудің жай күйін анықтау. 
5-кезең.  Қалыптастырушы  экспериментті  ұйымдастыру  және 
өткізу. 
6-кезең.  Зерттеу  нәтижесін  талдау,  талқылау  және  зерттеу 
нәтижесін безендіру(өңдеу). 
7-кезең. Тәжірибелік ұсыныстар дайындау. 
Зерттеулердің  барлық  әдіснамалық  сипаттамалары  өзара 
байланысты 
және 
бірін-бірі 
толықтырып 
отырады. 
Педогогикалық зерттеулер 2 топқа бөлінеді. 
1. Теориялық. 
2. Эксперементальдық 
Теориялық  әдістерге:  әдебиеттерді  талдау,  педагогикалық 
жағдайларды  модельдеу,  физикалық  білім  мен  оқыту  техно-
логиясының  мазмұнын  құрастыру,  педагогикалық  эксперимент 
нәтижелерін өңдеу және оларға талдау жасау жатады. 
Эксперименттік  әдістерге:сауалнама  жүргізулер  және 
сұқпат  алулар,  оқу  процестерін  бақылау,  тәжірибелі  сабақ  беру, 
тестілеу, сараптамалық бағалау жатады. 
Сауалнама  жүргізу  және  сұқпат  алу  –  бұл  экспериментке 
қатысушылардан  жауап  алудың  екі  формасы.  Сауалнамаға  ашық 
және  жабық  түрдегі  сұрақтар  енгізіледі.  Сұқпат  алу  кезінде 
қойылатын  сұрақтар,  әдеттегідей,  ашық  сипатқа  ие  болады. 
Сұрақтардың екі тобын бөліп көрсетуге болады: фактілер жөнінде 


 
13 
сұрақтар (мектеп нөмірі, жұмыс өтілі т.б.) және пікірлер, себептер, 
іс-әрекеттер  жөнінде  (мысалы,  физика  сабағында  өзбетімен 
жұмыстың қандай формалары ұйымдастырылады т.б.) сұрақтар. 
Педагогикалық  зерттеулер  нәтижиесінде  оқыту  әдістерінің 
қайсысы тиімді екені анықталады.  
Тиімділік  критерииі  болып,  оқушының  меңгерген  білімінің  
көлемі,  білім  жүйесі,  біліктілігі,  тереңділігі,  саналы  түрде 
меңгеруі жатады. 
Педагогикалық  зерттеулердің  барлық  сатыларында  теория-
лық және эксперименттік әдістер бірігіп қолданылады. 
 
 
1.3  . Жалпы орта білім беретін оқу орындарындағы  
оқыту үдерісіндегі басшылыққа алынатын құжаттар 
Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі оқу үдерісі ҚР «Білім 
туралы»  заң,  «Жалпы  орта  білім  берудің    мемлекеттік  жалпыға 
міндетті  стандарттары»  мен  «Базистік  оқу  жоспарын»  басшы-
лыққы  ала  отырып  ұйымдастырылады.  Стандарт  ҚР  БМЖМС 
2.003-2002 негізінде дайындалды, ол "Физика" оқу пәні бойынша 
білім  мазмұнының  мемлекеттік  міндетті  минимумына  және 
оқушылардың  дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптарды 
тағайындайды. 
 «Білім  туралы»  заңда   білім  беру  жүйесін  демократиялан-
дыру  идеялары  айқындалып, білім  беру  саласындағы  мемлекет-
тік  саясаттың  ұстанымдары  тұжырымдалған.  Оларға:  әрбір 
адамның  зияткерлік  дамуы,  психикалық-физиологиялық  және 
жеке  ерекшеліктері  ескеріле  отырып,  халықтың  барлық  деңгей-
дегі  білімге  қол  жетімділігі;    білім  берудің  зайырлы,  гуманистік 
және  дамытушылық  сипаты,  азаматтық  құндылықтардың,  адам 
өмірі  мен  денсаулығының,  жеке  адамның  еркін  дамуының 
басымдылығы; жеке  адамның білімдарлығын ынталандыру және 
дарындылығын дамыту; білім беру деңгейлерінің сабақтастығын 
қамтамасыз  ететін  білім  беру  процесінің  үздіксіздігі;  оқыту  мен 
тәрбиенің бірлігі.  
Білім беру жүйесін демократияландыру идеясы өзінің бейне-
сін  оқыту  үдерісін  гуманизациялау,  гуманитаризациялау  ұста-
нымдарынан  және  саралап  оқыту  үдерісінен  көрінеді.  Оқытуды 
гуманизациялау  барлық  оқу-процесінің  орталық  субъектісіне 


 
14 
айналатын  баланың  жеке  тұлғасына  назарды  күшейтуді 
болжайды. 
Оқытуды  гуманитаризациялау  тиісті  оқу  пәндерінде  (дүние-
танымдық,  әдіснамалық,  тарихи-биографиялық,  экологиялық) 
оқытылатын  ғылымның  гуманитарлық  аспектілеріне  назарды 
күшейтуді болжайды. 
Оқытуды  саралау  оқушылардың  жеке  тұлғалық  ерекше-
ліктерін,  олардың  қабілеттері  мен  мүдделерін  ескеретін  оқу 
үрдісін ұйымдастыруды болжайды. 
Қазіргі  уақытта  жалпы  орта  білімді  әртүрлі  типтегі  оқу 
орындарынан  алуға  болады:  мектепте,  гимназияда,  лицейде, 
колледжде, жеке мектепте, бейімдік мектепте. 
Жалпы  білім  беретін  мектеп-бастауыш,  негізгі  орта  және 
жалпы  орта  білім  берудің  жалпы  білім  беретін  оқу  бағдарла-
маларын,  сондай-ақ  оқушылар  мен  тәрбиеленушілерге  қосымша 
білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; 
Гимназия  –  білім  алушылардың  бейімділігі  мен  қабілетіне 
сәйкес  бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта  білім  берудің 
гуманитарлық  бейіндері  бойынша  жалпы  білім  беретін  оқу 
бағдарламасын іске асыратын оқу орны; 
Лицей  –  негізгі  орта  білім  берудің  және  жалпы  орта  білім 
берудің  жаратылыстану-ғылыми,  физика-математикалық  бейін-
дері  бойынша  жалпы  білім  беретін  оқу  бағдарламаларын  білім 
алушылардың  бейімділігі  мен  қабілетіне  сәйкес  іске  асыратын 
оқу орны; 
Колледж – жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу 
бағдарламалары  мен  техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен 
кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын 
оқу орны; 
Жеке  мектептер  –  қоғамдық,  діни  ұйымдар,  әртүрлі 
бірлестіктер  мен  қорлар,  кәсіпорындар  мен  жеке  тұлғалардың 
бастауымен  құрылады.  Жеке  мектептің  білім  беру  қызметін 
жүзеге  асыру  үшін  тиісті  білім  департаменті  берген  өзінің 
жарғысы мен лицензиясы болуы тиіс. 
«Білім  туралы»  Заңмен  Жалпы  білім  беретін  оқу 
орындарында  жалпы  орта  білім  кезең-кезеңмен  үш  сатыда 
меңгеріледі: 
-  нормативтік  оқу  мерзімі  4  жыл  болатын  оқытудың 
бастауыш сатысы (1-4-сыныптар); 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау