Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет7/61
Дата16.02.2018
өлшемі5,03 Kb.
#9758
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61

 
21 
1866  ж.),  П.Л.Любимовтың  («Начальная  физика",  1876ж.), 
И.И.Косогонвтың  ("Концентрический  учебник  физики",  1909ж.), 
А.И.Бачинскийдің ("Физика", І9І5ж.) кітаптары болды.  
Орыс  тілінде  физиканы  оқыту  жөніндегі  тұнғыш  туынды  - 
әдістемелік  құралдар  мен  зерттеулер  Ресейде  1870  жылдан 
(К.Д.Краевич. "Каталог физического кабинета") шығарыла баста-
ды. Одан кейінгілері, И.И.Паульсонның "0 преподавании элемен-
тарной физики" (1871 ж.), Я. И. Ковальскийдің "Первоначальные 
опыты по физике" (1885 ж.), Ф.Н.Шведовтың "Методика физики" 
(1894  ж.),  П.А.Бароновтың  "Методика  начальной  физики"       
(1913  ж.),  Н.В.Кашиннің  "Методика  физики"  (1916  ж.)  деген 
арнаулы әдістемелік құралдары болды. 
Советтік  кезеңдегі  алғашқы  мектеп  физикасының  басқышты 
бағдарламасын  Петроградта  П.А.Знаменский  (1918  ж.)  және 
Мәскеуде И.И Соколов (1921 ж.) жасаған. Алғаш рет 1918 жылы 
Мәскеу  мен  Петроград  педагогика  институттарында  арнаулы 
физиканы  оқыту  әдістемесі  кафедралары  ұйымдастырылған. 
Орыс  тіліндегі  советтік  тұңғыш  физика  оқулығы  (И.И.Соколов 
Рабочая книга по физике для рабфака") 1926 жылы шығарылған. 
Одан кейін, мектеп үшін, 1933 жылдан бастап А.В. Перышкиннің 
және басқа авторлардың жазған физика оқулықтары шығарылып 
келеді. 1934 жылдан бері физика мұғалімдеріне арнап "Физика в 
школе" журналы шығарыла бастады. 
1934 жылы педагогикалық институттардың студенттері үшін 
Ленинградтық  П.А.Знаменскийдің  және  Мәскеулік  И.И.Соко-
ловтың "Методика преподавания физики в средней школе" деген 
фундаментальды  тұңғыш  қолтума  арнаулы  оқулықтары  жеке-
жеке кітап болып шығарылған. Бұл кітаптарда совет мектебіндегі 
физиканы оқыту әдістемесінің негізгі теориялық принциптері мен 
практикалық  әдіс-тәсілдері  жан-жақты  зерттеліп,  мазмұны  мен 
ғылыми  бағыттары  тұжырымдалған.  Осы  уақытқа  дейін 
физиканы оқыту әдістемесі туралы орыс тілінде 20- дан астам әр 
түрлі оқулықтар мен ғылыми-әдістемелік еңбектер шығарылған. 
Украин  тілінде  физикадан  есептер  шығарудың  әдістемесі 
(авторы  -  В.А.Франковский,  Киев,  1947  ж.),  физиканы  оқыту 
әдістемесі  жайлы  очерктер  (А.К.Бабенко,  М.И.Разенберг,  4  том-
дық, 1955-1959 ж.ж.), сегізжылдық мектептерде физиканы оқыту 
әдістемесі (Н.С.Белый, 1962 ж.) туралы оқулықтар шығарылған. 


 
22 
Белорусь  Республикасында  "Самостоятельные  работы  на 
уроках  физики"  (М.Я.Качинский  и  др.),  "Уроки  физики" 
(М.С.Кузей)  сияқты  тамаша  қолтума  әдістемелік  құралдар 
жасалынды. 
Әзірбайжанда  1954  жылдан    бері  "Преподавание  физики  и 
математики  в  школе"  деген  арнаулы  әдістемелік  журнал  шыға-
рылып  келеді.  А.К.Абасзаде,  С.Ш.Иманов  сияқты  ғалымдардың 
әскери  техниканың  физикалық  негіздері,  физиканы  оқытудағы 
тәрбие  мәселелері,  физиканы  оқытуды  жақсарту  мақсатта 
техникалық  құралдарды  пайдаланудың  әдістемесі  жайындағы 
ғылыми-зерттеу еңбектері жарияланды. 
Грузияда  В.С.Кобохидзенің  мектепте  физиканы  оқыту 
әдістемесі  туралы  құнды  оқулығы  (1966  ж.)  жарық  көрді.  Есеп 
шығару,  физикалық  эксперимент  жайлы  әр  түрлі  әдістемелік 
құралдар шығарылды. 
Прибалтика  республикаларында  мектеп  физикасы  жайында 
өзінше  қолтума  ерекшеліктері  мол  оқулықтар  мен  есептер 
жинағы шығарылып келді. 
Өзбекстан  әдіскер-ғалымдары  (Б.Мирзахметов,  Э.Тұрдықұ-
лов,  Н.Шадиев,  Д.Шодиев,  т.б.)  мектеп  физикасы  үшін  қолдан-
балы  физика  мәселелерін,  экологиялық  тәрбиенің  әдістемесін, 
кәсіптік  бағдар  беру  мен  физикалық  эксперимент  проблема-
ларын  зерттеуде  әр  түрлі  мектептерге  арналған  физикалық  оқу 
құралдарын жасаған. 
Қазақстан мектептері  мен институттарында физиканы оқыту 
жайлы  алғашқы  әдістемелік  мақалалар  XX  ғасырдың  30-40-шы 
жылдарында  жарияланған.  Олар  айналмалы  қозғалыстың  дина-
микасы  (М.Маркович),  электр  құбылыстары  мен  электромаг-
нитизм  (М.Жылқыбаев,  П.Уваров,  М.Маркович),  балқу  және 
магнитизм  (Е.Әбдрахимов)  мәселелерін  физика  сабақтарында 
оқытуды  жетілдіруге  арналды.  Сондай-ақ  қолдан  физикалық 
құралдар  жасаудың,  демонстрациялық  тәжірибелер  өткізудің, 
есеп  шығару  және  қайталау  сабақтарын  жүргізудің  әдістемелері 
(М.Маркович, Е.Абдрахимов, Х.Әбішев т.б.) талданған. 
Қазақстан  зерттеушілері  мен  әдіскерлері  50-шы  жылдарда 
оқушылардың  политехникалық  дайындықтарын  (П.Правдин.       
П. Фидулина, А.Исабекова, П.Уваров, М.Құдайқұлов), физиканы 
ауыл шаруашылығымен байланыстыруды (М.Жылқыбаев), физи-
калық  есептерді  шығаруды  (А.Қалиев,  Е.Асқаров,  А.Садыков), 


 
23 
өндірістік  экскурсия  мен  киноэкскурсияны  өткізуді  (В.Гусева, 
М.Құдайқұлов), өлке тануды және патриоттық тәрбиені (М.Мар-
кович),  оқушылардың  диалектикалық-материалистік  көзқарасын 
қалыптастыруды (Л.Көбесов, М.Құдайқұлов. Қ.Болеев), астроно-
мия оқытуды (Х.Әбішев) жақсартумен айналысқан. 
Қазақстанда  60-шы  жылдары    физиканы  оқытуды  өмірмен 
ұштастыру  (Н.  Зафирис),  физикалық  заңдылықтарды  түсіндіру 
(М.Маркович),  ультрадыбысты  оқыту  (Б.Арызханов),  физиканы 
ауыл  шаруашылығымен  байланыстыру  (Е.Асқаров),  физиканы 
оқыту  процесінде  техниканы  және  оқу  киносын  пайдалану 
(М.Маркович,  П.Уваров,  К.Айманов,  М.  Құдайқұлов)  жайында 
оқу-әдістемелік  құралдары  шығарылды.  Олардың  негізінде 
К.Айманов,  Б.Арызханов,  М.Құдайқұлов,  С.Левиналар  Респуб-
лика  бойынша  алғашқы  кандидаттық  диссертациялар  қорғады. 
Сондай-ақ,  бұл  кезеңде  С.Урғалиева,  В.Агеев,  Е.Евсюков, 
Н.Триллер,  А.Қалиев,  А.Горбунов,  Л.Грабельковская,  Б.Ва-
хольский  сияқты  әдіскерлердің  политехникалық  және  програм-
малап  оқытуға,  техникалық  құралдарды  пайдалануға  арналған 
мақалалары жарық көрді. 
60-70-ші  жылдары  Қазақстанда  физиканы  оқытуда  политех-
никалық білім беруді жетілдіру (М.Маркович, П.Уваров), физика 
сабақтарында автоматика  мен телемеханика  элементтерін пайда-
лану  (К.Айманов),  қазақ  мектептерінде  физиканы  оқыту  әдісте-
месінің дамуы (Е.Әбдрахимов) жайлы зерттеулер жүргізілген. 
М.Құдайқұлов  физиканы  оқытуда  техникалық  құралдарды 
пайдалану  мен  физика  мұғалімінің  әдістемелік  дайындығы  жай-
ында  ұзақ  жылдар  бойы  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізіп, 
докторлық  диссертация  қорғап,  көптеген  оқулықтар  мен  бағдар-
ламалар  және  монографиялар  шығарды.  Кейінгі  жылдары,  про-
фессор М.Құдайқұловтың ғылыми жетекшілік етуімен Республи-
када 50-ден астам кандидаттық диссертациялар қорғалып,  бірне-
ше докторлық жұмыс дайындалып, Қазақстан әдіскерінің ғылыми 
мектебі  құрылды.  Олар  негізінен,  физиканы  оқытуда  оқушылар-
дың ғылыми-материалистік көзқарасын қалыптастыру (Қ.Болеев, 
Ш.Төлегенов),  қолданбалы  физика  негіздерін  оқыту  әдістемесі 
(Т.Кенжебаев,  К.Әзібаева,  Қ.Намазбаев),  физикадан  сыныптан 
тыс жұмыстарды ұйымдастыру (Р.Брайнингер, К.Нұрымжанова), 
оқушылардың  эксперименттік,  политехникалық,  кәсібибағдар-
лық,  компьютерлік,  жалпы-техникалық  іскерліктерін  дамыту 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау