27
беру институтының жаратылыстану-математика пәндерін оқыту
лабораториясының қызыметкерлері осы мерейтойды лайықты
табыстармен қарсы алу мақсатында жемісті еңбек етті.
Ал енді физиканы оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген
ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін тоқталатын болсақ,
Республикада
физика
әдістемесі
саласындағы
ғылыми-
зерттеулердің даму тарихы 1939 жылы педагогика институтының
негізінде құрылған мектептер институттың ашылу кезеңінен
бастау алады. Физика және математика пәндерін оқыту бөлімі
алдынғы қатарлы педагогикалық тәжірибені таратумен, мектеп-
тегі физика пәнін оқытуды жетілдіру мәселесін зерттеумен,
әдістемелік құралдар дайындаумен шұғылданды. 1939-40 жыл-
дары бөлім қызыметкерлерінің атсалысуымен республикадағы
қала және ауыл мектептерінің мұғалімдері үшін ғылыми-әдісте-
мелік құрал жазған ғалымдардың бірі М.Жылқыбаев болды.
Оның «Физикадан лабораториялық жұмыстар», «Физикалық
приборлардың сипаттамасы және олардың қолданылуы», «Мате-
рияның атом-электрондық құрылысы» атты еңбектері жарық
көріп, педагогикалық журналдарда мақалалары жарияланды.
1941 жылы Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты
институт жабылып, ол тек 1943 жылы ғана өз жұмысын қайтадан
жалғастырды. 1951 жылы мектептер институты негізінде Педаго-
гикалық ғылыми зерттеу институты құрылып, оның жеті
секторының бірі фиизика мен математиканы оқыту әдістемесімен
айналысты. 1957 жылдан бастап бұл сектор политехникалық
оқыту бөліміне қосылды. Физиктер тобының алдына «Оқушы-
ларға политехникалық білім беру және оларды еңбекке баулу»
проблемасы қойылды.
Он бір жылдық мектептерде өткізілген эксперимент мәлімет-
тері негізінде ғылыми қызметкерлер физиканы оқыту процесін
жетілдіру мәселесі бойынша әдістемелік құралдар, нұсқаулар
жаратылыстану–математика цикліндегі пәндердің бағдарлама-
ларын дайындады.
1960 жылы физика мен математиканы оқыту және өндірістік
еңбекке баулу секторы құрылды. 1960-65 жылдары сектор орта
мектепте физика мен математиканы оқытудың жағдайын,
өмірмен байланыстыру негізінде оқыту процесінің тиімділігін
арттыру жолдарын зерттеумен айналысты. Жүргізілген жұмыс
нәтижесінде өндірістік оқуы бар мектептер үшін бағдарлама
28
жобалары, физиканы осы бағдарламалар бойынша оқытуға
арналған әдістемелік құралдар мен нұсқаулар дайындалды.
1965-72 жылдар аралығында сектор жалпыға бірдей орта
білім беру проблемасын зерттеу мәселесімен шұғылданды. Бұл
жылдары жаңа оқу бағдарламаларын эксперименттік тексеру
және оларды жетілдіру, оқыту әдістемесін жақсарту жолдары
қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде «Физиканы саралап оқыту»
(С.Левина), «Физика сабағында оқу фильмдерін өздік жұмыс»
(А. Горбунов), «Қатты денелер физикасының жетістіктерін орта
мектептің физика сабағында және сыныптан тыс сабақта
түсіндіру» (К. Әбдімәжитов) атты еңбектер жарық көрді.
1972 жылы Алматда бұрынғы Кеңес Одағының Педагогика-
лық ғылымдар академиясы Оқытудың мазмұны мен әдістері
ғылыми-зерттеу институтының Қазақ филиалы ашылды. Содан
бастап физика пәнін оқыту проблемаларын зерттеумен онда
құрылған физика және математика пәндерін оқыту лаборато-
риясы айналысты. 1972-75 жылдары пән бойынша жаңа
бағдарламаға көшу жайын зерттеле бастады. Лабораторияда
1975-80 жылдарда жүргізілген зерттеулер қазақ мектептеріндегі
оқыту жағдайын, бағдарлама материалын игеруде кездесетін
қиындықтарды анықтауға бағытталады.
1981 жылдан бастап «Қазақстанның ұлтық мектептерінде
физиканы оқытудың тиімділігін аттару» проблемасы бойынша
жетілдірілген бағдарламалардың әдістемелік аппаратын қолдану
негізінде және ұлттық мектептегі оқыту ерекшеліктерін ескере
отырып, оқу процесінің тиімділігін арттыру, оқушылардың білімі
мен іскерлігін тексеру тәсілдері жақсарту, пәнаралық және
пәнішілік байланыстарды жүзеге асыру т.б. мәселелері зерттелді.
Соның нәтижесінде «Физика сабағында оқушыларды ауылша-
руашылық кәсібіне дайындау» (А.Мәженова), «9-11 сынып физи-
кадан типтік есептер және оларды шығару жолдары» (А.Мәже-
нова, Д.Қазақбаева, С.Қабақанов) және т.б. еңбектер жарық көрді.
1986 жылы лаборатория қызыметкерлері А.Мәженова «Развитие
у учащихся общеобразовательное школы знания законов
термодинамики при изучении физики, химии и биологии»
тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
1991 жылы филиалдың құрылымы өзгеріп, онда «Базалық
мектеп» лабораториясы ашылды. Оның педагогика ғылымда-
рының кандидаты А.Б.Мәженова басқарды. Лаборатория «Жалпы
29
орта білім тұжырымдамасын жүзеге асырудың теориялық және
эксперименттік-педагогикалық шарттары» проблемасы бойынша
зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижесінде интеграцияланған «Жары-
тылыстану» курсының тұжырымдамасы мен бағдарламасы,
тақырыптық жоспар және оқушыларға арналған тапсырмалар
(А.Б.Мәженова, Д.М. Қазақбаева, Ж.Д.Молдабеков) дайындалып,
жарыққа шықты.
1992 жылдың ақпан айында бұрынғы одақтың тарауына
байланысты Педагогикалық ғылымдар академиясы Оқытудың
мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институтының Қазақ фи-
лиалы Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдар ғылыми-
зерттеу институтына қосылып, одан физика-математика циклін-
дегі пәндерді оқыту лабораториясы құрылды. 1992-97 жылдар
аралығында оны физика-математика ғылымдарының кандидаты,
доцент Б.М.Дүйсенбаев басқарды. Лаборатория қызыметкерлері
«Жалпы білім беретін мектепте математика, физика, информа-
тика пәндерінің мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін
жаңартудың ғылыми-әдістемелік негіздері» және «Дәстүрлі
мектептегі оқыту процесін ғылыми-әдістемелік жағынан қамта-
масыз ету» проблемаларымен айналысты. Зерттеу барысында
тоғызжылдық негізгі мектептегі физикалық білім тұжырымдама-
сының жобасы жасалды, білім мазмұнының көлемі мен құры-
лымы анықталып, базалық мектепке арналған бағдарлама жобасы
дайындалды. «Физикадан жазбаша жұмыстар және оларды
тексеру жолдары» (Р.Башаров, А.Мәженова, Д.Қазақбаева, С.Қа-
бақанова, Ж.Молдабеков) атты әдістемелік құрал, «Физикадан
қысқаша анықтамалық» (Б.Дүйсенбаев, Д.Қазақбаева), «Физи-
кадан тест тапсырмалары» (Б.Дүйсенбаев, Ғ.Байжасарова,
Д.Қазақбаева, У.Тоқбергенова) сияқты көлемді еңбектер және т.б.
көтеген ғылыми-әдістемелік мақалалар жарық көрді.
Лабораторияда жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының
нәтижесінде ғылыми қызметкерлер С.Қазақбаева «Преемест-
венность формирования квантовых представлениий учащехся
общеобразовательной школы» тақырыбында (1994ж), Г.З.Байжа-
сарова «Система и задач физико-техничесгого содержания как
средство усиления политехнической направленности школного
курса физики» тақырыбында (1994ж.) кандидаттық диссер-
тациялар қорғады.
Достарыңызбен бөлісу: |