146
4. Сабақта техника қауіпсіздігінің сақталуы.
VІІІ. Сабақтағы психологиялық ортаға талдау.
Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар:
1.
Физика сабағын талдаудың қажеттілігі неде?
2.
Сабақты талдаудың әдістерін сипаттаңыз.
3.
Мұғалімнің сабақты өзіндік талдауының жоспары
қандай?
4.
Инновациялық
сабақты
талдаудың
бағыттарын
көрсетіңіз?
ІХ тарау
О
Қ ЫТУ Н
ӘТИЖЕСІН БА
Ғ АЛАУ
МЕН
ТЕКСЕРУДІ Ұ ЙЫМДАСТЫРУ
9.1. Оқушылардың білімдерін, іскерліктерімен
мен дағдыларын тексерудің мақсаты мен маңызы
1. Оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын
тексерудің маңызы мен мақсаты
2. Оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын
тексерудің түрлері
Оқыту процесінде мұғалім жағынан оқушылардың таным-
дық іс-әрекетін мақсатты басқару жүзеге асырылады. Осы про-
цестің маңызды звеноларының бірі оқушылардың жетістіктерін
тексеру болып табылады. Ол оқушыларда қалыптасқан білімдер
148
Бағдар беру
Тексеру функциясында анықталынған оқытудың мақ-
саттарына жету
Оқыту мен тексеру функцияларында көрсетілген мақ-
саттарға әр оқушының және бүкіл сынып оқушылары-
ның жетуі
Тәрбие беру
Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, алдына қойған мақсат-
тарға жету, адамгершілікке, шыншылдыққа т.б. тәр-
биелеу
Әр оқу пәнінің ерекшелігіне сәйкес еңбек мәдениетіне
тәрбиелеу
Ұйымдарда және жалпы қоғамда өздерін мәдениетті
ұстауға үйрету
Еңбекке
баулу
Кәсіби бағдар беру.
Сабақ мақсатына орай тексеруді жүргізудің әртүрлі фор-
малары мен құралдары қолданылуы мүмкін.
Оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын тексе-
рудің түрлері:
Сұлба 18.
Жазбаша
тексеру
Оқушылардың физикадан
жетістіктерін тексеру әдістері
Ауызша
тексеру
Практикалық
іскерліктерін тексеру
Фронтальды
жеке
Бақылау
жұмысы
Физикалық
диктант
Шығарма және
рефераттар
Жеке
лабораториялық
жұмыс
Фронтальды
лаборатория-
лық жұмыс
Физикалық
практикум
тест
149
Қазіргі уақытта тексерудің дәстүрлі әдістерінен басқа
тестілік
тапсырмалар бойынша тексерулер кең таралуда.
Тестілер оқушылардың білім деңгейлерін сапалы өлшеуге
мүмкіндік береді, өйткені мұндай жағдайда тексерудің қажетті
дәлдігі мен объективтілігі қамтамасыз етіледі. Құрылымы жағы-
нан тесттерді еркін жауап беру мен жауап беруді таңдауы бойын-
ша айырып біледі. Бірінші типтегі тест тапсырмалары оқушылар-
дан өзбетімен сұраққа қысқа жауап тұжырымдауды талап етеді.
Екінші типтегі тест жауап жиынтығы бар сұрақтардан тұрады,
жауаптардың ішінен оқушылар дұрыс әрі толық жауапты таңдай-
ды. Қазіргі уақытта арнайы бақылау бағдарламалар жасалған, ол
компьютердің көмегімен тест түріндегі тапсырмаларды қолдану
арқылы оқушылардың білімін біршама жылдам тексеріп, сол арада
оқушылар мен мұғалімге тестілеу нәтижесі туралы ақпарат береді.
9.2. Оқушылардың оқу жетістіктерін
тексерудің әдістері
Оқушылардың білімі мен іскерліктерін тексеру барлық оқу
процесімен байланысты болса және нақты бір жүйеде жүргізілсе
ғана өз функцияларын толық орындайды. Сондықтан оқушы-
ардың білімдері мен шеберліктерін тексеру жоспарлануы қажет
және ол нақты бір жүйені құрайды.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құра отырып, мұғалім
онда тексерудің орны мен әдісін қарастырады, қандай білімдер
мен іскерліктері тексерілуі керек екендігін анықтайды. Ол үшін
тақырыпқа құрылымдық және мазмұнды талдау жүргізіліп және
белгілі бір оқыту кезеңінде оқушылармен игерілуі керек білім
элементтері және қалыптасуға тиіс іскерліктері ерекшеленеді.
Оқушылардың білімдері мен ебдейліктерін тексеру мен
бағалау оқу процесінің әртүрлі кезеңдерінде жүргізіледі. Дидак-
тикада тексерулер
алдын-ала, ағымдағы, мерзімдік және
қортынды тексерулер болып бөлінеді.
Алдын-ала тексеру жаңа материалды түсіндіру алдында
оқушылар білімдерінің бастапқы деңгейін анықтау мақсатында
жүргізіледі. Ағымдағы тексеру оқу материалын игерудің барлық
кезеңдерінде жүзеге асырылады. Мерзімдік тексеру тақырыпты,
физика курсының тарауын өтіп болғаннан соң немесе оқу
тоқсанының аяғында жүргізіледі. Қортынды тексеру курсты