Оѕтїстік ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



жүктеу 0,5 Mb.
бет1/3
Дата07.02.2018
өлшемі0,5 Mb.
#8882
түріСабақ
  1   2   3

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН
Мамандығы : 051101 «Мейірбике ісі»

Пәні: Медициналық оңалтудың негіздері

Пәннің коды:

Курс: 3

Кредит: № 1


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

ШЫМКЕНТ 2013 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды.


хаттама № ____«_____»______ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Әлдешев А.Ә.

1-сабақ
1. Тақырыбы: №1 Реабилитология негіздері туралы түсінік. Медициналық реабилитация әдістері мен құралдары. Мақсаты, міндеттері, принциптері.
2. Мақсаты: Қазіргі уақытта реабилитациялық ілім медицина саласында дүние жүзіне кеңінен тараған. Әр түрлі тұрғындардың денсаулығын жақсарту жүйесінде қазіргі кездегі маңызды орын алушы әлеуметтік психологиялық және реабилитологиялық әдістері маңызды орын алады. Олар адамның өмір сүру жағдайын ықшамдастырумен қатар сырқаттардың пайда болуын алдын алу сатысына бағытталған.
3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

Реабилитация туралы жалпы түсінік

  1. Реабилитация мақсаттары;

  2. Реабилитация міндеттері;

  3. Реабилитация принциптері;

  4. Реабилитация құралдары;

  5. Реабилитация ісімен айналысатын мекемелер;

Студент істей білуі тиіс:

  1. Реабилитация түрлерін ажыратуды;

  2. Реабилитация мақсатарын анықтауды;


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. «Реабилитация» терминіне анықтамасы.

  2. Реабилитация аспектілері.

  3. Реабилитация мақсаттары, міндетері және принциптері.

  4. Реабилитациялық іс шараларды өткізудің жалпы тәртібі.

  5. Реабилитация мәселелерімен айналысатын мекемелер.

  6. Ребилитацияның жеке бағдарламасы (РЖБ), оны құрастыу тәртібі.

  7. Реабилитацияны жүргізуде орта медицина қызметкерінің ролі.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, Ситуациялық тапсырмалар, жұптасып жұмыс жасау, презентациялар, кейс-стади және т.б.)


  • Тест сұрақтарына жауап беру және ситуациялық есептерді қолдану.


6. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Основы медицинской реабилитологии / А. С. Медведев. –Минск : Беларус. наука, 2010. – 435 с.

  2. Медицинская реабилитация: Руководство для врачей/ Под ред. В.А. Епифанова. – М.: МЕДпресс-информ, 2005. – 328с., илл.

  3. Медицинская реабилитология: В 3-х Томах /под ред. Боголюбова В.М.-М.:Б/И.,2007. 136

  4. Ибатов А. Д., Пушкина С.П. Основы реабилитологии: учебное пособие.

М.: ГЭОТАР. Медиа , 2007.-153с.

  1. Боголюбов В. М. Физиотерапия: учебник.-М., 2005.

  2. Попов С. П. Физическая реабилитация.- Ростов-на-Дону, 2005


Қосымша:

  1. Лечебная физкультура: учебное пособие/ В.А. Епифанов. – М.: ГЭОТАР - Медиа, 2006. – 568с.: ил

  2. ОБЩАЯ ФИЗИОТЕРАПИЯ: Учебник для студентов медицинских вузов / В. М. Боголюбов, Г. Н. Пономаренко С.-Петербург АООТ «Типография „Правда"» 2002.

  3. Биофизические основы физиотерапии: Учебное пособие. — М.: ОАО «Издательство «Медицина». 2006. — 176 с: ил.

  4. Котельников Г. П. Основы сестринского дела: учебник.- М., 2004.

  5. Епифанов В.А. ЛФК и спортивная медицина: учебник.-М.: ГЭОТАР. Медиа, 2007.-568 с.

  6. Васичкин В. И. Лечебный и гигиенический массаж.- М., 2003.


7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)
Тесттер:

  1. Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы бойынша реабилитация ілімінің анықтамасы:

  1. Реабилитция ауру салдарынан пайда болған функциялардың бұзылыстарын қалпына келтіруге бағытталған іс шаралар жиынтығын құрайды.

б) Реабилитация – дегеніміз аурулар мен мүгедектер денсаулығын қалпына келтіріп емдеуге бағытталған методологиялық тәсіл.

в) Реабилитация – бір бірімен байланысқан медициналық, психологиялық, әлеуметтік компонеттердің динамикалық жүйесі.

г) Реабилитация – бұл аурулар мен мүгедектерге арналған медициналық, әлеуметтік, психологиялық көмектердің үйлесімі.

д) Реабилитация – мүгедектердің әлеуметтік және кәсіби деңгейін қалпына келтіруге бағытталған іс шаралар жиынтығын жүзеге асыру.


2. Реабилитациялық іс шараларды өткізудің жалпы ережесі.

а) Ерте бастау

б) Үздіксіз, кезең

в) Кешенді тәсіл

г) Жеке ыңғай

д) Барлығы дұрыс


3.Медициналық реабилитация мақсаттарына барлығы жатады, ... басқа:

  1. Емделуге келген науқастың шынығуын шектен тыс орындалуын жібермеу керек.

б) Психологиялық және физикалық әсер ету арқылы реабилитация процесін жыдамдату.

в) Қалпына келмейтін өзгерістерде бейімелу процессін басқару.

г) Қалпына келтіру процестерін жылдамдату және басқару.

д) Науқастың тіршіліктегі өмірін ұйымдастыру.


4. Реабилитацияның негізгі түріне жатпайды:

а) медициналық

б) Физикалық

в) Психологиялық

г) әлеуметік

д) Коррекциялаушы


5. Арнайы реабилитацияны жүргізуге арналған мекеме.

а) Емдік прфилактикалық мекемелердің барлығы

б) арнайы бөлімшелер және реабилитация орталықтары

в) емханалар

г) стационарлар

д) амбулаториялар

6. Емшара кезінде науқас электр тогімен жарақаттанғанда мейірбике ... басқаны істеу керек.


  1. науқастың токтың шығуымен контактісін тексеру

  2. тыныс алу және қанайналым бұзылыстарының дәрежесін анықтау

  3. тыныс алуы бұзылған және пульсы тоқаған науқасқа тез арада жасанды тыныс алу жасап және міндетті түрде дәрігер және жедел жәрдем шақыру қажет.

  4. көмек көрсетілмеуден

  5. дәрігер шақырудан

7. Емдік –емшаралық картада мейірбике әрекеті:



  1. Өзінің тегін белгілу

  2. Қол қою

  3. Ем жасағаны туралы белгі қою, емшара аяқталғаннан кейін қол қою

  4. Пікір жазу

  5. науқастың жағдайын сипаттау

8.Ойық жараның пайда болып бастапқы кезеңінде не істеу керек?



  1. Алдын алу іс-шараларын жүргізу (төсекте жату, науқастың күйін ауыстру) .

  2. тамақтануын өзгерту

  3. хирургиялық ем жүргізу

  4. тығыз байламдар салу

  5. жартылай спиртті компресс салу

9. Дені сау адамның пульс жиілігі



  1. минутына 50-80

  2. минутына 60-90

  3. минутына 80-100

  4. минутына 40-60

  5. минутына 100-120

10. Емшара бөлмесінде күнделікті тазалықты қанша рет жүргізеді?



  1. күнде

  2. күніне 2 рет

  3. күніне 1 рет

  4. әр әрекеттен кейін

  5. әрбір 8 сағат сайын


Ситуациялық есептер:

1 есеп:

Н., есімді 35 жастағы науқас, аймақтық терапевт дәрігерде ем қабылдаған.

Диагнозы: ІІ дәрежелі эссенциалды гипертония.

Медикаментозды терапия қабылдаған.

Сұрақ:

1. Мейірбике осы науқасқа реабилитологияның тағы қандай құрадарын тағайындай алады?

2. Осы жағдайға психологиялық реабилитацияны ұсынуға болады ма?

2 есеп:

32 жастағы науқас, асқазанның ойық жарасымен стационарлы ем қабылдаған. Қазіргі кезде шағымы жоқ. Тәулігіне 10 темекі тартады.

Сұрақ:

1. Алдағы реабилитация неден тұрады?

2. Санаторияға жіберуге болады ма?

3. Мейірбике реабилитацияның жеке бағдарламсын құрастырғанда медициналық реабилитацияның қандай этаптарын көрсетуі керек.



2- сабақ
1. Тақырыбы: №2 Реабилитология аспектілері. Реабилитациялық іс шаралар кезеңдері.
2. Мақсаты: Реабилитацияның медициналық және физикалық аспектілерімен қатар емдеу әдісі ретінде жүзеге асырылатын, қалпына келтірудің психологиялық, әлеуметтік және кәсіби аспектілері бар. «Қалпына келтіріп емдеу» термині орнына «реабилитация» термині қолданылуға ұсынылды.

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

  1. Психологиялық аспект;

  2. Әлеуметтік – экономикалық аспект;

  3. Медициналық реабилитация кезеңдері;

  4. Реабилитацияның стационарлық кезеңінің негізгі мақсаттары;

  5. Реабилитацияның стационарлық кезеңінің міндеттері;

  6. Реабилитацияның емханалық кезеңінің түрлері мен өткізілетін орны;

  7. Реабилитацияның емханалық кезеңінің мақсаттары мен міндеттері;



Студент істей білуі тиіс:

  1. Реабилитация түрлерін ажыратуды;

  2. Әр түрлі этаптағы реабилитацилық іс шараларды анықтау;

  3. Реабилитацияның стационарлы кезеңін жүзеге асыру;

  4. Реабилитацияның емханалық кезеңін жүзеге асыру;


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Стационарлы кезеңде физикалық реабилитацияның маңызы.

  2. Емханалық кезеңде физикалық реабилитацияның маңызы.

  3. Санаориялық кезеңде физикалық реабилитацияның маңызы.

  4. Медициналық реабилитацияның этаптарын атаңыз.

  5. Реабилитацияның стационарлы кезеңінің негізгі мақсаттары.

  6. Реабилитацияның стационарлы кезеңінде қойылатын міндеттер.

  7. Реабилитацияның емханалық кезеңінің қандай түрлері мен өткізілетін орындары бар;

  8. Реабилитацияның емханалық кезеңінің мақсаттары мен міндеттері;


5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, Ситуациялық тапсырмалар, жұптасып жұмыс жасау, презентациялар, кейс-стади және т.б.)



  • Топтық – бағытталған оқыту;

  • Пікір талас (Дискуссия) әдісі бойынша оқыту;

  • Тест сұрақтарына жауап беру және ситуациялық есептерді қолдану.


6. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Основы медицинской реабилитологии / А. С. Медведев. –Минск : Беларус. наука, 2010. – 435 с.

  2. Медицинская реабилитация: Руководство для врачей/ Под ред. В.А. Епифанова. – М.: МЕДпресс-информ, 2005. – 328с., илл.

  3. Медицинская реабилитология: В 3-х Томах /под ред. Боголюбова В.М.-М.:Б/И.,2007. 136

  4. Ибатов А. Д., Пушкина С.П. Основы реабилитологии: учебное пособие.

  5. М.: ГЭОТАР. Медиа , 2007.-153с.

  6. Боголюбов В. М. Физиотерапия: учебник.-М., 2005.

  7. Попов С. П. Физическая реабилитация.- Ростов-на-Дону, 2005


Қосымша:

  1. Лечебная физкультура: учебное пособие/ В.А. Епифанов. – М.: ГЭОТАР - Медиа, 2006. – 568с.: ил

  2. ОБЩАЯ ФИЗИОТЕРАПИЯ: Учебник для студентов медицинских вузов / В. М. Боголюбов, Г. Н. Пономаренко С.-Петербург АООТ «Типография „Правда"» 2002.

  3. Биофизические основы физиотерапии: Учебное пособие. — М.: ОАО «Издательство «Медицина». 2006. — 176 с: ил.

  4. Котельников Г. П. Основы сестринского дела: учебник.- М., 2004.

  5. Епифанов В.А. ЛФК и спортивная медицина: учебник.-М.: ГЭОТАР. Медиа, 2007.-568 с.

  6. Васичкин В. И. Лечебный и гигиенический массаж.- М., 2003.


7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)
Тесттер:

  1. Реабилитация процесінде қанша кезең бар:

а) 1

б) 1-2


в) 2-3

г) 3-4


д) 4-5

2. Медициналық реабилитацияның үшінші кезеңі:

а) Стационарлы

б) санаториялы

в) амбулаторлы емханалық

г) превентивті

3. Реабилитологиядағы стационарлы кезеңнің мақсаты:


  1. Қауіпті факторлармен күрес.

б) Адам өмірін құтқару.

в) Патологиялық процесті аяқтап, емдік шараларды жалғастыру.

г) Аурудың қайта өршуін алдын алу.


  1. Реабилитологиядағы амбулаторлы - емханалық кезеңнің мақсаты:

а) Қауіпті факторлармен күрес.

б) Адам өмірін құтқару.

в) Патологиялық процесті аяқтап, емдік шараларды жалғастыру.

г) Аурудың қайта өршуін алдын алу.

5. Басты мақсаты патологиялық процесті аяқтау болып табылатын медициналық реабилитация кезеңі:

а) Превентивті

б) Стационарлы

в) Амбулаторлы-емханалық

г) Санаториялық-курорттық

д) Метаболизмдік

6. Қауіпті факторлармен күрес келесі медициналық реабилитация кезеңінде жүргізіледі:

а) Стационарлы

б) Амбулаторлы емханалық

в) Санаториялық-курорттық

г) Превентивті

д) Метаболизмдік

7.Реабилитацияның санаториялық-курорттық кезеңінің мақсаты:

а) Патологиялық процесті аяқтау.

б) Аурудың асқынуын ескерту.

в) Аурудың қайта өршуін алдын алу.

8. Басты мақсаты патологиялық процесті аяқтау болып табылатын медициналық реабилитация кезеңі:

а) Превентивті

б) Стационарлы

в) Амбулаторлы-емханалық

г) Санаториялық-курорттық

д) Метаболизмдік

9.Реабилитация процесінің бірінші кезеңі:

а) Алғашқы медициналық көмек

б) Медикаментозды терапия

в) Қалпына келтіру терапиясы

г) Реадаптация

д) реабилитация

10. Реабилитация процесінің екінші кезеңі:

а) Алғашқы медициналық көмек

б) Медикаментозды терапия

в) Қалпына келтіру терапиясы

г) Реадаптация

д) реабилитация


Ситуациялық есептер :

1 есеп. 47 жастағы әйел, тұрмыста, балалары жоқ. 1,5 жыл бұрын миокард инфаркті болған. Жоғары білімі бар, жауапты кассир болып жұмыс істейді. Оңалту орталығына барады, жұмыстан уақыты бомайды.

Сіздің кеңесіңіз.

2 есеп. 50 жастағы үйленбеген еркеке. 2 жыл бұрын миокард инфаркті болған. Жоғары білімі бар, бухгалтер болып жұмыс істейді. Жүрегінің тұсы ауырмайды, ентікпесі жоқ. 48 жасында инсульттен атасы қайтыс болған. 9 жылдан бері темекі тартады. Ішімдік ішпейді. Бойы 170см, салмағы 105кг.

Осы науқасқа емдік дене шынықтыру нұсқаулығын үйде жасайға беруге болады ма?

3 – сабақ

1. Тақырыбы: Кешенді реабилитация жүйесінде физиотерапияның ілім ретінде алатын орны, маңызы, тарихы. Физиотерапиялық бөлімше жұмысын ұйымдастыру.
2. Мақсаты: Тақырыптың өзектілігі түрлі ауруларды оңалтуда физикалық факторлардың маңыздылығымен және медициналық реабилитологияның түрлі кезеңдеріне тағайындалуымен сипатталады. Емдік дене шынықтыру кейбір ауруларды емдеуде және алдын алуда ерекше орын алады және медициналық реабилитологияның анағұрлым маңызды және әсерлі әдісі болып табылады. Бұл оның тек бұлшықеттерді нығайту және қанайналым мен лимфаайналымның жақсаруына ғана емес, сонымен қатар, аурудан салдарынан бұзылған физиологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған орын толықтыруға икемделген механизмдерді ендірумен байланысты.

Терапиялық жоғары нәтижелілікті қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлер мен науқастардың физиотерапиялық процедураларды жасағанда құрылғылардың ережелерін қатаң сақтау, физиотерапиялық бөлімшені пайдалану мен қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету.


3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

  1. Физиотерапия туралы жалпы түсінік;

  2. Даму тарихының негізгі кезеңдері;

  3. Физиологиялық және емдік әсерлердің жалпы механизмдері;

  4. Физиотерапияның реабилитация жүйесінде орны мен маңызы, физикалық факторлардың классификациясы;

  5. Физиотерапиялық бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру принциптері, (бөлменің), жабдықталуы; физиотерапиялық бөлімшеде мейірбикелік кезеңді жүргізу мүмкіндігі мен ұйымдастырылуы;

  6. Орта медицина қызметкерінің қызметтік міндеттері;

  7. Физиотерапиялық бөлімшенің құжаттамасы, Физикалық емге жолдамаға карта (ф.044\у), бөлімше паспорты; науқастарды тіркеу журналы;

  8. Мейірбикелік қызметтің қызметтік міндеттері;

  9. Физиотерапиялық бөлімшедегі техника қауіпсіздігінің жалпы ережелері;


Студент істей білуі тиіс:

  1. Физитерапиялық бөлімшеде (бөлмеде) мейірбикелік жұмысты атқару.

  2. Физиотерапиялық бөлімше құжаттарын, физиоемдеуге жолдама картасын, (ф.044\у), бөлімше паспортын, науқастарды тіркеу журналын толтыруды.


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Физиотерапия анықтамасы;

  2. Физикалық факторлар классификациясы;

  3. Ағзаға әсер етуші физиологиялық және емдік механизмдер;

  4. Физиотерапияны тағайындауға жалпы кері көрсетілімдер;

  5. Физиотерапиялық бөлімшеде жұмысты ұйымдастыруда қызметкерлердің қызметтік нұсқаулықтары;

  6. Мейірбикелік қызметтің ролі;

  7. Физиотерапиялық қызметті ұйымдастыру мәселелері;

  8. Физиотерапиялық бөлменің жабдықталуына қойылатын талаптар;

  9. Қауіпсіздік техникасының ережесі;

  10. Өндірістік санитария;

  11. Медицина қызметкерінің еңбектік қорғау;

  12. Орта медицина қызметкерінің міндеттері;

  13. Физиотерапиялық емшара жүргізудің тәртібі;

  14. Құжаттама және есеп.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, Ситуациялық тапсырмалар, жұптасып жұмыс жасау, презентациялар, кейс-стади және т.б.)

:

  • Топтық – бағытталған оқыту;

  • Пікір талас (Дискуссия) әдісі бойынша оқыту;

  • Тест сұрақтарына жауап беру және ситуациялық есептерді қолдану.


6. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Основы медицинской реабилитологии / А. С. Медведев. –Минск : Беларус. наука, 2010. – 435 с.

  2. Медицинская реабилитация: Руководство для врачей/ Под ред. В.А. Епифанова. – М.: МЕДпресс-информ, 2005. – 328с., илл.

  3. Медицинская реабилитология: В 3-х Томах /под ред. Боголюбова В.М.-М.:Б/И.,2007. 136

  4. Ибатов А. Д., Пушкина С.П. Основы реабилитологии: учебное пособие.

  5. М.: ГЭОТАР. Медиа , 2007.-153с.

  6. Боголюбов В. М. Физиотерапия: учебник.-М., 2005.

  7. Попов С. П. Физическая реабилитация.- Ростов-на-Дону, 2005

Қосымша:

  1. Лечебная физкультура: учебное пособие/ В.А. Епифанов. – М.: ГЭОТАР - Медиа, 2006. – 568с.: ил

  2. ОБЩАЯ ФИЗИОТЕРАПИЯ: Учебник для студентов медицинских вузов / В. М. Боголюбов, Г. Н. Пономаренко С.-Петербург АООТ «Типография „Правда"» 2002.

  3. Биофизические основы физиотерапии: Учебное пособие. — М.: ОАО «Издательство «Медицина». 2006. — 176 с: ил.

  4. Котельников Г. П. Основы сестринского дела: учебник.- М., 2004.

  5. Епифанов В.А. ЛФК и спортивная медицина: учебник.-М.: ГЭОТАР. Медиа, 2007.-568 с.

  6. Васичкин В. И. Лечебный и гигиенический массаж.- М., 2003.



7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)
Тесттер:

1. Физиотерапиялық бөлмеде атқарылады:

1) қан тобын анықтау

2) гальванизация

3) клизма қою

4) қуыққа катетер қою

5) плевралы пункция
2. Физиотерапиялық бөлменің жабдықтарына не жатады?

1) құралдар мен медикаменттерді сақтайтын шкаф

2) тоңазтқыш

3) ингаляциялық наркозға арналған аппарат

4) электрофорез

5) электроотсос


3. Дене шынықтыруда шектен тыс күш жұмсау ... болады.

1) дене шынықтырумен жүйелі айналысатын адамда

2) физикалық дайындығы жеткіліксіз адамда


  1. Бір реттік физическалық жүктемеде, орындау мүмкіндігін жоғарлатқан адам

  2. Әр сабақ сайын күші артып отыратын адам

5) күтпеген жерде жүктемеден кейін немесе дейін
4. Құралдарды дезинфекциялау үшін … сутегі тотығын қолданады

1) 6%


2) 33%

3) 4%


4) 3%

5)7%
5. Әрбір науқасты қабылдаудан кейін кушеткадағы клеенканы ….

1) 2% виркон ерітіндісімен ылғалдандырылған сүркішпен сүрту керек

2) 2% виркон ерітіндісінде ылғалдандырады

3) төсем төмейді

4) ауыстырады

5) тазаламайды
6. Мейірбикенің жұмыс орнында жалпы қауіпсіз шараға жатпайды.

1) қолғапты шешкеннен кейін қолды жуу

2) қол жуу деңгейлерін сақтау

3) биологиялық ерітініділермен жұмыс істеуде қолғап кию

4) қолданылған құралдарды дезинфекция жасау

5) СПИД-пен ауратын науқаспен қарым-қатынас жасағанда респиратор қолдану


7. Микробиологиялық зиянды фактор бола алмайды:

1) бір рет қолдануға арналған құрал

2) жарақаттар

3) шығынды

4) таңулар

5) төсек


8. Резеңке қолғапты қигенде аллергиялық дерматиті бар мейірбике ... .

1) басқа жұмысқа ауысуы қажет.

2) қолғапсыз жұмыс істеу керек

3) қолғапты кию қажет

4) жұмыстан ығу қажет

5) қолғаптың ішіне жұмсақ салфетка салып кию керек


9. Физиотерапия бөлмесінде қандай аппараттар болуы тиіс?

1) УВЧ- терапияның портативті аппараты

2) Гальванизацияға арналған аппарат және дәрілік электрофарез

3) Ультрадыбысты терапияға арналған аппарат

4) Стандартты жоғары сапалы аппараттар
10. Физиотерапиялық бөлімшедегі орта медицина қызметкерінің қызметтік міндеттеріне не жатады? ,

1) науқасты емшара дайындау

2) дене температурасын өлшеу

3) емшара жүргізу

4) қан қысымын өлшеу

Ситуациялық есептер:

№1 есеп: Физио бөлімше мейірбикесінің аппаратпен жұмысында келеңсіздіктер туындады.

Сұрақ. 1. Осы жағдайдағы мейірбике әрекеті?

2.Физио бөлме медбикесінің негіөзі міндеттері.


№2 есеп: Физио бөлмеге келген науқас емшара алдын металл заттарын шешпеді.

Сұрақ: 1. Мейірбикеге емшара жүргізу болады ма?



2. Осы жағдайдағы медбикенің әрекеті?

4-САБАҚ

1. Тақырыбы: Функциональді диагностиканың негізгі әдістері. Функциональді сынама, физикалық жаттығудың физиологиялық жіктелуі.
2. Мақсаты: Тыныс алу жүйесінің патологиясы бар науқастарға арналған реабилитация бағдарламасына емдік дене шынықтыруды енгізу науқастың жағдайын жеңілдетуде және қызметтерді қалпына келтіру процессін жеделдетуде маңызды орын алады. Емдік дене шынықтыру бағдарламасын құру патологиялық синдромдарға қарай жүргізіледі.
жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау