Оѕтїстік Ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы


Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)



жүктеу 0,73 Mb.
бет3/4
Дата01.01.2018
өлшемі0,73 Mb.
#6730
түріЛекция
1   2   3   4

6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

1. Тасымалдау құбылысына не датады?


2. Диффузия деп қандай құбылысты айтады?

9 Дәріс


1. Тақырыбы: Электр өрісі.
2. Мақсаты: Электр өрісінің физикалық мағынасын түсіндіру.

Дәріс жоспары:

1. Электр өрісі.

2. Электр өрісінің негізгі сипаттамалары.

3. Электрлік диполь.

4. Әр түрлі электр өрісіндегі диполь.



5. Электр өрісіндегі диэлектриктер.
3. Дәріс тезистері:

1. Электр өрісі:
Электр өрісі деп нені айтады? Зарядталған бөлшектердің арасындағы өз ара әсер өрісі арқылы беріледі.
Электр өрісі деп – қозғалмайтын зарядталған бөлшектердің арасындағы өз ара әсерді сипаттайтын материяның ерекше түрін айтады. 2. Электр өрісінің негізгі сипаттамалары:
2.1 Электр өрісінің күштік сипаттамасы өрістің кернеулігі «Е» деп - өріс тарапынан сыншы зарядқа әсер ететін «F» күштің сол зарядтың «q» шамасына қатынасын айтады:
E = F/q Егер «q» сыншы заряды электр өрісіне орналастырылса, онда зарядқа өріс тарапынан күш әсер етеді: F=qE
Бұл электр өрісіндегі күштің негізгі теңдеуі деп аталады.
2.2 Электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы:
Сыншы зарядты бір нүктеден екінші нүктеге жылжыту үшін жұмыс атқару қажет. Бұл жұмыс берілген екі нүктенің потенциалдық энергиясының айрымына тең болады.
Электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы Сыншы зарядты электр өрісіне көшіріп келгенде атқаралатын жұмыстың сол зарядтың шамасына қатынасын сол нүктенің потенциялы деп атайды.
Нүктенің потенциялы өріс туралы ешқандай мәлімет бере алмайды. Ал өрістің екі нүктесінің потенциал айырымы сол өрістің энергетикалық өзгерісін сипаттай алады. Оны кернеу деп атайды:
φ = A/q = E/q = φ2- φ1 = U
3. Электрлік диполь:
Диполь деп нені айтады?


Электрлдік диполь деп – шамалары бірдей таңбалары қарама-қарсы бір-біріне белгілі «L» қашықтықта орналасқан нүктелік зарядтардың жүйесін айтады. «L» - диполдің иіні деп аталады.
Диполдің негізгі сипаттамасы электрлік немесе дипольдық момент деп зарядтың иінге көбейтіндісін Р=qL айтады.
Электрлік момент – бұл өс бойымен теріс зарядтан оң зарядқа қарай бағытталған векторлық шама.
4. Әр түрлі электр өрісіндегі диполь:
4.1 Біртекті электр өрісіндегі диполь. Өріс тарапынан дипольға шамалары бірдей бағыттары қарама - қарсы қос күш әсер етеді:
F
+= qE және F-= -qE.
δ- электр өрісі мен дипольдік моментінің арасындағы бұрыш Бұл күштер дипольді өріс бойымен бағыттап орналыстыруға тырысады, яғни айналдырушы момент тудырады: M = qELsin(δ) = PEsin(δ) Оның шамасы дипольдің электрлік моментіне, электр өрісінің кернеулігіне, және дипольдің бағытталып орналасуына байланысты болады. 4.2 Бір текті емес электр өрісіндегі диполь: Өріс тарапынан дипольға шамалары әр түрлі бағыттары қарама –қарсы екі күш әсер етеді. Қорытқы күштің шамасы екі күштің векторларлық қосындысына тең болады:
F = F
- - F+= q(E- - E+) Күштердің бір-бірінен айырмашылығы дипольдің иініне байланысты болғандықтан теңдеудің екі жағын «L» бөлеміз.
Мұндағы: (E
- - E+)/L = dE/dx – өрістің бір текті еместігін сипаттайтын көрсеткішті өрістің тарау бағыты бойындағы өзгерісі болғандықтан, оны өрістің бір текті еместілігінің көрсеткіштік дәрежесі деп атайды.
Сонымен өріс тарапынан дипольға әсер ететін қорытқы күш: F
к = qLdE/dx = PdE/dx
Ол дипольдің электрлік моментіне, өрістің бір текті еместілік көрсеткіштік дәрежесіне байланысты болады.
Егер диполь кез келген бағытта орналасса онда оған тағыда қосымша айналдырушы момент әсер етеді.
5. Электр өрісіндегі диэлектриктер:
Диэлектриктер деп нені айтады? Диэлектриктер деп электр тогын өткізбейтін денелерді айтады.
Диэлектриктер:
1. Молекулалары полярлы
2. Молекулалары полярсыз
3. Кристалды
болып үш түрге бөлінеді. 5.1 Молекулалары полярлы диэлектриктерге Н
2О, нитробензол және түрлі қышқылдар жатады.Олардың молекулалары симметриялы емес түрде орналасады. Себебі оң зарядының массалар центрі теріс зарядтарының массалар центріне сәйкес келмейді. Яғни полярлы диполь түрінде болады. Бұндай молекулаларға әлектр өрісінің әсері болмағанның өзінде, олардың электрлік моменті болады. Бұл кезде дипольдық молекулалар ретсіз орналасады. Егер электр өрісімен әсер етсе молекулалар өріс бойымен реттеліп орналасуға тырысады. Мұны диэлектриктердің поляризациясы деп атайды. 5.2 Молекулалары полярсыз диэлектриктерге: О2, Н2 т.б. атомдық күйдегі молекулалары бар диэлектриктер жатады. Бұлардың молекулалары симметриялы орналасады. Себебі оң зарядтың массалар центрі теріс зарядтардың массалар центріне сәйкес келеді. Молекула дипольдік молекулаға жатпайды.
Яғни электр өрісімен әсер етсе аттас зарядтар қарама-қарсы бағытта тартылып молекула дипольдік молекулаға айналады да реттеліп орналасады. 5.3 Кристалдық диэлектриктер. Диэлектриктердің бұл түріне NaCl жатады. Бұлардың молекулалары кристалдық тор түрінде орналасады. Тордың түйіндерінде оң және теріс иондары орналасады. Олар симетриялы болғандықтан, қорытынды электр өрісі нөлге тең болады. Егер электр өрісімен әсер етсе тор асты қабаттары қарама-қарсы бағытқа ығысып орналасады да, ол дипольдік моментке ие болады.

4. Иллюстрациялы материалдар: Презентация, слайдтар.
5. Әдебиет:

1. Көшенов Б. Медициналық биофизика: оқулық – Алматы, 2008 ж.

2. Көшенов Б.Медициналық биофизикадан зертханалық жұмыстар: оқу-әдістемелік құрал.-2 бас.,өңделіп толықтырылған.- .-Алматы: Эверо, 2010

3. Сәтбаева Х.К., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. Алматы.: Дәуір, 2005 – 663 бет.

4. Канкожа М.К. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. Алматы, 2004. – 78 бет.

Арызханов Б. Биологиялық физика, Алматы, 1990.

5. Әдіқасова ,-А.Ә. жалпы физика курсының семестрлік тапсырмалары:оқу құралы .-Алматы: Эверо, 2009.-112 бет

6. Физикалық тәжірбиелер ; жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған құрал. – Алматы: Рауан ,1993.

7. Ү.А. Байзак, Қ.Ж. Құдабаев «Медициналық биофизика және медициналық техника бойынша лабораториялық практикум»

6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

1. Электр өрісінің негізгі сипаттамаларын атаңыз?


2. Дипольдық молекулалар не себептен реттеліп орналасады?

10 Дәріс


1. Тақырыбы: Тұрақты электр тогы.
2. Мақсаты: Тұрақты электр тогының физикалық мағынасын түсіндіру.
Дәріс жоспары:

1. Электр тогы.

2. Ток тығыздығы.

3. Ток күші.

4. Тізбектің бөлігі үшін Омның интегралдық түрдегі заңы.
3. Дәріс тезистері:

1. Электр тогы:


Электр тогы деп электр зарядтарының бағытталып, реттеліп қозғалысын айтады.
Электр тогын өткізгіштік және конвекциялық деп екі түрге бөледі.
Өткізгіштік ток - бұл ток өткізетін денедегі зарядтардың бағытталып қозғалысы:
металдарда-электрондар, жартылай өткізгіште - электрондар және кемтіктер, электролиттерде - иондар, газдарда - иондар және электрондар. Конвекциялық ток – бұл ауасыз кеңістіктегі (вакуум) зарядталған денелердің және электрондардың ағынын немесе басқа зарядталған бөлшектердің қозғалысы.
Электр тогын осылай жіктеу белгілі бір дәрежеде шартты деп есептеледі. Себебі айнымалы электр өрісін кейбір жағдайларда ығысу тогы деп атайды.
Барлығына ортақ белгі, ол кез-келген ток магнит өрісін тудыратын көз болады.
2. Ток тығыздығы:
Өткізгіш бойымен бағытталып қозғалатын оң зарядтардың траекториясын ток сызықтары деп атайды. Ток сызығы қозғалу бағытындағы кез-келген нүтеге жүргізілген жанама деп реттеліп қозғалатын зарядтардың «v» жылдамдығының бағытымен сәйкес келетін сызықты айтады.
Ток сызығы жылдамдық емес ток тығыздығы деген шамамен байланысты болады.
Ток тығыздығы «j» деп бағыты жағынан «v» жылдамдықтың бағытымен бағыттас және шамасы сан жағынан осы векторға перпендикуляр бет ауданын, бірлік уақыт ішінде қиып өтетін зарядқа тең болатын векторлық шаманы айтады.
Әр түрлі нүктелерінде ток тығыздығы бірдей болатын өткізгіштің бөліктерін қарастырайық:
Өткізгіштің бұл бөлігі қабырғалары сан жағынан жылдамдыққа тең және қырлары ауданы S = 1 кв. өлшем болатын зарядтың қозғалысына перпендикуляр бағыттағы тік бұрышты параллелепипед деп қарастырылған.
Осы көлемде орналасқан барлық ток тасымалдаушылар бірлік уақыт ішінде «S» ауданшаны қиып өтеді. Көлемі - «V» параллелепипедтегі ток таситын саны - «N» толық электр зарядтары ток тығыздығына тең болады: j = qN = qnV = qnSv = qnv,
мұндағы n = N/V - олардың концентрациясы,
V = Sv, S = 1 кв. өлшем.
Онда: j = qnv. Бұл ток тығыздығы мен ток тасушы «q» заряд, оның «n» концентрациясы және бағытталған қозғалыстың жылдамдығының арасындағы байланысты сипаттайтын бірден-бір қатынас.
3. Ток күші:
Заряд, «1 с» уақыт ішінде берілген ауданшадан немесе ток сызықтарына перпендикуляр өткізгіштің көлденең қимасын қиып өтетін заряд ток тығыздығының «S0» қима ауданына көбейтіндісімен анықталады: I = jS0.
Бұл ток күші деп аталады. Оның шамасы «S0» ауданын қиып өтетін ток сызықтарының жалпы санына тең болады.
Ток күші мен ток тығыздығы арасындағы байланысты интегралдық түрде жазуға болады:
Ток күші:
Ток өткізгіштің көлденең қимасынан өткен зарядтың уақыт бойынша алынған туындысы. 4. Тізбектің бөлігі үшін Омның интегралдық түрдегі заңы:
Тізбектің бөлігін ұзындығы «l» және көлденең қимасы «S» біртекті цилиндр өткізгіш ретінде қарастырайық.
Бұл жағдайда: j = I/S немесе j = γE = E/ρ = U/(ρl) (өткізшіш ішіндегі өріс біртекті болғандықтан: E = U/l және γ = 1/ρ)
Соңғы өрнектердің оң жағы тең болғандықтан, сол жағын теңестіріп жазуға болады:
Цилиндр өткізгіштің кедергісі R = ρl/S болғандықтан, тізбектің бөлігі үшін Омның интегралдық заңы алынады
4. Иллюстрациялы материалдар: Презентация, слайдтар.
5. Әдебиет:

1. Көшенов Б. Медициналық биофизика: оқулық – Алматы, 2008 ж.

2. Көшенов Б.Медициналық биофизикадан зертханалық жұмыстар: оқу-әдістемелік құрал.-2 бас.,өңделіп толықтырылған.- .-Алматы: Эверо, 2010

3. Сәтбаева Х.К., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. Алматы.: Дәуір, 2005 – 663 бет.

4. Канкожа М.К. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. Алматы, 2004. – 78 бет.

Арызханов Б. Биологиялық физика, Алматы, 1990.

5. Әдіқасова ,-А.Ә. жалпы физика курсының семестрлік тапсырмалары:оқу құралы .-Алматы: Эверо, 2009.-112 бет

6. Физикалық тәжірбиелер ; жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған құрал. – Алматы: Рауан ,1993.

7. Ү.А. Байзак, Қ.Ж. Құдабаев «Медициналық биофизика және медициналық техника бойынша лабораториялық практикум»

6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

1. Электр тогы дегеніміз қандай ток?


2. Өткізу тогының конвекциялық токтан айырмашылығы неде?
11 Дәріс

1. Тақырыбы: Магнит өрісі.
2. Мақсаты: Магнит өрісінің физикалық мағынасын түсіндіру.
Дәріс жоспары:

1.Магнит өрісін сипаттайтын шамалар.

2.Ағза ұлпаларының магниттік қасиеттері және магниттік биологияның физикалық негізі.

3.Ағза ұлпаларына магнит өрісінің тигізетін физиологиялық және емдік әсері.


3. Дәріс тезистері:

1. Магнит өрісінің индукция векторы деп шамасы Ампер заңынан ∆F=BI∆L B=∆F/I∆L ал бағыты өрістің кез келген нүктесінде орналастырған солтүстік полюсті көрсететін магниттік стрелканың бағытымен сәйкес келетін векторды айтады. Бұл шама заттардағы магнит өрісін сипаттау үшін қолданылады.

2. Қоршаған ортадағы магнит өрісін сипаттау үшін магнит өрісінің кернеулігі деген шама
енгізіледі. H=Bμ μ- магниттік тұрақты.
Мұның шамасы өрісті тудырып тұрған өткізгіштің формасына және одан өтетін токтың шамасына байланысты болады, ал бағыты “В” индукция векторының бағытына сәйкес келеді.

3. Магнит өрісінің ағыны деп берілген ауданды қиып өтетін индукция векторының жиынын айтады. Ф=ВScos(α). Мұндағы “α“ - бетке тұрғызылған нормаль мен магнит өрісі арасындағы бұрыш.

Сыртқы магнит өрісінің әсері заттарға өзіндік магнит өрісі бар элементтер мен құрылымдар арқылы беріледі. Заттардың өзіндік магнит өрісі, магнит моменті арқылы сипатталады. М=χН Мұндағы χ - заттың магниттік алғырлығы деп аталады.

Заттар магниттік алғырлығына қарай мынандай түрге бөлінеді:

1. Диамагнеттиктер деп-сыртқы магнит өрісінің әсерін әлсіретіп магниттік қасиеті бар заттарды айтады. Себебі өзіндік магнит өрісінің бағыты сыртқы магнит өрісінің бағытына қарама-қарсы бағытталады.

2. Парамагнетиктер деп-сыртқы магнит өрісінің әсерін күшейтетін магниттік қасиеттері бар заттарды айтады. Себебі өзіндік магнит өрісінің бағыты сыртқы магнит өрісінің бағытымен бағыттас.

3.Ферромагнетиктер бұлардың қасиеті парамагнетиктер сияқты.

Биологиялық ұлпалардың құрамында магниттік қасиеті жағынан пара және диамагниттікке жататын органикалық қосылыстар бар. Бірақ олардың магниттік энергиясы ағзаның жылулық энергиясынан аз болады.

Ағзаның құрамына енетін қасиеттері анизатропты макромолекулалары бар бұлардың магниттік энергиясы ағзаның жылулық энергиясынан көп болады. Сондықтан магнит өрісі биологиялық белсенді макромолекулалардың концентрациясын және бағытын өзгерте алады.

Бұларға жататындар: ферменттер, нуклейн қышқылдары, күрделі протеидтер.

Магнит өрісінің әсері ағза ұлпаларына бос радикалдар бөліне жүретін химиялық реакциялар арқылы беріледі. Бос радикалдардың магнит алғырлығы “χ” кез келген жасанды парамагнитіктерден, диамагнитіктерден артық болады.

Магнит өрісінің әсерінен ағза ұлпаларында жүретін биохимиялық реакциялардың жылдамдығы өзгереді. Яғни магнит өрісінің ағза ұлпаларына тигізетін әсерін зерттейтін биологияның бөлімін магниттік биология деп атайды.

Магнит өрісінің ағза мүшелеріне тигізетін әсері:

1. Магнит өрісі мидың шартты рефлекторлық қызметін өзгеріске түсіреді.

2. Жұлын, оның сұр заты магнит өрісінің әсеріне өте сезімтал болып келеді.

3.Магнит өрісінің әсері жүрек және қан айналу жүйесін өзгеріске түсіреді. Өзгеріс әрі жүрек тарапынан, әрі қанның гемодинамикасы жағынанда байқалады. Яғни жүректің соғуы жақсарады, қанның ішкі айналуы толық қамтамасыз етіледі.

4. Магнит өрісінің әсері эпитальді қабаттың өткізгіштік қабілетін жақсартады. Емдеуден кейін ісіктің, қабынудың ағзаға таралу мүмкіндігі артады.

5. Магнит өрісінің әсерін жарақаттану, зақымдалу олардың қалдықтарын жою үшін қолданылады.

6. Магнит өрісінің әсерінен қанның ұйығыштық қабілеті артады.

7. ЭТТЖ (СОЭ) эритроцидтің тұнбаға түсу жылдамдығы магнит өрісі әсерінен кез келген адамның қанында баяулайды. Яғни қанның құрамындағы эритроцидтің саны көбейеді және гемоглобиннің құрамы жақсарады. Бұл сүйек кеміктерінің қызметінің жақсарғандығын көрсетеді.

8. Магнит өрісінің әсері лимфа жүйелерінің қызметін жақсартады. Емдеуден кейін шеткі бездердің қанмен қамтамассыз етілуі жақсарады. Яғни олардағы лимфойттық жасушалардың саны артады.

9. Магнит өрісінің әсерімен қимыл-тірек аппараттарының, бұлшық еттің қызметін қалпына келтіруге болады.

10. Магнит өрісінің әсерін ер адамдардың жыныс мүшелерінің қызметін жақсарту үшін қолданылады.
4. Иллюстрациялы материалдар: Презентация, слайдтар.

5. Әдебиет:

1. Көшенов Б. Медициналық биофизика: оқулық – Алматы, 2008 ж.

2. Көшенов Б.Медициналық биофизикадан зертханалық жұмыстар: оқу-әдістемелік құрал.-2 бас.,өңделіп толықтырылған.- .-Алматы: Эверо, 2010

3. Сәтбаева Х.К., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. Алматы.: Дәуір, 2005 – 663 бет.

4. Канкожа М.К. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. Алматы, 2004. – 78 бет.

Арызханов Б. Биологиялық физика, Алматы, 1990.

5. Әдіқасова ,-А.Ә. жалпы физика курсының семестрлік тапсырмалары:оқу құралы .-Алматы: Эверо, 2009.-112 бет

6. Физикалық тәжірбиелер ; жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған құрал. – Алматы: Рауан ,1993.

7. Ү.А. Байзак, Қ.Ж. Құдабаев «Медициналық биофизика және медициналық техника бойынша лабораториялық практикум»


6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

1. Заттардың магниттік жағдайы немен сипатталады?


2. Биологиялық жүйелерге магнит өрісінің әсері қалай таралады?
3. Ағза ұлпаларының магниттік қасиеттері немен ерекшелінеді?
4.Ағзаның қандай бөлігі магнит өрісінің әсеріне өте сезімтал болып келеді?

12 Дәріс



1. Тақырыбы: Элетрөткізгіштік.
2. Мақсаты: Жасуша мен ұлпалардың электр өткізгіштігінің физикалық мағынасын түсіндіру
Дәріс жоспары:

1.Жасуша мен ұлпалардың электр өткізгіштігі.

2.Поляризация түрлері.

3.Жасуша мен ұлпалардың айнымалы токтарды өткізуі.

4.Электр өткізгіштікті биологиялық және медициналық зерттеулерде қолдану.
3. Дәріс тезистері:

Тірі ағза арқылы тұрақты ток өткенде кернеу шамасының тұрақты болғанына қарамастан біраз уақыт бойы кемиді содан кейін оның шамасы тұрақты болады. Тізбек бөлігіндегі потенциал айырымы (кернеу) тұрақты болғанда тізбектегі ток шамасы тұрақты болуы тиіс, ал тірі ұлпада бұл заңдылық орындалмайды, яғни Ом заңының бұрмаланғаны байқалады. Бұл қарастырылған құбылыс биологиялық жүйеде поляризацияның болуынан деп түсіндіріледі.

Биологиялық жүйе арқылы тұрақты ток өткенде, онда белгілі бір шамаға дейін өсетін негізгі электр қозғаушы күшке қарама-қарсы поляризациялық Э.Қ.К. пайда болады. Оның әсерінен тізбектегі ток шамасы кемиді.

Поляризациялық Э.Қ.К. шамасы уақытқа тәуелді болады, яғни Р(t). Олай болса биологиялық жүйе үшін Ом заңы мына түрде жазылады:

Поляризациялық Э.Қ.К. пайда болуының басты себебі ретінде, тірі жасушалар арқылы ток өткенде олардың сиымдылық, диэлектрлік қасиеттеріне байланысты бойларында зарядтарды жинайтын қабылетінің арқасында деп саналады.

Кез келген денелерде зарядтар еркін немесе байланысқан түрде кездеседі.

Денедегі еркін зарядтар (электрон, ион) түрақты токтың электр өрісі әсерінен бір электродтан екіншіге, ал жасушадағы еркін иондар мембрана арқылы бір орыннан екінші орынға орын ауыстыра алады. Олардың бұл қозғалысы ток деп аталады.

Ал байланысқан зарядтардың қозғалысы тұрақты токтың әсерінен басқаша түрде жүреді. Олар тек белгілі бір, өте аз аралықта ғана қозғала алады. Бұл қозғалыс ығысу тоғын тудырады.

Байланысқан зарядтардың электр өрісі әсерінен орын ауыстыруын және соның нәтижесінде сыртқы өріске қарама-қарсы электр қозғаушы күштің пайда болуын поляризация деп атайды.

Поляризацияның пайда болу жолдарына байланысты түрлері:



  • Дипольдық поляризация.
    Дене молекулаларының оң және теріс зарядтарының «масса центрі» бір біріне сәйкес келмейді делік (су, спирт, нитробензол және т.б.). Мұндай молекуларда электрлік дипольдік момент болады.

Сыртқы электр өрісі жоқ кезде мұндай молекулалар ретсіз орналасады, соның нәтижесінде олардың дипольдік моментерінің қосындысы нольге тең болады.

Егер оларға электр өрісі әсер етсе, онда молекулалар өріске сәйкес реттеліп орналасады, соның нәтижесінде олардың дипольдік моменттерінің қосындысы нольден бөлек мәнге ие болады. Осының нәтижесінде молекулалар поляризацияланады, денеде сыртқы электр өрісіне қарсы өріс пайда болады.

Поляризацияның бұл түрін дипольдық деп атайды, ол негізінен жоғарғы молекулалық байланыстағы қосылыстарда, ақуызда және олардың ертінділерінде кездеседі.

Молекулалардың дипольдық поляризациялану уақытын релаксация уақыты деп атайды, ол молекуланың бұрылу уақытына сәйкес келеді және


10-13 с тан 10-7 с аралығанда орын алады.

2. Электрондық поляризация деп, сыртқы электр өрісінің, не басқа факторлардың әсерінен атом не иондардағы электрон орбиталарының оң зарядталған ядроға салыстырған ығысуын атайды. Атом, не ионда мұндай ығысудың салдарынан сыртқы өріске қарсы дипольдық момент пайда болады.

Электрондық поляризация уақыты, яғни релаксациясы 10-16 с тан 10-14 с аралығанда орындалады.

3. Иондық поляризация деп, сыртқы электр өрісінің, не басқа факторлардың әсерінен ионның кристалдық торға қатысты ығысуын атайды. Осының салдарынан сыртқы өріске қарама қарсы дипольдық момент пайда болады.

Иондық поляризацияның релаксация уақыты 10-14 с тан 10-12 с тең.
Осы қарастырылған поляризация түрлері биологиялық жүйелерге тән.

Қазіргі кезеңде биологиялық жүйелерден айнымалы ток өткізіу арқылы олардың электр өткізгіштігін өлшейді, осылайша ол туралы толық мәлімет алуға болады. Бұл жағдайда биологиялық жүйенің омдық кедергісімен қатар оның сиымдылық кедергісі болатындығын ескеру қажет.

Электрлік сиымдылық деп өткізгіштегі заряд өзгерісінің потенциал өзгерісіне қатынасымен анықталынатын шаманы, яғни С=dq/d атайды.
Сонымен қатар электр сиымдылық диэлектрлік өтімділік пен поляризациялану дәрежесіне де байланысты болады.

Биологиялық жүйелерде активті және реактивті кедергілер қатар кездеседі. Реактивті кедергінің шамасы XR= 1/C өрнегімен сипатталынады, мұндағы  - дөңгелек жиілік.


Жүйенің толық кедергісін импеданс деп атайды.

Биологиялық жүйелердің импедансының жиілікке тәуелділігі импеданс дисперсиясы, оның сиымдылық кедергісінің жиілікке байланыстығынан туындайды.

Қазіргі кезеңде биологиялық және медициналық зерттеулерде биологиялық жүйелердің электр өткізгіштігін өлшеу арқылы оның күйін сипаттау кеңінен қолданылады. Бұл әдіс зерттелінетін биологиялық жүйелердегі физика-химиялық үдерістерде үлкен өзгерістер тудырмайды, бүлдірмейді, әрі дәл және шын мәлімет береді.

Биологиялық мембрананың сиымдылығы мен кедергісін өлшеу кезінде олар туралы алынатын мәліметтердің зор ғылыми және практикалық маңызы бар.

Биологиялық объектінің төменгі жиілікті токқа кедергісі мембрананың өтікгіштігінің көрсеткіші болатыны белгілі, олай болса мембрананың электр өткізгіштігін анықтау арқылы олардың иондарды өткізу дәрежесін анықтауға болады.

Қабыну кезінде ұлпаның электрлік қасиеттерінің өзгеретіні белгілі. Мысалы, қабынудың алғашқы сатысында ұлпаның кедергісі ұлғаяды, бұл құбылыс төменгі жиілікті ток арқылы өлшеу кезінде жақсы байқалады.

Бұл кезде ұлпаның кедергісі негізінен жасуша аралық кеңістіктің күйіне байланысты болады. Жасушаның ісінуі жасуша аралық кеңістік көлемін кемітеді, бұл кезде оның құрылымында үлкен өзгерістер орын алмайды, яғни жасушаның сиымдылығы өзгермейді.

Олай болса жасушаның омдық (активті) кедергісі ұлгаяды, ал сиымдылық кедергісі өзгермейді. Сонымен, егер ұлпаның сиымдылық кедергісі өзгермей, тек омдық кедергісі ұлғайса,онда ұлпаның ісінгені, егер кедергісі кемісе онда, жасуша көлемінің кішірейгені.

Әртүрлі зақымдаушы факторлардың әсерін бағалауда электр өткізгіштікті өлшеу әдісі кең қолданылады. Зақымдаушы факторлар әсерінен ұлпа еттері жансызданғанда мембрананың өткізгіштігі артады, яғни оның иондарды өткізуі күшейеді, бұл құбылыс төменгі жиілікте ұлпаның кедергісі мен сиымдылығының төмендеуіне алып келеді.

Ал жоғарғы жиілікті токтарда поляризация құбылысының болмауынан ұлпа кедергісі өзгере қоймайды. Ұлпа кедергілерінің жиілікке тәуелділігін дисперсия деп атайды. Сонымен зақымдаушы факторлар әсерінен немесе ұлпа жансызғанда, оның электрлік параметрлері төмендейді, ал ұлпа толығымен жансызғанда (өлгенде) дисперсия толығымен жойылады

Егер зақымдаушы фактор әсерінен ұлпаның жоғарғы жиілікті токқа кедергісі өзгерсе, онда бұл жасушадағы бос иондар концентрациясының өзгергенін көрсетеді. Кедергінің ұлғайғаны иондардың азайғанын, ал кемігені бос иондардың концентрациясының ұлғайғаны немесе байланысқан иондардың босағанының көрсеткіші.

Физиология мен медицинада электр өткізгіштікті мүшелердің қанға толу дәрежесін анықтауда қолданылады. Мүше тамырлары қанға толғанда, яғни жүрек жұмысының систолалық фазасында, мүшенің кедергісі кемиді, себебі, қанның кедергісі клетканың кедергісінен көп төмен. Керісінше, жүректің диастолалық фазасында мүшенің кедергісі артады.

Мүшелердің кедергісінің қанға толуы әсерінен кедергісінің өзгеруін тіркеуге негізделген диагностикалық әдісті реография деп атайды.
Реография кезінде кедергі өзгерісінің бірінші туындысы да тіркеледі, бұл шама мүшенің қанға толу жылдамдығын сипаттайды.

Көп каналды реографты пайдалану арқылы әр түрлі жағдайдағы ішкі мүшелерде бауырда, бүйректе, жүректе т.б. мүшелердегі, сонымен қатар үлкен кіші қан тамырларындағы қанның таралуын зерттейді. Мидағы қанның таралуын зерттеу әдісін реоэнцефалография деп атайды.


4. Иллюстрациялы материалдар: Презентация, слайдтар.
5. Әдебиет:

1. Көшенов Б. Медициналық биофизика: оқулық – Алматы, 2008 ж.

2. Көшенов Б.Медициналық биофизикадан зертханалық жұмыстар: оқу-әдістемелік құрал.-2 бас.,өңделіп толықтырылған.- .-Алматы: Эверо, 2010

3. Сәтбаева Х.К., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. Алматы.: Дәуір, 2005 – 663 бет.

4. Канкожа М.К. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. Алматы, 2004. – 78 бет.

Арызханов Б. Биологиялық физика, Алматы, 1990.

5. Әдіқасова ,-А.Ә. жалпы физика курсының семестрлік тапсырмалары:оқу құралы .-Алматы: Эверо, 2009.-112 бет

6. Физикалық тәжірбиелер ; жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған құрал. – Алматы: Рауан ,1993.

7. Ү.А. Байзак, Қ.Ж. Құдабаев «Медициналық биофизика және медициналық техника бойынша лабораториялық практикум»


жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау