«Отбасы,балабақша және қоғамның игілікті болашақ жолындағы өзара ынтымақтастығы»



жүктеу 80,75 Kb.
Дата14.12.2017
өлшемі80,75 Kb.
#4169


“Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

№8 «Ақбота» шипа-жай типті бөбекжай - балабақшасы

Директор: Адилова Т.Ш. Атырау қаласы

«Отбасы,балабақша және қоғамның игілікті болашақ жолындағы өзара ынтымақтастығы»

Жақсы адамдар алдыңнан жол ашады,

Ал жаманы талтүсте адасады.

Егер көңіл бөлмесек отбасына,

Онда елдің белгісіз болашағы...

Қоғамдық жаңғыру кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойылып отыр. Осының өзі қоғамдығы отбасының орыны, оның басты міндеті- бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп, жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Қазіргі педагогика , қоғамтану, саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы отбасының өзіндік орынын баса көрсетуде.

Отбасында ата-ана өзінің баласын қандай адам етіп тәрбиелеуді өздері алдын ала белгілейді. Отбасы тәрбиесінде қолданылатын әдістерде өзгеше екені белгілі. Онда баланы азда болса өзіндік өмір тәжірибесі, әдет, дағдылары, құмарлығы мен қызығулары қалыптасады. Көпдеген ғылыми- педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді қоғамдық мекемелердегі тәрбие қаншалықты ғылыми негізді болса да, баланың дамып- қалыптасуына отбасы тәрбиесінің ықпалының аса пәрменді болатынын көрсеткен. Былай болуының басты себебі – отбасы мүшелерінің арасындағы қарым қатынас сипатында екені тағы белгілі.

Алай да кеңес одағы кезіндегі идеологияға байланысты отбасы тәрбиесі адам өміріндегі басты кезең емес, оның құны төмендеп, қоғамдық тәрбиеге ерекше мән берілгені белгілі.Сол себепті кеңес одағындағы азаматтардың өмірі туған күннен бастап алдынала жоспарланатын- ясли, балабақша, бастауыш мектеп, орта мектеп, кәсіптік орта оқу орындары, жоғары мектеп, тағы да басқа баланы отбасында емес, мектепте тәрбиелеу, оқыту арқылы ұйымдастыру бағдарламалары жасалып, жұмыс жүргізіле бастады.

1994жыл Біріккен Ұлттар Ұйымымен Халықаралық отбасы жылы деп белгіленіп әлемдік қауымдастықтың бұл мәселеге мән берілуі көзделген еді. Осы шараның нәтижесі ретінде қазіргі күні Қазақстанда «Отбасы және демография», «Отбасының әлеуметтік қамсыздандыру қоры», «Ана және бала денсаулығы» денсаулығы секілді ұйымдар қызмет етуде. Атаулары көрсетіп тұрғандай, бұл ұйымдардың әрқайсысының өз функциясы бас болғанымен, олар ата- аналардың педагогикалық сауатын ашу, отбасы тәрбиесінің шарттарымен қаруландыру мәселесін шешпейді.

Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сыртқ қалуының психикасына әсерін Т.В. Лодкина, А.И.Захаров, В.С. Мухина, Е.О.Смирновалар атап көрсеткен.А.Н. Леоньев, С.А.Козлова сынды ғалымдар балаға отбасы жылулығының ықпалын айқындаса, жақын адамдардың ықпалын баланың алдымен сезініп, түйсінуі және сөз түрінде бейнелеуінің маңызын А.В. Запорожец, А.Д.Кошелева және тағы да басқа белгілеген. Отбасы тәрбиесінің – эмоциялы сипаты, қаны бір адамдар арасындағы сүйіспеншілік қарым-қатынасы, ата-ана мен баланы жақындатудың маңызы – Ю.П. Азарова, И.В. Гребенников, Т.А. Маркова,

А.Г. Харчев еңбектерінен көрініс тапқан.

Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол – адам үшін ең үлкен мәңге ие орта.

Отбасы- белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір – жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.

Отбасы тәрбиесі – қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Оған ділел: балалар мекемелер жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми-техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту.

Отбасында басты мәселердің бірі- баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегңне қатысуы, оқу – әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады.

Отбасы, барлық уақытта да, өсіп кележатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.

Балалардың ортасындағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталды. Ол отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да- осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды.

Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтану жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адам. Олар балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулап, өз- өзіне қызмет дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік- саяси құндылықтар беріледі.

Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады.

Отбасы жағдайын және баланың жас ерекшелігін ескере отырып , оны ата-аналар түрлі еңбек іс-әрекеттеріне үйретулері қажет. Бала – отбасы мүшесі, ол өз міндетін адал ниетпен орындауы қажет және оның өз міндетін адал ниетпен орындауы- зор қуаныш.Отбасының бала еңбегіне артық салмақ түсірмей, парасатты ұйымдастырғаны жөн. Үйге берілген оқу тапсырмаларын үнемі орындауға бақылау жасау, көмектесу, балаларды өз бетімен жұмыс жасай білуге үйрету.

Балалардың бос уақыты – бұл шығармашылық елігу, қызығу дүниесі. Отбасылық тәрбиенің басты жағдайларының бірі- татулық. Мүндай ортада қиыншылықты жеңе білетін қабілетті, байсалды, ақжарқын адамдар өседі. Олар ұжымда жеке басының қамын ойламайды, басқа адамдар үшін де өмір сүре алады.

Бала тәрбиесі қиын да күрделі процесс. Біз баламыз тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғанын қалаймыз. Бірақ баламызды осы мақсаттарға сай тәрбиелеу үшін үлкен еңбек, күшжігердің қажет екенін бәріміз білсек те, мойнымыз жар беріп, бала тәрбиесімен айналыса бермейміз.

Бала тәрбиесінлегі тағы кемшілік- бала жетістігін көре білу, жігерлендіру, ынталандырумен байланысты. Баламызды мадақтауымыздан гөрі, жекіруіміз асып түсетінін мойындаумыз керек.

Біз баламызға үнемі талап қойғышпыз. Әуелі талапты қоймастан бұрын, балаға өзіміз үлгі көрсетуіміз керек емес пе? Қонақ келсе баламызды басқа болмеге жіберіп, кейде тіпті дұрыс тамақтандыру да ұмытып жатамыз. Балаларымыздың туған күн тойын атап өтеміз, онда да баламыз үшін емес, көпнесе, өзіміздің ағайын- туыс, дос жараңдарымызға да арналатыны шындық.



Бала тәрбиесі мен айналасуда өз тәжірибемізден жинақтаған ата-ана басшылыққа алу қажетті деп санаған ұстанымдарды ұсынамыз:

  1. Балаң, ең алдымен, денсаулығын қадағалауға көңіл бөлу. Денсаулық – тәннің ғана емес, жанның да кепілі.Дені сау бала ғана оқу мен тәрбиеге ықыласты болмақ. Балаңызды кішкендай кезінен денсаулығын күте білуге, денесін шынықтыруға дағдыландырыңыз. Денесін шынықтырып қана қолмай , ұқыптылық пен тазалыққа да үйретіңіз. Үйрету дегеніміз тек қана ақыл айту емес, көрсету, өзіңіздің үлгі болуыңызда.

  2. Баламен жақын дос, сырлас болуға тырысу. Бала үшін ең жақын адам ата- ана болғанымен де, бала ана-анасынан жасқаншақтап, ұялшақтайтын кездері жие болады. Сондай сәттерде дұрыс қадам жасап, балаңызды бауырыңызға тарта білу өте маңызды. Балаңыз өзінше жасырып жүрген сырын айтып, сізбен бөлісуі мүмкін. Сіздің балаңызға тұлға ретінде қарап, онымен ақылдаса отырып, бірлесе жұмыс істеуіңіз балаңызды жігерлендіреді, оның әр қадамын сенімді ете түседі.

  3. Бала қандай да қате іс жасаса, жекіп дүрсе қоя беруден гөрі түсіністікпен қарау әлде қайда пайдалы. Ондай кездерде бала өзіде құыстанып, ата-анасынан қорқып тұрады. Керісінше, балаңызға ақыл айтып, жол көрсетіңіз, мұның пайдасы көбірек болмақ.Сондай –ақ кейбір кезде балаңыздың беделін өзге балалардың алдында түсіріп жатамыз. Бұл баланың ар- намысына тиіп қана қоймай, оны өзге достарының арасында қор етіп көрсетеді, беті қайтқан бала көбісіне төменшіктеп жүреді. Ең бастысы- қателікті бетке басып, мойындатуда емес, жақсысын алдымен айтып баланы жігерлендіре отырып, кемшіліктерін жұқалап жеткізу, сонымен қатар кемшіліктерді жою жолдарын көрсету.

  4. Бала болған соң, өз қатарластырымен бірге дос болып, бірде ренжісіп жатады. Тіпті, кейде таяқ жеп келуі де мүмкін. Ондай сәттерде баланың арасына түспеген абзал. Бала қылығын жақтап, арасына түссеңіз, бала соған әдеттенеді, қит еткеннің бәрін өзіңізге жеткізіп отырады. Мұндай жағдайда балаңызды сырттай бақылаған дұрыс. Балаңыз үнемі орынсыз таяқ жеп жататын болса, әріне араласуға тура келеді.

  5. Балаңыздың немен айналысатынын, қандай іске икемді екенін бақылау. Шамамыз келсе, баланы бейімі бар істерге баулыңыз. Мұндай істер баланы дамытып қана қоймай, басқа зиянда әдеттерден сақтайды. Бос, жұмысы жоқ бала зиянды істерге біртабан жақын болады. Баланы үнемі ынталандарып отыру керек. Бала өз ырқымен істемеген істен тез көңілі суып, айналасына бейжай қарайтын болады. Баланы өз жасына ерте шаршатып алудан сақтанған абзал.

  6. Баланы еркін тәрбиелеу. Балаға қарым- қатынасыңыз жылы болғаны дұрыс. Балаға қатты сөйлеу оны сізден алыстатады.

  7. Бала кішкентай кезде барлық ақпаратты еш кедергі сіз қабылдай береді.

Сондықтан балаңызды ақпараттарды талғап қабылдауға, өзінің көз қарасын ашық білдіруге, ойланып сөйлеуге үйрету қажет.

  1. Кейбір балалар табиғатынан тынымсыз болады. Балаңыздың бойынан осындай сипаттарды көрсеңіз көңіліңізге қорқыныш ұялмасын.

  2. Бала тәрбиесіндегі ең негізгі тетік- баланы өз күшіне сендіріп үйрету.

Отбасында осы іспеттес, ақыл- кеңесті есіңізге ұстасаңыз, В.А. Сухомлинский айтпақшы- « Мектептің басты міндеті- әрбір адамның дарындылығын ашу, оны толыққанды шығармашылық, интеллектуалдық еңбек жолына бағдарлау»

. Осы баяндамамды атақты қазақ халқының мақтанышы, жазушысы – педагог М.Жұмабаевтің тамаша сөздерімен аяқтағым келеді.

«Бала ауру болса, баладан емес, тәрбиешіден; бала тар ойлы ақмақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі; бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы».

Пайдаланған әдебиеттер:



  1. Ю.П. Азаров Отбасы педагогикасы. М., 1985.

  2. Қ.Оразбекова. Отбасы психологиясы А., 2000

  3. А.Ю.Пинт. Ата-аналар, сіздер үшін. А., 1972

  4. В.А. Сухомлинский. Ата-ана педагогикасы. А., 1986

  5. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. А.,1976.

  6. Ж.Қоянбаев. Семья және балалармен жетекшілер тәрбиесі.

  7. Қ.Жарықбаев. С.Қалиев Қазақ тәлім-тәрбиесі.А., 1995

  8. В. Сатир. Как строить себя и свою семью. М., «Педагогика – пресс». 1992

Ата-аналарға арналған тренингтер.
1.Шаттық шеңберін құру.

Келген ата-аналар ортаға шығып шеңбер құрады.



2. Танысу тренингі: «Мен кіммін?»

Шарты:Қатысушылар екі-екіден жұптасып,бір-біріне өздерін таныстырады,қысқаша сипаттама айтады,2минут уақыттан соң олар бір-бірін көпшілікке таныстырады.



3. « Өз түсіңді тап»-өздері ұнатқан алдын-ала қойылған түстерді таңдап,сол түстер қойылған үстелдерге төрт топқа, яғни түске бөлініп отырады.

4.«Молекула» жаттығуы.

Музыка ырғағымен ойналады,қарым-қатынасты нығайту мақсатында.



5.Ой қозғау.Сұрақ-жауап.

-Отбасы,отау,отағасы,отау иесі деген ұғымдарды қалай түсінеміз?

-Отбасы негізі неде деп ойламыз?

6.Сауалнамалар толтыру.

Тақ. «Ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынас.»

«Балабақшада баланы бейімделу кезіндегі ата-аналармен жұмыс.»

7 .Шығармашылық жұмыс.

Отбасына қатысты мақалдардың жалғасын табу.

«Атадан ұл туса игі,ата жолын қуса игі.»

«Ата-анаң бар болсын,бала кезде жар болсын.»

«Жеті атасын білмеген,жетімдіктің салдары.»

«Әдепсіз бала-аяққа басылған шала.»

«Кәріге құрмет –балаға міндет.»

«Бала көңілдің гүлі,көздің нұры.»

«Жақсы бала-сүйік,жаман бала-күйік.»

«Баланың өскен бесігі,кең дүниенің есігі.»

«Болар адам жеті-жастан басболар.»

«Бала адамның-бауыр еті.»



8.Жүректен-журекке.

Бір-біріне жақсы тілектер айту.



«Ұрпаққа өсиет.» әнін тыңдау.
жүктеу 80,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау