Отраслевое соглашение



жүктеу 430,9 Kb.
Pdf просмотр
бет3/15
Дата23.11.2018
өлшемі430,9 Kb.
#23618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

8

6) салауатты өмір салтын насихаттау, жұмыскерлердің, профилактикалық 

медициналық  тексерістерден  өтуін  қамтамасыз  ету  жөніндегі,  сондай-

ақ  жұмыскерлердің  санаториялық-курорттық  емделуін,  демалысын  жəне 

балаларын сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

7)  мүдделеріне  Кəсіподақ  өкілдік  ететін  жұмыскерлердің  ереуілдер, 

бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер жəне демонстрациялар 

ұйымдастыру  мен  өткізудің  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында 

белгіленген  тəртібін  сақтауын  қамтамасыз  етеді,  Кəсіподақтың  алқалы 

органы  қабылдаған  шешімдері  туралы  жұмыс  берушілерге  уақытылы 

хабарлайды  жəне  оларға  жоспарланған  ұжымдық  іс-қимылдар  туралы 

ескертеді;

8)  кəсіподақ  мүшелерінің  əлеуметтік-экономикалық  жəне  еңбек 

құқықтары  мен  мүдделерінің  қорғалуын  қамтамасыз  етеді,  оларға 

құқықтық жəне консультациялық көмек көрсетеді;

9)  кəсіподақ  мүшелері  арасында  олардың  құқықтық  сауаттылығын 

арттыру,  оның  ішінде  Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасының 

негіздері  бойынша  сауаттылығын  арттыру,  келіссөздер  жүргізе  білуді 

дамыту  жəне  еңбек  даулары  кезінде  консенсусқа  қол  жеткізу  жөнінде 

түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

10)  жұмыс  берушілермен  қарым-қатьшас  кезінде  өз  мүдделерін 

білдіруге кəсіптік одақ органына уəкілеттілік берген, кəсіподақ ұйымының 

мүшесі болып табылмайтын жұмыскерлердің мүдделерін білдіреді;

11) əлеуметтік-еңбек қатынастары мəселелері бойынша қабылданатын 

шаралар мен шешімдер туралы сала жұмыскерлеріне хабарлайды;

12)  еңбек  жəне  əлеуметтік-экономикалық  мəселелерге  байланысты 

нормативтік  құқықтық  акт  жобаларын  дайындау  жəне  қарау  жөніндегі 

комиссиялардың, жұмыс топтарының жұмысына қатысады;

13) жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісу комиссияның, сондай-

ақ  ұжымдық  еңбек  дауларын  қараған  кезде  татуластыру  комиссиясының 

жəне еңбек төрелігінің құрамына қатысады;

14)  ҚР  заңнамасымен  қауіпті  өндірістік  объектіге  жатқызылған 

ұйымдарда ереуілдерді болдырмау мақсатында ұжымдық еңбек дауларын 

тек татуластыру рəсімдері арқылы шешеді.

2.4. Министрлік:

1) 


саладағы 

əлеуметтік 

əріптестік 

стратегиясының 

негізгі 

басымдықтарын  талқылайды  жəне  қажет  кезде  түсіндіреді  жəне  оның 

өңірлерде практикалық іске асырылуына жəрдемдеседі;

2) осы Келісімді əзірлеу мəселесінде үйлестіруші функциясын жүзеге 

асыру,  Келісімді  жасау  жəне  іске  асыру  жөнінде  келіссөздерге  қатысу 

арқылы саланың əлеуметтік əріптестік жүйесін нығайтуға жəне дамытуға 

жəрдемдеседі;



9

3) саладағы əлеуметтік əріптестікті іске асыру шеңберінде Кəсіподақтар 

мен  Жұмыс  берушілердің  өкілдерін  отырыстардың,  алқалардың, 

кеңестердің жұмысына қатысуға тартады.

2.5.  Əлеуметтік  əріптестік  Тараптарының  барлық  өзге  міндеттемелері 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделеді жəне 

сала ұйымдарында ұжымдық шарттар жасасқан кезде нақтыланады.

ІІІ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖƏНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ 

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАРАУ ТƏРТІБІ

3.1.  Бағдарламалық  жəне  стратегиялық  құжаттардың  əзірленуін  жəне 

іске асырылуын үйлестіруші Министрлік болады.

3.2.  Бағдарламалық  жəне  стратегиялық  құжаттарды  əзірлеу,  оларға 

өзгерістер мен толықтыру енгізуге бастамашы болуға Келісім Тараптарының 

кез келгені құқылы.

3.3  Саланың  бағдарламалық  жəне  стратегиялық  құжаттарының 

мазмұны бойынша ұсыныстарды келісілген ұстанымдарды қалыптастыру 

мақсатында  ұжымдық  келіссөздер  мен  өзара  консультациялар  өткізетін 

Салалық комиссия қарастырады. 



ІV. САЛАДАҒЫ ƏЛЕУМЕТТІК ƏРІПТЕСТІК 

ПЕН ДИАЛОГТЫ ДАМЫТУ

4.1. Тараптар əлеуметтік əріптестікті одан əрі дамыту, əлеуметтік жəне 

экономикалық  дамудың  негізгі  мəселелері  бойынша  шешім  қабылдау, 

саладағы  əлеуметтік  жəне  еңбек  қатынастарын  реттеу  кезінде  оның 

мүмкіндіктерін  барынша  тиімді  пайдалануды  қамтамасыз  ету  қажет  деп 

есептейді.

4.2. Тараптар салалық деңгейдегі əлеуметтік əріптестікті, оның ішінде 

консультациялар мен келіссөздер өткізу арқылы Тараптардың мүдделерін 

келісуді  Салалық  комиссия  қамтамасыз  етеді  деген  келісімге  келді. 

Салалық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 

өз құзыреті шеңберінде Келісімді əзірлеуге жəне қабылдауға қатысады.

4.3.  Салалық  комиссия  əлеуметтік  əріптестік  Тараптарының  келісімі 

бойынша  Ережені  бекітеді.  Салалық  комиссияға  қатысушылардың  жеке 

құрамын əрбір Тарап дербес қалыптастырады.

4.4. Салалық комиссия Ережеге жəне жұмыс жоспарына сəйкес əрекет 

етеді. Салалық комиссияньщ шешімі Тараптардың келіссөздерде келісімге 

қол  жеткізу  негізінде  ғана  қабылданады  жəне  тиісті  хаттамалармен 

ресімделеді. 

4.5.  Тараптар  əлеуметтік  əріптестіктің  негізгі  мақсаттары  еңбек 



10

жанжалдарының  алдын  алу,  жұмыскерлерге  олардың  құқықтарын 

түсіндіру,  əлеуметтік-еңбек  қатынастарын  реттеу  практикасын  талдау 

жəне жетілдіру жəне əлеуметтік əріптестік пен ұжымдық-шарттық реттеу 

қағидаттарын енгізу болып табылатынын мойындайды.

4.6. Тараптар əлеуметтік əріптестікке:

1) Салалық комиссия жұмысына қатысу;

2)  Келісімдер  мен  ұжымдық  шарт  жобаларын  жəне  олардың 

қорытындыларын əзірлеу;

3)  еңбек  қатынастарын  жəне  онымен  тікелей  байланысты  өзге  де 

қатынастарды  реттеу  мəселелері  бойынша  өзара  консультациялар 

(келіссөздер) жүргізу, жұмыскерлердің еңбек саласындағы құқықтарының 

кепілдігін қамтамасыз ету;

4)  жұмыскерлердің  немесе  олардың  өкілдерінің  Кодексте,  ұжымдық 

шартта жəне ұйым жарғысында көзделген өкілеттілік шеңберінде ұйымды 

басқаруға қатысуын қамтамасыз ету арқылы қатысады.

4.7. Тараптар өкілдерінің: 

1)  Келісімді  жасау,  өзгерту  немесе  толықтыру  бойынша  келіссөздерге 

қатысудан жалтаруы; 

2) Келісімге қол қоюдан негізсіз бас тартуы; 

3) келіссөздер жүргізу мерзімін бұзуы; 

4) тиісті комиссия жұмысын қамтамасыз етпеуі; 

5) келіссөздерді жүргізу үшін қажетті ақпаратты ұсынбауы; 

6) Келісім ережелерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырмауы жəне 

оның талаптарын бұзуы немесе орындамауы Қазақстан Республикасының 

заңдарында белгіленген жауаптылыққа əкеп соғады.



V. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ

5.1. Тараптар өндіріс тиімділігін өсіру есебінен сала жұмыскерлерінің 

табысын арттыруға бағытталған саясаттың жүргізілуінің қажеттігін жəне 

өзара жауапк ершілікті мойындайды.

5.2. Тараптар: 

1)  еңбекке  ақы  төлеу,  сыйлықақы  беру  нысандарын,  жүйелерін  жəне 

еңбекті ынталандырудың басқа да нысандарын белгілеу жəне қайта қарау 

туралы ережелер ұжымдық шарттардың жəне (немесе) жұмыс берушінің 

актілерінің талаптарымен айқындалатыны;

2) еңбекке ақы төлеу жүйесі біржолғы ынталандыру төлемдерін есепке 

алмағанда, жұмыскерлердің 75 пайыздан кем емес негізгі жалақы үлесін 

қамтамасыз етуі тиістігі;

3)  І  разрядты  жұмыскердің  ең  төмен  айлық  тарифтік  мөлшерлемесі 

(айлықақысы)  Қазақстан  Республикасының  «Республикалық  бюджет 




жүктеу 430,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау