Отраслевое соглашение



жүктеу 430,9 Kb.
Pdf просмотр
бет8/15
Дата23.11.2018
өлшемі430,9 Kb.
#23618
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

23

негізгі  жұмысынан  босатылмаған  сайланбалы  кəсіподақ  ұйымдарының 

мүшелерімен  еңбек  шартын  бұзу  Кодекске  жəне  «Кəсіподақ  ұйымдары 

туралы» ҚР Заңымен көзделген ерекшеліктерге сəйкес жүргізіледі.

16.8.  Ұжымдық  шарттарда   кəсіподақ  ұйымдарының  сайланбалы  жəне 

өзге де мүшелері үшін жəне басқа кепілдіктер көзделуі мүмкін.

16.9.  Кəсіподаққа  тиесілілік  Қазақстан  Республикасы  заңдарымен 

кепілдік  берілетін  азаматтардың  еңбек,  əлеуметтік-экономикалық,  саяси, 

жеке  құқықтары  мен  бостандықтарын  қандай  да  бір  шектеуге  немесе 

басымдыққа əкеп соқпайды.

16.10.  Жұмысқа  қабылдаған,  жұмыс  бойынша  жоғарылау  кезінде 

кемсітушілікке, сондай-ақ жұмыскердің кəсіподаққа тиесілілігі, оған кіруі 

немесе  шығуы  себепті  Жұмыс  берушінің  бастамасымен  еңбек  шартын 

бұзуға тыйым салынады.

16.11.  Тұлғаларды  қорқытып  немесе  басқа  да  заңсыз  іс-əрекеттермен 

кəсіподаққа кіруден өзін тежеуге, бір Кəсіподақтан шығуға жəне басқасына 

кіруге  итермелеуге  не  Кəсіподақты  өздігінен  таратуға  əсер  етуге  тыйым 

салынады.

16.12. Бұдан басқа, Жұмыс берушілер:

1)  Кəсіподақтың  жəне  оның  саладағы  ұйымдық  құрылымдары 

қызметінің заң жүзінде белгіленген құқықтары мен кепілдіктерін сақтайды;

2)  Кəсіподақ  өкілдеріне,  оның  филиалдары  мен  өкілдіктеріне, 

Кəсіподақтың өзге де (аумақтық) ұйымдарына белгіленген тəртіпті сақтай 

отырып,  осы  Келісіммен  көзделген  міндеттерді  орындау  үшін  Кəсіподақ 

мүшелері  жұмыс  істейтін  кəсіпорынның  кəсіподақ  ұйымында,  олардың 

жұмыс орнында болуына кедергі жасамайды;

3)  Тараптардың  келісімі  бойынша  Жұмыскерлер  мен  олардың  отбасы 

мүшелерінің  демалысы  мен  сауығуын  ұйымдастыру  үшін  материалдық 

ресурстар,  техникалық  құралдар  мен  жылжымайтын  мүлік  объектілері 

Кəсіподақтың қайтарымсыз пайдаланылуына беріледі;

4)  Тараптардың  келісімі  бойынша  жəне  кəсіптік  одақтың  мүшелері 

болып табылатын жұмыскерлердің жазбаша өтініші болған кезде Жұмыс 

беруші  жұмыскерлердің  жалақысынан  кəсіподаққа  мүшелік  жарналарды 

Кəсіподақ шотына ай сайын аударады;

5)  кəсіподақ  оқуы,  кəсіподақ  шақырған  съезге  (конференция)  делегат 

ретінде қатысу, сондай-ақ ұжымдық шарттар мен келісімдерде көзделген 

жағдайлар  мен  тəртіпте  өздерінің  плнумдарына,  төралқалар  жұмысына 

қатысу  кезінде  өз  мүшелерінің  мүддесіне  орай  қоғамдық  міндеттерін 

орындау  үшін  кəсіподақ  органдарының  мүшелерін  негізгі  жұмыстан 

босатады.

6) Кəсіподақ органдарында сайланбалы лауазымға сайлануы салдарынан 

жұмыстан  босатылған  тұлғаларға  олардың  өкілеттілік  мерзімі  аяқталған 




24

соң бұрынғы жұмысын (лауазымын) ұсынады, ол болмаған жағдайда соған 

тең келетін басқа жұмыс (лауазым) ұсынады;

7)  Кəсіподақтың  бастауыш  ұйым  органдарына  сайланған,  жұмыстан 

босатылған кəсіподақ жұмыскерлеріне ұжымдық шарттарда тиісті ережелер 

болған кезде ұйым жұмыскерлеріне көзделген дəл сондай əлеуметтік-еңбек 

құқықтары мен жеңілдіктері ұсынылады;

8)  Кəсіподаққа,  олардың  филиалдары  мен  өкілдіктеріне,  бастауыш 

ұйымдарына  олардың  алдын  ала  өтінімі  бойынша  отырыстар  өткізуге 

арналған бос үй-жай, сондай-ақ жалпы көпшілік үшін қол жетімді орынға 

ақпарат орналастыру мүмкіндігі қайтарымсыз ұсынылады;

9)  Кəсіподақ  мүшелеріне  жұмыс  уақытында  ұжымдық  шарттарда 

белгіленген  тəртіпте  жəне  кəсіподақ  жарғысымен  анықталған  мерзімде 

жиналыстарды еркін өткізу құқын ұсына алады.



XVІI. ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТАРДЫ, КЕЛІСІМДЕРДІ ƏЗІРЛЕУ 

ЖƏНЕ ҚАБЫЛДАУҒА ҚАТЫСУ ҮШІН БАҚЫЛАУШЫЛАР 

ТОБЫН ҚҰРУ, ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ МЕН 

ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТƏРТІБІ

17.1.  Келісімге əлеуметтік əріптестік Тараптарының өзара міндеттерін 

қосу  (ұжымдық  шарт)  толықтығын  бақылауды  жүзеге  асыру  мақсатында 

келісімдер,  ұжымдық  шарттар  əзірлеу  мен  қабылдауға  қатысу  үшін 

қадағалаушылар тобы (бұдан əрі – Топ) құрылады.

17.2.  Топ  əлеуметтік  əріптестік  Тараптарының  өкілдерінің  тең 

мөлшерінен құралады жəне Салалық комиссия немесе жұмыс берушілер 

өкілдері  мен  жұмыскерлер  өкілдерінен  құралған  комиссия  шешімімен 

бекітіледі. 

17.3.  Топ өз қызметін Келісімді əзірлеу (ұжымдық шарт) мен оған қол 

қою  кезеңінде  жүзеге  асырады.  Топқа  оның  мүшелерінің  бірі  басшылық 

етеді.


17.4.  Салалық  комиссия  Топтың  толыққанды  жұмысына  ықпал  етеді, 

оған қажетті ақпаратты ұсынады.

17.5.  Топтың  Кодекс  пен  ҚР  заңнамасының  нормаларына  қайшы 

келмейтін  ұсыныстары  мен  ескертулері  Салалық  комиссияның  міндетті 

қарауына  жатқызылады  (жұмыскерлер  өкілдері  мен  ұйым  деңгейінде 

жұмыс берушілер өкілдері арқылы). 

Осы  орайда  еңбек  заңнамасымен  салыстырғанда  жұмыскерлердің 

жағдайын жақсартатын ұсыныстар Салалық комиссия үшін (жұмыскерлер 

өкілдері  мен  ұйым  деңгейінде  жұмыс  берушілер  өкілдері  арқылы) 

нұсқаулық сипатқа ие. 




25

17.6.  Топ бақылау жүргізеді: 

-  əлеуметтік  əріптестік  Тараптарының  Салалық  келісімін  (ұжымдық 

шарт)  əзірлеу  бойынша  шарттардың  басталғандығы  туралы  жазбаша 

ұсыныстарды уақтылы қарау;

-  Кодексте  белгіленген  мерзімде  олардың  болуы  кезінде  қарама-

қайшылық хаттамасын жасау;

-  келіссөздер  жүргізу  тəртібінің,  Салалық  келісім  əзірлеу,  жасау 

мерзімінің (ұжымдық шарт), оған өзгертулер мен толықтырулар енгізудің 

сақталуы;

 - Салалық  келісімге  (ұжымдық  шарт)  Кодексте  қарастырылған 

ережелерді қосу;

- Салалық келісімге (ұжымдық шарт) енгізу үшін ұсыныстарды қарау 

нəтижелері;

-  келіссөздер  жүргізу  мерзімі  мен  қол  қойылған  Салалық  келісімді 

жариялау,  сондай-ақ,  мониторингілеу  үшін  еңбек  инспекциясы  бойынша 

сəйкес органға ұжымдық шарттар ұсыну;

-  Салалық  комиссия  (ұйым  деңгейінде  жұмысшылар  өкілдері) 

жұмысының ұйымдастырушылық қамтылуы;

- əлеуметтік əріптестік тараптары үшін келіссөздер жүргізу үшін қажетті 

ақпаратты уақтылы ұсыну. 

17.7.  Топ  өз  қызметінде  бейтараптылық  пен  əділдік  қағидаларын 

басшылыққа алады. 

XVIІI. КАДРЛЫҚ ƏЛЕУЕТ ПЕН БІЛІКТІЛІКТІ ДАМЫТУ 

БОЙЫНША ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ ЖƏНЕ 

ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТƏРТІБІ

18.1.  Химия саласындағы ұйымдардың қызметкерлерінің білімін сақтау 

мен дамыту мақсатында Тараптар кадрлар əлеуеті мен біліктілікті дамыту 

бойынша  Үйлестіру  орталығының  (бұдан  əрі – Үйлестіру  орталығы) 

қызмет ету қажеттілігі туралы келісімге келді.

18.2.  Үйлестіру  орталығы  химия  саласын  білікті  кадрлар  жəне 

қажетті  біліктілік  стандарттарымен  қамтамасыз  ету  бойынша  жұмысты 

үйлестіруші консультациялық-кеңесші органы болып табылады. 

18.3.  Үйлестіру орталығының негізгі міндеті:

-  кəсіби  стандарттарды  жаңарту  бойынша  басымдылық  бойынша 

нұсқамалар;

- білім беру бағдарламаларын келісу  бойынша нұсқамалар;

- өңделген білім беру бағдарламалары бойынша түсіндірмелер;

- салалық біліктілік шеңберін əзірлеу мен қолдау бойынша ұсыныстар;

- салалық білім беру мекемелерін аккредиттеу бойынша нұсқамалар;



жүктеу 430,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау