Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы
Е. А. Литвиноваға
«Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2016 жылдың қаңтар-қазан айларындағы атқарылған жұмысы туралы
Ақпарат
2016 жылғы қаңтар-қазан айларында жұмыспен қамтылуға 7817 адам жүгінді, жұмыспен қамтылғаны 4903 адам.
2016 жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбек нарығындағы тіркелген жұмыссыздар саны 1878 адамды құрайды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 241 адамға көбірек.
Жастар іс-тәжірибесіне 160 адам жіберу жоспарланып отыр, 162 адам жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарына 120 адам жіберу жоспарлануда, 116 адам жіберілді, оқуға жіберу 200 адам жоспарлануда, жіберілді 247 адам, қоғамдық жұмыстарға 1250 адам жіберу жоспарланған, жіберілді 1259 адам.
2016 жылы 4960 жұмыс орны құру көзделген. ЖҚЖК-2020 аясында құрылды, Жастар тәжірибесіне 130 адам жіберілді, жоспарланғаны 103 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 182, жоспарланғаны 112 адам, оқытуға - 201 адам, жоспарланғаны -249 адам.
2016 жылы қала әкімімен жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспары әзірленді және бекітілді.
Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты әлеуметтік қорғаудың белсенді шараларымен жұмыспен қамту жоспарланған 80 – аз қамтылған, 280 – мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, 200 – кәсіпорындардан босатылғаны.
Қаланың кешенді жоспары «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық жобаларына - 86 адам, бағдарламаларға: үиидмб -48 адам, қызмет көрсету саласын дамытуға-1692 адам, бизнестің Жол картасы-2020 -15 адам, өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша-22 адам, «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша-2 адам тартуды көздейді.
2016 жылдың он айдың қорытындысы бойынша белсенді шараларымен жалпы қамтылуы 6997 адамды құрады немесе 101,0 % - ға орындалды. Жұмыссыздарды қамту 5473 адамды құрады немесе 89,0 %, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 1524 адам немесе 201,0 %, аз қамтылғандар – 64 адам немесе 80,0 %, мүгедектер – 400 адам немесе 143,0 %, қаланың кәсіпорындарынан босаған – 96 адам немесе 48 %.
Мына бағдарламалардың жобаларына жұмысқа орналасты: «Нұрлы жол» - 62 адам немесе 72 %, үиидмб – 41 адам немесе 85,0 %, қызмет көрсету саласын дамыту – 611 адам немесе 36%, өңірлерді дамыту – 22 адам, немесе 100 %, бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы бойынша – 15 адам немесе 100%, "Агробизнес-2020" – 2 адам немесе 100%.
Есепті кезең ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен «Өскемен қ., әкімдігінің істері басқарамасы» КМҚК филиалдарымен бірлесіп қайырымдылықпен бірге материалдық және табиғи көмек көрсетілді, оның ішінде: жалпы сомасы 14637,6 мың теңге тұрғын үй көмегі - саны 1146 адамнан тұратын 671 аз қамтылған отбасыға, жалпы сомасы 2611,9 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – саны 85 адамнан тұратын 25 отбасыға, жалпы сомасы 7564,7 мың теңге көлемінде 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы – саны 755 баладан тұратын 301 отбасыға, өтініш бойынша бір жолғы әлеуметтік көмек сомасы-14233,0 мың теңге 328 аз қамтылған қала тұрғындарына бөлінді, оның ішінде 5580,0 мың теңге – 124 туберкулезбен ауыратын азаматтарға; облыстың жоғары оқу орындарында оқу төлеміне 5525,0 мың теңге сомасында 10 студентке әлеуметтік көмек көрсетілді. 5284,9,5 мың теңгеге сомасында 2817 азаматтарға қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетілді.
Шартты ақшалай көмек сомасы 9472,9 мың теңге саны 353 адамнан тұратын 75 отбасыға тағайындалды.
Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек сомасы 300126,0 мың теңге саны 14378 адамға көрсетілді.
01.11.2016 жылғы жағдайға аз қамтылған азаматтар саны 1658 адамды құрайды.
2016 жылдың басынан бастап Ұлы Отан соғысы жылдарында жұмыс өтілін белгілеу бойынша арнайы комиссиямен 44 өтініш қабылданды, олардың растайтын құжаттардың жоқтығынан бас тартылған 28 «тыл еңбеккері» мәртебесін алды, қайтыс болуына байланысты – 6, 10 өтініш бойынша жұмыс жалғасуда (куәларды сұрау, іздеу).
2016 жылдың басынан бастап жұмыс істейтін және жұмыссыз азаматтардың экологиялық істерінің 2150 макеті қабылданды және тіркелді. Қазақстаннан тысқары шығатын ядролық сынақтардан зардап шеккен 68 азаматтарға анықтама берілген.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен мүгедектерге келесі әлеуметтік көмек түрлері көрсетілді: сомасы 2513,0 мың теңге көлемінде 71 мүгедекке біржолғы ақшалай көмек төленді; құрамында мүгедектер бар 80 отбасыға сомасы 1988,0 мың теңге тұрғын үй көмегі көрсетілді; сомасы 78790,3 мың теңге көлемінде 633 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. 75 есту бойынша мүгедектер ымдау тілі мамандарының көмегін алады, олардың еңбек ақыларына жыл басынан бері 5904,9 мың теңге жұмсалды, жүріп-тұруы қиындаған 1 топтағы 141 мүгедек бар жеке көмекшілер қызметін алады, олардың еңбек ақыларына жыл басынан бері 9187,6 мың теңге жұмсалды.
Есепті кезеңде "Уба", "Зеленый бор", "Мойылды" санаторлық-курорттық емдеу орталықтарына 1859 ардагерлер мен мүгедектерге арналған және "Үлбі"аумақтық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығына 758 жолдама берілді.
01.11.2016 жылғы жағдай бойынша"Үлбі" орталығының балаларға әлеуметтік көмек көрсету 2 бөлімшесінде мүмкіндігі шектеулі 163 мүгедек балалар бар, олармен әлеуметтік қызметкерлер түзету жұмыстарын жүргізеді және түрлі әлеуметтік көмек түрлерін көрсетеді. Сондай-ақ "Үлбі" орталығының үйде қызмет көрсетуде 896 қарт зейнеткерлер және мүгедектер бар, оның ішінде 22 – ҰОС қатысушылар-мүгедектер бар, 171 – жалпы аурулар мүгедектері, 520 – тыл еңбеккерлері. "Дағдарыс" бөлімі 2555 азаматтарға көмек көрсетті, оның ішінде: 57 – панада, 508 – кеңес беру пунктінде, 1990 – сенім телефоны арқылы.
2016 жылдың басынан бастап «әлеуметтік» таксимен мүгедектерден түскен оларды жұмысқа, медициналық мекемелерге, қалалық органдар мен басқа да мекемелер әлеуметтік-мәдени мақсаттағы мекемелерге жеткізу үшін1160 қоңырау атқарылған.
Мүгедектерді кәсіптік оңалту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 01.11.2016 жылғы жағдай бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмысқа орналасу мәселесімен 278 жұмыссыз мүгедек өтініш білдірді, оның ішінде: 65 – жұмысқа орналасты, 308 – қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 3 – жастар тәжірибесіне, 5 – әлеуметтік жұмыс орындарына, 5 – кәсіптік оқытуға жіберілді.
Есепті кезеңде белгілі тұрағы жоқ әлеуметтік бейімдеу орталығында адамдарға оңалтудан 253 адам өтті, оның ішінде: 153 – жеке куәлігі қалпына келтірілді, 39 – тұрақты не уақытша жұмысқа орналастырылды, 58 – мүгедектік рәсімделді.
Өскемен қаласының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі басшысының орынбасары К. Баубекова
орын. С. Аубакирова, Е. Мустафин, Л. Коконева,
Н. Беляева, А. Сулейманова, К. Бердыгожинов
тел. 551321
Достарыңызбен бөлісу: |