2.2 Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау
2.2.1 Экономикалық даму
Бірнеше жылдар қатарында адамдық даму индексі мен әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің тұрақты дамуы байқалуда.
Республикада өткізілген экономикалық реформалар қала экономикасының нақты секторының қарқынды өсуіне мүмкіндік туғызды.
Өнеркәсіп
2013 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10368,1 млн. тенге немесе 2011 жылдың деңгеймен (9374,9 млн. теңге) салыстырғанда 10,6 пайызға өскен. Физикалық индекс көлемі 103,8 пайызды құрады.
2013 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік өнеркәсіп құрылымының 60,6 пайызы өңдеуші өнеркәсіпке, 22,5 пайызы су, газ, электр қуатын өндіру мен үлестіруге, 15,4 пайызы тау-кен байыту саласына келеді.
Қаланың облыстық өнеркәсіп өндірісіндегі үлес салмағы 1,8 пайызды құрады.
2012 жылмен салыстырғанда ескерткіштерге арналған таспен және одан жасалатын бұйымдар өндіру 9,5 пайызға, сүт өндіру 1,0 пайызға және электр энергиясын өндіру 6,3 пайызға артты.
Қалада жұмыс істеп тұрған өндірістік кәсіпорындар 26 бірлік, оның 2-ірі, 2-орта, 22-шағын кәсіпорындарды құрайды.
Қала ашытқы шығару. мраморлық ұнтақ өндіру. табиғи тас, шунгит өндіру бойынша жалпы ішкі нарықта алдыңғы қатарды иеленуде.
«Суффле Қазақстан ашытқы зауыты» АҚ-мы, «Казцинк-ТЭК» ЖШС-гі, «Текелі кенді қайта өңдеу кешені» ЖШС-гі қаламыздын қала құрушы кәсіпорындары қатарына 3 кәсіпорын жатады.
Кен өндіру өнеркәсібі және ашық кеніштерді әзірлеу
2013 жылы қала құрушы кәсіпорындармен 1593,6 млн. тенгеге өнім өндіріліп, 2011 жылмен салыстырғанда 424,2 млн. теңгеге көп. Тау-кен саласы өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі 2011 жылғы 12,5 пайыздан, 2013 жылы 15,4 пайызға дейін өсті.
Бұл салада кәсіпорын жұмыс істеуде, олар: «Алатау мрамор» ЖШС-гі, «Колонада» ЖШС-гі, «Шарықтас» ЖШС-гі, «Мрамор Тас» ЖШС-гі, «ART - KZ» ЖШС-гі мрамор өндіру бойынша, мрамор ұнтағы, мраморлы кесек тас және табиғи шунгит өндіру бойынша «Көксу» ГРК» ЖШС-гі.
2014 жылдың 01 қаңтары кезеңіне қалада жер қойнауын пайдаланушы көпшілікке таралған кенді шығару бойынша 7 кәсіпорын, соның ішінде қала аумағында келісім шарты бар 1 кәсіпорын.
Келешегі бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы, кен өнеркәсібі өнімінің көлемін арттыру жоспарлануда.
Жылына 300-400 мың тонна өнімділік қуаттылығымен «Bapy Mining» ЖШС-нің инновациялық технологиялар бойынша «Темір кенін шығару және өңдеу арқылы шойын өндірісі» «зәкірлік» жобасын жүзеге асыру жалғасуда.
Аталған жоба2013-2015 жылдарға арналған өңірлік индустрияландыру Картасына енгізілді. 2013 жылы домна пеші мен агломерациялық желісін сатып алу үшін 1572,1 млн. теңге инвестиция игерілді.
Өңдеу өнеркәсібі
Өңдеу өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 6338,5 млн. теңге немесе 2012 жылмен салыстырғанда 3,3 пайызға артық.
Жалпы өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің көлемінің сусындар – 80,7 пайыз, металдық емес басқа да миниралды өнім – 10,8 пайыз, азық – түлік өнімдерін өндіру 4,4 пайыз, киім – кешек 1,6 пайыз үлесін құрады.
«Суффлле Қазақстан ашытқы зауыты» АҚ-ы қаланың негізгі өндеуші өнеркәсібі. Кәсіпорын республика бойынша жалғыз ашытқы өндіруші болып табылады, оның өндіріс қуатылығы жылына 80,0 мың. тоннаны құрайды. 2013 жылы кәсіпорынның өндіріс көлемі 4180,5 млн. теңгені құрап, қаланың өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінен 40,3% құрайды.
2011-2013 жылдары аралығында өнеркәсіпте 3 жаңа өндірістік кәсіпорындардың іске қосылуынан 70 жаңа жұмыс орындары, 8 кәсіпорында өндірістін кенейтілуінен қосымша 108 жұмыс орындары құрылды.
Өнеркәсіп дамуының негізгі кедергілері:
технологиялық жабдықтармен жарақтандырудың төмен деңгейі, көптеген кәсіпорындардың өндірістік қорларының әлдеқашан тозуы;
қолда бар өндіріс қуаттылығының толық қанды жұмыс істемеуі;
осы салаға инвестицияның тұрақты бағытталмауы.
Инвестициялық қызмет
2013 жылы инвестиция көлемі 2692,5 млн. теңгені, физикалық индекс көлемі 161,1% құрады. 2011 жылмен (2853,7 млн. теңге) салыстырғанда инвестициянын көлемі 5,7% азайды.
2013 жылы жалпы инвестиция көлемінің 1948,2 млн. теңгесі немесе 72,4% бюджеттікемес инвестициялар құрайды, сонын ішінде кәсіпорын қаражаттары 337,6 млн. теңге, қарыз қаражаттары 1610,5 млн. теңге. Жергілікті және республикалық бюджеттік қаражаттар 744,3 млн. теңге құрды.
Шойынның өндiрiсi бойынша зауыт құрылысы жобасын жүзеге асырылуынан 1572,1 млн. теңге қарыз қаражаттар тартылды.
Инвестиция көлемінің төмендеу себебі, 2011 жылдары Орталық Азия Университеті құрылысынына бөлінген шетелдік инвестициялар есебінен және өңірлік индустрияландыру Картасы жүзеге асыру аясында «Green House-Зеленый Дом» ЖШС-нің жылыжай құрылысына 1173,7 млн. теңге қарыз қаражаттардың тартылуынан болды.
Индустриалды-инновациялық даму
Бүгінгі таңда қалада бәсекелстікке қабілетті өнім шығаратын бірнеше кәсіпорындар бар.
«Каскад» ЖШС-гі құрылыс материалдарын дайындауда қолданылатын құрғақ құрылыс қоспалары мен каралит өндіруді игерді. Сонымен қатар, «Тюрк Құрылыс» ЖШС-гі құрғақ құрылыс қоспаларының және жоғарғы сұрыпты эмульциялы бояудың 12 түрін шығарады.
«Гипсо-Газ-Синтез» ЖШС-гі құрылыс материалдарын дайындау үшін гидратты әктас, минералды ұнтақ, гипсті сылақ өндірісі басталды.
«ТРК Көксу» ЖШС-гі рәзеңкені толтырушы қоспа ретінде қолданылатын шунгит шикізатын өндіруді игерді.
Қаланың әкiмдiгiмен қаланың кәсiпорындарын инновациялық қызметтiң бақылауы бойымен белгiлi жұмыс жүргiзiледi. Статистика басқармасымен бiрге кәсіпорындарымен және ұйымдармен шаруашылық субъектiлердін инновациялық қызмет туралы статистикалық есептiлiк берудiң сұрағы бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Мемлекеттің үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру
2010-2014 жылдары Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды –инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы және Алматы облысының өнірлік индустриалдық картасы аясында "Green House - зеленый дом" ЖШС-нің 3,65 гетар жерге жылыжай комплексінің құрылысы бойынша жобасы жүзеге асырылды.
Жобаның жалпы құны 1905,0 млн. теңге құрады, оның ішінде құрылыс монтаждық жұмыстар 867,3 млн. теңгені, негізгі құрал-жабдық 1037,7 млн. теңгені құрады. Жаңа жылыжайдың жоспарлы қуаттылығына орындау үшін, 2013 жылдың наурыз айында 5,65 гетар алаңына толығымен қияр егілді. Екі түрлі сұрып қиярлар өсіріледі: «корнюшон» және «мила».
2013 жылы екі себу айналымдарынан 66,6 млн. теңгеге 611 тонна қияр жиналды.
Текелі қаласының Кешенді даму жоспары аясында 2013 жылдан бастап «Текелі кенді қайта өндеу кешені» ЖШС-нің өндірістік аумағында «Bapy Mining» ЖШС-нің «Иновациялық технологиялар бойынша темір кенін шығару және өңдеу арқылы шойын өндірісі» жобасы жүзеге асырылуда. Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылғы 20 маусымдағы № 174 қаулысымен жоба аймақтық Индустриялындыру картасын енгізілген. Жоба құны -55,0 млн. долларды құрайды. Жобалық қуаттылығы – жылына 400 мың тонна шойын өндіру, 500 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.
ҚХР-да агломерациялық сызықтың бірінші партиясының құрылғылары жүктелді. Қазіргі уақыта шекаралық құжаттарды дайындау жүргізілуде. Бастапқы құрылғыларға арналған алаңның іргетасын құру дайындалды. «Bapy steel» ЖШС-нің орнына құрылған бұрынғы байытқыш фабрикасының сыртқы құрлысы аяқталды. жатахана Тұрғын кешенімен жатахана мен асхана құрылысы аяқталды. Кәсіпорын жұмысшыларына арналған екінші тұрмыстық корпусының күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Қазақстандық мазмұнды дамыту
Текелі қаласында тауар сатып алуда, кәсіпорындардың жұмысы мен қызмет көрсетуінде, қазақстандық үлестің мөлшерін арттыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр.
ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген қазақстандық мазмұн бойынша мониторинг жүргізу үшін «Суффле Қазақстан ашытқы зауыты» АҚ-ы кәсіпорындар тізіміне енгізілді.
Қала кәсіпорындарын Алматы облысының тауар өндірушілер каталогына енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, кәсіпорын «Қазақстанның ең үздік тауары» конкурсына жыл сайын қатысады. 2013 жылы конкурсқа Текелі қаласынан 2 кәсіпорын қатысты.
Ауыл шаруашылығы
Қалада 55 шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2011-2013 жылдары 56,0% өсіп, 1885,3 млн. теңге құрады. Өсімдік шаруашылығы 62,9% және мал шаруашылығы 37,1% құрайды.
Егістік алқаптарында ауыл шаруашылығы дақылдары 21 гектарға дейін артып немесе 906 гектарды құрады. Өсімдік шаруашылықтың негізгі мамандануы– дәнді дақылдарды өндіру, оның ішінде арпа мен жүгері.
Қалада негізінде техникалық дақылдар, картоп, көкөніс және майлы дақылдар (май бұршақ) өсіріледі, жеміс шаруашылығы дамытылуда.
2013 жылы майлы дақылдарының егістік алқаптары 79 га құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 8 га артқан.
2013 жылы 5870 тонна картоп және көкөніс дақылдары өндіріліп, 2011 жылға қарағанда 1076 тоннаға артты.
Жайлы ауа райы жеміс шаруашылығының дамуына ықпал етуде. Жыл сайын жеміс - жидек екпелері көбеюде. 2013 жылы «Апорт» бағдарламасы бойынша «Дуйсебаев Е.» шаруа қожалығымен 2,5 га алма ағаш егілген, 2014 жылы «Каженов Е.» шаруа қожалығымен 8,7 га алма ағаш егілген.
Қалада қияр өсіруімен айналасатын жалпы алаңы 5,65 га жылыжай жұмыс істейді, 2015 жылда қосымша 4,0 га жылыжай кешенің құру жоспарланған.
Қала халқының санының шағын болуы және көкөніс өндіру көбеюінін ала отырып, көкөніс өнімі Алматы, Алматы облысы және Қазақстан Республикасының басқа да аумақтарына азық-түлік белдеуі бойынша өткізіледі.
Жеміс жидек өнімін сақтау үшін қажетті база құрылған. Жалпы сиымдылығы 532 тонна құрайтын 3 картоп-жеміс -көкөніс қоймасы, соның ішінде: 500 тонна сиымдылықпен 1 картоп қоймасы және 32 тонна сиымдылықпен көкөніс қоймасы жұмыс істейді.
2013 жылы шаруа қожалықтарына жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға барлығы 20201400 теңге, оның ішінде: «Green House - Зеленый дом» ЖШС қорғалған топырақ жағдайындағы көкөнiс дақылдары 19760000 теңгеге, шаруа қожалықтары 441400 теңгеге субсидия берілді. Шаруа қожалықтарына көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 29 тонна жанар-жағар май материалдары бөлінді.
Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілермен 5,5 тонна арзандатылған минералдық тынайтқыштар алынып, 99000 теңге субсидия берілді.
Сондай –ақ сүт өндіру және өткізу бойынша «Алексеев» шаруа қожалығына 3270990 теңге сомасында субсидия берілді.
Мал шаруашылығы сүтті-етті мал шаруашылығымен, қой шаруашылығымен, өнімді жылқы шаруашылығымен және құс шаруашылығымен ұсынылды.
Мал және құс саны, мал шаруашылық өнімінің өндірілуінің өсуі орнақты тенденцияға жетті.
Қой мен ешкі саны 22,9 пайызға көбейіп немесе 4514 басты құрады; сәйкесінше жылқы басы 2,2 пайызға немесе 313- көбейді.
2011 жылмен салыстырғанда ірі қара мал басы 851 басқа азайып, 3352 мал басын құрады, себебі жайылымның жетіспеуінен, мал иелерінің малдарын сатуы. Сонымен қатар 2011 жылмен салыстырғанда құс басы 1,49 пайызға немесе 53,4 мың басқа азайды, себебі жемнің бағасы өсуінен қала тұрғындары құстарды аз ұстауы.
Ірі қара мал, қой мен ешкі, жылқы және барлық құс саны халықтың жеке қосалқы шаруашылығында ұсталынып, қалған ауыл шарушылық мал саны ауыл шаруашылық кәсіпорындарда ұсталыныды.
«Асыл» орталығымен бірлесе отырып ірі қара малдың нәсілді құрамын жақсарту бойынша жоспарланған жұмыстар жүргізілуде, осы мақсатта ірі қара малды ұрықтандыру 2 пункті жұмыс істейді. 2013 жылы 1101 бас сиыр мен құнажын ұрықтандырылды.
Ет өнімділігі (таза салмағы бойынша) 0,2 пайызға өсіп, 958 тоннаны және сүт 0,7 пайызға немесе 3185 тоннаға өсті. Жұмыртқа және жүн 2011 жылдың деңгейінде қалды: жұмыртқа- 1320 мың дана және жүн 11 тонна.
Сонымен қатар, мал басы өнімділігінің өсуінен емес, оның санының көбеюіне байланысты мал шаруашылығы өнімі артуда. Бес жыл ішінде орташа 1 сиырдың сүт сауымы айтарлықтай өзгермей 2128 кг құрады, сәйкесінше орташа 1 мекиен тауыққа 226 дана жұмыртқа құрады.
Жемшөптік базасынның негізін табиғи жайылым және пішендік жерлер, далалық жемшөп өндіру құрайды.
Жайылым алаңы 905 га, пішендік жер алаңы 69 га, көпжылдық дақылдар алаңы 149 га құрайды.
2013 жылы 7150 тонна пішен дайындалып, оның ішінде көпжылдық дақылдар 149 га алаңынан 575 тонна пішен жиналған, өнімділігі 25,6 центнерден, табиғи жайылымнан 6575 тонна пішен жиналған.
Ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеуді келесідей кәсіпорындар жүзеге асырады:
Сыра ашыту бойынша «Суффле Казахстан ашытқы зауыты» АҚ-ның қуаттылығы жылына 80 мың тонна ашытқы өндіреді. Дайын өнім және өнім сапасын арттыруда ашытқыны өндіруді арттыруға мүмкіндік бар.
Сүтті қайта өндеумен «Текели ГМЗ» ЖШС-гі жүзеге асырады. Қуаттылығы жылына 227 тонна. 2013 жылы қайта өндеу деңгейі 10,4 пайыз құрады.
Сақтандыру жататын күздік және жаздық егістік жерлердін үш жылда сақтандыру компанияларымен шамамен 100 пайызы қамтылды.
Ауыл шаруашылығының дамуына кедергі болатын негізгі мәселелер:
қазіргі заман технологияларын кеңінен пайдалану және ғылыми зерттелген ауыспалы егіс жерлерін қарастыру үшін, өсімдік шаруашылығына арналған жер үлесінің аздығы;
суландыру жүйесінің техникалық жағдайының төмендігі ауылшаруашылық дақылдары өнімдігілігінің азайуына және суарылатын егістік жерлерін тиімсіз қолдануына жеткізді.
ауыл шаруашылығының техникасының тозуы 80 пайызға жуық, ауыл шаруашылық өндірушілер шағын болғандықтан жаңа техника сатып алуға мүмкіншіліктің жоқ болуы;
мал шаруашылығында жазғы-күзгі мерзімінде ауыл шаруашылық малдарды жаю жерлерінің жетіспеушілігі.
Құрылыс
2013 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 1455,7 млн. теңгені құрап, 2011 жылдан 1,6 есеге өскен.
Қалада құрылыс саласында жұмыс істейтін, екі құрылыс фирмасы қызмет атқарады. Олар «Монолит» ЖШС-гі және «СМР» ЖШС-гі.
2012 жылдары 1712,6 мың шаршы метрді құрайтын 20 пәтерлі коммуналдық тұрғын-үй салынды.
2013 жылы моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Достық шағын ауданында 120 орынға арналған балабақша салынды.
Ағымдағы жылы №1 орта мектебіне спорт зал құрылысы мен балалар туризм мектебінің ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары және №6 балабақшаны қалпына келтіру жұмыстармен сейсмикалық нығайтылуы басталды.
Шегінде "жетімді қос" деген бағдарламаның аясында ағымдық жылда 80 пәтердік коммуналдық үйінің құрылыс басталды.
Құрылыстың дамуының негізгі көрсеткіштері тұрғын үйлерді пайдалануға беру болып табылады, 2010 жылмен салыстырғанда 3,2 есе өсіп, 2,8 мың шаршы метрді құрады.
Бірақта сонымен қатар, әлі де тұрғын-үйге қол жетімдік кедергілері сақталуда. Тұрғын үй алуға 827 азамат кезекте тұр.
Қала үшін көп қабатты тұрғын үйлердің және №1 орта мектепке спорт зал құрылысы қажет, қазіргі таңдағы қалалық мұрағаттын ғимаратының нормативтерге сай келмеуіне байланысты, оны орналастыруға ғимарат салуды қажет етеді. 2013 жылы 120 орынға арналған балабақша құрылысы және орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Құрылыс дамуындағы негізгі мәселелер:
облыс аумағында құрылысы материалдарын өндірудін кейбір түрлері қажет болмағандықтан қанағаттандырылмай, оның айтарлықтай бөлігі импортталып, құрылыстың қымбаттауына әкеледі;
білікті кәсіби жұмысшылардың және инженерлік құрамының жетіспеушілігі.
Шағын және орта бизнес
2013 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілері 1521 бірлікті құрап, 2011 жылдың деңгейінен 21,1 пайызға артқан, оның ішінде 138 бірлігі - шағын бизнес кәсіпорындары (заңды тұлғалар) (немесе 2011 жылы 125,5 %), 1330 бірлігі - жеке кәсіпкерлер (немесе 2011 жылы 120,0%), 53 бірлігі - шаруашылық (фермерлік) шаруа қожалықтары (немесе 2011 жылы 139,5%). Шағын кәсіпкерлікпен айналысатындар 2000 мыңға жуық адамды құрап, 2010 жылдан 2,1% есе көп.
2013 жылы шағын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлермен көрсетілген қызмет және өңдірілген өнім көлемі 1583,7 млн теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға артық (1492,4 млн. теңге).
Бюджетке шағын кәсіпкерлер субъектілерінен түскен түсімдер – 231,6 млн. теңгені құрап, 2011 жылдың деңгейінен 9,9 пайызға артық. (2010 жылы 210,7 млн. теңге).
2013 жылы шағын кәсіпкерлікте барлығы 177 жаңа жұмыс орындары құрылды: сауда мен қызмет көрсету саласында 15 жұмыс орнының құрылуымен 6 нысан, «КАКТАС» ЖШС өндірістік цехын қосу арқылы 15 жаңа жұмыс орны, кондитерлік өнім шығаратын «Текели-Кондитер» ЖШС-нің цехын кеңейту арқылы 25 жұмыс орны және «ТКСМ» ЖШС-де 13 жұмыс орны құрылды. Қаланың шаруа қожалықтарына қосымша 20 маусымдық жұмыс орны құрылды.
Ағымдағы жыл басынан шағын және орта бизнесте кеңейту арқылы 50 жұмыс орны құрылды, соның ішінде «Көксу» тау-кен компаниясы» ЖШС-де 10 жұмыс орын, «Шарықтас» ЖШС-де 15 жұмыс орны және «Зеленый Дом» ЖШС-нің жылыжай кешенінде 25 жұмыс орны құрылды.
Шағын кәсіпкерлікті дамытуға негізгі мәселелері:
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндірістік өнім өндіруінің белсенділігінің төмен болуы;
шағын бизнесті қолдау инфрақұрылымының жәй қарқынымен дамуы;
несиелік ресурстарға кол жетімділікке шектеулер .
Сауда және қызмет көрсету саласы.
2013 жылы бөлшек тауар айналымының көлемі 3195,7 млн. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 12,8 пайызға артты (2834,1 млн. тенге).
Сауда және қызмет көрсету саласында 321 нысан жұмыс істейді, соның ішінде: 211 сауда нысаны, 78 тұрмыстық және сервистік қызмет нысаны, 31 қоғамдық тамақтандыру және 1 базар.
2013 жылы 21 жұмыс орнына арналған 6 нысан енгізіліп, соның ішінде 3 сауда нысаны және 3 тұрмыстық қызмет көрсету нысаны іске енгізілді.
Аймақтың экологикалық проблемалары
1980 жылдан бері қызмет ететін қатты-тұрмыстық қалдықтардың полигоны өз мүмкіншілітерін жоғалтып, санитарлы-эпидиологиялық нормаларға сәйкес келмеуіне байланысты, өрт қауіпсіздігін тудырады. Жылдан жылға өндірістер мен тұтыну қалдықтары артуда, бұл қаламыздың имиджіне әсер етеді.
Қала аумағында қазіргі қалдықтарды сақтайтын қолданыстағы қойма («Текелі кенді қайда өңдеу кешені» ЖШС-нің және мемлекеттің меншігінде), ол қаламыздың экологиялық жағдайына жағымсыз әсер тигізуде және қала тұрғындарының денсаулығына ауыр металдарды жұқтыру қатерін туғызады. Қатерлі жаңа ісік ауруы бойынша біздің қаламыз, облыс аудан, қалалары арасында бірінші орында тұр.
Аталған проблеманы шешу үшін, шамамен 330,0 млн. теңгені құрайтын қалдықтарды сақтау қоймасының құрылысы және қалдықтарды сақтау қоймасының топырақ құнарлығын жақсарту. Моноқаланың Кешенді бағдарламасына сәйкес, қалдықтарды сақтау қоймасының топырақ құнарлығын қалпына келтіру 2014 жылға жоспарланған.
Текелі қаласының «Металлург» шағын ауданында орналасқан, «Дружба» шағын ауданынан 10 шақырым жерде орналасқан, ПЧ-24 өрт сөндіру бөлімі қызмет көрсетеді. Өрт сөндіру депосы құрылысын қажет етеді, аталған жоба моноқала бағдарламасына енгізілді.
Текелі қаласының әкімшілік аумағында 75 шақырым қашықтықта Рудничный кенті орналасқан. Кентте өртке қарсы мемлекеттік мекемелер қызметтері жоқ. Рудничный кентінде өрт сөндіру бекеті жылы бокспен қамсыздандырылмаған және жеке құраммен жасақталмаған.
Қала аумағында 121 өрт сөндіретін гидранттар бар, оның 32 гидранты жарамсыз күйде тұр. Сонғы жылдары өрт сөндіру гидранттарына жөңдеу жұмыстары жүргізілмеген. Жалпы су құбырларының ұзындығы 167,9 метр.
Қаланың негізгі экологиялық мәселелері:
ластанған ауаны және ағынды сулардың жеткіліксіз деңгейде тазартылуы;
қалдықтарды сақтау қоймасының топырақ құнарлығын қалпына келтіруге қаражаттың жетіспеуі.
2.2.2. Әлеуметтік сала
Демографиялық әлеует
2011 жылдан қала халқының саны 1,9 мың адамға өсіп, 2014 жылдың 1 қаңтарына 30,8 мың адамды немесе облыс халқының 1,5 пайызын құрады. Басқа аудандарға қарағанда біздің қала халқының саны ең азы. Туу коэффициенті көбейіп, өлім азайды, қорытындысында халықтың табиғи өсімі байқалды.
2011-2013 жылдары қалаға 4426 адам қоныстанып, 2040 адам қоныс аударды. Миграциялық сальдо оң нәтижені сақтап, 2386 адамды құрады. Ауылдан қалаға халықтын ағылуы.
Еңбек нарығы
Еңбек нарығының жағдайы 2011-2013 жылдары қалада экономикалық белсенді халықтың санының көбеюі: 2011 жылмен салыстырғанда 880 адамға өскен. Жаңа жұмыс орындарының құрылуымен, одан кейінгі жұмысқа орналасу салдарынан жұмыссыздық деңгейі 2011 жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға төмендеген. Соңғы үш жылда 596 жаңа жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларының максималды қамтуы 2011 жылдың 13266 адамына 2013 жылы 14182 адам құрап жұмыспен қамтылғандар санының өсуінің жаңа импульсіне әкелді. Кешенді шараларды жүзеге асыру қорытындысы бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 2011 жылдың 5,5 пайызынан 2013 жылы 5,2 пайызға жетті.
Соңғы үш жылда жұмыспен қамту органына 2685 адам жүгініп, оның 2562 адамы немесе 95,4 пайызы жұмысқа орналастырылып, 900 адамы ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, 170 адамы кәсіби дайындықтан өтті, 164 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.
Текелі қаласы шетелдік жұмыс күшін тарту саны шектелгендіктен барлығы 2: 1- «Ашытқы зауыты Суффле Қазақстан» АҚ -сапа инженері, 2- Орталық Азия Университеті – кампус басшысы, сонымен тартылатын маманар- өз саласында білікті маманданр үлесі шетелдік жұмыс күшін тарту құрамы 100 пайызды құрайды.
Қалада жұмыспен қамтылу өнімділігін қолдау және өзін өзі қамтыған халық санын азайту үшін бос жұмыс орындарын белсенді іздеу қолданылады, оқыту, қайта даярлау және жұмыссыздардын біліктілігін арттыру және халықтын басқада нысаналы топтарының өкілдерін, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеумеметтік жұмыс орындарын құру ярмарка-ваканциялар өткізу, әйелдер мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге жалдамалы жұмысшылар санын көбейту саясаты жүргізілуде,
Жұмыспен қамтылған халықтын санының өз бетімен қамстылғандар үлесі төмендеу динамикасы байқалуда: егер 2011 жылы аталған көрсеткіш – 35 пайызды құраса, 2013 жылы 32,3 пайызды құрап, салдарынан тұрақты жаңа жұмыс орындары мен жалдамалы жұмысшылыр саны өсті. Егер 2011 жылы жалдамалы жұмысшылар саны 8529 адамды құраса 2013 жылы 9595 адамды құрайды.
Еңбек нарығындағы жағдай проблемалардан арылмай, маңызды болып ресми еңбек нарығында жұмысшы күшінің сапасының төмендігі мен тиімсіз жұмыспен қамтылу болып табылады.
Халықтың өмірлік деңгейі
Қала бойынша табысы кедейшілік шегінен төмен халық саны 2011 жылдан бері 0,1 пайызды құрап, 2013 жылы 2,8 пайызға жетті, 2011 жылы 2,9 пайыз. Осы нәтижелер аз қамтылған азаматтардын кәсіптік оқу және қайта даярлаудан, ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысқандығы және атаулы әлеуметтік көмек алушылардын санынан, еңбекке жарамды азаматарға жұмыспен қамтудын белсенді формасын қолдану болып табылады.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған (жалпы мұқтаж азаматтардың санынан) 2011 жылы 97 пайызды құрап, 2012 жылы аталған көрсеткіш 93,1 пайызға төмендеп, салдарынан арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаждар санынның көбеюі. Егер 2011 жылы мұқтажадр көрсеткіші 9 адамды құраса, 2012 жылы 19 адам. 2013 жылы арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаждар саны 3 құрап, сәйкесінше арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылғандар 99,6 пайызды құрады.
Қалада жұмысқа жарамды аз қамтылған белсенді халықты экономикалық ынталандыру, әлеуметтік көмек көрсетудін тиімділігін арттыру және балалармен отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту күшейту.
Қолданылған шаралар сәйкес табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық санының үлесі азайып, арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаждарды қамтамасыз ету деңгейі артады.
Қалада 1013 мүгедек немесе халық санынан 3,2%. Қалада 1-жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі, 1 мүгедек балаларға арналған түзету кабинеті және 3 мүмкіндігі шектеулі балаларға және жалғызбасты қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелер қызмет етеді.
2012 -2013 жылдары кезеңінде 133 әлеуметтік нысаннан, көлік және инфрақұрылымның 40 нысаны паспортталды.
2013 жылы «Текелі қаласы әкімдігінің мәдениет үйі» МКҚК пандусы жөндеуден өтті.
2014 жылы облыстық бюджеттін қаражаты есебінен 14 нысан, 2015 жылы 6 нысанды жөндеу жоспарланған. Мүгедектерді тасымалдау үшін «Инватакси» автокөлік қызметі сатып алынатын болады.
Әлеуметтік саладағы негізгі мәселелер:
жалпы жұмыссыздық сақталуда;
жалпы өзін өзі қамтыған халық санынан, өзін өзі сапасыз қамтыған халықтың айтарлық тай үлесі;
мекемелердің барлығында пандустың жоқтығы;
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен мұқтаждардың барлығының қамтылмауы.
Денсаулық сақтау.
Қалада 1956 жылдан бері 170 орынға арналған орталық қалалық аурухана, ауысымда 520 келіп кетуші қамтитын емхана жұмыс істейді.
Тәуліктік стационарда 20 төсекті күндізгі стационар қызмет етеді. Емханада амбулаторлық хирургиялық орталық, 17 төсекті күндізгі стационар қызмет етеді.
Үш жылда барлығы 23,75 штаттық бірлік бөлінген, оның 1 бірлігі психолог, 2 бірлігі әлеуметтік жұмысшы, 20,75 бірлігі учаскелік медбикелер.
2011 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 17,7-ден 20,4-ке артты, орта медицина қызметкерлерінің саны 50,8-ден 54,0-ке артты. Жас мамандарды тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа қарамастан «Текелі қаласының қалалық ауруханасы» МҚК-ының қызметкерлерінің көпшілігі зейнеткерлік алдындағы және зейнеткерлік жаста. Денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерінің бірі медицина мамандарының жетіспеушілігі келесі мамандықтар бойынша: дәрігер-эндокринолог - 1, дәрігер- реаниматолог-2.
Жас мамандарды тарту мақсатында Асфендияров атындағы Медицина академиясының бос лауазымдар жәрменкесіне қатысамыз.
2011-2013 жылдары қалаға 9 жоғары білікті жас мамандар келіп, бігінгі күнге барлығы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Медицина қызметінде көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында терапия бөлімінің 5 төсек орны неврологиялық және кардиялогиялық ауруларға қайта жарақталды. Жыл сайын 2011-2013 жылдары күндізгі стацинарда емделген аурулар саны 5-7 пайызға өсті.
2011 жылы психиатриялық бөлімшенің ғимаратына күрделі жөңдеу, терапиялық бөлімшесінің ғимаратына, ас әзірлейтін бөлікке және Рудничный кентінің бөлімшесіне, ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Өткен үш жылда кейбір таралған көрсеткіштердің және халықтын әлеуметтік-маңызды аурулардан өлім санының төмендеу беталысы байқалуда. Онкологиялық аурулардан өлім саны бойынша көрсеткіш 145,4-тен 128,8-ге, қанайналымы жүйесіне байланысты аурулар көрсеткіші 420,1-ден 329,1-ге азайған. Болжамды өмір сүру ұзақтығы 69 жастан 70,8 жасқа артқан.
Ана өлімі жағдайы 100 мың тірі туылғандарға есептегенде үш жыл барысында тіркелмеген.
2011-2013 жылдары анализ жүргізілетін кезенде нәресте өлімі денгейі 1000 тірі туылғандарға шаққанда 3,7-ден 14,7-ге өскен. Нәресте өлімінің негізгі себептері босанар жастағы пайда болған дем алу органдарының ауруы, туа біткен дамуының ауытқушылығы болып табылады.
Бала өлімін азайту мақсатында іс шара жоспары әзірленнп, АПТК кешенінің жұмысы жандандырылып, балалардың жасындағы ауруларды біріктіру бағдарламасы жүргізілуде.
Туберкулезбен науқастану 100 мың тұрғынға шаққанда 3,5 (2011 жылы -0) құрады, 2010 жылы туберкулезден өлім 7,1 жағдайы құрады. Туберкулезбен сырқаттануды төмендету үшін келесі шаралар – өткізіледі: флюоротексерумен тұрғындардың қамтылуы (70% дан кем емес) қалада туберкулезбен сырқаттанғандардың бірыңғай регистрі жасалынды, науқастарды қадағалау мониторингі, амбулаторлық деңгейдегі науқастардың химиотерапиясын бақылау, ерекше вакцинациялық жолмен туберкулездің алдын алу.
Денсаулық сақтау саласындағы негізгі мәселелер:
бала өлімінің жоғары деңгейі;
дәрігерлер мамандарының жетіспеушілігі;
қала халқының жалпы өлім жағдайы, облыс деңгейінен де жоғары болуы;
аухана бөлімшелерінің күрделі жөндеуді талап етуі.
Білім беру
Мектепке дейінгі білім беру
Өңірлік саясат мақсаттарын жүзеге асыру және мектепке дейінгі тәрбиені дамыту және қалада оқыту халықты мектепке дейінгі мекемелермен, білім прцесінің құрамын жанарту, қамтамасыз ету.
Ауданда мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды арттыру, бұрында жабылған мектепке дейінгі білім мекемелерін қалпына келтіру, жаңасын салу, шағын-орталықтарды ашу.
Қалада мектепке дейінгі тәрбие беру үшін 725 баланы қамтитын 4 балабақша және 105 баланы қамтитын мектеп аясында 6 шағын-орталық жұмыс істейді.
№6 бала-бақша негізінде 2011 жылдан бері мектепке дейінгі оқумен және тәрбиемен қамтылмаған ата-аналарға арналған кеңес кабинеті жұмыс істейді
Мектепке дейінгі ұйымдарда 84 тәрбиеші жұмыс істеп, оның 15-і жоғарғы дәрежелі, 15-і бірінші дәрежелі, 10-ы екінші дәрежелі, жалпы санының 47,6 пайызын құрайды.
Мектепке дейінгі мекемелермен қамту 2011 жылғы 58,1 пайыздан, 2013 жылы 72,2 пайызға артты.
2011 жылы 114 млн. 650 мың теңгеге күрделі жөңдей жүргізілген 120 баланы қамтитын №4 бала-бақша пайдалануға берілді.
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 2013 жылы «Достық» шағын ауданында 120 орынға арналған сомасы 244 млн. теңгені құрайтын бала-бақша салынып, 2014 жылы қолданысқа берілді.
2015 жылы 45 баланы қамтитын №2,3,7 мектептерде шағын орталықтартарда қосымша топтар ашу және 60 орынға арналған жеке меншік бала-бақша ашу жоспарланған. Сонымен қатар, материалдық-техникалық базаны нығайту қажет.
Орта білім
Қалада 5876 орынды қамтитын 8 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Екі ауысымда 3530 бала оқиды.
Оқушылар орындарына тапшылық және апатты мектептер жоқ.
Барлық мектептерде бағдарлы оқыту жаратылыстану-математикалық бағытпен жүргізіледі.
Жалпы білім беру бағдарламаны ойдағыдай меңгерген оқушылар саны 1868, оның ішінде 670 үздік және 1198 оқу екпінділері.
2011 жылмен салыстырғанда, жаратылыстану-математикалық сала бойынша білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген оқушылардың үлесі 48 пайызды құрап, 0,5 пайызға артқан. 2015 жылға дейін 53 пайызға дейін арттыру жоспарланған.
Мұғалімдер саны – 378, 2011 жылдан 4,8 % артық.
Жоғарғы санатты мұғалімдер саны – 68, бірінші санатты – 117. Жалпы мұғалімдер санынан, жоғары және бірінші санатты жоғары дәрежелі мұғалімдер үлесі 2015 жылға дейін 60,5 пайызды құрайды. Шамалы өсу жоғары санатты мұғалімдердің зейнеткерлік демалысқа кетіп, ал жас мамандардың жеткілікті педагогикалық тәжірибесінің болмауынан туындауда.
2011-2012 жылдары №4 орта мектепке 168,9 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді.
№3, №6, №7, №8 орта мектептердің ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу қажет.
№1 орта мектебінде спорт зал жоқ.
Текелі қаласының №3 ОМ қаланың барлық мектептерінің оқушылары сауығатын жүзу бассейні қызмет етеді, алайда 2014 жылдың ақпан айынан апатты жағдайға байланысты бассейн қызметі тоқтатылды.
№3, №4, №5, №6, №8 орта мектептерінде қоршаулары жоқ. Ағымдағы жылы жобалы - сметалық құжаттама дайындау үшін қаражат бөлінді.
Барлық мектептерде ыстық тамақтандыру ұйымдастырылған.
Ыстық тамақпен аз қамтылған отбасылар үлесі 2011 жылы 60 пайызды құраса, 2013 жылы 72 пайызға дейін көтерілсе, 2014 жылы 100 пайыз.
Жыл сайын жалпыға міндетті білім бері қоры өсуде. 2013 жылы 7644,0 мың теңге, 2011 жылдың 920 мың теңге болды.
Құқық қорғау жүйесi және балаларлардың заңды мүдделерiн қорғау және жастар саясат
Қалада жетім балалар және әке-шешенің қамқорлығынсыз қалған 94 бала, 2011 жылмен саластырғанда 22 балаға артты.
Инклюзивті білім
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін ұйымдастыру мақсатында №8 ОМ арнайы сынып бар, онда балалар қосымша бағдарламамен оқиды.
2013 жылы №4, №8, №6 орта мектептерде дефектологтың арнайы штаттық бірлігі бөлінді.
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі 25% құрайды.
Денсаулығына байланысты мектепке баралмайтын балаларға үйден оқыту ұйымдастырылған. Тәрбиелеу және оқыту процесiнде балалар мен жасөспiрiмдердiң даму динамикасын зерделеуде арнайы түзету коррекциялық кабинетінің педагогтарынан көмек көрсетіледі.
Үйден оқитын 18 мүгедек балалардын білім алу үшін құрал жабдықтар сатып алуға 2012 жылы 3 млн 314 мың теңге, 2013 жылы -3 млн 160 мың теңге бөлінді.
Қосымша білім беру
Қалада балалар шығармашылық орталығында 760 бала оқиды 2011 жылы 751 бала. Оқыту 13 бағыт бойынша жүргізіледі. 2011 жылы ғимаратқа қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
2012 жылы 700 баланы қосымша біліммен қамтитын балалар мен жасөспірімдер туризм мектебін орналастыруға ғимарат сатып алынды. Жобалық - сметалық құжаттама дайындалып, ғимаратты қайта жаңғырту екі жылға жоспарланған.
2013 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен 240 орынға арналған жаздық сауықтыру «Алтын чажа» лагерінің ғимараты сатып алынып, облыс бойынша жаздық маусымда 1500 бала сауықтырылады.
Электрондық білім беру
Қазіргі таңда барлық мектептер интернет желісіне, қашықтықтан оқытуға қосылған.
Мектептердегі компьютерлер саны 2011 жылы 378 компьютерден 548 компьютерғе дейін көбейіп, 28,7 пайызға артты, соның ішінде 142 компьютер электрондық оқыту бойынша.
Оқушылардың компьютерлік техникамен қамтылуы 2011 жылы 1 компьютерге 9,8 болса, ал қазіргі танда 1 компьютерге 7,9 оқушы. Жаңартылуға жататын компюьтерлерлік техника саны 105.
Қала мектептерінде 37 интерактивті тақта орнатылған, 4 мектеп лингафондық кабинеттермен, 6 - физика кабинеті, 5 - биология кабинеті, 6 - химия кабинетімен жабдықталған.
2013 жылы электрондық кітаптар сатып алуға 970,3 мың теңге бөлінді.
2012 жылы электрондық оқыту жүйесіне №5 және №8 орта мектептер енгізілді.
Білім саласының дамуындағы негізгі мәселелер:
- №3, №4, №5, №6, №8 орта мектептерде қоршау орнатылмаған.
- №1 ОМ спорт зал жоқ.
- №3 ОМ бассейніне күрделі жөндеу қажет.
- №1, №2, №3, №6, №7, №8 ОМ шағын орталықтарының материалдық-техникалық базасының жаңарту қажет .
- №3, №6, №7, №8 ОМ күрделі жөндеуден өткізілуі қажет.
- жалпы білім беру мекемелерінің мектеп жиһаздарын (мектеп парталары) жас ерекшеліктерінің өсуіне сәйкес жаңарту қажет.
- «Қазақстан балалары» бағдарламасына байланысты 5000 балаға 1 маман қажеттілігіне сәйкес қорғаншылық және қамқоршылық маманы қажет.
Туризм
Туризм-бұл тікелей демалумен, бос уақытты өткізумен, спорт, табиғат және мәдениетпен тілдесудің алдын-ала жоспарланған жеке немесе ұжыммен жетілуімен байланысты қызмет.
Текелі қаласы қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Өнеркәсіптің экономикалық мамандануына қарамастан, қалада туристік сала едәуір қарқынды дамып келеді.
Өзінің орналасқан жерінің арқасында Текелі қаласы Жетісу аймағында туризм дамуының орталықтарының бірі бола алады. Қала тікелей (Қора, Шажа, Текелинка) тау өзендерінің қосылған жерінде орналасқан. Бұл өзендер өзінің бастауын Жоңғар Алатауының мұздықтарынан алады. Өзендердің алабы өз ауқымы бойынша өте үлкен, ал өзінің әсемдігімен ландшафтысының әр-түрлі болғандығынан бұл жерлер Қазақстанның басқа аймақтарынан кем емес.
Текелі қаласында туризмнің негізгі даму көрсеткіші – ақылы туристік - сауықтыру қызметтердің көлемі болып табылып, аталған қызметтер мониторингі қала бойынша жүргізіледі. 2013 жылы қала кәсіпорындарымен көрсетілген сауықтыру-туристік қызметі көлемі 71,2 млн. теңгені құрап, 2011 жылдың деңгеімен салыстырғанда 3,9 %-ға көп (68,5 млн. теңге).
Қалада туризм дамуының жағдайы облысымыздың өзге аймақтарынан өзгеше, өйткені қала туристтерді қабылдау бойынша өте ауқымды мүмкіндіктерге ие. 2013 жылғы мониторинг деректері бойынша туризм инфрақұрылымындағы 9 объекті жұмыс істеген, соның ішінде: 3 қонақ үй, 4 қонақ үйшіктері, 1 шипажай және 1 демалыс аймағы.
Мониторинг деректері бойынша 2013 жылы Текелі қаласында туристік ұйымдармен ішкі туризм бойынша 3200 адамды қызмет көрсетіліп, 2011 жылдың (2300 адам) деңгейімен салыстырғанда 39,1 пайызға артқан.
Текелі қаласында туристік қызметті «СТеК» ЖШС және «Арман» ЖШС жүзеге асыратын, негізгі қызметі сауықтыру-қонақүй қызметтері болып табылатын, туроператорлық қызметті жүргізуге лицензиялары бар ұйымдар болып табылады. Сонымен қатар, қонақ үйлер қызметін "Бектурова" ЖК , "Бейсбекова" ЖК, "Мартыненко" ЖК, "Потасов" ЖК жүргізеді. Шипажай - сауықтыру қызметін «Текелі» емдеу-сауықтыру шипажайы көрсетеді.
Балалар мен жасөспірімдер туризмінің дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында қалада "Ирбис Текелі" Аумақтық туристік клубы" қоғамдық бірлестігі құрылған. Клуб ішінде балалар туризмінің үйірмелері мен секциялары жұмыс істейді. Бұл орталықта 150-ден астам балалар оқиды.
Туризм дамуының негізгі мәселелері:
-туризм саласын дамытуға бағытталған штаттық бірліктің жоқтығы;
- туризмнің сапалы коммуникациялық инфрақұрылымының болмауы (Қора шатқалына автомобильді жолдың болмауы және Қора өзені арқылы өтетін көпірдің жоқтығы);
- орналастыруға арналған кейбір нысандардын материалдық базасы, қонақ үйлер мен демалыс орындары және басқаларын қосқанда жоғары деңгейде моральдік және физикалық тозуы.
- жарнама-имидждік жұмыстың жеткіліксіздігі, қаланың туристік әлеуетінде ақпараттық, жарнамалық көлемінің болмағандығы.
- қалада туризм саласына мамандандырылған мектептің болмауы.
Мәдениет
Текелі қаласында 4 мәдени нысана бар, оның ішінде: 2 кітапхана, 1 мәдениет үйі және 1 саңырауларға арналған клуб, 2 тарихи және мәдени ескерткіш. 2013 жылы күрделі жөндеу өткен «Металлург» клубы ашылды.
Мәдениет үйі
Қалада 1 Мәдениет үйі бар, онда саңыраулар қоғамының клубы, балалар демалыс бағы, сонымен қатар 416 адамды қамтитын 24 үйірме жұмыс атқарады. Мәдениет үйінде 420 орынға арналған киноклуб жұмыс істейді. Мемлекеттік реестрде тіркелген сәулет және қала құрылысы ескерткіші «Даңқ Монументі» және археологиялық ескерткіш «Будда» тасы бар.
2011 жылмен салыстырғанда 2013 жылы мәдениеттің үйінде штат саны 8-ден 9-ға артты. Жыл сайын материалдық техникалық база нығайтылады. Рациялар, LED- панель және "Тау-Мерген" әскери - отаншылдық секциясына күрес кілемі алынды.
Моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында Металлург шағын ауданындағы клубқа күрделі жөңдеу жүргізілді. 2013 жылдан 101 адамды қамтитын 7 үйірме жұмыс істеп, штат саны 7 адам. Осымен қатар іс-шараның саны артуына және қатысатын халық саны (2011 жылы- 516 іс-шара, ауқымы-60 722 адам, 2013 жылы-698 іс-шара, ауқымы-78 215 адам).
Қалада 2013 жылы жастар ресурсты орталығы құрылып, штат саны 3 бірлік. 2014 жылдың 1 қаңтарынан Рудничный ауылдық округінде жастармен жұмыс бойынша қосымша 1 бірлік бөлінді.
Кітапхана
2011 жылы 4 бөлек ғимаратта орналасқан қалалық кітапхана және 1 филиалында 8 штаттық бірлік жұмыс істеді. 2013 жылы косымша 1 штаттық бірлік бөлінді.
Қалалық кітапхана Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйеге (РАКАЖ), Қазақстандық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйеге (ҚАКАЖ) және ғаламторға қосылған 6 компьютермен жабдықталған.
Мәдениет ұйымының келушілерінің саны 1000 адамға шаққанда 52,3-тен 59,0 бірлікке дейін артты.
Жыл сайын кітап қоры толықтырылып. кітап беру мен жаңа кітаптардың түсуі өсуде.
Соңғы үш жылда кітапхананың материалдық-техникалық базасы нығайтылып, кітап қоры 108 268 данадан 110 407 данаға артып, оның қазақ тілінде 2011 жылы - 7 980 дана, 2013 жылы - 9 682 дана. Алайда, қалалық кітапхананың кітап қорын жинақтау үшін қаржаландыру жеткіліксіз.
Сонымен қатар, Рудничный кентінде бір де бір мәдениет мекемесі жоқ.
Мәдениет саласының дамуыныңдағы негізгі мәселелер:
- Рудничный кентінде бір де бір мәдениет мекемесі жоқ;
- қалалық кітапхананың кітап қорын жинақтаға қаржыландыру жеткіліксіз.
Тілдер
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру үшін Текелі қаласында қажетті жағдайлар жасалған. Іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізу үшін қажет әдістемелік, анықтамалық материалдарымен, сөздіктермен және басқа да көрнекіліктермен қамту жақсарып келеді. Мемлекеттік тілді оқыту орталығында қазақ тілінің электрондық оқулығымен қамтамасыз етілген.
Жергілікті басқару органдарында мамандық әлеует қалыптасып, материалдық-техникалық база құрылған. Мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді үйрету үшін барлық жағдайлар жасалған. Қалада қазіргі заман талабына сай 1 мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді.
Іс жүргізуде мемлекеттік тілмен қатар, ресми түрде орыс тілі де қолданылады. Сондай-ақ, ағылшын тілін үйрену үшін де жағдайлар жасалынуда.
Қала кәсіпорындарында, мекемелер мен ұйымдарда мемлекеттік тілді оқыту бойынша кабинеттер жұмыс істейді. Мемлекеттік тілді оқыту орталығы 96 сағатты бағдарлама бойынша 140 тыңдаушыны сапалы оқытады.
Қалада мемлекеттік тілді енгізу бойынша ақпараттарды электронды құралдарға жұмыс жүргізілуде.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Электронды құжатайналым» ақпараттық жүйесі енгізілді. «Қазақтелеком» АҚ негізінде ақпарат таратушы құрылғы орнатылған. Бұл жүйеге әкімшіліктің 9 бөлімі және қалалық әкімдік қосылған. Қолданылған шаралар қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді менгерген халық үлесі 45,7 %-дан 47,7%-ға артты.
Тіл саласындағы негізгі мәселелер:
- қол жеткізген жетістіктерге қарамастан, мемлекеттік тілді жүзеге асыру әлеуеті барлық қоғамдық өмірде әлі жеткіліксіз екендігін айту қажет;
- әлеуметтік-коммуникативтік қызметтердегі мемлекеттік тілдің шоғырлану деңгейінің жеткіліксіз болуы;
- компьютерлык техниканы жанарту кажет;
- сыртқы және ішкі фактарларды бағалау;
бірінші. Бұл кезеңдегі мемлекеттік тілді меңгеру процесінің астарында бірыңғай стандартталған үздіксіз оқыту үлгісі жоқ. Бұл тілді меңгеру мен өмір сүрудегі негізгі салаларында шоғырлану деңгейлерінде үйлеспеушілікті тудырады. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесіне мониторинг жүргізу мен ынталандырудың нақты механизмінің болмауы – оны барлық жерде енгізуді біршама қиындатады.
екінші. Тілдерді дамыту мен қызметке енгізу мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдардағы іс жүргізуде шоғырландыруға мүмкіндік берді. Сонда да, іс туралы сөйлесу, бизнес, ғылым салаларында және халыққа қызмет көрсету саласында оның қолданыс деңгейінің төмендігі сақталуда.
Спорт
Қалада дене шынықтыру және бұқаралық спортпен айналысатын 43 спорттық объекті бар, оның ішінде 1 стадион, 1 Спорт сарайы, 2 бассейн, 10 спорт залдары, 26 жазық ғимарат, 1 теннистік корт, және т.б. Бірақ Рудник ауылдық округінде әмбебап спорт алаңдары мен спорт ғимараттары жоқ.
Дене шынықтыру және спортпен 2011 жылдан 2013 жыл аралығында айналысатын адамдардың саны 2 %-ға өсті бұл 4845 адам немесе барлық адам санынан 23,2 %.
Қалада балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, онда 12 спорт түрлері бойынша шамамен 619 адам жаттығады. Сондада бұқаралық спорт пен балалар-жасөспірімдер спорты осал дамуда.
2011 жылдан 2013 жыл аралығында БЖСМ-де 37 спорт шеберлері мен әр-түрлі санаттағы жаттықтырушылар дайындалды. Дене шынықтыру және спорт саласына мамандарды тарту жұмысы жүргізілуіне қарамастан, бұл салада қыстық спорт түрлерінен жаттықтырушы-мамандар тапшы.
2013 жылы қала бюджетінен дене шынықтыру және спортты дамыту мақсатында 1,8 млн теңге бөлінді.
Қалада әр-түрлі облыстық және қалалық спартакиадалар, біріншіліктер мен турнирлер өткізіледі.
Мүгедек спортшылармен жұмыс жүргізіледі. БЖСМ-де мүгедектер спортының бөлімшесі жұмыс істейді.
Спорт дамуының негізгі мәселелері:
- балалар – жасөспірімдер және бұқаралық спорт нашар дамуы;
- Рудник ауылдық округінде бұқаралық спортты жеткіліксіз ұйымдастыру, әмбебап спорт алаңдары мен ғимараттардың жоқтығы;
- қысқы спорт түрлерінен жаттықтырушы-мамандардың жетіспеушілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |