Отчет Надежда қаз indd



жүктеу 2,07 Mb.
Pdf просмотр
бет59/103
Дата16.01.2022
өлшемі2,07 Mb.
#32759
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   103
5-тармақ 

тұрмыстық  зорлаушыға  медициналық 

сипаттағы  шекті  шараны  пайдалану  секілді  жеке 

профилактиканы  қарастырады.  Ұқсас  шараны 

«Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профилактикасы 

туралы»  ҚР  Заңы  да  көздейді,  алайда  мұндай 

шара  «Кәмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық 

бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың 

қадағалаусыз  және  панасыз  қалуының  алдын  алу 

туралы»  ҚР  Заңында  қарастырылмаған.  Алайда  бұл 

дегеніміз  аталмыш  шара  кәмелетке  толмағандарға 

қатысты пайдаланбайды деген сөз емес. Осы заңның 

13-бабының  2-тармағында  келесідей  айтылады:  « 

Алкогольдік ішімдіктерді, есiрткi және психотроптық 

заттарды,  сол  тектестерді  құмарлықпен  салынып 

пайдаланатын  кәмелетке  толмағандарды  арнаулы 

бiлiм  беру  ұйымдарына  жiберу  туралы  мәселенi 

қарау  кезiнде  мiндеттi  түрде  оларға  нашақорлық 

аурулардан  емделу  курсынан  өтудi  белгiлеудiң 

орындылығы зерттеледi». 

Яғни,  «Кәмелетке  толмағандар  арасындағы 

құқық  бұзушылықтардың  профилактикасы  мен 

бала лардың  қадағалаусыз  және  панасыз  қалуы-

ның  алдын  алу  туралы»  ҚР  Заңының  19-1  бабы-

ның  4-тармағы  кәмелетке  толмаған  зорлау шыға 

медициналық  сипаттағы  шекті  шараны  пайдала-

нумен  айқындалатын  жеке  профилак тиканы  толық 

қамтиды.  Бұл  аталмыш  жеке  профилакти каның 

ерекшелігі  болып  саналады.  «Тұрмыстық  зорлық-

зомбылық  профилактикасы  туралы»  ҚР  Заңында 

медициналық  сипаттағы  шекті  шараларды  пайда-

ланудың  ешқандай  ерекшеліктері  қарастырыл маған, 

ал  «Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профилак тикасы 

туралы» ҚР Заңын қайталау мәнін жоғалтқан.

«Халық  денсаулығы  және  денсаулық  сақтау 

жүйесі  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2009 




Қазақстан Республикасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және профилактикасы саласындағы заңнамаға  

және жергілікті полиция қызметінің құқық қолдану практикасына қоғамдық мониторинг туралы есеп 

35

жылғы  18  қыркүйектегі  N  193-IV  Кодексіне  сәйкес 



маскүнемдік,  нашақорлық  және  уытқұмарлыққа 

шалдыққан  науқастарға  медициналық-әлеуметтік 

көмек  ұсынудың  құқықтық  негіздері  қарастырылған. 

Мемлекет  маскүнемдік,  нашақорлық  және  уыт-

құмарлықтың  алдын  алу  және  емдеу  бойынша 

шаралар жүйесін қамтамасыз етеді [52]. 

Медициналық сипаттағы мәжбүр шаралар келесі 

тұлғаларға қатысты сот шешімімен жүргізіледі:

1)  маскүнемдік  немесе  нашақорлық,  я  болмаса 

уытқұмарлықа  шалдыққан,  қылмыстық  құқық 

бұзу шылықтарға барғандарға;

2)  созылмалы  маскүнемдік  немесе  нашақорлық, 

я  болмаса  уытқұмарлықа  шалдыққан,  әкімшілік 

құқық бұзушылық жасағандарға;

3)  еркін  емдеуден  бас  тартқан  маскүнемдік 

немесе  нашақорлық,  я  болмаса  уытқұмарлықа 

шалдыққандарға қатысты.

Нашақорлықпен  ауыратын  адамдарды  емдеу 

медициналық-әлеуметтiк оңалту, олар медициналық 

көмек  үшiн  наркологиялық  ұйымдарға  жүгiнген 

жағдайда,  ерiкті  (қажет  болған  жағдайда  жасырын) 

түрде жүргiзiледi.

Маскүнемдік,  нашақорлық  немесе  уытқұ мар лық 

дертiне  шалдыққан  деп  тану  Қазақстан  Республи-

касының  денсаулық  сақтау  министрлiгi  белгiлеген 

тәртiппен  тиiстi  медициналық  куәландырудан  кейiн 

мемлекеттiк  денсаулық  сақтау  ұйымдары  арқылы 

жүзеге асырылады.

Маскүнемдік,  нашақорлық  немесе  уытқұмарлық 

дертiне  шалдыққан  деп  танылған  адам  мұнымен 

келiспеген  жағдайда  бұл  шешiмге  жоғары  тұрған 

денсаулық сақтау саласын басқару органына немесе 

сотқа  шағым  жасауына  болады.  Нашақорлықпен 

ауыратын адамдардың: 

1)  білікті медициналық көмек алуға; 

2)  наркологиялық ұйымды таңдауға; 

3)  өз  құқықтары  мен  өздерінің  наркологиялық 

сырқатқа  шалдығуының  сипаты  және  қолда-

нылатын  емдеу  мен  оңалту  әдістері  туралы 

ақпарат алуға; 

4)  медициналық-әлеуметтік оңалтуды - тұрғылықты 

жері  бойынша,  сондай-ақ  қажет  болған  жағ-

дайда жүрген жері бойынша өткізуге құқығы бар. 

Нашақорлықпен  ауыратын  адамның  немесе 

оның  заңды  өкілінің  ұсынылып  отырған  медици-

налық-әлеуметтік  оңалтудың  кез  келген  сатысында 

одан  бас  тартуға  құқығы  бар.  Медициналық-

әлеуметтік  оңалтудан  бас  тартқан  адамға  не 

оның  заңды  өкіліне  оңалту  іс-шараларын  тоқта-

тудың  ықтимал  зардаптары  түсіндірілуге  тиіс. 

Медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тарту, оның 

ықтимал  зардаптары  туралы  мәліметтер  көрсетіле 

отырып,  медициналық  құжаттамаға  жазбамен 

рәсімделеді, 

оған 

нашақорлықпен 



ауыратын 

адамның  немесе  оның  заңды  өкілінің  және 

психиатр-нарколог дәрігердің қолы қойылады.

Қазақстан  Республикасының  заң  актілерінде 

көзделген  жағдайларды  қоспағанда,  нашақорлық 

диагнозының 

болуы, 

наркологиялық 

ұйымда 

диспансерлік қадағалауда тұру фактісі негізінде ғана 

нашақорлықпен  ауыратын  адамдардың  құқықтары 

мен бостандықтарын шектеуге жол берілмейді.

Алкоголизммен,  нашақорлықпен  және  уыт-

құмарлықпен  ауырады  деп  танылған  адамдар 

тұрғылықты  жері  бойынша  денсаулық  сақтау 

ұйымдарында  есепке  тұруға  және  байқауға  алынуға 

жатады  және  оларда  уәкілетті  орган  белгілейтін 

тәртіппен демеп емдеуден өтеді.

«Алкоголизмге,  нашақорлық  пен  уытқұмарлық 

дертiне  шалдыққан  ауруларды  ерiксiз  емдеу 

туралы»  Қазақстан  Республикасының  1995  жылғы 

7  сәуiрдегі  N  2184  Заңына  сәйкес  алкоголизм, 

наша қорлық  пен  уытқұмарлық  азаматтардың 

ден саулығына,  елiмiздiң  тектiлiк  қорына  залал 

келтiретiн  және  қылмыстың  өсуiне  себепшi 

болатын  дерттер  болып  табылады.  Өз  еркiмен 

емделуден  жалтарған  алкоголизмге,  нашақорлық 

пен  уытқұмарлық  дертiне  шалдыққан  ауруларға 

денсаулық  сақтау  жүйесiнiң  мәжбүрлеп  емдеуге 

арналған  наркологиялық  ұйымдарда,  емдеу  кезе-

ңiнде оларды еңбекке тарта отырып, ерiксiз стацио-

нарлық  ем  қолданылуға  тиiс.  Денсаулық  сақтау 

жүйесiнiң  наркологиялық  ұйымдарына  ерiксiз 

емдеуге жiберу сотты болды деп қаралмайды [53].

–  Маскүнемдікке,  нашақорлық  немесе  уыт-

құмарлық  дертiне  шалдыққан  ауруларды  ерiксiз 

емдеуге  жiберудi  ресiмдеудi  аурудың  туыстарының, 

еңбек  ұжымдарының,  қоғамдық  ұйымдардың,  iшкi 

iстер,  прокуратура,  қорғаншылық  және  қам қор-

шылық  органдарының  бастамасымен  медициналық 

қорытынды  бар  болған  жағдайда  мемлекеттiк 

денсаулық  сақтау  ұйымдары  жүзеге  асырады. 

Тұрақты тұрған жайы жоқ ауруларды ерiксiз емдеуге 

ресiмдеудi  өтiнiш  берiлген  кезде  тұрып  жатқан  жерi 

бойынша iшкi iстер органдары жүзеге асырады.

–  Мәжбүрлеп  емдеуге  арналған  наркологиялық 

ұйымдарға  жiберу  туралы  мәселенi  аурудың 

тұратын  жерi  бойынша  сот  материалдың  келiп 

түскен  күнiнен  бастап  он  күн  мерзiмнен  асырмай 

оның  өзiнiң,  сондай-ақ  денсаулық  сақтау  және  iшкi 

iстер  органдары  өкiлдерiнiң,  аурудың  туыстарының, 

еңбек ұжымдары, қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң 

қатысуымен ашық сот мәжiлiсiнде қарайды.

–  Мәжбүрлеп  емдеуге  арналған  наркологиялық 

ұйымдарда  болу  мерзiмi  екi  жылдан  аспауға,  ал 

қайтара  жiберiлген  жағдайда  үш  жылдан  аспауға 

тиiс.  Ауру  адамды  мәжбүрлеп  емдеуге  арналған 

наркологиялық  ұйымға  жiберу,  егер  алдыңғы 

емделуi  аяқталған  күннен  кейiн  үш  жылдан  асатын 

уақыт өтсе, қайталанған болып саналмайды.

–  Наркологиялық ұйымға ерiксiз емдеуге жiберу 

туралы  өтiнiш  жасалған  ауру  адам  сот  мәжiлiсiне 

келуден  жалтарған  жағдайда  оны  iшкi  iстер 

органдары ықтиярсыз алып келедi.

–  Материалдарды  әзірлеу  барысында,  жекелей 

алғанда,  тұлғаны  емдеу-сауықтыру  мекемесіне 

бағыттауға  қатысты  мәлімдемені  қарастырған 

кезде,  учаскелік  инспектор  науқастың  жасы  мен 

денсаулығына  назар  аудару  қажет.  Полиция  қыз-

меткері  қызметінің  алгоритмі  (қарапайым  учаскелік 




36


жүктеу 2,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау