1-тарау. ІІО ЖПҚ бөлімшелерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын жүргізу жүйесінің жай-күйі
инспектор немесе оның көмекшісі) келесі шара-
лардан тұрады:
– денсаулық сақтау органдарына медициналық
тексерістен өту кезінде көмек береді;
– тұлғаның медициналық тексерістен бас тартуы
жағдайында, наркоголиялық мекеменің хабары
және ішкі істер органы басшысының бұйрығымен,
оны міндетті емнен өткізеді. Науқас түбегейлі емге
қарсы шыққан жағдайда, аталмыш наркологиялық
мекемеде осындай мақсаттарға арнайы бөлінген
орындарды емдеуден өткізеді. Наркологиялық
мекемелерге қажет болған жағдайда қосымша
материал ұсынады. Оған ішімдіктерді, наркотикалық
заттарды шамадан тыс пайдалану, қоғамдық
тәртіпті бұзу материалын қоса ұсынады (хаттамалар
көшірмесі, көршілерді, туысқандарды сұрастыру
хаттамасы, жұмыс орнынан сипаттама);
– жинақталған материалдарды тұлғаны мәж-
бүрлі емге жіберуге қатысты шешім шығаруға
байланысты наркологиялық мекемеге бағыттайды.
«Қазақстан Республикасының iшкi iстер орган-
дары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес ішкі істер орган-
дарының маскүнемдікпен күрес аясындағы өкілет-
тіктері:
– қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетi
мен қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде
жүрген адамдарды медициналық ұйымдарға немесе
ішкі істер органдарына жеткiзуге;
– сот шешімімен тағайындалған медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шараларынан жалтарып
жүрген адамдарды іздеуді жүзеге асыруға, оларды
ұстауға және арнаулы медициналық мекемелерге
жеткізуге өкілетті.
«Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйым-
дастыруға жауапты учаскелік полиция инспектор-
ларының, учаскелік полиция инспекторлары мен
олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Респуб-
ликасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 жел-
тоқсандағы № 1095 бұйрығына сәйкес, учаскелік
инспекторларда келесі:
– алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланушы
ретінде денсаулық сақтау органдарында диспан-
серлік есепте тұратын адамдардың;
– есірткі құралдарын, психотроптық және уытты
заттарды медициналық емес пайдалануға жол
беретіндер ретінде денсаулық сақтау органдарында
диспансерлік есепте тұратын адамдардың тізімі
болуы керек [24].
Достарыңызбен бөлісу: |