30
жобасын
ӛткізді,
ондағы
мақсат
кейіннен
кемшін
балаларды
волонтерлік/еріктілік жҧмысына тартуға мҥмкіндік беретін жағдайлар жасау
және ҥкіметтік емес жастар ҧйымдарынан нақты инфрақҧрылым қҧру болып
табылады, бҧл да ӛз кезегінде балалардың әлеуметтенуіне және бейімделуіне оң
әсерін тигізбек.
15.05.2007ж. №251- III Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі»
30-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берiлетiн жас мӛлшерi. Аталған
бап он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол берiлетінін
кӛздейді. Ата-анасының бiреуiнiң, қорғаншысының, қамқоршысының немесе
асырап алушысының жазбаша келiсiмiмен: 1) орта бiлiм беру ҧйымында негiзгi
орта, жалпы орта бiлiм алған жағдайда, он бес жасқа толған азаматтармен; 2)
сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтiрмейтiн және оқу процесiн
бҧзбайтын жҧмысты орындау ҥшiн, он тӛрт жасқа толған оқушылармен; 3)
кинематография ҧйымдарында, театрларда, театр және концерт ҧйымдарында,
цирктерде денсаулығына және адамгершiлiк тҧрғысынан дамуына нҧқсан
келтiрмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу ҥшiн он тӛрт
жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мҥмкiн. Сонымен қатар,
еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның ата-анасының бiреуi,
қорғаншысы, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға тиiс.
Еңбек шартын ауыр жҧмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше
зиянды) және (немесе) қауiптi жҧмыстарға, сондай-ақ жҧмыс берушiнiң мҥлкi
мен басқа да қҧндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегенi ҥшiн
қызметкердiң толық материалдық жауапкершiлiгi кӛзделетiн лауазымдар мен
жҧмыстарға, он сегiз жасқа толмаған азаматтармен жасасуға жол берілмейді.
Аталған ереже Халықаралық Еңбек Ҧйымы Конвенциясының 2-бабына сәйкес
келеді, ол бойынша «жал бойынша жұмыстың немесе ӛзiнiң сипаты бойынша
немесе оны жүзеге асыратын мән-жайлардың күшiне қарай жеткiншектiң
денсаулығына, қауiпсiздiгiне немесе адамгершiлiгіне зиян келтiре алатын басқа
жұмыстың кез-келген түрiне қабылдау үшiн ең тӛменгi жас он сегiз жастан
тӛмен болмауы тиiс».
Аталған Кодекстің 118-бабында он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер ҥшін
жҧмыс уақытының қысқартылған уақыты белгіленетіні айтылған:
«1) он тӛрттен он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер ҥшін – аптасына 24 сағаттан
аспауға тиіс;
2) он алтыдан жастан он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер ҥшін – аптасына 36
сағаттан аспауға тиіс;
31
3) оқу жылы кезеңiнде сабақтан бос уақытында жҧмыс iстейтiн он тӛрт жастан
он алты жасқа дейiнгi оқушылар ҥшiн - 2,5 сағат, он алтыдан он сегіз жасқа
дейiнгi оқушылар ҥшiн - 3,5 сағат».
Жұмысқа қабылдау үшін ең тӛменгі жас туралы конвенцияны
ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 14
желтоқсандағы Заңының 7-бабында жҧмысқа қабылдау ҥшін жас
ерекшеліктерін белгілеуде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен
кішігірім алшақтық бар. Аталған Заңға сәйкес ұлттық заңнамалармен немесе
ережелермен жал бойынша жұмысқа немесе басқа жұмысқа он үш жастан
он беске жасқа дейiнгi тұлғалар, олардың денсаулығы немесе дамуына зиянды
болып кӛрiнбейтiн және мектепке баруына, ӛкiметтiң құзыреттi органдары
бекiткен кәсiби бағдарлау немесе даярлау бағдарламаларына немесе олардың
алған бiлiмiн пайдалану қабiлеттерiне зиян келтiрмейтiн жеңiл жұмыстарға
алынулары мүмкiн. Бҧл ХЕҦ 138 Конвенциясының 7-бабына сәйкес келеді.
Біздің елімізде балалар еңбегі проблемасы әлі де ӛзекті кҥйінде, дей
тҧрғанмен бала еңбегін пайдалануды азайту ҥрдісі де байқалып отырғанын атап
ӛткен жӛн. Ресми деректерге сәйкес балалар еңбегінің ең нашар тҥріне
тартылған балалар саны 170-ті қҧрайды
17
. «Сандж» Зерттеу Орталығының ХЕҦ
ҥшін жҥргізген зерттеулерінің қорытындысы бойынша Қазақстанның екі
облысының ӛзінде-ақ сауалнамаға қатысқан 7-ден 15 жасқа дейінгі 4129
баланың ішінде жҧмыс істейтін 206 бала анықталды
18
. Жҧмысқа қабылдау ҥшін
ең тӛменгі жас жазылған еңбек заңнамасының бҧзылуымен қатар, бала
денсаулығына орасан зор зиян тиюде, ӛйткені, балалар әдетте нашар
жағдайларда жҧмыс істейді. Аталған балалар сапалы білімге қолжетімдіктен де
айырылады. Бҧл фактілер Еңбек туралы заңнаманың және Жҧмысқа қабылдау
ҥшін ең тӛменгі жас туралы конвенциясының сақталуына тиісті бақылау
жасалмайтынын кӛрсетіп отыр. Әсіресе, экономиканың жеке меншік
секторында жҧмыс істейтін балаларға қадағалау жасау қиындық туғызады. Ата-
аналарымен бірге базарларда, дҥкендерде, кӛкӛніс дҥңгіршектерінде және
«отбасылық кәсіпорындарда» жҧмыс істейтін балаларды кӛптеп кездестіруге
болады.
«Кәмелетке
толмағандар
арасындағы
құқық
бұзушылықтардың
профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының
17
«Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі көрсеткіштер» жинағы, Балалардың
құқықтарын қорғау комитеті
,
2011 ж.
18
Қазақстанның аграрлық секторында бала еңбегі бойынша базалық зерттеу (Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстары),
2011 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |