ЕкіншіДен, бала, әсіресе, жас кезінде басқа әрекеттерден гөрі отбасындағы балалары тарапынан да сондай сезімдердің болуы байланыстырады әрекеттерге көбірек бейімделіп, өмірлік тәжірибе жинақтайды.
ҮшіншіДен, отбасы кіші микро орта ретінде баланы біртіндеп қоғамдық ортаға бейімдеу қызметін атқаруға мүмкіндігі жоғары және баланың өмірлік тәжірибесі мен дүниетанымын кезеңді жүзеге асыруда.
Отбасындағы адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасының сипатына қарай М.Галагузова оларды: авторитарлы, Демократиялық және эгалитарлық деп бөлді. Авторитарлық отбасы өзінің қарым- қатынастағы қаталдығымен сипатталады. Мұндай отбасыларында әйел еріне бағынышты немесе ері әйелінен аса алмайды және балалары ата- аналарының дегенінен шыға алмайды. Демократиялық отбасыларындағы қарым-қатынас толық өзара түсіністік пен сыйластыққа негізделеді. Ал эгалитарлық отбасылары ондағы ересектердің тең құқылығымен ерекшеленеді. Мұндай отбасыларындағы адамдар үшін отбасы проблемаларына қарағанда жеке басының проблемалары бірінші орында тұрады. Мысалы, жұмыстағы жетістіктер және т.б. Мұлдай отбасыларында үйішілік жұмыстар тең бөлінген, барлығы ұжым болып жабыла кірісіп атқарады және шешім қабылдайды. Бос уақытты да бірге өткізуге тырысады. Мұндай отбасыларындағы қарым-қатынастың кемшілігі отбасы проблемаларын шешуде кейбірінің жеке мүддесі немесе қызығушылығы ескерілмесе, кикілжің тууы мүмкін[2].
Отбасының атқарар қызметіне де ғалымдар көзқарасы әртүрлі. Г.М.Свердлов пен В.А.Рясенцев отбасының негізгі қызметі ұрпақ жалғастырудан, тәрбие беруден, шаруашылық жүргізуден және өзара көмек көрсетуден тұрады деп түсіндіреді. С.Д.Лаптенок: «тұрмыстық- шаруашылық, ұрпақ жалғастырушылық, тәрбие берушілік, отбасы мүшелерінің бос уақытын ұйымдастырушылык», - десе, Н.Г.Юркевич: «рухани қарым-қатынас, сексуалдық қызмет, баланың туылуы, тәрбиедегі
ынтымақтастық, бос уақытты ұйымдастырушылық, отбасы шаруашылығын жүргізуге қажетті кұрал-жабдықтарды жинақтау, бос уақытты ұйымдастыру, өзара моральдық және материалдық көмек беру» деп түсіндіреді. Қазақстандық әлеуметтанушылар М.Тәжин мен Б.Аяғанов өз зерттеулерінде: «қазіргі қоғамдағы отбасының негізгі қызметі: дүниеге адам әкелу; әлеуметтендіру, яғни балаларды осы қоғамда өмір сүруге әзірлеу; экономикалық яғни балалардың есею геніне дейін көмек беру; сексуалдық қызмет, яғни қоғамда жыныстық қатынастарды реттеу» деп көрсетеді. Ресей ғалымы И.В.Гребенников отбасының бес қызметін ұсынады. Олар: ұрпақ жалғастырушылық қызмет; экономикалық қызмет; тәрбиелік қызмет; қарым-қатынастық қызмет; бос уақытты ұйымдастыру және дем алу.
Жоғарыдағы отбасы түрлері мен олардың негізгі қызметтеріне талдау жасай келе, тәрбиелеу, әлеуметтендіру және тұлғаның руханижетілуін қамтамасыз ету отбасының негізгі қызметі болып табылатындығына көзіміз жетеді [3].
Әлеуметтік педагогикада отбасының әлеуметтендіру процесінде атқаратын бірқатар қызметтері анықталған (Ф.А.Мустаева), олар:
Достарыңызбен бөлісу: |