«Менің отбасым –қазір және ертең»
Тренинг мақсаты: өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау; жыныстық –рольдік иденфикация, қарама –қарсы жыныс өкілімен қатынас орнату іскерлігі, отбасындағы қарым –қатынас, отбасының болашағы жайлы түсінік қалыптастыру.
Қойылған мақсатына сәйкес тренинг 3 кезеңнен тұрады.
Өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау. Өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну мен қабылдау өмірін одан әрі дұрыс құруға қажет. Өзінің барлық уайымдауларын анықтай біліп, ата –аналарға деген қарама –қарсы сезімдерін айыра білу өте маңызды.
Тренинг барысында қатысушылар келесілерді орындауы қажет:
отбасындағы өз бағытын анықтай отырып, өзіндік бақылау дағдыларын жетілдру;
өзіндік сананы арттыру;
отбасының жүйелік табиғатын түсіну;
дисфункционалды отбасындағы қатынастар динамикасы туралы түсінік алу;
өз отбасыларындағы қатынас динамикасы жайлы түсініктерін жетілдіру;
өз отбасындағы бұрын ескермеген қарым –қатынас ерекшеліктерін түсіну;
өзіндегі және отбасындағы мүмкіндіктерін өзгерту.
«Отбасы мүсіні»жаттығуы
Жаттығуды орындау үшін әртүрлі өмірлік жағдайларды ойнау үшін қажет болатын жиһаздар жиналған бөлме қажет.
Әр қатысушы кезекпен мүсіншіге айналады. Ол өз отбасының бейнесін «жанды мүсін» үлгісінде жасайды. Бұл үшін ол қатысушылар арасынан отбасы мүшелерін өзі таңдап, бөлмеге орналастырады. Идеал ретінде мүсінші өзінің роліндегі басқа адамды да таңдады. Егер отбасы мүшелері қатысушылар санынан көп болса, мүсінші өз ролін өзі ойнайды. Мүсінді аяқтағаннан кейін мүсінші өзінің жұмысын талдайды. Неліктен отбасы мүшелері осылай орналасты. Бұдан кейін жетекші мүсіншіге отбасын өзі көргісі келетіндей етіп қайта орналастыру ұсынылады.
«Отбасы оқиғалары» жаттығуы
Жаттығуды орындау үшін үлкен қағаз парақтары және түрлі –түсті қарындаштар немесе фломастерлер қажет болады.
Әрбір қатысушы қағазды екіге бөледі де, екі отбасылық естеліктің суретін салады –бақытты және жағымсыз құбылыстардың бір ғана отбасы ішінде болатынын бейнелейді. Сурет салып болғаннан кейін, әр қатысушы топқа өз суретін көрсетеді де, салынған оқиғаны түсіндіріп береді.
«Отбасын ойнайық»жаттығуы
Топ «отбасыларға» бөлінеді.Ішкі топтар бөлменің әртүрлі бөліктерінде орналасады. Қатысушылар міндеті – «отбасы» құрамын, отбасы мүшелерінің жас ерекшелігін, отбасылық рөлдерді анықтайды. Әр қатысушы немен айналысатынын, қайда қызмет атқаратынын, қандай киім киеді, таңертеңгілік асқа не жегенді жақсы көреді деген сияқты мәселелердің барлығын ойластырады. «Отбасы» мүшелері жай күн мен демалыс күндерді қалай өткізіетіні жайлы, отбасы міндеттерін қалай бөлетіні жайлы, қарым-қатынастары қандай, отбасы сұрақтарын коллегиалық түрде шешеді ма, әлде отбасының басты адамы бар ма деген сияқты мәселелерді шешеді. Отбасы өз тегін ойлап табады. «Отбасы» өз елтаңбасын жасап, девиз құрастырады, сонымен қатар қоршаған адамдарға айтпайтын отбасылық құпиясын ойластырады. Барлық ойластырулар қағаз бетіне жазбалар және суреттер түрінде тіркеледі. Суреттердің саны мен мазмұны әр отбасында жеке немесе жалпы орындалады –ішкі топ өзі шешеді.
Егер топта кеңес берушіден басқа тағы да бір ересек болса, онда олар әртүрлі «отбасына» тарайды. Олар кіші балалардың рольдерін алуы қажет.Бұл жағдайда қатысушылар өз бетінше әрекет етуді және шығармашылық белсенділікті неғұрлым көп көрсетеді.
Тапсырманы орындағаннан кейін әрбір ішкі топ кезекпен өз «отбасын» таныстырады, содан соң «отбасына» нақтылаушы сұрақтар қойылады.
Бір маңыздысы – қатысушылар қандай отбасы құрамын таңдайтынын анықтау қажет: толық отбасы ма? әлде толық емес пе? отбасында балалар бар ма? Жеткіншектер әдетте отбасының басты адамы ретінде әкесін таңдайды. Ол көбінесе фирмасы бар және жеткілікті түрде бай. Отбасында әдетте әжесі мен атасы бар, қатынастары жақсы, бір- бірімен ұрыспайды. Жеткіншектерге отбасылық проблемалар туралы түсініктері аз болғандықтан, жетекші көмектеседі. Көптеген ұсыныстардан қатысушылар бас тартады, тек бұл мәселелер уақытша болса ғана оңай шешілетін болса ғана келіседі. Мысалы, ұлы жоғары оқу орнына түсе алмады, келесі жылы көреді. Ал науқастану, алкоголизм, кедейлік деген сияқты мәселелерден бас тартады.
Жаттығуды орындап болғаннан кейін, бірден келесіні жүргізу қажет.Өйткені отбасы қандай да бір уақыт құрылып, «өмір сүрді».
Достарыңызбен бөлісу: |