Коллаж «Менің қазіргі отбасым» және «Менің болашақтағы отбасым»
Отбасының барлық мүшелері қатысады. Оларға осы тақырыптарда екі коллаж жасау ұсынылады немесе қалаулары бойынша бір тақырыпты таңдайды. Коллажбен жұмыс жасау үшін бір көлемдегі қатты қағаз, түрлі-түсті қағаздар, ескі кітаптар, газет, журналдар қажет.
Коллаж жасап болғаннан кейін жанұя мүшелері өз жұмыстары туралы әңгімелейді.
Менің және анамның қолы
Мақсаты: отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сенімін, эмоционалдық қарым-қатынасын анықтау.
Жаттығуды ата-аналарымен балалары қатысқан іс-шарада жүргізуге болады.
Бала мен ата-ана бір-біріне қарама-қарсы тұрып, жүргізушінің айтқандарын орындау қажет. Қатысушылар психологтың айтқандарын толық қайталап, жасап отырады:
Бір-бірімен сұқ саусақтарымен «Сәлемдесу»
Шынтақтарымен бір-бірлерінің шынтақтарын сипалау.
Ортаңғы саусақтар көмегімен күш сынасу.
Серіктестің біреуі алақанымен екіншісінің бармағын қысып ұстау
Маңдайларын тигізу арқылы сырласу.
Бір-бірлерімен тізе тіресіп тұру.
Бір-бірлерімен шапалақ соғысып қоштасу.
Сабақта жаттығу тек сол қолмен орындалады. Үй тапсырмасы ретінде қатысушыларға тура осыны қарама-қарсы саусақтармен жасау ұсынылады.
Бала денесі суретін бірлесіп салу
Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы демократиялық қарым-қатынасты нығайту, баланың өзін-өзі қабылдауын және жағымды эмоционалды жағдайда өзіндік бағасын көтеру.
Жаттығу кезінде бала-ата-анасымен бірге сурет салады. Столға А4 қағазы қойылады. Оған бала қолын қояды, ал анасы оның сыртынан жүргізе отырып, көшірмесін жасайды. Ендігі кезек анасынікі. Енді осы екі қолдың алақанына түрлі түсті фломастерлермен сурет салынады. Анасы мен баласы бір-бірінің суретіне қарамайды. Сурет салынып болған соң, анасы баласына, баласы анасына суреттерімен алмасады. Баласы «Менің анамның алақаны ...» ондағы суретті қолдана отырып әңгіме құрайды. Одан кейін анасы суреттегі баласының алақандағы суреттер бойынша әңгіме құрайды.
Соңында баладан, сен анаңның алақанынан не сезіндің?
Анасына, сіз балаңыздың алақанынан не сезіндіңіз деген сұрақтар бойынша ішкі сезімдерін анықтауға болады.
«Көліктер» жаттығуы
Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы физикалық байланысты, тактильді түйсіктерді дамыту.
Жаттығу жұппен жүргізіледі: ата-ана және бала. Бала «көлік» рөлінде болады, ата-ана «көлікті жуушы». «Жуушының» көздері жабық немесе байланған. Бес минут ішінде «көлікті» ретке келтіреді: барлық әрекеттерін айта отырып жуады, сүртеді, мүмкіндігінше мейірімді сөздер көбірек қолданылады. Содан кейін ата-аналар мен балалар орындарымен алмасады.
«Ия-жоқ» өзін қабылдауға арналған жаттығу
Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір-бірлерін қабылдау, түсіну, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Ата-аналар мен балалар бір-бірлеріне иықтарымен сүйеніп кілемнің үстінде отырады. Сенімді түрд берілген сұрақтарға жылдам жауап береді:
Маманың туған күні.
Бүгін аптаның қай күні.
28-ші саны бар ай.
1 сағатта қанша минут бар.
Балаңыздың сүйікті тағамы.
Үйдегі машинаның түрі.
Сізді үйге апаратын автобус.
Сіз тұратын қаланың аты.
Маманың сүйікті әуені.
Сынып жетекшісінің есімі.
Жаттығудан кейін талдау жасалады: кім жылдамжауап берді, жауапсыз болған сұрақтың саны. Бұл арқылы отбасындағы рефлексивті қарым-қатынасты анықтауға болады.
Бала мен ананың бірлесіп сурет салу жаттығуы
Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір-бірлерін қабылдауларын қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Ата-анамен бала жұптасып сурет салады. Екеулері бір қаламмен, оң қолмен сурет салу ұсынылады, бірақ өзара сөйлесіп, келісім жүргізуге болмайды.
Аяқтап болғаннан кейін әр жұп өз шығармасы туралы әңгімелейді: сурет қалай салынды. Қатысушылар сурет салу кезінде қандай сезімде болды, өзінің тәжірибесі бойынша (ата-анасымен) сезімдері, қаншалықтысол тәжірибеніболашақта дұрыстағысы келді, пікірін ортаға салғысы,нұсқау бергісі келді, осылай жұмыс жасау ұнамады ма, серіктестік ұнады ма, несімен ұнады т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |