Психологиялық коррекция
Психологиялық коррекция – бала мен ата-ананың тұлғаішілік және тұлғааралық қақтығыстарды, тұлғалық қасиеттердің ауытқуы және теріс эмоционалды күйлерді түзетуге арналған кешенді психологиялық-педагогикалық жұмыс.
Психологиялық коррекция және психотерапия әдістерін қолдану, бала мен ата-ана және отбасы жағдайында туындайтын жайсыз психологиялық жағдаяттарды түзету.
Психологиялық ағарту
Балалардың тұлғалық әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін қалыптастыру, ата-анаға психологиялық ағарту, психологиялық мәдениетті дамыту. Тәрбие жұмыстарында, ата-аналар жиналысында психологиялық сауаттылық пен мәдениетті жоғарылатуға бағытталған іс-шаралар. Бала мен ата-аналардың ішкі әлеміне үңіле отырып, тұлғалық тұтастықты қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар, өзіндік сана және тиімді копингтік мінез-құлық қалыптастыруға арналған психологиялық қолдау көрсету.
Ата-аналарда психологиялық сауаттылықты арттыру, баланың жас және жекелік, жыныстық ерекшеліктері мен психологиялық саулығын сақтау туралы білімдермен таныстыру. Ата-аналармен жүргізілетін ағарту жұмыстары арқылы отбасылық жауапкершілікті жоғарылату.
Психологиялық кеңес беру
Шағымданып келген бала мен ата-аналардың мәселесін шешуге бағытталған психологиялық кеңес беру, психологиялық көмек көрсету. Баланың жекелік (жас, жыныстық, әлеуметтік жағдайына, ақыл-ой даму деңгейіне, оқу үлгерімі, тәуелділігіне т.б) ықпал ету. Қиын балалардың жан дүниесін түсіну, қиындықты тудыратын себептердің мәнін ашу және ығыстыру. Баланың психологиялық қорғану механизмі және копингтік мінез-құлық ерекшелігін ескеру.
Психолог, педагогтардың кәсіби этикалық ережелері
Құзыреттілік – психодиагностикалық әдістер мен әдістемелерді таңдай білу, зерттеу нәтижелерінің қорытындысын шығара білу;
Нақтылық және кәсіби жауапкершілік. Өз іс-әрекетінде психолог әділ, құштарлы және жауапты болу. Айналасындағыларға құрметпен қарау, әлеуметтік рөлдеріне нақты және соған сәйкес қызмет атқару.
Адам құқықтары және абыройын құрметтеу. Психологтың клиенттің жеке өмірлік құқығын сақтауы, өзіндік анықтау және автономиясын құрметтеу. Диагностикалық және коррекциялық шараларды жүргізе отырып, бала мен ата-ананың нақты келісімдерін алу. Психологтың клиенттердің мәдени, жекелік және рөлдік ерекшеліктеріне түсіністікпен қарауы.
Бала мен ата-аналардың әріптестік, серіктестік қолайлылық орнатуына көмектесу. Туындаған қақтығыстарды жауапты түрде шешу. Адамдардың ерекшелігіне шынайы әрі мұқият қарау.
Әлеуметтік жауапкершілік. Адамдардың қолайлы өмір сүруіне өз үлесін қосу, әлеуметтік-психологиялық ықпал ету.
Аталған ережелердің балалармен және ата-аналармен педагогикалық-психологиялық жұмыстар кезінде ескерілуі отбасы татулығы мен сыйластығына тиімді ықпал етуді қамтамасыз етеді.
Жүргізілетін педагогикалық-психологиялық іс-шаралар келесі әдіс, тәсілдер көмегімен жүргізіледі: арт-терапия, нейро-лингвистикалық бағдарлама, психодрама, би-қозғалыс терапиясы, денеге бағытталған терапия, гештальттерапия, әлеуметтік-психологиялық тренинг, психологиялық тренинг, әуентерапия және т.б.
«Баланың жеке басын дамыту мектебі» бағдарламасының мақсаты: жекелік ерекшеліктер мен ресустарды ескере отырып, тұлғаны үйлесімді дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |