Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі бойынша кеңес беру



жүктеу 385,37 Kb.
бет24/58
Дата27.03.2023
өлшемі385,37 Kb.
#41873
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58
Каирова Б.К. Отбасылық өмір психологиясы

Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі бойынша кеңес беру.

Отбасында зорлық көрсету–серіктесті бақылауға алып, қорқыту мақсатында қайталап отыратын зорлау түрлерінің инциденті. Отбасында зорлық көрсету жақын туысқандар арасында тұлғаға физикалық, экономикалық, психологиялық және сексуалды бүліншілік жасау циклі.Зорлық көрсету циклі зорлауды үдету кезеңдерінен, соның ішінде физикалық жарақаттаудан, жанжалдық пен зорлықты үдетудентұрады. Отбасында зорлық көрсету агрессия актісі ретінде әйел мен күйеу, ата-ана мен бала, басқа да туысқандар арасында болуы мүмкін. Көбіне жәбірленетіндер әйелдер мен балалар. Көп жағдайда әйелдердің өзі күйеуі тарапынан зорлаушы агрессивті әрекеттер субъектісіне айналады. Балалар анаға қысым көрсететін және белгілі бір әрекеттерге мәжбүрлейтін құрал тәрізді агрессор ретінде қолданылады. Мәселен, ажырасу кезінде бала әкеде қалса ана құқығына айла-шарғы жасалады.


Әйелдерге қатысты отбасында зорлық көрсету өкінішке қарай жиі кездеседі, әрі кеңес уақытынан кейінгі жылдардан күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Түрлі деректер бойынша қазақстандық және ресейлік әйелдердің шамамен 30%-ы үй ішіндегі зорлық-зомбылықтан азап шегеді екен. АҚШ және Батыс Европада үй ішіндегі зорлық-зомбылықтан азап шегетін әйелдерге мамандандырылған көмек айтарлықтай ерте қолға алынған, Қазақстанда осындай әйелдерге сенім телефоны 90-шы жылдарда ғана пайда болды.
Отбасына кеңес беру негізінде отбасында зорлық көрсетудің себептерін түсіндіретін үш модельді атауға болады. Әлеуметтік-мәдени – отбасындағы зорлықты қалыптасқан дәстүр мен қоғамдағы әлеуметтік ұйымдар ерекшеліктерімен түсіндіреді. Отбасындағы зорлық көшедегі және әлеуметтік зорлықтың жалғасы ретінде көрінеді, сондықтан тоталитарлы қоғамдарда отбасылық зорлық деңгейі жетіп артылады.
Билік жүргізуші, төреші және жазаны орындаушы еркек болып табылатын патриархалды отбасының дәстүрі қазіргі отбасында тұрмыстағы ережелер мен құқықтық нормаларды жасаудың алғышартын құрайды. Отбасында билік демократизациясы және қоғамдағы әйел позициясын өзгерту отбасындағы билікті қайта бөлуге әкеледі, көп жағдайда қарым-қатынастың бұрынғы жүйесін өзгертуге қарсылықты – зорлыққа қарсылықты тудырады.
Жүйелі модельде зорлау отбасының рөлдік құрылымының және ондағы коммуникацияның тиімсіздігінің нәтижесі ретінде қарастырылады, агрессивті әрекеттер тиімсіздікке әкеледі, психоаналитикалық модельде күйеудің әйелге қатысты агрессиясы балалық жастаата-анамен қарым-қатынаста нарциссизм, фрустрация, қорғансыздық, өзін төмен бағалау, шектен тыс мазасыздық т.б. сияқты мінез-құлықтан көрінетін тұлғалық дамудың ауытқушылығы салдарынан болады. Отбасындағы зорлық-зомбылық түрлері:

  • физикалық зорлық – ұрып, соғу, қылғындыру, күйдіру, медициналық көмекке жүгінуді шектеу, күштеп ұстау т.б. Физикалық зорлықтың ең көп тараған түрлерінің бірі үйде зорлық көрсету (көмек сұрауға келетін әйелдердің 95 %-ы күйеуінің физикалық зорлығынан азап шегетіндер);

  • сексуалды зорлық – сексуалды қысым көрсету, зорлау, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу, ауырту, жарақаттау т.б.;

  • психологиялық зорлық – қауіп төндіру, қорлау, балағаттау, үнемі сынап-мінеу, бопсалау, белгілі бір әрекеттерді мәжбүрлі орындауын қатаң бақылау, қажеттіліктерін қанағаттандыруды шектеу, достармен, ағайын-туыстарменқарым-қатынасқа, кәсіби қызметімен айналысуға тыйым салу, жеке басын кемсіту т.б.Психологиялық зорлық көрсету тұлғаның жеке басының бұзылуына, тұлғалық дамуының ауытқуына, депрессияға, қорқыныш, үрейге, агрессияға әкелуі мүмкін;

  • экономикалық зорлық – қаржылық қолдау көрсетуден, балаларды асыраудан бас тартау, отбасының қаржылық ресурсын өз еркінде ұстау, әйелі мен балаларының қажеттіліктері мен керек-жарақтарын елемеу.

Қазіргі таңда әйелдерге отбасында зорлық көрсету мәселесі бойынша кеңес беру мамандандырылған дағдарыстық орталықтарда жүргізіледі. Психологиялық кеңес беру міндеттері: клиенттің эмоциялық күйін тұрақтандыру; проблеманы зерттеу, қолдаудың қайнар көзін анықтау; жағдаятты өзгерту туралы шешім қабылдау (жұбайынан кету, уақытша немесе жеке тұру, ажырасу, зорлау әрекеттерін жасаған жұбайымен сөйлесу, делдалдықты қолдану, қорғану үшін құқық қорғау органына өтініш жасау т.б.) және әрекет ету жоспарын құру.Әрекеттер жоспарының маңызды құрамдас бөлігі «қауіпсіздіктің жеке жоспары». Мұндай жоспарды жасау мыналарды көздейді: зорлау жағдайында көмек сұрайтын адамдарды талқылау (көршілер, милиция, куәгерлер); бассауғалайтын пананы анықтау (достар, туыстар, дағдарыстық орталықтар);зорлау жағдайында шұғыл эвакуацияға қажетті ресурстарды жұмылдыру (құжаттар, ақша, қажетті заттар, дәрі-дәрмектер, бала ойыншықтары); зорлау қаупі төнген жағдайда балалар бопсалау құралы немесе агрессиянысаны болмас үшін оларға превентивті сепарациялау жоспарын құру.
Егер отбасында бала болса әйелге көмек көрсетіп, қолдау қажет. Бала қауіпсіздігі мен амандығын қамтамасыз ету әйелдің өз күшіне, мүмкіншіліктеріне сенім артып, дағдарыстық жағдаятты өз бетінше шешуіне септігін тигізеді. Зорлық көрсету – әйелде қорқыныш сезімін тудырып, дәрменсіздікке, сенімсіздікке, өзін төмен санап, кемсітуге әкеледі. Көбіне отбасында зорлық көрген әйелдерқорқыныш пен қайратсыздықты,тәуелділікті сезініп қана қоймай, ұялу, кінәлілік сезімінде болып, өзіне деген құрметті жоғалтады. Ананың балаларының амандығына, өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілік алуы өзін-өзі құрметтеуіне, өзін-өзі қабылдауына,Мен сезімінің нығаюына жәнедағдарысты жеңуге маңызды қадам жасауына мол мүмкіндік береді. Отбасында зорлық көрсету мәселесі бойынша психологиялық кеңес беру үйдегі зорлықтың құрбанына құқықтық, экономикалық және әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ететін қажетті іс-шаралармен жүзеге асырылуы тиіс.

жүктеу 385,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау