25
кӛбіне алған білімдерін бекіту мақсатында және білімдерін практикада іс
жүзінде қолдана білу дағдысын қалыптастыруда қолданылады.
12. Білімдерді модельдеу әдісі. Бұл әдіс
ғылыми танымның зерттеу
объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі.
Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне,
материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай
туындайтын ой-түрткілерге, себептерге т.с.с байланысты.
Модельдеу кез келген
затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді.
Болашақ мұғалімдерді даярлау процесінде жоғарыда кӛрсетілген жалпы
құзыреттіліктер, оның ішінде психодидактикалық құзыреттіліктер толық
ашылып, олардың ӛзара байланыстары кӛрсетілуі тиіс. Оларды қалыптастыру
технологиясы ӛз алдына бір зерттеу нысаны бола алады.
Жоғары кәсіби педагогикалық білім берудің мемлекеттік стандартында
мұғалім іскерлігінің келесі функциялары кӛрсетілген: оқытушы, дамытушы,
тәрбиелеуші, коммуникативті, ұйымдастырушы, басқарушы, бағдарлық және
ақпараттық.
Педагогикалық жоғары оқу орны білім алушыларының болашақ кәсібіне
даярлығын бағалауда бұл сипаттамалардың алатын орны ерекше.
Болашақ физика мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық даярлықтарын
кӛрсететін негізгі сипаттамаларының бірі – олардың келешекте оқытатын
пәндерін ӛте жоғары деңгейде білуі. Ӛзінің келешекте жеткіншек ұрпаққа не
оқытатынын білмеген маманнан еш уақытта жақсы ұстаз шықпайды. Физика
мұғалімі педагог ретінде педагогика ғылымының дамуына, физиканы оқыту
әдістемесіне, ал физик маман ретінде физика ғылымының практикада іс
жүзінде қолданылуына кӛңіл бӛліп отыруы керек. Яғни, мұғалім физикалық
және әдістемелік тұрғыдан оқу материалын дұрыс, айқын әрі дәл баяндауы
үшін, алдымен, ӛзі сол оқу материалын түсінуі, оны баяндаудың егжей-
тегжейіне дейін білуі тиіс.
Физиканы, оның ішінде атомдық және ядролық физика мәселелерін
оқытуда биік нәтижеге қол жеткізуде материалды жан-жақты баяндау –
болашақ мұғалімдер даярлайтын педагогикалық жоғары оқу орындары үшін
ерекше кӛңіл аударатын мәселе. Бұл білім алушылардың шығармашылық
әдістемелік кӛзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Болашақ
мұғалімдерді
даярлайтын
педагогикалық
жоғары
оқу
орындарындағы атомдық және ядролық физика курсында білім алушыларға
пропедевтиканы жүзеге асыру әдістерін үйрету ӛте маңызды. Бұл мақсаттар
курстың қандай да бір бӛлімін оқытудың алдында кіріспе дәрістер арқылы,
сонымен бірге қатаң анықтамасына дейін түсініктерді қолдану арқылы жүзеге
асырылады. Бірінші жағдайда білім алушылардың, яғни болашақ мұғалімдердің
алдында сол оқытылатын курстың мақсаты мен құрылысы айқындалады,
алдағы уақытта шешетін мәселелері тұжырымдалады. Екінші жағдайда
болашақ мұғалімдердің физикалық мәдениеті мен дүниетанымы қалыптасады.
Кәсіби бағдарда оқытуды жүзеге асырудың қажетті шарттарының бірі –
барлық оқу жұмыстарын мотивациямен қамтамасыз ету. Ол болашақ