46
бос кеңістіктің болатындығына
қарсы болды, сонымен қатар бӛлінбейтін
атомдардың болуын да теріске шығарды.
Сонымен, ерте ғасырдың ӛзінде-ақ материя туралы екі түрлі кӛзқарас
пайда болды: бірі материяның үздіксіздігі (бӛлінбейтіндігі), ал екіншісі
материяның бӛлінетіндігі. Ғалымдар арасындағы бұл қарама-қарсы пікірлер
бірнеше ғасырға созылды. Осылайша, кӛптеген жылдар ӛткеннен кейін
ғылымдағы теріс пікірлерден кейін, физика ғылымы қайта дами бастады.
Физика кӛптеген қиындықтарды ӛткеріп, диалектиканың табиғи түсінігінің
негізіне сүйене отырып, осы қиындықтарды жеңді. Олай болса, материя үздіксіз
(тұтас) және бӛлінетін (атомдар) болып келеді.
Кӛп жылдардан кейін атомистикалық кӛзқарасты ойшыл Лукреций Кар
(б.д.д. 95-55жж.) біршама дамытты. Ол, атом – материяның ӛте ұсақ бӛлшегі
екендігі туралы ой тастады. Осыдан кейін барып, атом туралы ғылыми
кӛзқарастар кӛптеген ғасырларға дейін тоқтап қалды.
Орта ғасырдағы ойшылдар мен ғалымдарда атомистикалық даму болмады,
оған діни кӛзқарастың дамуы кедергі болды. Сонымен қатар, сол кездерде:
алхимия, астрология, магия сияқты т.б. жалған ғылымдар үстемдік жасап, оның
дамуына жол бермеді.
ХVII-XVIII ғасырларда ғана атомистика басқа ғылымдар сияқты біршама
ғылыми жетістіктерге жете бастады. Ӛйткені сол аралықтарда экономика,
техника және ғылымның басқа да салаларының күрт даму процестерінің жалпы
қозғалыстары пайда болды. Бірақ бұл аралықта атомистикадағы жаңалықтар
тәжірибе жүзінде (эксперимент бойынша) қарастырылмады. Сол кездегі
Галилей, Декард сияқты атақты ғалымдар да, атомистердің саясатын
жақтамады. Бірақ Декарттың еңбектері, ғылыми кӛзқарастары, материяның
шексіздігі, оның ұсақ бӛлшектерден тұратындығы жағына келгенде, ойлары
атомистіктерге қарағанда басым екендігін аңғартады. Декарт бос кеңістіктің
болатындығына келіспеді. Ал, Декарттың осы кӛзқарасына Ньютон келіспеді.
Солай бола тұра Ньютонның механикадағы «бүкіләлемдік тартылыс заңы»
атомистиканың дамуына әсерін тигізді. Оның кӛзқарасы бойынша, денелер
арасындағы тартылыс күші бос аралық арқылы әсер етуі мүмкін деген ойға
келеді.
Атом туралы ғылымның дамуына ағылшын химигі Р.Бойлю (1627-
1691жж.), ағылшын физигі Р.Гук (1635-1703жж.) және голландық физик
Х.Гюйгенс (1629-1695 жж.) еңбектерінің үлкен әсері тиді.
Орыстың ұлы ғалымы Д.И.Менделеевтің (1834-1907жж.), зерттеулері
нәтижесінде атом туралы ӛте үлкен жаңалықтар ашылып, атомистикалық
ғылым саласы толықтырылды. Ол химиялық элементтерді аралық жүйеде
орналастыру заңдылығын ашты.
Атомистикалық ілімнің үлкен жетістіктерінің бірі – атомның электрлік
құрылымы. Атомның электрлік құрылымы, корпускулалық теорияларға
негізделген. Осыған негізделіп заттың электрлік теориясы дамыды. Англияның
кӛрнекті ғалымы М.Фарадей (1781-1867жж.) сұйық арқылы электр тогының
ӛтуін зерттей келіп, сол сұйықтан ӛткен электр мӛлшеріне, электродтан