Осөж тақырыбы: Сыныптан тыс оқуды есепке алу жүйесі Орындаған: Қабибулла Ә. Т тобы: Дефектология – 401 Тексерген: Жубатырова Б. Т 2022 жыл Мектептің тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылатын сыныптан тыс жұмыс оқыту мен тәрбиелеудің



жүктеу 36,53 Kb.
бет3/5
Дата16.11.2022
өлшемі36,53 Kb.
#40192
1   2   3   4   5
Қабибулла Әсем ДФ401 7апта ОСӨЖ

Тәрбиелеу үрдісінде өз әрекеттігін және белсенділігін дамыту принципі – сыныптан тыс жұмыс оқушылардан белсенділікті талап етеді және олардың дербестігін көрсету үшін жағдай жасайды. Олар өздеріне өз еркімен сабақты таңдайды, оны жоспарлауда, жоспарланғанды жүзеге асыру құралдарды және жолдарды анықтауға қатыса алады. Сондықтан осы әрекеттерді жүзеге асыру үшін бұл принцип үлкен мүмкіндіктерді ашады. Оқушылардың даму үрдісінің барлық сатыларында, белсенділік олардың табиғи үйлесімді қажеттілігі екенін естен шығармау керек. Сондықтан тәрбиелік жұмысты сол қажеттілікті қанағатандыру бағытында құру қажет. Оқушының барлық мүмкіндіктері қолданылса, тәрбие ойдағыдай бола алады.
Оқушыларды өзіндік жұмыстарға дағдыландыру үшін сыныптан тыс сабақтардың мәні үлкен (стандартқа сай емес және қиын есептерді дербес шығару, мәліметті және баяндамаларды дайындау және оқу, шығармашылық жобаларды дайындау және т.б.). Егер сыныптан тыс тапсырманы ойластыруды және жүзеге асырылуы оқушылар жағынан болса, онда олар өздерін еркін дербес сезінеді. Осы жағдайда белгілі бір «тәуекел» деу бар, өйткені оқушылар осы істі жақсы меңгере алмауы да мүмкін. Сондықтан сақтық жасап, оларға әр уақытта көмекке келуге дайын болу қажет. Есесіне, ең басты ұтыс – оқушылар дербестілік мектебінен өтеді.


Жас және жеке дара ерекшеліктерін ескеру принципі – сыныптан тыс жұмыста осы жасқа тән мүмкіндіктері мен күшіне байланысты құрылуы керек және әрбір оқушының алдағы дамуына ықпал ету керек.
Бастауыш сыныпта информатикадан сабақтан тыс жұмыстың мазмұны оқушылардың ой-өрістерін кеңейтуге, өмірдің түсінікті құбылыстармен таныстыруға бағытталуы керек. Осы жастағы оқушылардың тұрақсыз назары олармен жұмыстың ең айқын бейнелі және әсерлі эмоциялық формаларын іздестіруді қажет етеді. Ең тиімдісі ойындық әрекеттерге үстемді көңіл аудару болады. Бастауыш сынып оқушылардың қызығушылықтары әлі анықталмаған, сондықтан олардың кейбіреулері ғана сыныптан тыс жұмысқа қатысады. Бұл оқушыларда ұжымдық байланыс дәрежесі әлі төмен, өз күшіне сенімділігі мен дербестілігі аз. Сондықтан барлық сыныптан тыс жұмыс мұғалімнің басқаруымен өту керек.
Орта мектеп жасындағы оқушылармен сыныптан тыс жұмысты мектепте алған өмір тәжірибесінен жинақталған білімін ескере отырып жүргізу керек. Бұл жастағы оқушылар көп тырысады, олар қиын жағдайларда өз күштерін тексеріп көруге талпынады, еңбекте дамыған қабілетін көрсету мүмкіншіліктерін іздестіреді. Оқушылар өз таңдауы бойынша үйірмелермен, секциялармен айналысады. Тәрбиешінің міндеті – әр жасөспірімнің қызығушылықтарын қанағаттандыратын және оның қабілеттерін одан әрі дамытатындай сыныптан тыс жұмыстарды табуға көмек көрсету.
Жоғары сынып оқушылары – жоғары және арнайы орта білім беру мекемелерінің болашақ студенттері, түрлі қызмет көрсету аясы мен өндіріс салаларының жұмыскерлері. Олар дене және моральдық дамуға жетеді, оларға жоғары талаптарды талап етуде туатын ой мен дене еңбегінде олардың мүмкіншіліктері айтарлықтай өседі. Олар өздері бос уақыттарын өз бетінше ұйымдастыруға, пайдалы істерді табуға тырысады, өздерін ересек деп сезінеді.
Жастық шақ – кейде толқумен, күдікпен және көңіл толқуымен бірге жүретін моральді сенім мен дүниеге көзқарасты қарқынды қалыптасу шағы. Оқу бағдарламасының шегінен шығатын, жұмыстарға тырысу және қызығу, ғылыми-білім беру қоғамдары мен үйірмелердің ұйымдастырылуымен қанағаттандырылуы мүмкін. Бұл жаста өмір жолын таңдау туындайды, сондықтан оқушылардың сыныптан тыс әрекеті бойынша кәсіби бағытын белсенділендіру қажет.
Оқушылардың жастық ерекшеліктеріне қарамастан, кез келген жастық топта, компьютерлік ойынның элементі ретінде салмақты, үлкендердің әректтеріне ұқсату негізінде іс-әрекетті ұйымдастыру табысқа ие болады. Тәрбие жұмысында оқушылардың жастық қана емес, одан басқа жеке басыныңда ерекшеліктерін ескерген дұрыс: темпераментін, мінезін, қабілетін, қызығушылығын, дағдылары мен талғамдарын, сондықтан әрқайсысына жеке қарағанды талап етеді. Оқушылардың жастық және жеке ерекшеліктерін білу, олардың жанжақты дамуы үшін сыныптан тыс жұмыстарды тереңірек қолдануға мүмкіндік береді.


Жеке тұлғаны сыйлау және талап қою бірлігі принципі – сыныптан тыс жұмыс жасау үрдісінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынасты анықтайды және оқушылардың салмақты қасиеті көрініс табатын қызығушылықтарын айқындауға мүмкіндік береді. Оған сүйене отырып, ұстаз оқушылар тәртібінің қайта құрылуына және олардың қызығушылығының дамуына, үлгерімнің жақсаруына, тәртіпті болуына қол жеткізе алады.
Сыныптан тыс жұмыс процесі кезінде құрылатын қызығушылыққа байланысты ұжымда ұстаздың педагогикалық орны сабақ кезіндегіге қарағанда басқаша. Ол оқушылардың қызығушылығымен, ойларымен санасатын, олардың жеке даралығын құрметтейтін, тәжірибелі және білімді жолдас ретінде болады. Сонымен қатар, оқушылар орнатылған тәртіпке және жүріс-тұрыс ережелеріне бағынуы қажет, себебі қатынасу-қатынаспау және ісәрекеттерінің еркіндігі берекесіздікке әкелмеуі керек. Ұстаздың талап етуі оқушылардың жұмысын бақылауына әкеледі, олардың ісәрекетінің нәтижесін шығару қажеттілігін болжайды.
Сыныптан тыс жұмыс мектеп жұмысы алдында тұрған оқутәрбиелік есепті шешуге үлкен мүмкіндік береді, оқушыларда табандылық, жігерлік, ерік сияқты қасиеттерді тәрбиелейді. Сыныптан тыс жұмыс ұстаздың өзіне де үлкен пайда әкеледі. Сыныптан тыс жұмыста ұстаз бен оқушылардың арасындағы байланыстың рөлі өте зор, оны орнату үшін ұстазда нақты белгілі қасиеттері болуы керек. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру кезінде ұстаз үнемі шығармашылық ізденісте болуы тиіс, ол сыныпта туған ахуалға жауап беретін жаңа форма құруы керек. Ұстаздың шығармашылығы сыныптан тыс жұмыстың тиімділігі үшін қажетті шарт болып табылады.


жүктеу 36,53 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау