2 Тұз қышқылының жұмыс ерітіндісін (титрантын) даярлау
Мысалы, 250 мл 0,1 н жуық хлорсутек қышқылының стандартталатын ертіндісін даярлау. Тұз қышқылының эквиваленттік массасы Мэ(НСI) = М/1=36,5 г/моль. Сонда ерітінді дайындауға қажет таза құрғақ хлорсутектің массасы тең болады:
mНСI = Сн · Мэ · V(л) = 0,1 · 36,5 · 0,25 = 0,912 г
Хлорсутек қышқылы (тұз қышқылы) - сұйық ерітінді. 0,912 г хлорлы сутек тұз қышқылының қандай көлемінде болатынын есептеп шығару керек. Ол үшін қышқыл ерітіндісінің тығыздығын білу керек. Цилиндрге концентрлі қышқылды құйып ареометрмен тығыздықты өлшейді. Анықталғаннан тығыздыққа сәйкес проценттік концентрация анықтамалықтан алынады (Қосымша Е).
Мысалы: ареометрмен анықталған тығыздық р =1,183 г/мл болса, онда қышқылдың проценттік концентрациясы ω(НСI) = 36%. Осыны ескере отырып, 0,912 г хлорлы сутек 36%НСI-дың қандай массасында болатыны есептелінеді:
m 36%НСI = = 2,53 г
Таразыда қышқылдың ерітіндісін өлшеу қолайсыз, көлемін өлшеу ыңғайлы, сондықтан ерітіндінің көлемі есептеледі:
V36%НСI = 2,1 мл
Сонымен 36%НСI ерітіндісінің 2,1 мл-ін склянкаға құйып үстіне 250 мл-дей дистилденген су қосса жуық ~0,1 н НСІ ертіндісі дайындалады.
3 Титрантты (хлорсутек қышқылын) натрий тетраборатының стандарт ерітіндісі бойынша стандарттау
Бюретканы алдымен кран суымен толтырып бірнеше рет жуғаннан кейін дистилденген сумен шаяды, сонан кейін даярланған хлорсутек қышқылымен шаяды. Осыдан кейін хлорсутек қышқылын бюреткаға толтырып құяды. Бюретканың төменгі жағындағы пипеткадағы ауаны ығыстырғаннан кейін шүмекті алып тастап нольді сәйкестендіреді. Осыдан кейін титрант құйылған бюретка титрлеуге дайын болады.
Титрлеуге арналған 250 мл-лік үш колбаның әрқайсысына пипеткамен 10 мл натрий тетрабораты ертіндісін өлшеп құяды, оған 1-2 тамшы метилоранж қосады, ертінді сары түске боялады. Колбадағы ерітіндіге бюреткадан біртіндеп тұз қышқылын тамшылатып қоса бастайды. Титрлеу кезінде ертінді түсінің өзгеруін жақсы байқау үшін, колба астына ақ қағаз төсейді. Ертінді түсі артық бір тамшы қышқылдан қызғылт малина түске айналған кезде титрлеуді тоқтатады. Бюреткадан титрлеуге кеткен қышқыл көлемін жазып алады. Титрлеуді ең кемінде үш рет қайталап, орташа көлемін тауып қышқылдың нормальдығы мен титрін анықтайды.
Эквиваленттік нүктеге жеткенде мына теңдік орындалады:
Сн1 ·V1 = Сн2 ·V2
Бура НСI
Осы теңдеуден титранттың нормальдық концентрациясы есептеледі:
Cн НСI = ,
осыдан титранттың титрі тең болады: ТНСI =
4 Суды титрлеу және кермектікті есептеу
Титрлеуге арналған 250 мл-лік үш колбаға пипеткамен немесе өлшеуіш колбамен 100 мл суды (кран суын, дистилденген су, фильтрленген су, қар суын, т.б. сулар) өлшеп құяды, оған 4-5 тамшы метилоранж қосады, су сары түске боялады. Енді бюреткадан біртіндеп хлорсутек қышқылын тамшылатып қоса бастайды. Титрлеу кезінде ертіндінің түсі артық бір тамшы қышқылдан қызғылт малина түске айналған кезде титрлеуді тоқтатады. Бюреткадан титрлеуге кеткен қышқыл көлемін жазып алады. Титрлеуді ең кемінде үш рет қайталап, орта көлемін тауып, судың кермектігін есептейді. Кермектікті ммоль/л түрінде көрсету үшін 1000-ға көбейтеді:
К(уақ) = , ммоль/л
Судың уақытша кермектігі 1 л суда еріген Са2+ мен Мg2+ иондарының моль-эквиваленттерінің мөлшерін сипаттайды.
Алкалиметрия
Зертханалық жұмыс № 5. Әк тасының құрамындағы кальций карбонатының массалық үлесін анықтау
Мақсат: Әк тасының құрамындағы кальций карбонатының массалық үлесін алкалиметрияның кері титрлеу әдісімен анықтауды меңгеру.
Титрант – стандартталған NаОН ертіндісі
Индикатор – фенолфталеин
Стандарт ертінді – қымыздық қышқылының ертіндісі
Қышқылдығы жоғарлап кеткен жағдайда топырақты ізбестейді (әк тасты ұсатып топыраққа себеді). Ізбестеу үшін әк тастың қандай массасын алу керек екендігін есептеу мақсатында табиғи әк тас құрамындағы кальций карбонатының мөлшері алкалиметрия әдісімен анықталады. Ол үшін ұсатылған әк тастың өлшендісін концентрациясы белгілі тұз қышқылының дәл көлемінде ерітеді:
СаСО3 + 2НСІ = СаСІ2 + СО2 + Н2О
Реакциядан артылып қалған тұз қышқылын стандартталған натрий гидроксидінің титрантымен титрлейді:
НСІ + NаОН → NаСІ + Н2О
Тұз қышқылының бастапқы алынған көлемі (ноль ертінді) қатарлас титрленеді. Ноль ертіндіні және әк тас ерігеннен қалған тұз қышқылын титрлеуге жұмсалған натрий гидроксидінің көлемдерінің айырмашылығы бойынша әк тас құрамындағы кальций карбонатының массалық үлесі (%) есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |