Осы саннан оқитындарыңыз: Әкелер мен балалар: кәсіби



жүктеу 457,18 Kb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата20.05.2018
өлшемі457,18 Kb.
#14337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

жАқсы ФОтОгрАФ

суретШі БОлуы тИіс 

Анатолий  Николаевич  Рублев  компаниямызда  20  жылдан  астам  уақыт  еңбек  етіп  келеді.  Алғаш  рет  ол  құрылыс 

алаңына осыдан жарты ғасырға жуық уақыт бұрын келіпті. Екі бірдей жоғары – заңгер-құқықтанушы және жоғары 

партиялық білімі бар Рублев орта-техникалық дипломы бойынша жұмыс істегенді дұрыс көреді – ол құрылысшы және 

бақытын құрылыстан тапқан жан. Қазір Анатолий Николаевич еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы  инженері. 

Алайда Рублевтің сүйікті кәсібінен басқа қызықты хоббиі бар. Ол бала кезінен фотосуретке түсірумен айналысады. 

Анатолий Николаевич BN-ке өзінің фотоөнерге деген қызығушылығы жайында айтып берді. 

Қаптаған құрал-сайманды  қажет 

ететін хобби 

–  Анатолий  николаевич,  сіз  10  жасыңы-

здан  фотосуретке  түсіре  бастадыңыз.  Бала 

үшін  бұл  айтарлықтай  күрделі  хобби.  Әсіре-

се,  ол  уақытта  сандық  фотоаппараттардың, 

компьютерлердің, фотоны өңдейтін бағдарла-

малардың  болмағандығын  ескеретін  болсақ. 

неліктен дәл осы фотосуретке түсірумен әуе-

стендіңіз? 

–  Әкем  фотосуретке  түсірумен    алғашқы 

камералар  пайда  болғалы  бері  айналысқан. 

Ол кезде пленка болмаған, фотография шыны 

пластинкаларға шығарылатын. Бұл — сақта-

уға өте ыңғайсыз болатын. Әкем осы «техно-

логиялардан» бастаған. 

Кейін әкем шыны пластинкалы «Фотокор» 

аппаратын ұстады.  Ол жарыққа сезімтал қа-

батпен  өңделетін,  сәуленің  әсері  тигізіліп, 

айқындалып,  бекітіліп,  кептірілетін.  Бұрын 

мұндай аппараттар фотоательелерде қолданы-

латын. Сәл өскеннен соң әкем мені фото өнері-

не тарта бастады – жанына отырғызып қойып 

қалай дұрыс түсіру керектігін, қалай айқындау 

қажеттігін және түсірілген суреттерді қағазға 

қалай  шығаруға  болатындығын  түсіндіретін. 

Мен ол кезде төртінші сыныпта оқитынмын. 

Бірте-бірте  фотосуретпен  айналысуға  деген 

қызығушылығым арта бастады да осы техно-

логияны үйренуге кірістім. Жетінші сыныпқа 

барғанда фотосуретке өзім түсіріп, айқындап, 

қағазға басып шығарып жүрдім. 

–  сонда  суреттерді  өзіңіз  айқындап, 

қағазға өзіңіз шығардыңыз ба? Бұл оңай ша-

руа емес қой!

– Реактивтер дүкендерде сатылатын.  Кәсі-

би фотографтар химиялық реактивтер сатып 

алатын  да  қоспаны  өздері  дайындайтын,  ал, 

әуесқойлар  дайын  реактивтерді  пайдалана-

тын.  Бұрын  фотографтың  жұмысының  не-

гізінен бастап кәсіби деңгейге дейінгі барлық 

басты  принциптері  жазылған  «Фотография 

туралы  25  дәріс»  атты  анықтама  болатын. 

Түрлі  химиялық  қоспаларды  әзірлеуге  ар-

налған  көптеген  техникалық  әдебиет  бола-

тын. Фотоқағаздың 1,2,3 және т.б. сандармен 

белгіленетін түр-түрі болатын. 1 – бұл қара-

пайым қағаз, 4 – контрастты, 5 – жоғарыкон-

трастты.  Сондықтан,  анау  айтқандай  қиын-

дықтар  болған  жоқ.  Егер  сурет  өте  солғын 

немесе  жарқын  болса,  соған  сәкес  қағазды 

таңдап алуға болатын, сурет қалыпты күйде 

шығатын. Егер контрастты сурет қажет бол-

са –№ 1-ші немесе 2-ші қағазды алатын. Егер 

кәдуілгі,  қалыпты  сурет  болса  3-ші  нөмірлі 

қағазды қолданатын. 

Ол заманда әуесқой түрлі-түсті түсірілімге 

қажетті  фотоматериалдар  болмайтын,  бірақ, 

белгілі-бір  өңдеуден  өткізгенде  түсін  өзгер-

тетін қағаздар болды – фотосуретті қоңыр, кө-

гілдір, жасыл реңкпен шығаруға болатын. Бұл 

— қағазды айқындағышқа байланысты. 

Қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін қандай 

реактив қосу керектігін білу керек болды.  Егер 

реактивті температурасы жоғары суға қосатын 

болса,  фотография  өте  тез  айқындалатын  да 

пленканы  тексеріп,  уақытында  алып  үлгер-

мейтін. Ал, егер су мүлдем суық болса – фото-

графия баяу айқындалады, бұл да аса ыңғайлы 

емес. Осындай тұстардың барлығын сезе білу 

қажет болды. Уақыт өте келе бұл жүйені мең-

гересің де жұмыс істей бастайсың. 



– сонда бұл кез-келген адамның қолынан 

келе  бермейтін  өте  күрделі  жүйе  болғаны 

ғой!?

– Бұл, расында да күрделі болатын. Көпте-

ген құрал-сайманың болу керек. Фотопленка-

лардың сезімталдығы әртүрлі болды. Әуесқой 

фототүсірілімде негізінен сезімталдығы орта-

ша  пленкалар  қолданылатын,  мұндай  плен-

камен  сурет  барлық  уақытта  дұрыс  шығады. 

Ғимараттың  ішінде  жарық  қолданылатын. 

Оларды  кеңестік  фотоательелерден  көруге 

болатын.  Студиялық  фототүсірілімде  адамды 

қалай дұрыс отырғызу керектігін, оған жарық 

қалай түсу қажеттігін білу керек, адам жансыз 

мүсінге ұқсап қалмас үшін қажетті сәтті ұстап 

үлгеру керек. 



Сүйікті жанрым – балалар фотосы 

–  Анатолий  николаевич,  сізге  фотосурет-

тің қай жанры барлығынан көбірек ұнайды? 

–  Мен  балаларды  суретке  түсіргенді  ұна-

тамын.  Бала  фотосуретке  түсуге  алдын-ала 

дайындалмайды,  бой  түземейді,  матап  та-

стағандай болып тұрмайды. Ол өзін ешқандай 

жасандылықсыз  ұстайды,  ойнайды,  домалай-

ды, еркелейді. Балаларды суретке түсірген өте 

қызық.  20  –  30  кадрдың  бірнешеуі  ғана  жақ-

сы, қызықты болып шығады. Баланы суретке 

түсіруге  әрине  пленканы  көбірек  жұмсауға 

тура  келеді,  есесіне  сәтті  шыққан  кадрларды 

көргенде  барлығы  қайтады.  Барлығы  уақыт-

пен, тәжірибемен келеді. Мен негізінен еркін 

жанрды ұнатамын. Жақсы портрет шығу үшін 

жекелеген  жағдай  болуы  қажет:  дұрыс  қой-

ылған жарық, ұтымды тұрыс пен бет-әлпет. Ер-

кін түсірілім кезінде бала бір орында тұрмай-

тындықтан  қажетті  сәтті  аулау  өте  қиын.  Ал, 

фотоательеде  баланы  отырғызады  да  қажетті 

ракурсқа  қол  жеткізу  үшін  әлденемен  алдан-

дырады. Бет-әлпет жалпақ немесе қаракөлеңке 

болмауы  үшін  жарықты  таңдайды.  Мәселен, 

егер,  жарықты  алдынан  қойса  адамның  беті 

жалпақ болып шығады. Егер жарық қырынан 

қатты түсетін болса – бетке құлақ не мұрын-

ның көлеңкесі түсіп тұрады. Сондықтан, жақ-

сы студиялық фотографияға қол жеткізу үшін 

көптеген ұсақ-түйектерді ескеру керек. 



– Фотомұрағатыңыз үлкен шығар?

–  Жақсы  етікші  етікке  жарымайды  дейді 

ғой. Мен де солай – барлық сәтті шыққан фо-

тосуреттерді таратып беремін, қалғаны өзімде 

қалады. 

–  Анатолий  николаевич,  өзіңізді  көркем 

фотосуретке арнау туралы ниет болған жоқ па? 

– Жоқ, бұл мен үшін хобби болып қалды. 

Балалар  өмірге  келгенде  олардың  қалай  өсіп 

жатқанын  суретке  түсіргім  келді.  Күн  сайын 

дерлік  олардың  әрбір  қозғалысын  суретке 

түсіріп отырдым. Менің екі балам бар – ұл мен 

қыз, немерем бар – қазір ол 15-те. 

–  мүмкіндігі  ұшан-теңіз  қазіргі  заманғы 

фотоаппараттардың пайда болуы фотосуретті 

өнер ретінде өлтірді деп есептемейсіз бе? 

– Жаңа технологиялардың өмірге келуі фо-

тосуретті өнер ретінде өлтірмейді. Дегенмен, 

қазір  шығармашылық  ізденіс  жоқ.  Бүгінде 

фотосуретке  түсіру  күнделікті  шаруа  болып 

қалды – фотоаппаратты бағыттайсың да тетік-

ті  басасың,  болды.  Егер  кадр  сәтті  шықпаса  

мұны  тескеріп  алуға  болады,  тиісінше,  тез 

арада  қажетті  кадрға  қол  жеткізгенге  дей-

ін  қайтадан  түсіре  беруге  болады.  Ал,  бұған 

шығармашылық көзқараспен қарауға — уақыт 

жетпейді.  Түсірілімнің  композициясын  ойла-

стыруға,  фон,  жарық  таңдауға  –  уақыт  жоқ. 

Ескі  фотоаппараттардың  мүмкіндігі  көп  еді. 

ұсталым мен диафрагманы ауыстыру арқылы 

көптеген қызықты эффекттерге қол жеткізуге 

болатын:  желдің  лебін,  судың  қозғалысын  – 

әрбір тамшыны түсіруге болатын, суретке жан 

біткендей  болатын  –  фотосуретке  көз  салған 

адам судың ағып жатқанын көрер еді.

Бұған  қоса,  артқы  план  қажет  болмаса  – 

фотосуретте  артқы  план  болмайтындай  ете 

алатын едім – тек алдыңғы план ғана қалатын. 

Егер алдыңғы план керек болса – диафрагма 

мен анық көрінетін қашықтықты таңдап оны 

алып тастауға болатын. 

Қазіргі заманғы және кәсіби фотоаппарат-

тар барлық ойлаған нәрсені іске асыруға мүм-

кіндік береді, бірақ, олардың бағасы қымбат. 

Бұрын  фотопленкалардан  түрлі-түсті  фото-

суреттерді  қағазға басып шығаруға арналған 

фотоательелер көп болатын. Онда ескі плен-

калы  фотоаппараттармен  түсірілген  фотосу-

реттер  басып  шығарылатын.  Қазір  пленкалы 

тасығыштардан ешкім басып шығармайды. 

Бұрын нағыз фотосуретшілер болатын. Қазір 

де жақсы фотосуретшілер бар, мүмкіндігі шексіз 

қазіргі заманғы аппаратуралар пайда болып жа-

тыр, бірақ, олар тым қымбат. Егер мен бастаған 

сол  уақытта  түрлі-түсті  сурет  түсіруге  мүмкін 

болғанда бұл кадрлардың бағасы болмас еді.  

Анатолий  николаевич,  сіз  үшін  өмірдегі 

басты нәрсе не?

– Мен үшін ең басты нәрсе – балаларым 

мен  немерелерімнің  денсаулығы.  Сондай-ақ, 

немеремнің тойына қатысып, шөбере сүйсем 

деймін. (Күледі). 

BN анықтамасы:

1970  жылдан  бірден  әскерден  келісімен, 

Анатолий Николаевич Рублев құрылыста жұ-

мысшы  болып  еңбек  ете  бастады.  Құрылыс 

жоғарғы  оқу  орнын  тәмамдағаннан  соң 

құрылыс-монтаждау  участогында  шебер  бо-

лып  жұмыс  істеді.  1978  жылы  қайта  маман-

данды да басқа жұмысқа ауысты. 

1985  жылы  ііМ  Қарағанды  жоғары  мек-

тебін  бітірді.  Онда  ол  қылмыстық  құқықты 

оқыды. Анатолий Николаевич құқықтық білім 

де  өмірде  артық  етпейді  деп  есептейді.  1993 

жылы ол құрылысқа қайтадан оралды, содан 

бері 20 жылдан астам уақыт «БАЗИС» компа-

ниясында еңбек етіп келеді. 2000 жылға дейін 

жүргізуші болды, 2000  жылы  оны прораб қы-

зметіне ауыстырды, ал, 2014 жылдан ол еңбек-

ті қорғау және қауіпсіздік техникасы инженері 

болып  жұмыс  істеуде.  Анатолий  Николаевич 

компаниямыз салған барлық нысанның дерлік 

құрылысына атсалысты. 

15

BAZIS NEWS №11/ 01.11.2015



14

іРі ПлАНМЕН




жүктеу 457,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау