Осы саннан оқитындарыңыз: Әкелер мен балалар: кәсіби



жүктеу 457,18 Kb.
Pdf просмотр
бет5/10
Дата20.05.2018
өлшемі457,18 Kb.
#14337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«БАзИс» жАс мАмАндАрды 

қАлАй Өсіруде 

2014 – 2015 оқу жылы «Келешек Іскер» бағдарламасы аясында компаниямызбен ынтымақтастық орнатып келе жатқан 

құрылыс колледждерінің студенттері үшін аса мазмұнды болды. 2015 жылдың қазан айында ел ордасында Астана 

қаласындағы политехникалық колледждің дуальді оқытудың экспериментальды тобы студенттерінің квалификациялық 

және өндірістік тәжірибелері қорытындылары бойынша конференция өтті, ал, Алматыда компаниямыз қаланың Алатау 

ауданында салып жатқан 12 000 орынға арналған Мұзды аренада ашық есік күні болды.  

Астанада студенттер дәрежелерге ие 

болды 

Қазан айының бас кезінде Астанада дуаль-

ді оқыту жүйесі бойынша экспериментальды 

топ  студенттерінің  компаниямыз  Қазақстан-

ның астанасында салып жатқан нысандарында 

8 ай өткен квалификациялық және өндірістік 

тәжірибесінің  қорытындысы  шығарылды.  

Студенттер құрылыста қиын болғанын, бірақ, 

соған қарамастан қызықты болғанын айтады. 

Тәлімгерлер  болса  жас  мамандарды  оқыту 

оңай  болмағанымен  өздеріне  ұнайтындығын 

жасырмайды. 



Барлығы студентке байланысты 

«БАЗИС» ҚК ЖШС Вице-президенті Ка-

мила  Төлендиева  мен  «БАЗИС»  ҚК  ЖШС 

Астана  қаласындағы  Филиалының  Қызмет-

керлермен  жұмыс  істеу  басқармасының  ба-

стығы  Оксана  Битнер  студенттердің  компа-

ниямызда  тәжірибеден  өтуі  қазірдің  өзінде 

нәтиже  беріп  жатқандығын  айтады.  «2014-

2015 оқу жылында колледждер мен жоғарғы 

оқу орындарының 300-ден астам студенті ком-

паниямыздың  Астана  мен  Алматыдағы  ны-

сандарында тәжірибеден өтті. Олардың 113-і 

Алматы құрылыс және халықтық  кәсіпшілік 

колледжі,  Астана  құрылыс-техникалық  кол-

леджі және Астана политехникалық колледжі 

экспериментальды  топтарының  студенттері. 

Бүгін  политехникалық  колледждің  экспери-

ментальды  тобының  студенттері  жайында 

айтқымыз  келіп  отыр.  Олар  2016  жылдың 

наурыз  айында  диплом  алып,  бізге  жұмыс 

істеуге қайтып оралады. 24 студент 8 ай бойы 

компаниямыздың құрылыс алаңдарында түрлі 

мамандық  бойынша  («сылақшы-сырлаушы», 

«тас  қалаушы»,  «ағаш  ұстасы»  және  т.б.) 

тәжірибеден  өтті.  Қыздар  негізінен  сырла-

ушы болып істеді, жігіттер ағаш ұстасы мен 

тас  қалаушы  болды.  Компаниямыздың  ны-

сандарында істей жүріп жігіттер құрылысшы 

кәсібі  қиын  мамандықтардың  бірі  екендігін 

сезінді, бірақ, бұл оларды қорқыта қойған жоқ. 

Құрылыстың ауыртпалықтары мен құрылыс-

шылар  туралы  олар  ерекше  мақтанышпен 

айтады.  Колледжді  тәмамдағаннан  кейін  ба-

лалардың  дені  жай  ғана  жұмысшы  болуды 

емес, ары қарай мансап сатысымен көтерілуді 

ұйғарып отыр. Бірі инженер, енді бірі архитек-

тор немесе жобалаушы болғысы келеді. Өзін 

құрылыс алаңында сынап көру үшін, таңдаған 

өмірлік  мамандығының  дұрыс-бұрыстығын 

түсіну үшін  Астананың Құрылыс және Поли-

техникалық колледждерінің көптеген студент-

тері  жаз  айларында  компаниямызда  жұмыс 

істеуге қалды. Қазір студенттердің оқу процесі 

басталды.  Бірақ,  қараша  айында  студенттер 

қайтадан  бізге  келеді.  Конференция  кезінде 

студенттердің  бірқатары  оқуды  аяқтағаннан 

кейін «БАЗИС» компаниясында жұмыс істеуге 

қалғысы келетіндіктерін айтты. Наурыз айын-

да олар оқуын бітіріп, диплом алып, келісім-

шарт бойынша бізге жұмысқа келеді», – Ками-

ла Төлендиева. 

Конференцияда  тәжірибеден  өткен  сту-

денттерге  олардың  үшінші  дәрежелі  тас 

қалаушы,  ағаш  ұстасы,  сырлаушы    сияқты 

жұмысшы  мамандықтарына  ие  болғандығы 

жөніндегі куәліктер табыс етілді. 24 адамның 

жетеуі қос мамандыққа ие болды. «Бізде жұ-

мыс  істей  жүріп  өздерін  байқатқан  барлық  

студенттерге  құрылысшылар  Күні  «БАЗИС» 

компаниясы атынан алғыс хаттар табыс етілді. 

Бұл – олардың студент бола жүріп жұмысшы 

мамандығымен  қоса  алған  алғашқы  кәсіби 

марапаттары», – деп атап өтті Камила Төлен-

диева. 


Жақсы еңбек етеміз – жақсы 

демаламыз

Астананың  Политехникалық  колледжінде 

өткен конференцияда практиканттар өз маман-

дықтары  бойынша  өткен  тәжірибе  жайында 

есеп берді. Сонымен қатар, олар компанияның 

демалысы мен өздерінің қысқы Спартакиада, 

балаларды  қорғау  Күнін  мерекелеу  секілді 

корпоративтік  шараларға  қатысқандары  жай-

ында айтты. Спартакиадаға студенттер «Поли-

Баз» (Политех және «БАЗИС») атты команда 

болып қатысты.  

«Студенттерге  оларды  жұмыстан  тыс 

уақыттағы шараларға қатыстырғанымыз ұна-

ды. Олар биылғы жылдың ақпан айында өткен 

қысқы  спартакиадаға  компаниямыздың  қыз-

меткерлерімен тең дәрежеде қатысты. 1 мау-

сым  балаларды  қорғау  Күні  ұйымдастырған 

мерекемізде  де  студенттер  бізге  көмектесті. 

Кішкентай қонақтарды күтті», – дейді өз ке-

зегінде  «Базис  құрылыс  компаниясы»  ЖШС 

Астана  қаласындағы  Филиалы  Қызметкер-

лермен жұмыс істеу басқармасының  бастығы 

Оксана Битнер. 

Жастар  компаниямыздың  қызметкер-

лерінің  корпоративтік  рухын  да,  ұйымшыл-

дығын  да  байқап  көрді.  Оларға  жұмысты  да 

аянбай  атқарып,  соғұрлым  демала  да  білетін 

ұжымға сіңісіп кете алғандары қатты ұнады, – 

дейді біздің қызметкерлеріміз.

Компанияда табысты мансапқа 

барлық жағдай жасалған 

Тәжірибеден  өтуден  алған  әсерлерімен 

бөліскен студенттер бастапқыда қиын болған-

дығын  айтты.  Тәжірибе  кезінде  өздерінің 

тез  есейіп  кеткендіктерін  айтады.  Алайда, 

құрылыста  жұмыс  істеу  тек  ауыр  ғана  емес, 

сонымен бірге, қызықты, ең бастысы табысты 

болып шықты. Жігіттер басында 30 – 50 мың 

теңге көлемінде аздаған жалақы алып жүрген-

дігін жасырмады, бірақ, уақыт өте келе тәжіри-

бе  жинап,  шеберліктерін  шыңдағаннан  кейін 

айына 100 – 120 мың теңге алатын болды.  

Студенттердің  айтуынша,  «БАЗИС»  ком-

паниясының  құрылыс  алаңдарында  жұмыс 

істеу оларға көп нәрсені үйреткен, мансаптық 

өсу жолына есік ашқан. Астананың политех-

никалық  колледжінің  3-ші  курс  студенті  ли-

дия  Бутенко  тәжірибеден  Қамалқан  Раймжа-

нованың  бригадасында  өтіп  жатыр  және    ол 

жоғары санатты маман болуды жоспарлауда. 

«Мен Политехникалық колледждің үшінші 

курсында  «техник-құрылысшы»  мамандығы 

бойынша оқып жатырмын. Менің тәжірибем 

2014  жылдың  29  қазанында  басталып,  8  ай 

өтті. Тәжірибенің ресми мерзімі аяқталғаннан 

соң  өз  еркіммен  компанияда  жазғы  кезеңде 

жұмыс істеуге қалдым. Мен Қамалқан Райм-

жанованың  бригадасында  сылақшы-сырла-

ушы болып жұмыс істедім. Осы уақыт ішінде 

«Триумфальный»  ТК,  «3ГА»  ТК,  Millennium 

Park  ТК,  «Итальянский  квартал»  ТК  жұмыс 

істеп үлгердім», – дейді лидия Бутенко. 

Оқуды  бітірген  соң  лидия  «Базис»  ком-

паниясында  жұмысқа  орналасуды  ұйғарып 

отыр.  «Мамандықты  әлі  таңдап  үлгергенім 

жоқ,  бірақ,  оқуды  жалғастыратыным  анық. 

Бәлкім, архитектуралық бағытқа ден қоярмын. 

Жоғары білікті маман болып, «БАЗИС» компа-

ниясында қызмет бабымен көтерілгім келеді», 

– дейді бойжеткен.  

Студенттің  тәлімгері  –  тәжірибелі  сы-

лақшы-сырлаушылар  бригадирі  Қамалқан 

Раймжанова лидияның өте жауапты екендігін 

және  оның  құрылыс  саласындағы  болашағы 

үлкен  екендігін  айтады.  ынтымағы  бекем 

біліктілер бригадасы лидияны өз ұжымдары-

на қуана қабыл алды. 

«лидия  өте  еңбекқор,  тәртіпті  қыз.  Ол 

жұмысқа  тез  араласып  кетті.  Оның  тағы  бір 

тәлімгері болды – Нұрсулу Мұқанова лидияға 

бар білгенін үйретті. лидия алдына қойылған 

мақсатқа табанды түрде жүріп келеді», – дейді 

тәлімгер. 

BN анықтамасы:

Қамалқан  Раймжанова  «Базис»  ком-

паниясында  2001  жылдан  бері  еңбек 

етеді.  Бастапқыда  сырлаушы  болды, 

2004 жылдан бері — бригадир. Компания 

басшылығы  оның  кәсіби  біліктілігі  мен 

сіңірген  еңбегін  бірнеше  мәрте  бағала-

ды – күміс және алтын мақтау қағазда-

рымен марапаттады. 

Компанияға жақсы мамандар керек 

Тәлімгерлер мақтан ететін тағы бір шәкірт 

–  Астана  Политехникалық  колледжінің  4-ші 

курс студенті Виктор Чесноков. Ол тәжірибені 

Дастан Бейсембаевтың ағаш ұсталары брига-

дасында өтіп жатыр. 

«Мен  политехникалық  колледждің  4-ші 

курсында  оқимын.  Қазір  бізде  оқу  бастал-

ды, сондықтан, біздің қарашаға дейін ақысыз 

демалыс  алуымызға  тура  келді.  Қарашадан 

бастап біз жұмысқа – Millennium Park тұрғын 

үй кешенінің құрылыс алаңына қайта орала-

мыз», – дейді Виктор Чесноков. 

«БАЗИС» компаниясына тәжірибеден өту-

ге келген кезімізде қолымыздан ешнәрсе кел-

мейтін.  Біздерді,  студенттерді  бригадаларға 

бөлді,  әрқайсымызға  компания  қызметкер-

лері  арасынан  тәлімгер  бекітті.  Тәлімгерлер 

үнемі жанымызда болды, бар білгенін үйретті. 

Жазғы тәжірибе жақсы өтті. Біз ламинат төсе-

уді,  қаңқа  жинауды,  есік  орнатуды  үйрендік. 

Барлығынан бұрын маған ағаш ұсталығы ұна-

ды», – дейді Виктор Чесноков. 

Студенттің айтуынша, олар жақсы брига-

даға  түскен.  «Дастан  Бейсембаев  бригадасы-

ның ұжымы — өте білікті және ынтымақты. 

Олар  бізді  жақсы  қарсы  алды.  Дастан  бізге 

түрлі жұмыстарды сеніп тапсырды, өзі түсін-

дірді, көрсетті. Бізге жақсы жалақы төленді», 

– дейді Виктор. 

Колледждегі оқуын аяқтағаннан кейін жас 

жігіт  Қарағандыдағы  жоғарғы  оқу  орнының 

сырттай  оқу  бөліміне  түсіп,  Бейсембаевтың 

бригадасында ағаш ұстасы болып істеуді ұй-

ғарып отыр. 

Тәлімгер  Дастан  Бейсембаевтың  жас  ма-

мандарды  дайындаумен  айналысып  келе 

жатқандарына бірнеше жылдың жүзі болды. 

«Виктор  Чесноков  –  пайымды  жігіт.  Ол 

еңбекке төзімді, өте зерек, тез ұғады, тез үйре-

неді. Виктор үш ай ағаш ұстасы болып істеді, 

кейін үш ай тәжірибеден тас қалаушы болып 

өтті. Сонан кейін ол менің бригадама қайтып 

оралды да демалыс кезінде екі ай бізде жұмыс 

істеді», – дейді Бейсембаев.

Тәлімгердің  айтуынша,  қазір  студенттің 

колледждегі оқуы басталды да ол ақысыз де-

(Жалғасы 12 бетте)

11

10



BAZIS NEWS №11/ 01.11.2015

КАДРлАР БАРлыҒыН ШЕШЕДі




жүктеу 457,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау